Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3


1. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі мен қазіргі мазмұнын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9


2. ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


2.1. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны ... ... ...18

2.2. Сөздік жұмысының жүргізілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...21



ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... . 34
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге баынша қабілетті елу елдің қатарына кіру страегиясында Н.Ә.Назарбаев: «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құраладарының бірі», деп ерекше көрсетті.
Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды өз ана тілінде таза сөйлеуде бейімдеу талабы тұр.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы.
1. Президентің халыққа жолдауы Егемен Қазақстан 2001
2. Верещегин Е.М. Язык и культура М., 1977
3. Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі (ред. басқарған Қ.Жұбанов)
4. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілінің қысқаша синтаксистік курсы
5. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері Алматы, 1956
6. Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері Алматы, 1957
7. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы халық мұғалімі №11
8. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі Алматы, 1991
9. Әміров Е. Бірнші сыныпта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар Алматы, 1957
10. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе Алматы, 1994
11. Серғалиев М. Синактаксистің кейбір мәселелері Алматы, 1990
12. Кәтенбаева Б. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Алматы, 1998
13. Құлмағанбетова Б. Кіші мектеп жастағы оқушылардың тілін дамыту Алматы, 1978
14. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы Алматы, 1991
15. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру Алматы, 1960
16. Құлмағанбетова Б.1992 Қазақ тілі оқыту сабақтарында тіл дамыту 1992
17. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы Алматы, 1992
18. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары Алматы, 1994
19. Ушинский .К.Д. Таңдамалы шығармалары Алматы, 1949
20. Жинкин Н.И. Механихзмы и речи Алматы,1958
21. Лурия А. Язык сознание Алматы,1979
22. Шонаұлы Т. Тіл дамыту Алматы1932
23. Жин Ким Н.И. Психологические основы развтие речи Алматы,1966
24. Сарыбаев Ш. Үшінші сыныптың қазақ тілін оқытуына методикалық нұсқаулар Алматы, 1959
25. Буслаев Ф.И. О преподавании отечественного языка М., 1966
26. Белов А.И. Как лингвист и методист М., 1958
27. Пешковский А.М. Навыки и чтения письма и устной речи в школе для малограмотных М.,1932
28. Розенталь Д.Э. Культура речи М.,1964
29. Байтұрсынов А. Әліпби Алматы, 1932

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Педагогика және психология факультеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі:

п.ғ.д., проф. Қ.А.Аймағамбетова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш
сынып оқушыларының
тілін дамыту

Орындаған:
Т.Мукеева

Жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы

Метербаева К.М.

Алматы
2007

Мазмұны

КІРІСПЕ ----------------------------------- ---------------------------------
- 3

1. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері ---
----------------------------------- ----------------- 5

1.2. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі мен қазіргі мазмұнын анықтау ---
----------------------------------- ----------------- 9

2. ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны-----------18

2.2. Сөздік жұмысының жүргізілуі ----------------------------------- 21

ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- -------------------------32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ --------------------- 34

