Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері



Атқарушы билік органдары – мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқықтық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде “ұйым” деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді (мысалы, партия).

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1. Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері.
Атқарушы билік органдары – мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге
асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті іс
жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін
емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-
құқықтық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет
аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде “ұйым” деген
ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын
түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса
да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең
мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату
алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері
олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді (мысалы, партия).
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енгізіледі. Бұл кәсіпорындар
мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған саяды. Олар өзінің
қызметін, оларды құратын мемлекеттің атынан, бірақ қандай да болмасын
биліктік өкілеттіктерсіз және өзінен сыртқары қандай болса да басқару
функцияларын атқармай, жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде
басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғни
әкімшілігі жүзеге асырады.
Бұл келтірілген жағдайлар атқарушы билік органдарының ерекшелігін
түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдардың жүйесінде ерекше орын алады,
ол өзінің тікелей көрінісін мыналардан табады.
1. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот биліктері органдарымен
қатар мемлекеттік аппараттың бөлек буыны болып табылады. Бұл, біріншіден,
олардың мемлекет атынан тікелей өкілдік ететінін, шрауашылық, әлеуметтік-
мәдениет және әкімшілік-саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын
жүзеге асыратынын білдіреді және, екіншіден, оларға мемлекет бұл үшін
қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі бір көлемін береді,
бұлардың кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін емес.
2. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар
өкілеттіктердің мәні олардың:
а) мемлекет атынан ұйымдастыру бағыныштылығы мен меншік нысанына
қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңды түрде міндетті
болатын құқықтық актілер шығару;
ә) құқықтық актілермен белгіленген талаптар мен ережелердің сақталуына
мемлекет атынан байқап отыруды (қадағалауды) жүзеге асыру;
б) заңды түрде міндетті болатын актілер талаптарының орындалуын
қамтамасыз ету және оларды бұзушылықтан өзінің сипаты бойынша мемлекеттік
иландыру, түсіндіру, мадақтау т.с.с. шараларды, ал қажет болған жағдайларда
– мемлекеттік (әкімшілік) мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қорғау
құқығынан көрініс табады.
3. Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек
мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл
органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді (олардың
ішінде өздерінің актілерін де) орындау үшін құрылады.
4. Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде
атқарады. Бұл – мемлекеттік – басқарушылық қызметтің негізгі базасы заң
екендігін білдіреді, оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып
табылады.
5. Республиканың да, сондай-ақ аймақтың да деңгейлерінде болатын
атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің біріңғай жүйесін құрады.
Осы жүйенің шегінде оның әрбір буынының, яғни нақты атқарушы билік
органының қажетті қолма-қолдық дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол
сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі мен тапсырылған іс үшін
оның жауапкершілігінің шарасын д оның құзыретінен (міндеттері, функциялары,
өкілеттіктері, жауапкершілігі) табады. Бұл органдардың құзыретінің
негіздері жарым-жартылай Конституцияда және заңнамалық актілерде
бекітіледі.
6. Азаматтық құқық қабілеттілік атқарушы билік органдарының құқықтық
мәртебесінің белгісі болып табылмайды. Оларды сипаттау үшін Заңды тұлғаның
санатын жалпы алуға болмайды, өйткені олардың жүзеге асыратын мемлекеттік-
басқарушылық қызметінің сипатын да, сондай-ақ оларға тиісті мемлекеттік-
биліктік өкілеттіктердің ерекшелігін де білдіруге қабілетсіз.
7. Атқарушы билік органдары адамдардың белгілі бір ұжымы - әкімшілік-
басқарушылық персоналдың қызмекерлері немесе мемлекеттік қызметшілер
(штаттар). Ұжымның шеңберінде белгілі бір ұйымдық-құқықтық байланыстар
жасалынады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай-ақ
тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік-
қызметтік қатынастар, өйткені осы органның қызметкерлері мемлекеттік
қызметшілер болып табылады.
8. Атқарушы билік органдарының ұйымдастыру құрылымы, яғни бағынышты
құрылымдық бөлшектер құруын болжайтын ішкі құрылысы болады (мысалы,
министрліктердің департаменттері). Олардың қызметі осы атқарушы билік
органының өзінің сыртқары, яғни тікелей мемлекеттік басқару аясында
міндетін тиімді орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың
(өзін-өзі ұйымдастырудың) көрінісі болып табылады.
9. Атқарушы биліктің әрбір органының мемлекеттік-басқарушылық
қызметінің белгілі бір аумақтық немесе қызметтік (мәселелік) көлемі болады.
Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не Қазақстанның
бүкіл аумағында, не белгілі бір аймақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі
не жалпы басқарушылық функцияларды (мысалы, Үкімет), не белгіленген қызмет
аяларында арнаулы сипаты бар белгілі бір басқару функцияларын жүзеге
асыруды болжайды. Олардың қатарында реттеу, рұқсат беру, бақылау және өкім
ету функциялары. Бірақ олар да әр түрлі аумақтық көлемде жүзеге асырылуы
мүмкін.
Сонымен, атқарушы билік органы деп мемлекеттік-биліктік механизмінің
(мемлекеттік аппараттың) мынадай буыны түсініледі, билікті бөлу принципіне
сәйкес мемлекет оған қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және
әкімшілік-саяси өмірінің әр түрлі облыстарында атқарушы-өкім етуші қызметін
іс жүзінде жүзеге асыруды тапсырады.

