Қоғамдық жəне отбасы тəрбиесi



Өткен жүзжылдықта үшiншi Еуразиялық революция тыныш та, қантөгiссiз өттi. Ескiрген
мемлекет жəне қоғамдық құрылыс құрылымы опат болып, өзiмен бiрге байырғы тəрбие жүйесiн де
жойып тынды. Мұның зардабы ең алдымен тұлға қалыптастыруда жетекшi маңызға ие болған
қоғамдық жəне отбасы тəрбиесiн күйзелiске түсiрдi.
Қоғамдық (əлеуметтiк) тəрбие – бұл ''адам-адам'' қатынастары желiсiнде жүргiзiлетiн
тəрбие, яғни тiкелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған
қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар, бiрлестiктер т.б.) тарапы-
нан болатын iстер.
Қоғамдық тəрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейдi. Оның пəнi –
тұлға қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дəлiрек айтсақ,
отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, дiни-руханият мекемелерiнiң қоғам мүше-
лерiне жасайтын əсерлерi сарапталады. Педагогиканың басты
назары тағдыр тəлкегiнен адасқан ''тəуекелшiл топ'' (нашақорлар, маскүнемдер, жезөкшелер, бас
бостандығын өтеп жатқандар, қарақшы топтарға iлiккендер мен заңға қайшы дiни секта арбауына
түскендер жəне т.б.) аударылады. Мұндай адамдар маманданған педагогикалық жəрдемге өте
мұқтаж келедi. Əлеуметтiк педагогика шұғылданатын жəне бiр өмiр саласы – бұл ересектер мен
кəрiлер тəрбиесi, нарықтық экономика қыспағынан өзгерiске келген адамаралық қатынастар,
аяусыз бəсекелестiктер жағдайына жеке тұлғаларды икемдестiру. Сонымен бiрге бұл педагогика
саласын қызықтыратын мəселелер - қызмет бабында көтерiлу, əйел-қыздар тəрбиесi, кəсiптен
қанағат табу, жұмыстан бос уақытты пайдалы ұйымдастыру. Адамдарды рухани кемелдендiруге
орай дiни мекемелермен белсендi байланыс жасау проблемалары да осы əлеуметтiк
педагогиканың айналысатын шұғыл мiндеттерiнен тұрады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамдық жəне отбасы тəрбиесi

1. Əлеуметтiк жұмыс

Өткен жүзжылдықта үшiншi Еуразиялық революция тыныш та, қантөгiссiз
өттi. Ескiрген
мемлекет жəне қоғамдық құрылыс құрылымы опат болып, өзiмен бiрге байырғы
тəрбие жүйесiн де
жойып тынды. Мұның зардабы ең алдымен тұлға қалыптастыруда жетекшi
маңызға ие болған
қоғамдық жəне отбасы тəрбиесiн күйзелiске түсiрдi.
Қоғамдық (əлеуметтiк) тəрбие – бұл ''адам-адам''
қатынастары желiсiнде жүргiзiлетiн
тəрбие, яғни тiкелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы
ұйымдастырылған
қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар,
бiрлестiктер т.б.) тарапы-
нан болатын iстер.
Қоғамдық тəрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы
зерттейдi. Оның пəнi –
тұлға қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары.
Дəлiрек айтсақ,
отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, дiни-руханият
мекемелерiнiң қоғам мүше-
лерiне жасайтын əсерлерi сарапталады.