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге баынша
қабілетті елу елдің қатарына кіру страегиясында Н.Ә.Назарбаев: Білім беру
реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құраладарының бірі, деп ерекше көрсетті.
Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің
Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге
қабілеттендірумен қатар, оларды өз ана тілінде таза сөйлеуде бейімдеу
талабы тұр.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық
педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен
айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ.
Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми
бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе
болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи тұрмысы, мінезі
айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың
толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.
Қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін жасауда зор еңбек сіңірген
А.Байтұрсыновтың еңбектерінен баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жөнінде
құнды пікірлер табуға болады. Тіл дамыту мәселесі бертін келе әдісккер
ғаымдар Н.Жұбанова, Б.Кәтенбаева, Б.Құлмағамбетова, С.Рахметова,
А.Жаппаровтың еңбектеін,де зерттелді. Қазақ тілі мен оның әдістемесі
жөніндегі ғылымның дамуына Қ.Жұбанов, С.Аманжолова, Н.Сауранбаев,
С.Жиенбаев, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Бегалиев, т.б. ғалымдардың еңбегу өте зор.
Бұдан кейінгі ғалымдар К,Аханов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, Р.Әміров,
Р.Сыздықова, Ф.Мусабекова т.б. еңбектерімен танысып, ондағы тіл
мәдениетімен стилистік грамматикалық формалардың синонимдік варианттарымен
функционалдық ерекшеліктері туралы құнды пікілерді тіл дамыту әдістемесінің
ғылыми негізін жетілдіруде үлкен маңызға ие екенін байқадық.
Зерттеудің мақсаты: Тілге қатысты ғылыми практикалық жаңалықтарға
сүйене отырып, қазақ тілін оқыту барысында тіл дамыту жұмысын жүргізудің
мазмұнын, жолдарын, әдіс тәсілдерін белгілеу.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары
жүйелі жүргізіліп, теориялық негіздері айқындалса, оны іс тәжірибе
қолданудың тиімді әдіс тәсілдері сараланып, әдістемелік кешендермен
қамтамасыз етілсе, оқушылардың тілін дамытуға негіз болады.
Зерттеудің міндеттері:
- Тіл дамыту мәселесінің теориялық негізін айқындау;
- Қазақ тілін оықту барысында тіл дамыту мәселесінің
шешуі нәтижесін зерттеу;
- Тіл дамытудың тиімді әдіс тәсілдерін саралау өлшемдері
мен көрсеткіштерін анықтау, моделін құру;
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық
және әдістемелік әдебиеттерді талдау, мектептегі озық тәжірибелерді
жинақтау, оны оқу тәрбие үрдісінде қолдану, әңгімелесу, сахналау,
жүргізілген іс тәдірибені сараптау, эксперимент нәтижесін қорытындылау,
оларды математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Балтабай қазақ мектебінде өткізілді.
Дипломның құрылымы: Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысында оның нәтижелері
туралы мәліметті көрнекі түрде бейнеленген үш кесте, екі сурет орналасқан.

1.Қазақ тілін оқытудағы тіл дамыту әдістемесін жетілдірудің теориялық
негіздері

1.1. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының теориялық
негіздері.

