Қазақстанның ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалары көмегімен Statistica программасының көптік регрессия модулі бойынша модельдеу мен болжау



Мазмұны

Кіріспе

Тарау 1. ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы
1.1 Жалпы ішкі өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны
1.2. Жалпы ішкі өнімді есептеудің әдістері.

Тарау 2. Қазақстанның ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалары көмегімен Statistica программасының көптік регрессия модулі бойынша модельдеу мен болжау
2.1. Қазақстан Республикасының ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалармен модельдеудің мәні мен мақсаты.

Тарау 3. Алынған модельдерді және Қазақстан ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар нарығымен байланысына талдау және түсінік беру
3.1. Қазақстан Республикасы ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар бағаларына талдау, түсінік беру және алдағы саясатына пікір қосу.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Әлемде ХХ ғ-дың 2-жартысынан кейін экономиканы болжаудың ролінің өскеніне тарих дәлел болып отыр. Ол әр түрлі қоғамда әр түрлі мақсатта пайдаланғанымен, оның яғни болжаудың әдістері мен тәсілдері ұқсас болды. Капиталистік елдерде болжау мемлекеттік органдарымен қоса жекелеген кәсіпорындар пайдаланатын болса, ал коммунистік елдерде ол тек арнайы мемлекеттік органдармен есептеліп алдағы қысқа немесе ұзақ мерзімдік жоспарлар құруға пайдаланылатын болған.
Экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайлардың күрделенуіне байланысты оларды алдын-ала болжап қарау да қиындап кетті. Бұл өз кезегінде болжау ғылымының дамуына сұранысты өсірді. Мұнда негізгі ауыртпалық математика ғылымына түсті, және математика оны көтере алды деп дөп айта аламыз. Мұнда математиканың қолданбалы салалары пайда бола басталды. Олар: математикалық статистика, ықтималдылықтар теориясы, эконометрика және т.б. ілімдер.
Қазір біздің қоғамдағы болып жатқан процесстерге әр түрлі көзқарастар бар. Бірақ әр түрлі саяси күштер бұл процесстерді қалай қабылдайтынына қарамастан, олардың ешқайсысы өмірдегі экономикалық жағдайдың күрделене түскенін жоққа шығара алмайды. Жекелеген де, қоғамдық көзқарастарға да қатысты шешімдер қабылдау біршама қиындап кетті. Бұл қиыншылықтар математикалық әдістердің экономикада қолданылатын жаңа ағымынының туындауына әкеліп соқтырмауы мүмкін емес еді, яғни жақын болашаққа, сондай-ақ ұзақ мерзімдік перспективаларға ең жақсы стратегияны таңдауға мүмкіндік беретін әдістердің пайда болуына септігін тигізді. Сонымен бірге көптеген адамдар мұндай жағдайларда өзінің жеке интуициясына, біліктілігіне немесе бір жоғары қисынды бір нәрсеге жүгінуді жөн көреді. Сондықтан да, экономикалық зерттеулерде ролінің қаншалықты мүмкіншілікті шешімді және ең жақсы болжайтын математикалық әдістің ролін бағалау қажет пе, немесе оны пайдалану керек пе?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін екі ойдан аулақ болу керек, олар: математикалық әдістердің экономикада қолдану керектігін толығымен қарсылау, және математиканың ойнай алатын немесе ойнауы мүмкін ролін асыра айту. Бұл айтылғандардың екеуі де заттардың нақты жағдайынан білімсіздігінен туындайды, себебі бұл сұрақтармен сәл де болса таныс адамдар бұған нақты иә немесе жоқ демей, оның орнына математикалық әдістердің экономикалық мәселелердің зерттеулерінде алатын үлес салмағы туралы айтатын болады.
Экономика-математикалық әдістер термині негізінде экономикалық және математикалық ғылыми пәндердің экономикалық процесстер мен жүйелерді зерттеу үшін қосылған жалпыланған кешен атауы ұғынылады .
Жүйені зерттеудің негізгі әдісі болып модельдеу әдісі болып табылады, яғни модельдерді жасау мен пайдалануға бағытталған теоретикалық талдау мен тәжірибелік әрекеттердің әдістері. Бұл кезде модель сөзі астарында оның елеулі қасиеттерін бейнелейтін нақты процессті түсінетін боламыз.
Экономи-математикалық модельдеудің атқаратын қызметі астарында біз экономикалық объектілер мен процесстердің талдауын, экономикалық болжамды, экономикалық процесстердің дамуын келтірілуін түсінетін боламыз.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты қазіргі кезеңдегі Қазақстанның өндірістік саясатының тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер арасындағы себеп-салдарлы байланыстардың сандық бағалауы мен экономикалық түсіндіру болып табылады. Эмпирикалық деректердің сандық және сапалық талдаулары арқасында экномикалық көрсеткіштердің тауөндіруші кәсіпорындар мен және т.б. минералды ресурстар арасындағы байланысты түсіндүретін жаңа модель құрылады.
Қолданылған әдебиеттер