Педагогиканың басты
назары тағдыр тəлкегiнен адасқан ''тəуекелшiл топ'' (нашақорлар,
маскүнемдер, жезөкшелер, бас
бостандығын өтеп жатқандар, қарақшы топтарға iлiккендер мен заңға қайшы
дiни секта арбауына
түскендер жəне т.б.) аударылады. Мұндай адамдар маманданған
педагогикалық жəрдемге өте
мұқтаж келедi. Əлеуметтiк педагогика шұғылданатын жəне бiр өмiр саласы –
бұл ересектер мен
кəрiлер тəрбиесi, нарықтық экономика қыспағынан өзгерiске келген
адамаралық қатынастар,
аяусыз бəсекелестiктер жағдайына жеке тұлғаларды икемдестiру. Сонымен
бiрге бұл педагогика
саласын қызықтыратын мəселелер - қызмет бабында көтерiлу, əйел-қыздар
тəрбиесi, кəсiптен
қанағат табу, жұмыстан бос уақытты пайдалы ұйымдастыру. Адамдарды рухани
кемелдендiруге
орай дiни мекемелермен белсендi байланыс жасау проблемалары да осы
əлеуметтiк
педагогиканың айналысатын шұғыл мiндеттерiнен тұрады.
Қоғамдық тəрбие өркениеттi елдерде тұрақты тəрбиелiк iске
айналып, кəсiби деңгейге
көтерiлген. Бұл сала батыстық педагогика ғылымында ''əлеуметтiк
жұмыстар'' атамасымен
қабылданған. Бiзде осы терминдi қолданғанды жөн көрдiк.
''Əлеуметтiк жұмыстар'' - адам мен адамның инабат-тылық
қатынастары қажеттiгiнен
туындаған əлеуметтiк iс-əрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгi
дүниеден келе жатқан адам
қайырымдылығы мен Жаратқан алдындағы борышты сезiнуден, қасiреттi
жандарға қол ұшы
көмегiн беру жүйесi ретiнде қалыптасқан. Дегенмен, арнайы дайындықты
қажет еткен бұл
əлеуметтiк жұмыстар бiздiң заманымызда ғана қоғамдық кəсiп түрiнде танылып
отыр.
Əлеуметтiк жұмыстар, сонымен бiрге - адамның қоғам
қолайсыздықтарына икемделуiн
жеңiлдететiн үздiксiз, жүйелi орындалып баратын iс-шаралар бiрлiгi.
Тəжiрибеде көрсеткендей,
жекеленген, науқандық тəрбие iстерiнен түсер пайда шамалы, сондықтан
əлеуметтiк жұмыстар
мемлекет жəне қоғамдық көзқарас қолдауымен ұйымдасқан қуатты кəсiби
ұйымдарды
(коммерциялық, коммерциялық емес) сүйенiш етедi. Əлеуметтiк жəрдем – бұл
қоғамның жоғары
мəдениетi мен өркенниеттiлiгiнiң көрсеткiшi. Əдетте, мұндай iстер барша
қауымның қолдауы мен
сый-құрметiне iс болып, жоғары беделiмен танылуда, мысалы,
қайырымдылық ''Бөбек'' қоры
елiмiзде алғаш ұйымдастырылып, бүгiнде мол игiлiктi əлеуметтiк
шараларға бастау берген
əлеуметтiк мекемелердiң ең танымалысы.
Əлеуметтiк педагог қызметiн бiрдей рухани-иман-дылық
борыш iсi, кəсiби қызмет жəне
бизнес ретiнде қарастыруға болады.
өз тəжiрибелiк iс-əрекетiнде алғашқы батыстық əлеуметтiк
тəрбие қызметкерлерi кең
ауқымды мəселе-лермен шұғылданған: адамдарға тiл үйрету, индустриалды
қоғамда қызмет етуге
қажет ептiлiктер мен дағдыларды меңгеруде жəрдемдесу. Əлеуметтiк
педагогтар өз алдына
қоғамдағы əделетсiздiк пен теңсiздiктi (əсiресе əйелдер мен балаларға
байланысты) жою жəне
ғылым жетiстiктерiн кедейлерге жəрдем көзi ретiнде пайдалану
проблемаларын қойып, оларды
шешуге ұмтылыс танытуда. Олардың пайымдауынша, əлем халықтары
көбiнiң жоқшылық
жағдайдағы тұрмысы себептерiн тек ғалымдар ғана шеше алады, ал
ғылыми əдiстеме нақты
проблемалық ұсыныстардың iске асуын тездетедi.
