Б. адамбаев - фольклортанушы



Қазақ ауыз әдебиеті туралы ғылыми зерттеулер он тоғызыншы ғасырда өз бастауын алды. Бұған дейінгі уақытта қазақ фольклоры жайында жекелеген пікірлер ғана айтылып, тек ауыз әдебиеті үлгілері жарияланып келді. Әрине, баспа ісінің кеңіп, өріс алмай тұрған бұл шақта, фольклористиканың өзіндік қиындықтары болды. Сонда да зерттеу-жинақтау жұмыстары тоқтамағаны белгілі. Оған алғашқы болып орыс ғалымдары ат салысса, кейінірек қазақ ағартушылары да қолға ала бастады. Қазақ фольклорының кеңірек зерттеле бастаған шағы , әрине, кеңес дәуірі екені анық.
Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдардан-ақ қазақ ауыз әдебиеті үлгілері, нұсқалары жүйелі түрде жиналып, зерттеле, жариялана бастады. Бұл салада алғашқылардың бірі болып еңбек еткендер: С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Н.Смирнова, М.Ғабдуллин т.б. Олар ертегілер, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары, батырлық-ғашықтық дастандар, аңыз әңгімелер, ақындық айтыстар нұсқаларын жинап зерттеуге, жариялауға көңіл бөлді. Соның нәтижесінде қазақ ауыз әдебиеті мектептерде, жоғарғы оқу орындарында оқытылатын арнайы пәнге, фольклорлық шығармалар зерттеу объектілеріне айналды.
Алдымен жеке шығармалар мен халық ақындары жайында жазылған шағын мақалалардан, алғы сөздер мен түсініктемелерден басталған зерттеулер Е.Ысмайыловтың «Ақындар», Қ.Жұмалиевтің«Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері», М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты монографиялық еңбектерінің жазылып, жариялануымен жаңа сатыға көтерілді. Осылайша, қарыштап алға дамыған қазақ фольклористикасында ересен еңбегімен ескеруге келетін зерттеушілеріміздің бірі Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘОК 82-1-9
Қ64

Б. АДАМБАЕВ - ФОЛЬКЛОРТАНУШЫ

М.Б. Қоңқашова
Әулие-Ата университеті, Тараз қ.

Қазақ ауыз әдебиеті туралы ғылыми зерттеулер он тоғызыншы ғасырда өз
бастауын алды. Бұған дейінгі уақытта қазақ фольклоры жайында жекелеген
пікірлер ғана айтылып, тек ауыз әдебиеті үлгілері жарияланып келді. Әрине,
баспа ісінің кеңіп, өріс алмай тұрған бұл шақта, фольклористиканың өзіндік
қиындықтары болды. Сонда да зерттеу-жинақтау жұмыстары тоқтамағаны белгілі.
Оған алғашқы болып орыс ғалымдары ат салысса, кейінірек қазақ ағартушылары
да қолға ала бастады. Қазақ фольклорының кеңірек зерттеле бастаған шағы ,
әрине, кеңес дәуірі екені анық.
Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдардан-ақ қазақ ауыз әдебиеті
үлгілері, нұсқалары жүйелі түрде жиналып, зерттеле, жариялана бастады. Бұл
салада алғашқылардың бірі болып еңбек еткендер: С.Сейфуллин, С.Мұқанов,
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Н.Смирнова, М.Ғабдуллин
т.б. Олар ертегілер, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары, батырлық-ғашықтық
дастандар, аңыз әңгімелер, ақындық айтыстар нұсқаларын жинап зерттеуге,
жариялауға көңіл бөлді. Соның нәтижесінде қазақ ауыз әдебиеті мектептерде,
жоғарғы оқу орындарында оқытылатын арнайы пәнге, фольклорлық шығармалар
зерттеу объектілеріне айналды.
Алдымен жеке шығармалар мен халық ақындары жайында жазылған шағын
мақалалардан, алғы сөздер мен түсініктемелерден басталған зерттеулер
Е.Ысмайыловтың Ақындар, Қ.ЖұмалиевтіңҚазақ эпосы мен әдебиет тарихының
мәселелері, М.Ғабдуллиннің Қазақ халқының ауыз әдебиеті атты
монографиялық еңбектерінің жазылып, жариялануымен жаңа сатыға көтерілді.
Осылайша, қарыштап алға дамыған қазақ фольклористикасында ересен еңбегімен
ескеруге келетін зерттеушілеріміздің бірі Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев.
Б.Адамбаев қазақ халқының бай ауыз әдебиетін, оның ішінде көлемі
жағынан шағын жанр деп саналатын халық даналығы мақал-мәтелдер мен шешендік
сөздерді ауқымды зерттеумен айналысты. Шешендік сөздердің және мақал-
мәтелдердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы Шешендік
өнер (1969), Халық даналығы(1976), Қазақтың шешендік өнері(1984) атты
монографиялық зерттеу еңбектері шықты. Сондай-ақ, Қазақ ертегілері(1962),
Шешендік сөздер(1967), Ел аузынан(1985) жинақтарын құрастыруға
қатысқан.
Кеңес дәуірінде, Б.Адамбаев зерттеулеріне негіз болған осы жанрлар ең
аз зерттелген сала болып саналды. Оған бірден-бір себеп, өткен ғасырдың
орта шенінде дидактикалық ұсақ жанрларға лайықты мән берілмей келді.
Олардың көлемдері шағын болғанымен мазмұндары бай, тілдері көркем байырғы
жанр екені ескерілмеді. Шешендік сөздер, әдетте, айтыс-даулармен байланысты
және билер атынан айтылғандықтан оған үстем таптың ғана мұрасы ретінде бір
жақты көзқарастар кедергі болып келді. Сан жағынан көп, бір-біріне өте
ұқсас, уақиғасыз, кейіпкерсіз ұсақ жанрлардың ішкі ерекшеліктері де олар
жөнінде жинақты, жүйелі пікір айтуға белгілі дәрежеде бөгет болды. Осы
жағдайлардың барлығы зерттеушінің бірнеше жыл ғылыми сапармен елге шығып,
алдымен аталған жанрлардың нұсқаларын халықтан, қариялардан жинауға, бұрын
жиналғандарын ғылыми жүйеге салып, тәртіпке келтіріп ішінара жариялау
жұмыстарымен айналысуға мәжбүр етті.
Б.Адамбаев өз еңбектерінде халық мақал-мәтелдері мен шешендік
сөздердің жанрлық табиғатын, тәрбиелік, өмір танытқыштық мәнін, сонан соң
олардың қалыптасу, даму жолдарын анықтау, әдеби-көркемдік ерекшеліктерін
ашу, ақындық-шешендік өнерді ежелгі үйрену, игеру жолдарын көрсету
мақсаттарын ұстанған.
Зерттеуші өз монографияларында аталған мәселелерден басқа, Аяз би,
Жиренше секілді халық шешендерімен бірге, белгілі шешен билер Төле,
Қазыбек, Әйтекелердің, шешен батырлар Жәнібек Қошқарұлы мен Сырым Датұлы
атынан айтылған сөздер келтіреді.
Б.Адамбаев аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асан Қайғы туралы аңыздар
Шешендік сөздер
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы
Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Қазақ тілінің маңызы
Әсет Найманбаев шығармашылығының көркемдігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ
Пәндер