1. Вестник КазНУ. Серия экономическая. №6(28) Л.С. Спанкулов моделирование взаймосвязей межлу ВВП и основными макроэкономическими агрегатами в промышленной политике РК. Стр.89;
2. Макконнел К.Р., Брю С.Л. Экономикс;
3. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория;
4. Башкатов Б.И., Кулагина Г.Д. Экономическая статистика;
5. Назарбаев Н. А. О положении в стране и основных направлениях внутренней и внешней политики на 1997г. Казправда. 8 октября 1996г
6. Каренов Р.С. Состояние и проблемы дальнейшего развития минерально- сырьевого комплекса Казахстана//В сб. Становление и развитие маркетинговой деятельности в условиях рынка, Караганда, 1999,
7. Минеральные ресурсы мира / Мин. природн. ресурсов РФ, ГНПП Аэрогеология». М., 1997
8. Промышленность, сельское хозяйство, и строительство Казахстана 1920- 2000, Агенство Республики Казахстан по статистике, Алматы, 2001, 111с.(с.8-10)
9. Сайдуакасов М.А. Состояние и пути развития геологической отрасли Казахстана. /В сб. Научно-технологическое обеспечение изучения недр Казахстана Алматы-Кокшетау, 2000, с.11-13/
10. Мазуров А.К. Анализ состояния и основные направления работ по повышению конкурентоспособности МСБ РК/В сб. Научно- технологическое обеспечение изучения недр Казахстана Алматы- Кокшетау, 2000, с.14-17/
11. Хамзин Б.С., Жуковский В.И., Мальченко Е.Г., Гранкин М.С. Состояние и перспективы развития минерально- сырьевого потенциала Центрального Казахстана. /В сб. Научно-технологическое обеспечение изучения недр Казахстана Алматы-Кокшетау, 2000, с.38-42/
12. Айвазян С.А. Мхитарян В.С. Прикладная статистика и основы эконометрии. Учебник для вузов. – М.: ЮНИТИ,1998.,
13. Немчинов В.С. Избранные произведения. Том 3.Экономика и математические методы. М.,"Наука",1967. 490 с
14. «Теория Статистики» под редакцией Р.А. Шмойловой/ «ФиС», 1998
15. А.А. Френкель, Е.В. Адамова «Корреляционно регрессионный анализ в экономических приложениях»/ М., 1987.
16. Кристофер Доугерти, Введение в эконометрику. Москва-2001
17. О.О. Замков, Ю.А. Черемных. Математические методы в экономике , 2-е издание. М: «Дело и Сервис» 1999
18. Боровиков В.П. Ивченко Г.И. Прогнозирование в системе STATISTICA в среде Windows. Основы теории и интенсивная практика на компьютере: учеб. пособие/В.П. Боровиков, Г.И. Ивченко. - М: Финансы и статистика, 2000
19. Бокс Дж. Дженкинс Г. Анализ верменных рядов. Прогноз и управление. /Пер. с англ./ Под ред. В. Ф. Писаренко.- М.: Мир, 1974.- 406 с.
20. Кильдишев Г. С., Френкель А. А. Анализ временных рядов и прогнози- рование.- М.: Статистика. 1973.- 103 с.
21. В.Боровиков. Statistica для профессианалов. Изд.дом. “Питер” Санк-Петербург-2001
22. «Многомерный статистический анализ на ЭBM с использованием пакета Microsoft Excel»/ М., 1997

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Тарау 1. ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы

1.1 Жалпы ішкі өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны

1.2. Жалпы ішкі өнімді есептеудің әдістері.

Тарау 2. Қазақстанның ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалары көмегімен
Statistica программасының көптік регрессия модулі бойынша модельдеу мен
болжау

2.1. Қазақстан Республикасының ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалармен
модельдеудің мәні мен мақсаты.