Орта ғасырлық ұлы ғалым Ж.Баласағұн Құтты білік поэмасында тіл
өнерінің қасиетін және оның пайда зияны туралы былай дейді:
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл кетер тұғын бас болар.
Тіл арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды
Бұл сөзде тіл қасиетінің өміршеңдігін, оның адам өміріндегі мәнін,
жөнімен сөйлей білудің қажет екенін зерделейтін үлкен философиялық ой
жатыр.
Тіл сонымен қатар ақыл ойдың да көрінісі. Сол себепті де тілдің
әлеуметтігі туралы тезис оынң мәдениетпен диалектикалық бірлігін танытады.
Бұл жерде тағы да халықтың мұрасы Құтты білікке жүгінгеніміз өте орынды
болар: Ақыл көркі тіл, тілдің көркі сөз дейді Баласағұн. Мұнда тілдің
жақсы иінез құлықпен мәдениеттіліктің юелгісі екеін танытатын философиялық
ой жатыр.
Сонымен тіл адамзат қоғамымен туылып., онымен бірге дамып келе жатқан
қоғамдық құбылыс. Ал оның қоғамдағы негізгі қызметі коммуникативті қызметі
болса, қазіргі уақытта юұл қызметтің ауқымы кеңеюде.
Қоғамның әртүрлі саласында тілдік белсенділікті қажет ететін мамандық
түрлері заман ағымына сай ғылыми және публистикалық стильді талап етеді.
Сондықтан, оқушылрадлы осы кезден тіл сабақтарнда оқытылатын теориялық
білім беру мен тіл дамыту жұмысын мазмұнды жүргізу арқылы стильдің әрт.рлі
түрлерімен сөйлеуге үйрету керек. Тіл сабақтарынан білім беру мен тікелей
тіл дамыту жұмысын жүргізу оқушылардың логикалық ойын, дүниетанымын, сөз
байлығын, сөйлеу мен жазу тілін, әдеби нормада қалыптастыруды көздейді.
Ол ана тілдің табиғатын терең түсініп, грамматикалық заңдылықтарын
терең игеру деген сөз. Қазақ тіл оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысын
ұйымдастырудың негізгі мақсаты оқушыны ойын ауызша және жазбаша
грамматикалық, стилистикалық жағынан дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Қазақстан Респуликасы Ғылым Академиясының оқу ағарту саласымен жогғарғы
оқу орындарының бір топ ғалымдары жасаған Қазақ орта мектебіндегі білім
мазмұнының тұжырымдамасында оқушының тіл мәдениетін жетілдіру білімінің
қосарлана ену принципіндегі негізінде басқа пәндерді оқыту мазмұнына енуі
қажеттігі жөнінде былай делінген: Тіл мәдениетін жетілдіру тек тіл
процесінің міндеті емес. Ана тілі жеке курс ретінде беріліп қоймай, басқа
пәндердің барлығында өзінің әдеби тілінің шұрайлылығымен, ғылыми тілінің
кең ойлы өрнегімен енуі шарт. Мектептің білім сапасын мазмұнын анықтауда
үлкен методологиялы мәні бар бұл принциптің іске асуы жеткіншек ұрпақтың өз
халқының рухани байлығына сусындап өсуіне, тілін сауатты меңгеруіне ықпал
етер еді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі компоненттерінің бірі тіл
дамыту проблемасын шешу міндеті ең алдымен, тілге, қоғамға араласудың
құралы деп қараудан туындауы тиіс.
Тілді бұл сипатта жұмсауда оқушыны дағдыландыруы үшін оның коммуникация
құралы екендігін анықтайтын білімді оқыту процесінің барлық сатысында
басшылыққа алып отыру қажет.
Бала тілі дамуының психологиялық негізін зерттеген ірі психолог
Н.И.Жинкиннің пікірінше жүгінсек, Адаммен сөйлесуге деген ұмтылыс тілі
шықпаған кішкене сәбидің әрекетінен-ақ байқалады екен. Өзіне төнген үлкен
адамның бет әлпетін көріп, сәби қозғала бастайды: басын, қол аяғын
қимылдатады. Демек, үлкен адаммен сөйлесуге деген ұмтылыс баланың өз ойын
жүзеге асрыруға деген тілегінен туады екен. Сәби тамақ ішкісі келсе, ыдыса
қолын созады. Мұнда өзін өзі басқаруға деген ұмтылыс бар, бірақ, оның
сыртқа шығу формасы адамның физиолоиялық ерекшелігімен байланысты болып
отыр. Әрі қарай аламның ақыл ойы толысып, есейген шағында оның тілі
коммуникацисының бірінші сатысында қызмет атқарады. Бұл бірінші сатыда адам
өзін сөзі арқылы таныта бастайды: оған әлеуметтік ортаның назары ауа
бастайды. Өзіне аударылған тиімді, қажетті мақсатына сәтті пайдалану үшін
енді жеке тұлға коммуникативтік процестің қалған үш аспектісін
(информативтік, эмотивтік, фативтік) дереу іске қосу керек. Тұлғаның
әлеуметтік ортаның сеніміне ие болуы өзіндегі басқарушылық аспектіні
коммуникатвтік процестің қалған үш аспектісімен қаншалықты дәрежеде шебер
ұштастырумен байланысты, сондай ақ адамдардың коммуникативтік қабілеті
айналасындағы адамдармен күнделікті тұрмыста ғана қарым қатынас жасаумен
ғана шектеледі.
Біз тіл дамыту әдістемесінің мазмұнын зерттеу жұмысымызға объект
ретінде алынған жай сөйлем синтаксисінің ішінде жетілдіреміз десек, жай
сөйлем синтаксисінің лингвистикалық мүмкіндіктерін терең зерттей отырып,
оны тіл дамыту әдітемесіндегі коммуникациялық, информативтік және эмотивтік
қызметтерін анықтайтын аспектілерін оқушыларға таныту қажет деп таптық және
әдістемеміздің мазмұнын да осы негізге құрдық. Дәлірек айтқанда, жай сөйлем
синтаксисінің тілдің: коммуникатвтік қызметтеріне тұтқа бола алатын
лингвистикалық тұстарын методикалық аспектіде бір бірімен байланстыру деп
тұжырымдауға болады. Тіл дамыту әдістемесінің жай сөйлем синтаксисін
оқытудағы мазмұнын белгілеу үшін оның алғы шарттарын анықтап алу
қажеттілігі туып отыр.