Схема 1:
Атқарушы билік органы

2. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің принциптері.
Принциптер – бұл атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің
аса маңызды саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері.
1. Заңдылық мемлекеттік-басқарушылық қызметтің заңға тәуелсіздігінен,
сондай-ақ Конституция мен заңдардың жоғары тұратындығынан туындайды
(Конституцияның 3,4 - баптары). Атқарушы билік органдары заңнама талаптарын
қатал сақтауға, оларға тапсырылған қызмет аяларында оны қамтамасыз етуге
міндетті.
2. Мемлекеттік-басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерін ескеру
принципі. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптеген
мемлекеттік емес құрылымдардың, жеке меншік институттарының, әр түрлі
қоғамдық бірлестіктердің пайда болуымен, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.
Осыған сәйкес басқарушылық ықпал етудің әр түрлі әдістерін таңдау,
тікелей басқару құралдарын шектеу, мемлекеттік реттеу (үйлестіру)
құралдарын кеңірек пайдалану, жалпымемлекеттік және аймақтық мүдделерді,
орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру қажеттілігі пайда болады.
3. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен
дара басшылықты дұрыс үйлестіру мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі
мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді. Осы
мақсатпен атқарушы биліктің тиісті органдарының жанынан құрылатын әр түрлі
консультативтік, үйлестірушілік, ақылдасатын кеңестер, комисиялар кеңінен
өріс алуда. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда (мысалы,
министрліктерде) алқалар құрылады.
Сонымен бірге, дара басшылық атқарушы-өкім ету сипаты бар қызмет үшін
қажет тиісті тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ дара басшының
басшылығымен жауапты басқару режимін орнатудың құралы болып табылады.
4. Жоғарыдағы принциптен келесі – тұтастай атқарушы билік органдарының
және әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін
жауапкершілігі туындайды. Бұл принцип атқарушы билік органдары туралы
ережелерде, “Мемлекеттік қызмет туралы”, 1999 ж. шілдедегі заңда, тәртіп
туралы жарғыларда және лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.
5. Атқарушы билік органдары жұмысының жариялылық принципі өзінің
жұмысының аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
кеңінен жария етуді, жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.

Схема 2 :
Атқарушы билік органдарының қызметі мен жүйесінің принциптері

3. Атқарушы билік органдарының түрлері.

Атқарушы билік органдары өз қызметінің мазмұны және нақтылы бағыты
бойынша ажыратылады. Оларды төмендегідей түрлі топтарға бөлуге болады.
1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша атқарушы билік органдарының екі
деңгейін бөлуге болады: республикалық және жергілікті. Бұл белгі унитарлық
мемлекеттік құрылыспен және Қазақстан Республикасын әкімшілік-аумақтық
бөліністерге бөлумен байланысты. Қазақстанның бүкіл аумағына Үкіметтің,
республика министрліктерінің және өзге де республикалық атқарушы билік
органдарының қызметі таратылады. Жергілікті облытардың, аудандардың,
қалалардың, ауылдардың (селолардың), кенттердің атқарушы билік органдары
өзінің қызметін тиісті аумақтың шеңберінде жүзеге асырады.
Республикалық атқарушы билік органдары жергілікті жерлерде өздерінің
аумақтық органдарын (басқармалар, департаменттер және т.б.) құра алады,
бірақ олар жергілікті атқару органдары жүйесіне кірмейді.
Мұның сыртында, кейбір республикалық атқарушы билік органдарының аумақ
аралық органдары болады. Олардың қызметі бірнеше аумақтарды қамтиды
(мысалы, темір жол, әскери округтар және т.б.).
2. Ұйымдастыру – құқықтық нысандары бойынша, бұл ең алдымен олардың
аттарынан көрініс табады. Республика деңгейінде мыналар ажыратылады:
Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктері, агенттіктері,
комитеттері, ұлттық комиссиялары, өзге де атқарушы билік органдары.
Жергілікті жерлерде мұндай нысандарға әкімдер, әкімдіктер, комитеттер,
басқармалар, департаменттер, бөлімдер және өзге де органдар жатады.
3. Атқарушы билік органдары құзыретінің сипатына байланысты мыналарға
бөлінеді:
а) жалпы құзыретті, яғни мемлекеттік-басқарушылық қызметтің барлық
немесе көпшілік бөлшектеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді
жүзеге асыратын органдар. Бұлар аса маңызды органдар: Үкімет, әкімдер,
әкімдіктер;
ә) салалық құзыретті, яғни өздеріне тапсырылған басқару салаларының
немесе қызмет аяларының шеңберінде функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге
асыратын органдарға (мысалы, денсаулық сақтауды, ішкі істерді т.с.с.).
бұлар, әдетте, министрліктер, жергілікті атқарушы органдар.
б) салааралық құзыретті, яғни барлық немесе бірнеше салалық жүйелерге
жалпы бірдей болатын олардың қарастылығына жатқызылған арнаулы мәселелер
бойынша функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға (мысалы,
стандартизациялау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша т.с.с.). бұлар
министрліктер де, агенттіктер де, ведомствалар да және т.б. болуы мүмкін.
Бұлардың арасынан кейде салалық және салааралық құзыретті органдар
белгілерін қамтитын арнаулы және аралас құзыретті органдарды бөледі. Мұндай
құзырет көпшілігінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы республикалық
орталық атқарушы билік органдарына тәнді.
4. Өз ведомствосына қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша мыналар
ажыратылады:
а) алқалы органдар, оларда құзыретінің негізгі мәселелері осы орган
мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі (мысалы, Үкімет, әкімдіктер алқалы
болып табылады);
б) дара басшылық органдары, оларда негізгі мәселелерді шешу
өкілеттіктері басшының қолына шоғырландырылған (барлық қалған органдар,
мысалы, министрліктер).
Схема 3 :
Жергілікті атқарушы билік органдары.

