ҚР үкiметiнiң 2005 – 2007 жж арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын нақтылау



2004 жылы мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары, 2005 – 2007 жылдарға арналған аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді нақтылау және Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен мәжілісінде «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаумен сөз сөйлеуі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын (бұдан әрі – бекітілген орта мерзімді фискалдық саясат) нақтылауға негіз болды.
Бұдан басқа, «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қараған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің фискалдық саясатына және аталған заң жобасына өзгерістер енгізілді.
«2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары мен 2 және 3-бөлімдерде берілген бекітілген орта мерзімді фискалдық саясат негізінде әзірленді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Үкiметiнiң 2005 – 2007 ж арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын
нақтылау

2004 жылы мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары,
2005 – 2007 жылдарға арналған аса маңызды макроэкономикалық
көрсеткіштерді нақтылау және Мемлекет басшысының 2005 жылғы
18 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен
мәжілісінде Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаумен сөз сөйлеуі Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi
фискалдық саясатын (бұдан әрі – бекітілген орта мерзімді фискалдық саясат)
нақтылауға негіз болды.
Бұдан басқа, 2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының
Парламентінде қараған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің фискалдық
саясатына және аталған заң жобасына өзгерістер енгізілді.
2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 –
2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары мен 2 және
3-бөлімдерде берілген бекітілген орта мерзімді фискалдық саясат
негізінде әзірленді.
2005 жылға арналған республикалық бюджет жобасының өлшемдері: түсімдер
– 1135,8 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 19,4 %), шығыстар – 1223,6 млрд. теңге (ЖІӨ-ге
20,9 %) құрады. Тапшылық 87,8 млрд. теңге немесе ЖІӨ-нің болжамды деңгейіне
1,5 % (5 850 млрд. теңге) мөлшерінде жоспарланды.
Қазақстан Республикасының Парламентінде 2005 жылға арналған бюджет
жобасын қарау нәтижесінде салық заңнамасына корпорациялық табыс салығы мен
қосылған құн салығы бойынша енгізілген өзгерістер есебінен кіріс бөлігі
5,055 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
Республикалық бюджет тапшылығы 13,7 млрд. теңгеге ұлғайтылды және
101,4 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 1,7 % құрады.
Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, жекелеген шығыс түрлерін қысқарту,
сондай-ақ бюджет тапшылығын ұлғайту есебінен түскен қаржы қаражатының
қосымша көлемі:
Алматы қаласындағы білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің
сейсмотұрақтылығын күшейтуге;
тыл еңбеккерлерінің арнайы мемлекеттік жәрдемақыларын 1 айлық есептік
көрсеткішке дейін ұлғайтуға;
ауылдық елді мекендердің ауыз сумен жабдықтау объектілерін салуға және
қайта жаңартуға;
білім беру объектілерін салуға;
Астана қаласында көлік инфрақұрылымын дамытуға;
Оңтүстік Қазақстан тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды
қамтамасыз етуге жіберілді.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін
2005 жылға арналған республикалық бюджетте 13,2 млрд. теңге мемлекетаралық
инвестициялық банк құруға жіберілді. Банктің жарғылық капиталына Қазақстан
Республикасының қатысуы банкке қатысушы мемлекеттердің рыноктық
экомномикасының қалыптасуына және дамуына, экономикалық өсуге және
инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолымен өзара сауда-экономикалық
байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін болады.
Тұтастай алғанда, бюджет жобасының шығыс бөлігі (шығындар және қаржы
активтерін сатып алу) 18,7 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
Бюджет кодексіне сәйкес 2005 жылға арналған республикалық бюджет жаңа
бюджет құрылымы бойынша қалыптастырылды және мынадай көлемде бекітілді:
1) кірістер – 1128,4 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 19,3 %, оның ішінде
салықтық түсімдер – 984,2 млрд. теңге
2) шығындар – 1089,5 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 18,6 %;
3) операциялық сальдо (кірістер мен шығындар арасындағы айырма) –
39,0 млрд. теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру – 54,1 млрд. теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо –
86,3 млрд. теңге;
6) бюджет тапшылығы – 101,4 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 1,7 %.
Кестеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
31 тамыздағы № 920 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына ұсынылған 2005 жылға арналған республикалық бюджет
жобасының, 2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы 2004 жылғы 2
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген 2005 жылға
арналған республикалық бюджеттің негізгі өлшемдері және Қазақстан
Республикасының Парламенті қабылдаған бюджет жобасына түзетулер
келтірілген.