''Тəжiрибелiк əлеуметтiк жұмыстары'' 1970 ж. берi қолданымда.
Алғашқыда бұл жұмыс түрi
əрқилы түсiн-дiрiлiп, əдiснамалық тұрғыдан клиенттермен (қорғаушыларға iсi
түскен, алыс-берiс
жүргiзушi мекемелерге қатысты жұмысы барлар) жұмыс, топтар мен қауымдардағы
iстер; бағыт-
бағдар тұрғысынан - балаларды əлеуметтiк қамсыз-дандыру, отбасылық
көмек қызметтер,
дəрiгерлiк əлеумет-тiк жəрдем, тəрбиелiк түзету мекемелерiндегi
жұмыстар; əлеуметтiк қызмет
аясына түскен адамдар мен проблемдi топтар тұрғысынан – кедейлер,
мүгедектер, есiауысқандар, ақылы кемдер, қараусыз қалған балалар, маскүнем
жəне нашақорлармен жұмыстар
мəнi берiлдi. Əлеуметтiк қызметтер мəн-мағынасы бiртiндеп аталған тар
бағыттағы iстерден кең
қоғамдық проблемаға айналған мəселелердi қамти бастады. Олардың
iшiнде бастылары: жеке
меншiк құқықтарының бұзылысы, балаларға қастандық, ерлi-зайыптылар
жанжалы, психикалық
жəне тəн сырқаттары, қаңғыбастық, қоғамнан аласталу, оқу
жасындағылардың мектептен тыс
қалуы, балалардың отбасынан қашуы ж.т.б. Бұдан былай аталған
проблемалар тобы бойынша
арнайы мамандандыру қажеттiгi туындап отыр, себебi əлеуметтiк қызметтердiң
байыпты да терең
дайындығы үшiн бұл өте қажет.
Қазiргi күнде əлеуметтiк тəжiрибе жұмыстары келесi
салаларға бөлiнген: ортасы,
балаларға жəрдем, денсаулық жəне салауатты өмiр, есi ауысқандармен жұмыс,
кəсiптiк дайындық,
кəрiлер мен жетiмдерге қамқорлық, сауат ашу мен бiлiм көтеру, тəрбие
түзету мəселелерi. Бұл
маман-дануға болған аса кең бағыт-бағдар. Осыдан белгiлi əлеуметтiк
бағытты таңдаған маман
өзiнен жəрдем күткен адамдар мен топтар жөнiнде қажеттi бiлiмдердi
жеткiлiктi игерiп, туындаған
проблемаларды шешуде жоғары бiлiктiлiк танытуға ұмтылғаны жөн.
Бұрынғы ТМД елдерiнде əлеуметтiк тəрбие жұмыс-тары осы
күнге дейiн ескiрген
мемлекеттiк жүйеден босай алмай отыр. Ал осы процеске жан ендiруi тиiс
қоғамдық ұйымдар мен
бiрлестiктер селқостық танытуды. Қоғам мен əрбiр жеке адам үлкен
күйзелiске түсiп, қайдан
жəрдем күтерiн бiлмей алаңдауда. Сондықтан да əлеумет-тiк қызмет
көздерiн тез дамытып,
нарықтық заман адымына жедел жəрдемге келу – бүгiнгi күннiң шұғыл да
көкейкестi мəселесi.

2. Отбасы тəрбиесi

Отбасы тəрбиесi – көзделген нəтижеге жету мақсатын-да ата-аналар мен жанұя
мүшелерiнiң
тарапына жасалатын ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Əлеуметтiк,
отбасы жəне мектеп
тəрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық
тəрбиенiң мектеп
тəрбиесiмен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада
қарастырылады да, ал сол
мəселенiң əлеуметтiк жағдайлары əлеуметтiк педагогиканың үлесiнде.
Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тəрбиеленiп жатқан адамның
тəн-дене жəне рухани
дамуына əсер етушi ықпалдар мəнi мен мағынасының тереңдiгiне
тəуелдi келедi. Бала үшiн
отбасы бiр жағынан - тiршiлiк қоршауы болса, екiншi тараптан - тəрбиелiк
орта. Баланың алғашқы
өмiрi жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейiнгi жас
кезеңдерiнде болатын
ықпал-дардан басымдау келедi. Зерттеу деректерiне сүйенсек, отбасы -
бұл мектеп те, ақпарат
көзi де, қоғамдық ұйым-дар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы –
бұл əдеп пен өнер
кiлтi де. Осыдан, педагогтар нақты да дəл тұжырымға келiп отыр:
тұлғаның қалыптасу
нəтижелiлiгi ең алдымен отбасыға тəуелдi. Неғұрлым отбасы жақсы
болып, оның тəрбиелiк
ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тəн-дене, рухани-адамгершiлiк, еңбектiк
тəрбиесiнiң өнiмi де
жоғары. Аса бiр кездейсоқтық болмаса, əр уақыт тұлғаның кемелденуi келесi
заңдылыққа тəуелдi:
жанұя қандай болса, онда өсiп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесi мен оның нəти-жесiне болар
отбасы тəрбиесiнiң күшi мен
қуатын мойын-дайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тəрбиелiк
шараларын дұрыс
жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл
өркениеттi елдер
ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстiрт көзқарас, халықтық жəне ұлттық
үрдiстердi естен шығару,
инабаттылық прин-циптерiнен тайқу, шектен тыс арсыздық пен
маскүнемдiк, iштей тəртiптiң
болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлi-зайыптылар арасында жоғары белең
алған ажырасулар
– бəрi де отбасыдағы бала тəрбиесiне болатын терiс ықпалдар көзi.
Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесiк. Осыдан, ''Азамат
қалыптастырамын десең,
бесiгiңдi түзе''- деп ұлы ғұлама М. Əуезов бекер айтпаған. Отбасыда
адамаралық қатынастар негiзi
қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк жəне əлеуметтiк бағыт-бағдар
түзiледi. Отбасыда өз
ретiмен қарапайым да жеңiл шешiлiп жатқан көптеген проб-лемалар,
есейген, ересек шақта
бiтiскен шырғалаң күйге түсiп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда əңгiме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен
келесiдей қорытындылар
жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тəрбиелiк əсерлердiң бəрiнен де күштiрек.
Жас ұлғаюмен ол əсер
бəсеңдеуi мүмкiн де, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бiр басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкiн болмаған сапа-
қасиеттер тек отбасында
ғана өрiсiн алады;
- отбасы тұлғаның əлеуметтенуiн қамтамасыз етедi, оның тəндiк,
моральдық жəне еңбектiк
тəрбиесiне болған мүмкiндiктердi мейлiнше шоғырландырып, iске қосады.
Қоғамның азаматмүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi
отбасыдан көрiнедi;
- салт-дəстүр жалғастығын қамтамасыз ететiн отбасы;
- отбасының аса маңызды əлеуметтiк қызметтерi – азамат тəрбиелеу,
патриот қалыптастыру,
болашақ жанұя иегерiн кемелдендiру жəне мемлекет заңдарын мойындап,
құқықтарын сауатты
пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру;
- отбасының кəсiп таңдауға да тигiзер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тəрбие
жетiмсiздiгiнiң кейбiр
себептерi ретiнде келесi жағдайларды алға тартуға болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының əлсiздiгi.
2. Қоғамдық өмiр мəдениетiнiң төмендiгi.
3. Отбасы анасы - əйел мойнына артылған екiталай – жұмыс орнында, жанұяда –
ауыртпалық.
4. Көптеген əлеуметтiк-тұрмыстық жəне моралдық себептердiң салдарынан
болып жатқан ерлi-
зайыптылар-дың ажырасуы.
5. Бала тəрбиесiнде ер адам əйел көмекшiсi деген қоғамдық пiкiрдiң белең
алуы.