Тарау 3. Алынған модельдерді және Қазақстан ЖІӨ мен әлемдік минералды
ресурстар нарығымен байланысына талдау және түсінік беру

3.1. Қазақстан Республикасы ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар бағаларына
талдау, түсінік беру және алдағы саясатына пікір қосу.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлемде ХХ ғ-дың 2-жартысынан кейін экономиканы болжаудың ролінің
өскеніне тарих дәлел болып отыр. Ол әр түрлі қоғамда әр түрлі мақсатта
пайдаланғанымен, оның яғни болжаудың әдістері мен тәсілдері ұқсас болды.
Капиталистік елдерде болжау мемлекеттік органдарымен қоса жекелеген
кәсіпорындар пайдаланатын болса, ал коммунистік елдерде ол тек арнайы
мемлекеттік органдармен есептеліп алдағы қысқа немесе ұзақ мерзімдік
жоспарлар құруға пайдаланылатын болған.
Экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайлардың күрделенуіне
байланысты оларды алдын-ала болжап қарау да қиындап кетті. Бұл өз кезегінде
болжау ғылымының дамуына сұранысты өсірді. Мұнда негізгі ауыртпалық
математика ғылымына түсті, және математика оны көтере алды деп дөп айта
аламыз. Мұнда математиканың қолданбалы салалары пайда бола басталды. Олар:
математикалық статистика, ықтималдылықтар теориясы, эконометрика және т.б.
ілімдер.
Қазір біздің қоғамдағы болып жатқан процесстерге әр түрлі көзқарастар
бар. Бірақ әр түрлі саяси күштер бұл процесстерді қалай қабылдайтынына
қарамастан, олардың ешқайсысы өмірдегі экономикалық жағдайдың күрделене
түскенін жоққа шығара алмайды. Жекелеген де, қоғамдық көзқарастарға да
қатысты шешімдер қабылдау біршама қиындап кетті. Бұл қиыншылықтар
математикалық әдістердің экономикада қолданылатын жаңа ағымынының
туындауына әкеліп соқтырмауы мүмкін емес еді, яғни жақын болашаққа, сондай-
ақ ұзақ мерзімдік перспективаларға ең жақсы стратегияны таңдауға мүмкіндік
беретін әдістердің пайда болуына септігін тигізді. Сонымен бірге көптеген
адамдар мұндай жағдайларда өзінің жеке интуициясына, біліктілігіне немесе
бір жоғары қисынды бір нәрсеге жүгінуді жөн көреді. Сондықтан да,
экономикалық зерттеулерде ролінің қаншалықты мүмкіншілікті шешімді және ең
жақсы болжайтын математикалық әдістің ролін бағалау қажет пе, немесе оны
пайдалану керек пе?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін екі ойдан аулақ болу керек, олар:
математикалық әдістердің экономикада қолдану керектігін толығымен қарсылау,
және математиканың ойнай алатын немесе ойнауы мүмкін ролін асыра айту. Бұл
айтылғандардың екеуі де заттардың нақты жағдайынан білімсіздігінен
туындайды, себебі бұл сұрақтармен сәл де болса таныс адамдар бұған нақты иә
немесе жоқ демей, оның орнына математикалық әдістердің экономикалық
мәселелердің зерттеулерінде алатын үлес салмағы туралы айтатын болады.
Экономика-математикалық әдістер термині негізінде экономикалық және
математикалық ғылыми пәндердің экономикалық процесстер мен жүйелерді
зерттеу үшін қосылған жалпыланған кешен атауы ұғынылады[1].
Жүйені зерттеудің негізгі әдісі болып модельдеу әдісі болып табылады,
яғни модельдерді жасау мен пайдалануға бағытталған теоретикалық талдау мен
тәжірибелік әрекеттердің әдістері. Бұл кезде модель сөзі астарында оның
елеулі қасиеттерін бейнелейтін нақты процессті түсінетін боламыз.
Экономи-математикалық модельдеудің атқаратын қызметі астарында біз
экономикалық объектілер мен процесстердің талдауын, экономикалық болжамды,
экономикалық процесстердің дамуын келтірілуін түсінетін боламыз.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты қазіргі кезеңдегі Қазақстанның
өндірістік саясатының тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер арасындағы себеп-
салдарлы байланыстардың сандық бағалауы мен экономикалық түсіндіру болып
табылады. Эмпирикалық деректердің сандық және сапалық талдаулары арқасында
экномикалық көрсеткіштердің тауөндіруші кәсіпорындар мен және т.б.
минералды ресурстар арасындағы байланысты түсіндүретін жаңа модель
құрылады.
Бұл зерттеулердің теоретикалық негізіне қазіргі заман экономистерінің
көзқарасы себеп болды. Негізгі макроэкономикалық факторлардың өндіріс
динамикасына әсері экономикалық дамудың теоретикалық моделі жағынан
зерттеліп қана қоймай, ол статистикалық деректерді талдау жолымен
зерттеледі. Классикалық модельдерде ұзақ мерзімдік экономикалық динамика
өндіріс факторларының қолданылуымен анықталады деген ұғымды ұстанады.
Бұл дипломдық жұмыста болжау объектісі ретінде Қазақстан
Республикасының жалпы ішкі өнімі болып табылады. Еліміз шикізат
экспорттаушы мемлекет болып саналғандығынан мен бұл жұмыста сол
шикізаттардың дүниежүзілік нарықтағы бағасымен елдің ЖІӨ арасындағы
байланысты анықтап (әрине бар болса) алынған модельді әлемдегі шикізат
нарқы өзгергенде оның Қазақстанға деген әсері қаншалықты болатынын болжап
байқау болып саналады. Шыққан модельді талдауға тырысамын. Және мұнан
шыққан есептік мәліметтерді нақты және басқа да әдістермен есептеліп
алынған модельдермен салыстыру арқылы талдаулар жасауға тырысамын. Мұнда
көптік регрессия, ARIMA, трендтік тәуелділіктер мен мерзімдік компоненттер
модельдері пайдаланылады.