кесте

2005 жылға арналған бекітілген республикалық бюджет

Атауы 2004 жылғы "2005 жылға бюджет
31 тамызда арналған жобасын
Қазақстан республикалық а
Республикасының бюджет туралы" түзету-
Парламентіне 2004 жылғы лер
енгізілген 2 желтоқсандағы млрд.
республикалық ҚРЗ теңге
бюджет жобасы
млрд. ЖІӨ-ге млрд. ЖІӨ-ге
теңге %-бен теңге %-бен
1 2 3 4 5 6
Кірістер 1123,4 19,2 1128,4 19,3 5,1
Салықтық түсімдер 979,2 16,7 984,2 16,8 5,0
Салықтық емес түсімдер 36,9 0,6 37,0 0,6 0,1
Шығындар 1075,5 18,4 1089,5 18,6 13,9
Операциялық сальдо 47,9 0,8 39,0 0,7 -8,9
Таза бюджеттік кредит беру 54,1 0,9 54,1 0,9  
Бюджеттік кредиттер 64,5 1,1 64,5 1,1  
Бюджеттік кредиттерді өтеу 10,4 0,2 10,4 0,2  
Қаржы активтерімен жасалатын 81,5 1,4 86,3 1,5 4,8
операциялар бойынша
сальдо
Қаржы активтерін сатып алу 83,5 1,4 88,3 1,5 4,8
Мемлекеттің қаржы активтерін 2,0   2,0    
сатудан түсетін түсімдер
Бюджет тапшылығы -87,8 -1,5 -101,4 -1,7 13,7
(профициті)
           
Бекітілген орта мерзімді фискалдық саясат бойынша ЖІӨ 5 850
болжамы, млрд. теңге

1. Елдің 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау.
2004 жылы ЖІӨ нақты өсуі 9,4 % құрады және көлемнің өнеркәсіпте
10 %-ға, құрылыста – 11,2%-ға ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Қызметтер
секторында көліктің барлық түрімен жүктерді тасымалдау көлемі 9 %-ға,
байланыс - 32%-ға, сауда – 10,4 %-ға ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы жалпы
өнімінің көлемі 2003 жылдың деңгейіне 100,1 % құрады.
Инфляцияның деңгейі жыл бойы орта есеппен 6,9 % мөлшерінде
қалыптасты.
2004 жылы сыртқы тауар рыноктарында мұнайға және металлургиялық
өнеркәсіп өнімінің жоғары бағаларымен қатар әлемдік экономиканың өсуі
қазақстандық тауарлардың экспортына ықпал етті.
Ауқымды шетел қарыз капиталының келіп түсуімен қатар экспорттан
түскен валюталық түсімдер ішкі валюта рыногындағы шетелдік валютаның
артық ұсынысына себеп болды. Теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбас
бағамының номиналды қымбаттауы ішкі валюта рыногына көрсетілген қысымның
салдары болды. 2004 жыл ішіндегі теңгенің орташа өлшемдік айырбас бағамы
бір долларға 136,04 теңгені құрады. Жыл басынан бастап теңге номиналды
мәнде АҚШ долларына қарағанда 9,3 %-ға нығайды. Теңгенің айырбас бағамының
АҚШ долларына нақты нығаюы 2004 жылы 15,3 %
құрады.
Ішкі сұраныстың ұлғаюы мен теңгенің айырбас бағамының АҚШ долларына
қатысты нығаюы салдарынан импорт көлемі өсті.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) бағалауы бойынша тауарлар экспорты
(ФОБ) 20537 млн. АҚШ долларын, тауарлар импорты (ФОБ) – 13783,4 млн. АҚШ
долларын, өсу тиісінше 55,6 % және 52,6 % құрады. 2004 жылы
сауда теңгерімінің оң сальдосы 2003 жылмен салыстырғанда 61,9 %-
ға ұлғайды және Министрліктің бағалауы бойынша 6753,6 млн. АҚШ долларына
жетті.
Мұнай өндеу саласындағы шетелдік инвесторлардың қатысуымен ірі
инвестициялық жобаларды, Индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыру,
сондай-ақ бірқатар салалық бағдарламаларды жүзеге асыру экономикаға
тартылған инвестициялардың көлемін жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкіндік
берді. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негізгі капиталға инвестициялар
10,6 %-ға ұлғайды.
2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 – 2007 жылдарға
арналған негізгі көрсеткіштерінің нақтыланған болжамы.
Бекітілген орта мерзімді фискалдық саясат экономика дамуының,
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2005 – 2007 жылдарға арналған бекітілген орта мерзімді жоспарының базалық
сценарийіне негізделген.
Әлемдік тауар рыноктарындағы қолайлы жағдай, макроэкономикалық
тұрақтылық, елде жүргізіліп отырған тиімді экономикалық саясат, халықтың
өмір сүру деңгейінің жақсаруы нәтижесінде ішкі сұраныстың артуы, өндіріс
секторының тұрақты жұмысы, инвестициялық климаттың жақсаруы экономика
дамуының жоғары қарқынына себеп болды, бұл негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштерді қайта қарау үшін негіз болып табылды.
Болжамды көрсеткіштердің ұлғаюына ықпал еткен негізгі факторлар
мынадай: 2004 жылғы неғұрлым жоғары нақты база, экспорт тауарларына
арналған қолайлы конъюнктура, таурлар мен қызметтер өндірісінің неғұрлым
жоғары өсу қарқыны.
2005 – 2007 жылдарға арналған ЖІӨ-нің болжамы ұлғаю жағына қарай
нақтыланды және 2005 жылы – 6580 млрд. теңге, 2006 жылы – 7808 млрд. теңге
және 2007 жылы – 8892 млрд. теңге құрайды.
2005-2007 жылдары инфляцияның орташа жылдық деңгейі бекітілген орта
мерзімді фискалдық саясатқа есептеулерде ескерілген 4,1 - 6,5 %-ға
қарағанда, 5 - 7 % аралығында қалыптасады. Оған мұнайға және металдарға
әлемдік бағаның жоғары деңгейі, шетелдік капиталдың келуі, сондай-ақ
бюджеттен мемлекеттік қызметшілер мен бюджет салаларының қызметкерлеріне
жалақының, зейнетақының, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің
артуы ықпал етуі мүмкін.
Соңғы жылдары қалыптасқан мұнай өңдеу секторындағы өсу үрдісін негізге
ала отырып, 2005 – 2007 жылдарға арналған мұнайға әлемдік бағаның болжамы
нақтыланды. Базалық сценарий мұнайға әлемдік бағаларды бекітілген орта
мерзімді фискалдық саясатқа есептеулерде ескерілген бір баррель үшін 28,5 -
32,9 АҚШ долларына қарағанда, бір баррель үшін 40 - 42 АҚШ
доллары аралығында көздейді.
Мұнайға экспорттық бағалар бекітілген орта мерзімді фискалдық саясатқа
есептеулерде ескерілген бір баррель үшін 21,4 - 24,7 АҚШ долларына
қарағанда, 30 - 31,5 АҚШ доллары деңгейінде тұрақтанады.
Сауда теңгерімінің оң сальдосы жылына орта есеппен 5,6 млрд. жуық АҚШ
долларын құрайды.
Мұнайға жоғары бағалар инвестициялардың құйылуына, өнеркәсіптік
өнімдер, көліктік қызқметтер көлемінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жалпы
өнімінің өсуіне оң ықпал етеді.