1.2. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі мен қазіргі мазмұнын анықтау

Қазақ тілінің грамматикасына қатысты мәселе сөз болғанда қазақ
балаларының ана тілінде сауат ашып, әрі қарай оқуын жалғастыруына көп күш
жұмсаған, тілдің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап,
талдап, танытқан, зерттеуші, әрі сол зерттеудлерінің негізінде Әліппемен
тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған ғалым А.Байтұрсыновтың есімін еске алмау
мүмкін емес. Қазір қолданып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік,
одағай, шылау, үстеу, бастауыш, баяндауыш, септеу, жай сөйлем, құрмалас
сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз деген атауларды ойлап тауып, ғылыми бір
ізге салған, қазақ алфавитін жасап, оның фонетикасын, морфологиясын,
синтаксисін ғылыми лингвистика дәрежесіне көтерген А.Байтұрсынов сөз өнерін
доғары бағалап, сөйлеу мәдениетіне ерекше мән берген адам.
Біздің заманымыз жазу заманы... Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза
білуге, сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша бір бірімен қиындасып,
жалғасатын жүйесін білуге керек, деп жазған ғалым сөз қадірін, оның
қасиетін тануды меңзейді. А.Байтұрсынов баланың дұрыс сөйлеу дағдысын
қалыптастыруда олардың мәнін түсіне барып, жұмсауға үйрету керек деген
принципті қолдайды. Оның Баяншы, Тіл жұмсар атты әдістемелік еңбектері
мен Қай әдіс жақсы, Бақылау, әдіс, Жалқылау, жалпылау әдісі т.б.
мақалаларында осы туралы айтылады. Мысалы, Тіл жұмсар атты еңбегінде
оқушының тілін дамытуда оның дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мынадай
жаттығуларды ұсынады:
а) Төмендегі екі сөздің арасында берілген бір төл сөзді қайсысына теліп
айтуға болады.
Шылғау піскен
Боз тас
Ат қалың