Тарау 1. ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы.

1.1 Жалпы ішкі өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің жалпы экономикалық жағдайының
көрсеткіші. Ол ұлттың жалпы материалдық әл-ауқатын бейнелейді, себебі,
өндіріс дейгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым елдің әл-ауқаты
жоғары болады.
ЖІӨ-нің зерттеу заты экономикалық бірлік – белгілі бір уақыт
аралығындағы товарлар мен қызметтерді соңғы тұтынуға жіберетін өндіруші
резидент болып табылады.
ЖІӨ көрсеткіші жалпы экономикада өте маңызды мәнге ие. Оны өндіріс
нәтижелерінің, экономикалық даму деңгейінің, экономикалық өсу темпінің,
экономикада еңбектің өнімділігін талдауының және т.б. мінездемелеуге
қолданылады.
ЖІӨ - елдің резидентімен белгілі бір уақыт ішінде өндірілген шеткі
тауарлар мен қызметтердің құнын мінездейтін ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ)
орталық көрсеткіші. ЖІӨ шеткі тұтынымның нарықтық бағасымен есептелінеді,
яғни, өнімге деген барлық сауда-транспорттық бағамдар мен салықтарды қоса
алғандағы тұтынушы төлейтін бағамен есептеледі[2].
ЖІӨ-ді есептеудің әдістеріне көшпестен бұрын, көрсеткіш туралы
түсінікті кеңейтіп алуымыз қажет.
Бәрінен бұрын, ЖІӨ - ол өндірілген шеткі тауарлар мен қызметтердің
құнын бейнелейтін өндірілген өнім көрсеткіші. Бұл дегеніміз, өндіру
процесінде қолданылған аралық тауарлар мен қызметтер құны (шикізат,
материалдар, отын, энергия, дақыл, көлік транспортының қызметі, көтерме
сауда, коммерциялық және финанстық қызметтер және т.б. сияқты) ЖІӨ-ге
кірмейді деген сөз. Олай болмаған жағдайда ЖІӨ қайталанатын шоттарды
иемденетін еді[3].
Шеткі өнім – ол қайта сатуға арналмаған, соңғы пайдалануға тұтынушының
сатып алған тауарлар мен қызметтер. Аралық өнімдер – ол соңғы тұтынушыға
сатылмас бұрын, ары қарай қайта өңдеуге түсетін немесе бірнеше рет
сатылатын тауарлар мен қызметтер.
Өндірістің жиынтық көлемін есептеу үшін, берілген жылдағы барлық
тауарлар мен қызметтер бір рет қана ескерілуі қажет. Көптеген өнімдер
нарыққа түспес бұрын бірнеше өндірістік кезеңдерді өткереді. Нәтижесінде
көптеген өнімдердің жекелеген бөліктері мен компоненттері бірнеше рет
сатылып және қайта сатып алынады.
Мысалға, ауыл шаруашылығында өсірілген бидай, соңғы өнім – нанға
айналу үшін өңдеудің төрт кезеңіне түседі: 1) ауыл шаруашылығында бидайды
жинау, сорттау; 2) тазалау, элеваторларда кептіру мен сақтау; 3)
диірмендерде бидайды ұнтақтау; 4) нан зауыттарында нанды пісіру.
Қосымша құн түсінігін тереңірек қарастырсақ. Қосымша құн (ҚҚ) – ол,
белгілі бір өнімді жасап шығару кезінде белгілі бір кәсіпорында орын алған,
сол кәсіпорынның нақты еңбегін қосатын құн, яғни, жалақы, пайда, нақты бір
кәсіпорынның амортизациясы. Сондықтан да олардың жасалуында кәсіпорын
қатыспаған мердігерлерден алынған тұтынылған шикізаттар мен материалдар сол
кәсіпорынның өндірген өнімінің қосымша құнына қосылмайды.
Басқаша айтқанда, қосымша құн – ол ағымдағы материалдық шығындарды
алып тастағандағы және амортизацияға төлемді қосып тастағандағы
кәсіпорынның жалпы өнімі (немесе шығарылған өнімнің нарықтық бағасы).
ЖІӨ - ол ішкі өнім, себебі ол резиденттермен шығарылған. Резиденттерге
олардың ұлты мен азаматтығынан тәуелсіз, экономикалық қызуғышылық ортасы
берілген ел территориясында орналасқан барлық экономикалық бірліктер
(кәсіпорындар, үй шаруашылығы) жатады. Бұл дегеніміз, олар елдің
экономикалық территориясында ұзақ уақыт бойы (бір жылдан кем емес)
өндірістік қызметпен айналысып жатыр немесе өмір сүріп жатыр дегенді
білдіреді. Елдің экономикалық территориясы – ол сол елдің үкіметімен
әкімшілік басқарылатын, оның қойнауында тұлғалар, тауарлар, ақшалар еркін
қозғала алатын территорияны айтады.
ЖІӨ - ол жалпы өнім, себебі оны негізгі капиталдың тұтынуын алып
тастағанға дейін есептеді. Теориялық жөннен ішкі өнім таза негізде яғни
негізгі капиталды алып тастап есептелінуі керек.