6. Күннен күнге шиеленiсiп бара жатқан əулеттер арасындағы бəсеке, дау-
дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге əлсiреуi.
Отбасы дағдарысын ретке келтiру жəне оның тəрбие-лiк ықпалын көтеру
бағытында қазiргi
заман педагогикасы қандай тиiмдi ұсыныстар беруi мүмкiн?
Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып
беруi мүмкiн емес: тəрбиенiң
қоғамдық, эконо-микалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тəуелдiлiгi
объективтi шындық.
Бəрiмiз де осы заңдылық-тардың құрсауындамыз. Барша үмiтiмiздi мұғалiмге
артамыз, тəрбиелiк
жақсылықтарымызды оның жанпида-лығынан күтемiз. Жалған, алдамшы ой-
пiкiрлерден арыла
бiлген шынайы ұстаздың өз iс-əрекетiн келесiдей жоспарға орайластырғанын
жөн деп бiлер едiк:
- отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру.
Əмiршiл-əкiмшiл ықпал,
заң алдындағы жауапкершiлiк, қатаң талап не үркiте зорлаудың заманы өттi -
алдыратын лыпасы
жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейiл мұғалiм жан дүниесiмен
сəулеленген қайырымдылық,
мейiр, нақты көмек, ұстаздық жана-шырлық қана күйзелiске ұшыраған ата-
аналар көңiлiне демеу
берiп, өз перзенттерiнiң жарқын болашағы үшiн күресте шаршап-шалдығудан
азат етерi кəмiл;
- адамдардың рухани дүниесiн қалыптастырып, нығайтуда
зайырлы мектеп пен
мұсылмандық тəрбие ошағы - мешiттердiң ықпалдарын бiрiктiру əрi осы
ықпал-дарды
жалпыланған қызмет түрiнде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына
бағыттау;
- педагогикалық мүдде - ниеттердi гуманитарлық қор, қоғамдар мен
ұжымдар жұмыстарымен
үйлестiре отырып, қайырымдылық-тəрбие бағдарламасын жасау.
Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берiлген
қайырымдылық пен мейiрiмге
болған сенiмнен ажырап қалмау- əрбiр тəрбиешiнiң негiзгi ұстамы болғаны
жөн.
Атам қазақ басынан талай ''ақтабан шұбырынды, Алқа көл
сұламаның'' кешкен, солай
болса да ортасында жүрген дана тəрбиешiлерiнiң, ғұлама ұстаздарының
болуынан өз болмысын
сақтап қалғаны баршаға аян.
Дүние ауыспалы ал педагогиканың мiндетi қоғам өзгерiстерiнiң iзiмен
жалғаса, дамып бару. Əр
дəуiр ұрпақ-тары арасындағы тартыс, бəсеке мəңгiлiк, бiрақ олардың нақты
кезеңдердегi шешiмi
əрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай шешiмдердi ата-аналар
есiне салу отбасылық
драмалардың астарлы, көзден таса бұлтарыс-тарын тереңнен түсiнетiн
педагогтың мiндетi.
Қаншалықты отбасы болса, тəрбие ерекшелiктерi де соншалықты мол.
Алайда олардың
көптүрлiлiгiне қарамас-тан, жанұядағы ересектер мен балалар арасында
кезiгетiн қатынастардың
жалпылай моделiн ажырата тану мүмкiндiгi баршылық. Отбасындағы
қатынастар түрi сол
қатынастар-дың қай бағытта, қай дəрежеде өсiртеуi мен балалар
тəрбиесiне болған келеңсiз
ықпалдардың салдарына тəуелдi анықталады. Олар:
1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
2. Қайырқом, мейiрлi отбасы.
3. Күнделiктi дүниепараздыққа жүгiнген отбасы.
4. Алауыз, жауласқан отбасы.
5. Терiс əлеуметтiк бағыттағы отбасы.
6. Ата мен аналардың педагогикалық үйлесiмсiздiгi жайлаған отбасы.