Байтал деп
Сұр Үрді
Ет ит

Бөрі ақ
Ақ Үн
Аш естілді
Бұл мысалдан қисынды сөз тауып, сөйлей білуге үйретуде сөйлеу жүйесіне
назар аударту, ойды білідіруде реттілікті, тиянақтылықты сақтауға
дағдыландыру мақсаты байқалады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым ретінде жүйеге түсіп, дами
басталысымен, тіл дамыту мәселесі де үнемі сөз болып келеді. Бұл мәселеге
біздің ғалымдармыз Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 тамызда Бастауыш
және орта мектептер туралы қаулысынан кейін көңіл бөле бастады. Бұл тұс
қазақ ұлттық тіл білімінің Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев сияқты
өзінің көрнекті өкілдерімен танылған тұсы еді. Жұбановтың Қазақ
сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан деп аталатын классикалық
зерттелімінде әлі құнын жоймаған ғылыми деректері мол. Автор қазақ
сөйлеміндегі сөздердің қалыпты орын тәртібі болумен бірге дағыдыдан тыс та
сөздердің орналасатынына зор мән береді. Мысалы, ұзақ күн дегенмен, күн
ұзаққа тіркесінің де тілімізге жат емес. Қ.Жұбановтың сөз тіркесінің
семантикасын аша отырып, оны қолдану заңдылығын түсіндірген ғылыми
тұжырымдарының біз үшін құндылығы сонда, кейбір тілдік конструкцияларды тек
компоненттерінің орынын өзгертіп, мәнін өзгертпей жұмсай қандай әдістерді
қолдануға болатындығы турады бағыт береді.
Бұл кездері көрнекті әдіскер ғалымдар С.Жиенбаев, Ә.Сәдуақасов,
Ғ.Бегалиев, Ш.Сарыбаевтардың қазақ тілінің грамматикасын, орфографиясын
оқытумен бірге, тіл дамытуға арналған еңбектері де жарық көрді. Мысалы,
С.Жиенбаев тіл дамыту жұмысын бірнеше түрге жіктей отырып, оның ішінде
оқушыға жаңа сөздің мәнін түсіндіретін сөздік жұмысын ерекше атайды. Ал,
Ғ.Бегалиев болса, бастауыш сыныпта жүргізілетін сөздік жұмысын сегіз түрге
бөліп, оның әрқайсысын өз ерекшеліктерімен оқушыға жаңа сөздердің мағынасын
түсіндіруге пайдаланады.
Оқушыларға өзінің ана тілінде дұрыс сөйлеудің үлгісін үйрету әдістерін
іздестіруде ұлттық мектептің балаларынң тіліне қазақ тілін меңгерту үшін
қандай талаптар қойылу керек екені туралы сұраққа жауап беру мақсатында
әдіскер ғалым Ж.Адамбаевтың Орыс мектептерінде қазақ тілін оықтудың кейбір
мәселелері атты еңбегімен таныстық. Оған қазақ тілін оқитын оқушыларға
тілді меңгеру үшін мынадай талаптар қойылған:
1. Оқушының тілі мазмұнды болуы талап етіледі. Айтылатын сөз,
сөйлемін алдымен ойлап барып айту керек. Мәтіннің мазмұнын
айтқанда ойына келер сөз бен сөз тіркесін айта салмай, ойланып
айтқан жөн.
2. Сөйлемді дұрыс құра білу шарт. Сөйлем құрар кезде тілдің
грамматикалық заңдылығын білу сөздердің орын тәртібін меңгеру
қазақ дыбыстарын дұрыс үйрету деген сөз.
3. Айтатын ойын дәл, анық жеткізуі шарт. Сөздік қоры бай болса,
соғұрлым ойын анық айтады.
4. Оқушының сөзі анық, ойы айқын, түсінікті болуы шарт. Бұл шартты
орындау үшін, сөйлемдердегі сөздердің орынына сөз таңдай, сөз
байлығы, ойының түсініктілігі т.б. тығыз байлансты.
5. Артық бөтен сөздердің болмауы немесе аз болуы. Сондай ақ тіл
дамыту жұмыстарының түрлі саласымен тығыз бірлікте болады.
Оқушы қазақ сөздерін әрбір дыбысты, сөзді айқын айтуы, бірқалыпты
дауыспен оқуы, буынға екпінді түсіруі, мәнерлеп оқуы керек. Бұдан мынадай
қорытынды шығады:
Бала қай тілде сөйлесе де, оның тілін дамыту ойлау қабілетімен, сөздік
қоры, байланыстырып сөйлей білу дағдыларымен тығыз бірлікте қаралуы тиіс.
Тіл дамыту мәселесімен жүйелі айналысқан ғалым С.Рахметова оқушылардың
ойы мен тілін дамытудың маңызыды шарты деп, оқу сабақтарының барлығының
органикалық элементі ретінде жүргізілетін лексикалық жұмысты атайды.
Сөздік жұмысын жүргізгенде, мұғалімнің есінде болатын жағдай сөздік
жұмыстарын балалардың өз өмірінен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін
оқу барысында жаңа сөз кездескенде оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай
елестер барын ашуға тырысу керек. Психологтардың айтуынша сөздік жұмысының
методикасындағы талап сөзбен оқушылар санасындағы бейнені түрлі жолдарымен
үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бен бала санасында нақты елестің
жеткілікті қорынсыз пайда болмайды, дей келе, автор сөздердің мағынасын
ашып түсіндірудің мағынасын былайша жіктейді:
1. Затты табиғи жағдайда бақылау, экскурсия ұйымдастыру;