1.2. Жалпы ішкі өнімді есептеудің әдістері.

ЖІӨ келесі үш әдіс бойынша есептеле алады:
▪ Жалпы қосымша құн жиынтығы ретінде (өндірістік әдіс);
▪ Шеткі пайдалану компонеттерінің жиынтығы ретінде (шеткі пайдалану
әдісі);
▪ Алғашқы табыстар жиынтығы ретінде (таратылым әдісі).
Өндірістік әдіспен есептеу кезінде ЖІӨ барлық өндірістік бірліктердің
– салалар немесе секторлар бойынша топталған резиденттердің жалпы қосымша
құндарының жинақтау жолымен есептелінеді.
ҰШЖ-де қосымша құн көрсеткіші өнімге деген субсидиді қосатын, өнімге
деген салықты алып тастайтын (мысалға: сату салығы, ҚҚС және с.с.) негізгі
бағалармен бағаланады. Мұндай әдіс ЖІӨ-ді құрастырудағы әр саланың үлесін
дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Жалпы қосымша құн мен ЖІӨ арасындағы өзара
байланыс келесі түрде анықталатын айтып кеткен жөн:
GDP = D + N – U,
(2)

мұнда D – экономиканың барлық салаларындағы негізгі бағаларда берілген
қосымша құны;
N – өнімдерге салық;
U – өнімдерге субсидии.