кесте
Қазақстан Республикасының 2005 – 2007 жылдарға арналған макроэкономикалық
көрсеткіштерінің болжамы (базалық сценарий)

Атауы 2004 2005 2006 2007
есеп баға болжам болжам
1 2 3 4 5
ЖІӨ, млрд. теңге 5542 6580 7808 8892
ЖІӨ-нің алдағы жылға %-бен 109,4 108 108 108,3
нақты өзгеруі
ЖІӨ дефляторы, % 109,9 110 109,8 105,2
ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. 40,7 50,6 61,5 71,7
Халықтың жан басына шаққанда 2697 3352,8 4041,8 4681
ЖІӨ,  АҚШ долл.
Тұтыну бағалары индексі, %        
Жылына орта есеппен 6,9 5-7 5-7 5-7
 Тауарлар экспорты, млн.АҚШ 20537 22857,9 23386,3 24196,2
долл. (ФОБ)
1 2 3 4 5
 Тауарлар импорты, млн.АҚШ 13783,414976,6 18254,7 19635,1
долл. (ФОБ)
Сауда теңгерімі, млн. АҚШ долл.6753,6 7881,3 5131,6 4561,1
Негізгі капиталға инвестициялар       
Алдағы жылға %-бен 110,6 112 115 114
Ауыл шаруашылығының жалпы 693,3 738,4  791,7  841,5 
өнімінің көлемі,  млрд.
теңге     
    алдағы жылға %-бен 100,1 102,7 102,9 102,9
Өндірістік өнімнің көлемі, 3733,8 4294,4 4624,3 5056,6
млрд. теңге
алдағы жылға %-бен 110 107,1 106,2 106,3
   Мұнай мен газ конденсатын 59,4 64 68 72
өндіру, млн. тонна
оның ішінде экспорт, млн.52,4 54,4 55,1 58,7
тонна
Мұнайға әлемдік баға (Brent 38,3 42 41 40
қоспасы), бір баррель үшін АҚШ
доллары
Мұнайға экспорттық баға, бір 28,7 31,5 30,8 30
баррель үшін АҚШ доллары
Құрылыс, млрд. теңге 687,8 828,5 997,9 1217,9
алдағы жылға %-бен 111,2 109,5 109,5 110
Көлік қызметтері, млрд. теңге 1180,8 1367,5 1589,9 1854,8
алдағы жылға %-бен 109 107,2 109 109
Байланыс, млрд. тенге 172,4 217,3 273,7 341,6
алдағы жылға %-бен 132 120 120 120
Сауда, млрд. теңге 1117,8 1279,3 1498,9 1747,7
алдағы жылға %-бен 110,4 109 109,5 110

3. Салық және бюджет саясаты.
Мемлекет басшысының Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси
жедел жаңару жолында атты Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрі –
Жолдау) басты мақсаты саясатта, экономикада және азаматтардың әлеуметтік
қорғалушылығын бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикалық бюджеттің экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі: қазіргі жағдайы, мәселелері және даму перспективалары
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Бюджетті жоспарлау негіздері
Жергілікті бюджетті жетілдіру жолдары
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық негіздері туралы
Республикалық бюджет – мемлекеттің бюджет жүйесінің басты буыны ретінде
Бюджеттік процесс: оның кезеңдері
Республикалық маңызы бар қала бюджеті
Пәндер