2. Заттың өзін немесе суретін түрлі картиналар көрсету арқылы
сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру;
3. Синоним сөздерді қолдану;
4. Сөздерді морфологиялық құрамына қарай талдау;
5. Сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі;
6. Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрыстан мысалдар
келтіріп, әңгіме айту керек.
7. Сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану.
Бұл талғанган еңбектерді оқи отырып, оларда негізінен қазақ тілі
сабағында тіл дамыту жұмысының принциптері талданып, оқушы тіліне қойылатын
талаптары айқындалып, дидактикалық материалдардың үлгісі берілгендігін,
психолингвисткалық тілдің қолдану аспектілері туралы білімге негізделіп,
ғылым жүйеге түскен, мектеп тәжірибесінде сынақтан өтіп, сұрыпталған тіл
дамыту әдістемесінің жоқ екеніне көзіміз жетті.
Тіл дамыту жұмысының теориялық концепциясы ХІХ ғасырда ғалымдар
Ф.И.Буслаев, И.И.Срезневский, К.Архангельский, А.М.Пешковский,
К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде жазылған. Грамматикалық білімді сауатты
пайдалану оқушылардың тілін дамытуға жақсы әсер етеді және оның дарынына
үлкен күш береді дей келіп, тіл дамытудағы маңызды фактор оларжды шығ,арма
мен мазмұндама жазуға үйрету деп есептейді. Ф.И.Буслаев, И.И.Срезневский:
Бала күнде естіп жүрген сөзінің мағынасын жетік біледі екен деп сене
беруге болмайды. Сондықтан, түсініксіз сөздерді іріктеп тауып, олармен
сөздік жұмыс жүргізу керек, деп , тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда ең
әуелі бала сөзінің мағынасын жетік түсінуіне мән беру керектігін
тұжырымдайды.
Н.И.Жинкин: Тіл дамыту поцесінде сөздерді іріктеуі және бір біріне
құрау қабілетін қалыптастыру өте маңызды. Сөзді дұрыс іріктеу жеткілікті
дәрежедегі сөздік қорға байланысты дей келе, баланың ойын жеткізуде
қиналуының бір себебі, оның жедел тілдік жадының жетілмеуінде жатыр, деп
түсіндіреді.
Тіл дамыту жұмысының психологиялы негізін зерттеуші ғалым
В.Е.Мамушиннің айтуынша, көптеген мақалалардың авторлары оқушылардың
құрастырған мәтіндердің негізінде олардың тән кемшіліктерге классификация
жасап ұсынғанын айтады. Бала психзологиясын зерттеген ғалым Д.Б.Элькониннің
еңбектерімен тіл дамыту психологиясы туралы құнды пікірлер табуға болады.
Оның айтуынша, бала сөзді алты айынан бастап түсіне бастайды екен.
Дыбысталған сөз бен заттың арасындағы байланысты сезетін болады. Тоғыз, он
ай тола бастағанда үлкеннің айтуымен біраз қимылдар жасайды: қолын ұсынады,
әпер деген ойыншықты әпереді, көрсет деген нәрселерді көрсетеді.
Зат атауларын баланың ойында шоғырлануы мынадай тәртіппен жүзеге асады:
алдымен сәби өзін қоршаған заттардың атын түсіндіріп, сосын үлкендердің
аттарын, киім аттарын, дене мүшелерін атайды. Бұл процесс бір жастан бір
жарым жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Екі жасқа келгенде айналадағы
заттардың атауларына байланысты барлық сөздерді меңгертіп алатын көрінеді.
Әсіресе, белгілі бір нұсқаумен, айтумен орындалатын әрекеті, іс қимылы
ғалымдарды қызықтырса керек. Сондықтан олар баланың қимылды меңгеруін
мынадай үш сатыға бөледі.
Айтылған сөзге реакцияның болмауы;
Қимылды дұрыс орындау;
Қимылдың күрделенуі және оның модификациясы. Ғалымдар үлкендер
тарапынан айтылған сөздің инстркуцясын дұрыс түсінуін сәби үшін соған
сәйкес қимылды көрсетуде маңызы зор екенін айтады. Сөздің құрылысын түсіну
бала мен үлкеннің арасындағы қатынастың маңызды шарты. Бұл құбылыс
біртіндеп, баланың айналасындағы заттармен байланысты іс әрекет, қимылының
өзіндік тәселдерін үйренуге ықпал етеді. Екі үш жасқа келгенде сәби өзінің
іс қимылын ұйымщдастыруға бағытталған үлкеннің сөзін түсініп қана қоймай,
ол енді әңгімені, ертегі, тақпақтарды тыңдап, түсіне бастайды.
Л.С.Славинаның зерттеулері бойынша баланың мазмұнды сөзді түсінуіне қол
жеткізуі үшін арнайы педагогикадық жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекі құралдар
Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру
Қазақ тілі сабағында жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында сөз құрамын оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында ойын технологияларын қолдану әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
Пәндер