Өндірістік қызметке қабылданған ҰШЖ шекараларының түсінігі
келесілерден тұрады:
Қолдануынан тәуелсіз барлық тауарлар, басқа институционалды тұлғаларға
көрсетілетін қызметтер, оның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен
коммерциалық емес ұйымдардың нарықтық емес қызметтері, жеке тұрғын үйде
өмір сүру үшін үй шаруашылығы қызметі және ақылы үй қызметшісі көрсететін
үй қызметі. Үй шаруашылығы мүшелерінің бір-біріне көрсететін тегін үй
қызметі ҰШЖ өндіріс шекарасына қосылмайды.
Өндіріс аумағының шекарасына көлеңкелі экономикада өндірілген тауарлар
мен қызметтер қосылуы тиіс (заңсыз өндіріс), яғни заңмен тыйым салынған
тауарлар мен қызмет көрсетулер және заңмен рұқсат етілген бірақ мемлекеттік
органдардан өз табысын жасыру үшін жасырын тауарлар мен қызмет көрсетулер
(жасырын өндіріс).
Шекті пайдалану әдісі бойынша ЖІӨ пайдалануы келесі компонеттердің
жиыны түрінде анықталады:
▪ тауарлар мен қызметтерді шекті тұтынудың шығындары;
▪ жиынтық қор;
▪ тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортының сальдосы.
Бұл әдіс бойынша ЖІӨ-ді есептеу формуласы былайша болады:

GDP = C + I + E,
(3)

Мұнда GDP – жалпы ішкі өнім;
C – шекті тұтыным;
I – инвестиция (негізгі қорлардың жиынтық қоры, материалды айналым
қорларының өсімі, құндылықтардың таза иемденуі);
E – таза экспорт.
Тауарлар мен қызметтерге шекті тұтыну шығындары дегеніміз – ол, тұтыну
тауарлары мен қызметтерге үй шаруашылығының шығындары, және де мемлекеттік
басқару мекемелерінің және коммерциалық емес ұйымдардың индивидуалды және
ұжымды тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерге шығындары. Үй
шаруашылығының шекті тұтынуға шығындары мыналарды қосады:
▪ тұтыну тауарлары мен қызметтеріне шығындар;
▪ натуралды түрдегі еңбек ақысы формасында немесе т.б. формада алынған
тауарлар мен қызметтерді тұтыну;
▪ өзінің шекті тұтынуы үшін өндірілген тауарлар мен қызметтерді
тұтыну.
Мемлекеттік басқару мекемелері мен коммерциалық емес ұйымдардың шекті
тұтынуға шығындары келесі түрде анықталады: бұл мекемелерді ұстап тұруға
ағымдағы шығындар минус бұл мекемелердің тауарлар мен қызметтер сатудан
түскен түсімдер плюс осы мекемелермен нарықтық өндірушілерден сатып алынған
экономикалық мағынасы жоқ үй шаруашылығын тегін немесе бағамен өткізуге
арналған тауарлар мен қызметтердің құны, плюс үй шаруашылықтарына тауарлар
мен қызметтер шығындарының мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорлары
есебінен өтелулері.
Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б. бюджеттік ұйымдар
үй шаруашылығында жеке тұтынуларды қанағаттандыруларына арналған
индивидуалды тұтынуға тауарлар мен қызметтерді көрсетеді. Ұжымдық тұтыну
қызметтері, олар бюджеттік басқару ұйымдары мен қорғаныс ұйымдарына
көрсететін қызметтері болып табылады.
Жиынтық қор жинау дегеніміз, ол, ағымдағы периодта өндірілген және
алынған, бірақ ол кезде тұтынылмаған резиденттердің тауарлар мен
қызметтерді таза иемденуі (тұтынылғандарды алып тастағандағы). Жиынтық қор
жинауға негізгі капиталдың жиынтық қоры, материалды айналым құралдарының
қорларының өзгеруі мен құндылықтардың таза иемденуінен тұрады.
Тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты – берілген елдің барлық
елдермен экспортты-импорттық операциялары (туризм, транспорттық қызмет
көрсету, құрылыс, сақтандыру, компьютерлік, жарнама және т.б. қзмет
көрсетулер).
Таратылу әдісімен ЖІӨ-ді анықтау кезінде келесі алғашқы табыстарды
қосады: жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы, өндіріс пен импортқа таза
салықтар (өндіріс пен импортқа салық минус өндіріс пен салыққа субсидии),
жалпы пайда және жалпы аралас табыстар.