Схема 4 : Атқарушы билік органдарының түрлері.

4. Қазақстан Республикасы президентінің атқарушы билік
аясындағы өкілеттіктері.
Қолданылып жүрген 1995 ж. Конституция бойынша Президент ресми түрде
атқарушы биліктің басшысы болмаса да, шындығында оның бұл аядағы рөлі өте
зор.
Конституцияның 44 б. 3-т. Сәйкес ол Парламенттің келісімімен
Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен
босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен оның орынбасарларын және
министрлерді қызметке тағайындайды әрі қызметтерінен босатады; Президенттің
құзыретіне республика министрліктерін және басқа да Үкімет құрамына
кірмейтін орталық атқарушы билік органдарын құру, тарату жатқызылған;
Республикалық атқарушы билік органдарының жүйесі де Премьер-Министрдің
ұсынуы бойынша Президенттің жарлықтарымен бекітіледі. Қазіргі кезде ол
“Атқарушы өкіметтің орталық органдарының жүйесін ретке келтіру” туралы
Президенттің 1993 ж. 9 маусымдағы жарлығымен айқындалады.
Президент ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына
төрағалық етуге, Үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешім қабылдауға құқылы.

Президент Үкіметтің және облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері
актілерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы. Оның жарлықтарымен
атқарушы биліктің қызметі мен механизмінің көптеген маңызды жақтары
регламенттелінеді.
5. Қазақстан Республикасының үкіметі.
Үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын,
атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық
жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Конституцияның V-
бөлімінде бекітілген.
Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының тәртібі
Президенттің “Қазақстан Республикасының Үкіметі” туралы 1995 ж. 18
желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен және “Осыған
өзгерістер мен толықтырулар енгізу” туралы 1999 ж. 6 мамырдағы
Конституциялық заңмен белгіленген.
Үкімет Республика Конституциясының, аталған Жарлық пен Конституциялық
заңның, Республиканың өзге де заңнамаларының негізінде және оларды орындау
үшін қызмет атқарады.
Үкіметті Президент Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн
мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне
ұсыныс енгізеді.
Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы
органдар құрайды.
Үкімет – алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – Премьер-Министр,
оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды
адамдары кіреді.
Үкімет мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Үкімет туралы
Конституциялық заңда белгіленген мазмұнда ант береді.
Премьер-Министрді Президент Парламенттің келісімімен қызметке
тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды.
Премьер-Минстрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке
министрліктерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды
құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін
кандидатуралар жөнінде, министрді, оның ішінде Үкімет жүргізіп отырған
саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған министрді қызметтен
босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған
басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.
Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне:
1) Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс
қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі
бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті
ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз
ету;
4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;
6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы
органдардың қызметіне басшылық жасау;
7) Республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті
атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық, не бір бөлігінде жою
немесе тоқтата тұру;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
ҚР жергілікті атқарушы билік
ҚР – сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі
ҚР –сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі туралы ақпарат
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау
Әкімшілік құқық жүйесі
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық пәнінен лекция жинағы
Пәндер