Баскетбол туралы



Баскетбол – доппен ойналатын ойын. Ойынның мәні – ережеде көрсетілген уақыт ішінде қарсылас команданың корзинасына көбірек доп салуға деген ойыгшылар ұмтылысынан көрінеді. Допты тек қана қолмен ойнайды. Команда құрамы 10 адам болады. Алайда алаңда әр жақтан 5 адам ғана ойнай алады. Алаңның көлемі онша үлкен емес (26х14) м.. Осылардың барлығы допқа ие болып және оны корзинаға лақтыруға немесе қарсыластың шабуылына белсенді түрде қарсылық жасап, допқа ие болуға ұмтылуға мүмкіндік жасайтын, серіктестердің өзара, дәл іс-әрекеті қажет болатындай ойын жағдайын жасайды. Ойында жүгіріс, жүріс, секірулер мен лақтырулар секілді қозғалыстың табиғи түрлері пайдаланылады. Олар қолданылатын жағдайдың көп түрлілігі мен өзгермелілігі, адамда дене қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейін, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының мол қорының болуын талап етеді.
Баскетболмен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыра білсе, оның адам ағзасына жан-жақты, жақсы әсері мол.
Бұл ойын балаларды көбірек қызықтыруда. Төменгі жастағы балалар кіші баскетболмен көптен айналысады.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Баскетбол – доппен ойналатын ойын. Ойынның мәні – ережеде көрсетілген уақыт
ішінде қарсылас команданың корзинасына көбірек доп салуға деген ойыгшылар
ұмтылысынан көрінеді. Допты тек қана қолмен ойнайды. Команда құрамы 10 адам
болады. Алайда алаңда әр жақтан 5 адам ғана ойнай алады. Алаңның көлемі
онша үлкен емес (26х14) м.. Осылардың барлығы допқа ие болып және оны
корзинаға лақтыруға немесе қарсыластың шабуылына белсенді түрде қарсылық
жасап, допқа ие болуға ұмтылуға мүмкіндік жасайтын, серіктестердің өзара,
дәл іс-әрекеті қажет болатындай ойын жағдайын жасайды. Ойында жүгіріс,
жүріс, секірулер мен лақтырулар секілді қозғалыстың табиғи түрлері
пайдаланылады. Олар қолданылатын жағдайдың көп түрлілігі мен өзгермелілігі,
адамда дене қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейін, қозғалыс біліктілігі
мен дағдыларының мол қорының болуын талап етеді.
Баскетболмен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыра білсе, оның адам ағзасына
жан-жақты, жақсы әсері мол.
Бұл ойын балаларды көбірек қызықтыруда. Төменгі жастағы балалар кіші
баскетболмен көптен айналысады.
Қозғалыста (жүгіруде) допты беру және ұстау. Баскетбол ережесінде
қолында добы бар ойыншының жүрісін (екі адым) шектейді. Допты қозғалыста
ұстап және беру үшін баскетболшы тек екі адым ғана жасай алады. Жүгірудің
бөліктеріне (фазаларына) тірелетін және тірелмейтін жағдайларын алмастырып
отыру тән. Бұлай үйлестірудің жалпы құрылымы мынадай: тірелмейтін жағдайда
допты ұстайды (аяқ жерге тірелгенде бір адым жасалады деп есептеледі).
Сосын басқа аяқпен екінші адым жасалады да, одан кейінгі тірексіз жағдайда,
яғни үшінші адым жасалып болғанша допты қолдан жібереді. Сөйтіп, бірінші
адымның алдындағы тірексіз жағдайда допты ұстау үшін қолды алға созып,
сосын оны кеудеге қарай тартады да, келесі екі адымда допты беру үшін алға
шығарады.
Қозғалыс кезінде допты беру секіріс кезінде де, орындалуы мүмкін. Бұл
ретте секіру екінші адымда бір аяқпен итерілу арқылы орындалады. Допты өте
шапшаң беруді жүгірістің алғашқы адымында да жүзеге асыруға болады.
Тек тірексіз фазаның кезінде де орындалуы мүмкін: допты тірексіз
жағдайда қабылдап, осы жағдайдан беруді орындайды. Баскетболшы бір адым
жасамай, қолға тиген бойда, келесі адамға береді.
Шапшаңдықты және бағытты өзгертіп допты алып жүру. Шапшаңдық пен
бағытты өзгертіп доп алып жүруді бастапқыда баяу жүгіріс кезінде орындау
керек. Кейін шапшаңдықты бірте-бірте арттыра түседі. Бағытты өзгертіп алып
жүру ептілігі ойын кезінде қорғаушының қарсы қимылын жеңу үшін қажет.
Бағытты өзгерту үшін, мысалы, допты оң қолмен алып жүрсе, онда сол аяқпен
адым жасалады, доп ілгері-төмен итеріледі және сол қолмен допты алып жүрсе,
қозғалыстың бағытын өзгертеді.
Қозғалыс кезінде допты лақтыру. Әдетте лақтырулар жүгірістен кейінгі
секірулерде орындалады. Сөйтіп, қозғалыс кезіндегі лақтыруларға қозғалыс
уақытындағы допты берулер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпқой баскетбол
Баскетбол ойыны
Баскетбол ойынының тарихы
Баскетболдың спорттық ойын түрі пайда болуы және оның даму кезеңдері
Баскетбол сабақтары туралы ғылыми-педагогикалық және техникалық көзқарас
“Баскетбол оқыту әдістемесі”
Баскетбол түсінігі
Баскетбол тарихы туралы
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Баскетбол ойнау ережелері
Пәндер