GDP = W + Q + R + P + T,
(4)

мұнда GDP – жалпы ішкі өнім
W – еңбек ақы (берілген елдің кәсіпорындары мен ұйымдарының олардың
азаматтығынан тәуелсіз өздерінің қызметшілеріне төленген еңбек ақы);
Q – әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;
R – жалпы пайда;
P – жалпы аралас табыс;
T – өндіріс пен импортқа салықтар (субсидийді шегіргендегі).
Жалдамалы жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу – есептегі периодта
орындалған, жұмыс берушінің жұмысшыға жұмысқа айырбас ретінде төлейтін
барлық ақшалай немесе натуралды сыйлықтардың жиынтығы. Ол екі компоненттен
құралады:
а) еңбек ақы.
б) жұмыс берушінің жұмысшыны болашақта әлеуметтік төлем ақы алуын
қамтасыз етуге арналған әлеуметтік сақтандыруға төлемдері.
Өндіріс пен импортқа салық – мемлекеттік басқару органдарымен тауарлар
мен қызметтерді өндіру мен импорттан немесе өндіріс факторларын
пайдаланудан алынатын міндетті төлемдер. Мұнда мынадай салықтар кіреді:
ҚҚС, акциздер, сатуға салық, айналымнан салық, жекелеген қызмет түрлеріне
салықтар, фискалды монополиялардың пайдасына салық, импортқа салық,
экспорт, кедендік баждар, жерге салық, өндіріс құралдары мен жұмыс күшіне
салық.
Өндіріс пен импортқа субсидии – мемлекеттің кәсіпорындардың тауарлар
мен қызметтердің өндірісі, сатулары немесе импорты байланысты орындайтын
ағымдағы қайтарымсыз төлемдері.
Жалпы пайда мен жалпы аралас табыс - өндірушінің жалдамалы
жұмысшылардың төлемдері, импорт пен өндіріс салықтарынан туындаған
шығындарды алып тастағаннан кейінді қосымша құнның сол бөлігінен қалған
пайда мен табыс. Бұл кезде меншіктен табысты есептегенге дейінгі пайда
(немесе зиян) өлшенеді. Үй шаруашылығына жататын корпоративті емес
кәсіпорындар үшін, табыстың бұл түрі қожайынның немесе кәсіпкердің
табысынан бөліне алмайтын кәдімгі жұмыс үшін сыйақылардан тұрады. Бұл
жағдайда оны аралас табыс деп атаймыз.
Алғашында ағымдағы бағалармен бағаланған ЖІӨ-нің физикалық көлемінің
индексін және оның ЖІӨ көрсеткіштерінің компонентерін есептеу үшін, әдетте
қайсы-бір жылдың ағымдағы бағалары қолданылатын, базалық период ретінде
қабылданған тұрақты бағалармен қайта бағалануы қажет. Тұрақты бағалармен
ЖІӨ мен оның компоненитерін есептеудің бірнеше әдістері бар. Олардың ішінде
ең маңыздылары болып табылатындар:
▪ бағалар индексінің көмегімен дефлятирлеу әдісі;
▪ екілік дефлятирлеу әдісі;
▪ физикалық көлемнің көлемі көмегімен базистік периодтың
көрсеткіштерін экстрополяциялау әдісі;
▪ шығындар элементтерін қайта бағалау әдісі[4].

Тарау 2. Қазақстанның ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалары көмегімен
Statistica программасының көптік регрессия модулі бойынша модельдеу мен
болжау.

2.1. Қазақстан Республикасының ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалармен
модельдеудің мәні мен мақсаты.

Қазақстанның экономикасы шикізат өндіру саласына бағытталғаны анық.
Осыдан елдің дүниежүзілік шикізат нарқына тәуелді екенін айтпасақ та
түсінікті. Ал дүниежүзілік нарық сол шикізаттардың бағаларының өзгеруіне
тәуелді өзгеріп отыруы мүмкін. Ол экономикалық заңдылық. Бұдан туындайтын
бірінші ой, егерде дүниежүзілік нарық оның бағасына, ал Қазақстан
экономикасы сол дүниежүзілік нарыққа тәуелді болса, неге Қазақстан
экономикасы дүниежүзілік шикізат бағаларына тәуелді болмауы керек. Әрине
бұны былайша айта салу оңай, бірақ оны заңдылықтар мен дәлелдеу әрқашан
мүмкін бола бермейді. Бұл кезде ең оптималды жол ол экономика-математикалық
модельдерге жүгіну. Әрине Қазақстан экономикасы жекелеген минералды
ресурстарға тәуелді болуы мүмкін емес. Ол тек бірнеше көрсеткіштерден
тәуелділіктер мен байланысты анықтауға болады. Сондықтан да біз бірнеше
отын, тау, түсті және қара металдар шикізаттарына дүниежүзілік бағалары
көрсеткіштерін таңдадық.
Бұл модельді қолдану үшін мен Statistica программасын пайдаландым.
Бәріңіз білетіндей көптік регрессия модельінде бір тәуелді және бір немесе
бірнеше тәуелсіз айнымалы болады. Мен сол тәуелді айнымалы ретінде Ү
Қазақстан Республикасының ЖІӨ, ал тәуелсіз айнымалылар ретінде табиғи
ресурстарының дүниежүзілік бағалар көрсеткішін таңдадым. Олардың жалпы саны
11. Атап кетсек:Австралия көмірі; Брент мұнайы; Дубай мұнайы; Техас мұнайы;
Табиғи газ; Темір; Пр болат; Ыстық болат; Реб болат; Уир болат; Тин.
Бұл байланысты зерттеу үшін Қазақстан Республикасының ЖІӨ 1999 жылдың
ақпан айы мен 2002-жылдың желтоқсан айына дейінгі айлық көрсеткіштері
(қосымша 1) мен дүниежүзілік банк мәліметтерінен алынған осы мерзімдегі
табиғи ресрурстарының бағаларының көрсеткіштері алынған (қосымша 2).
Келесі суретте осы көптік регрессия модельінің нәтижесі бейнеленген.
сурет-3

Бұл суреттен байқағанымыздай көптік регрессия модельімен шығарылған
ЖІӨ модель коэффициенттері көрсетіліп тұр оны формула түрінде жазсақ, былай
болады:
Ү=1449694+0.151x1-0.02x2+0.766x3-0. 4x4+0.473x5-0.62x6-
0.64x7+0.807x8-0.13x9+0.148x10-0.91 x11
Бұл тңдеуге назар аударсақ константа яғни бос мүше мәні өте үлкен. Бұл
коэффициенттердің есептеу формулалары жоғарыдағы бөлімде берілген. Айта
кеткен жөн жоғарыдағы модель 95% сенімділікпен алынған. Бұл модельдік
сенімділігін, айқындылығын анықтау үшін оны статистикалық мәнділік
бағалауларын пайдалану керек. Және оған қоса Statistica программасының өз
бағалау әдістері мен бағалау графигтері пайдаланылады. Келесі суретте осы
модельмен есептелген және нақты ЖІӨ графигтерін көре аласыздар.
сурет-4
Мұнда Observed – нақты, Predicted – есептелген және Residual ауытқу.
Суреттен байқағаныңыздай нақты мен есепті ЖІӨ графигтері бір біріне
жатып тұр десек те болады. Ал ауытқулар негізінен 0-дің төңірегінде жатыр.
Ал үлкен байқалып отырған ауытқулар ол күз айларында, яғни қазан қараша
айларында байқалады. Себебі осы айларда ЖІӨ біршама бөлігін алатын
ауылшаруашылығы дақылдарын жинау негізінен осы айларда жүргізіледі.
Сондықтан да ауытқудың өсіп кетуі де осыдан.

Модельді бағалау коэффициенттері.

Детерминация коэффициенті R2.
Біздің жағдайда бұл детерминация коэффициенті R2=0,87092346, яғни 1-ге
жақын сан. Бұл дегеніміз алынған модель зерттеліп жатқан көрсеткіштер
арасында сенімді регрессия көрсеткіші екенін көрсетеді. Басқаша айтқанда
Қазақстанның ЖІӨ дүниежүзілік табиғи ресурстар бағаларының өзгеруінің 87%-
не сәйкес келіп отыр. Бұл дегеніміз қалған 13% ЖІӨ ге бағалар әсер етпейді
деген сөз.

Beta ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)
Күзет сигнализациясы жүйесін құру қағидаттары
Банктік ісінің дамуын болжамдаудың түрлері мен модельдері
Мұнайгаз өндіретін комплексті дамыту
Экономика дәрістер кешені
Қазақстан Республикасындағы сүт өнімінің өзіндік құнын жүйелік талдау және болжау
Үлкен деректерді талдаудың әдістемесі
Материалдық ресурстар - жер немесе шикізат материалдары және капитал
Қазақстанда және шет елдердегі қашықтықтан білім беру технологиясының жалпы мазмұны
Басты мәселе азық түлік дайындайтын өндірістерде
Пәндер