7. Тұрпайы тəрбие əдiстерiмен қаруланған отбасы.
Отбасыдағы тəрбие мазмұны демократиялық қоғам-ның өзектi
мүдде-мұраттарына
орайластырылады. Болашақтағы еңбектiк, қоғамдық, отбасылық өмiрге бейiм
денi сау, психикалық
болымды, адамгершiлiктi, иманды, парасаты тұлға дайындау - отбасы мiндетi.
Жанұялық тəрбиемазмұнының құрамды бiрлiктерi ежелден белгiлi бағыт-
бағдарларды, тəн-дене, адамгершiлiк-
имандылық, сана-сезiм, эстетикалық, еңбек тəрбиесiн қамтиды, олар өз
кезегiнде жас əулеттi
экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық бiлiмдендiру iстерiмен толығып
отырады.
1. Балалар мен жастардың отбасындағы тəрбиесi салауатты өмiр болмысына
негiзделiп, дұрыс
ұйымдастырылған күн тəртiбiн, спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын
т.б. қамтиды.
2. Отбасындағы сана-сезiм тəрбиесi ата-аналардың өз балаларын
бiлiмдермен байытып, соны
ақпараттарға деген тұрақты қажетсiнуiн қалыптастырып, оларды үздiксiз
жаңалап бару
ұмтылыстарын баулуға негiзделедi. Таным-дық қызықсыну, қабiлет,
бейiмдiлiктер мен
нышандарды дамытып бару бала тəрбиесiндегi ата-аналардың аса өзектi
шаруасы.
3. Отбасыдағы адамгершiлiк-имандылық тəрбиесi тұлға қалыптастыру жолындағы
қатынастардың
бұлжымас төркiнi. Бұл орайда алғы шепке тартылатын мəселе
мəңгiлiктi өзгермес адамзаттық
мораль құндылықтары – сүйiспеншiлiк, құрмет пен сыйластық, əдiлдiк пен ар-
намыс, қадiр-қасиет
пен борыш сезiмдерiн тəрбиелеу. Адамгершiлiк сапа, қасиеттердiң
басқа да түрлерi: парасатты
қажетсiну, тəртiптiлiк, жауапкершiлiк, дербестiк пен ұстамдылық та осы
отбасында баулынады.
4. Отбасыдағы эстетикалық тəрбие балалардың таланты мен дарынын
дамытуға бағытталып,
өмiр болмысы əсемдiктерi жөнiнде тағлым беруге арналады.
5. Отбасындағы еңбек тəрбиесi балалардың болашақтағы адал өмiрiнiң
негiзiн қалайды.
Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған баланың есейген кезде де бар
есiл-дертi ''жеңiлдiң
астымен, ауырдың үстiмен'' жүрiп, шалқып өмiр сүру. Ал мұндай
еңбексiз ''күнде той'' өмiрдiң
жақсылыққа апармайтынын тұрмыс қадам сайын дəлелдеп отыр.
Ата-аналар мiндетiндегi отбасылық тəрбие – балалар-дың
тəн-дене жəне рухани
сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты iстерге
негiзделген үздiксiз жетiлiп
барушы процесс.
Əрбiр əке мен кез келген ана өз перзентiне бола-шақта
қай сапа-қасиеттердi баулу
керектiгiн жете бiлгенi жөн. Отбасылық тəрбиенiң саналылық сипаты мен
тəрбие-лiк мiндеттердi
парасатты шешу жолдары осымен айқындалады.
Отбасындағы тəрбие əдiстерi – бұл ата-аналардың өз
баласының санасы мен əрекет-
қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы.
Бұлардың бəрi
де тəрбиенiң жалпы əдiстерiмен теңдейлес, дегенмен өз ерекшелiктерiне ие.
Олар:
- əр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты əрекет-қылығы
мен ақыл-парасатына
икемделуiнен даралықты келедi;
- тəрбие əдiстерiн таңдау ата-аналардың педагогикалық мəдениетiне
орайлас келiп, олардың
тəрбие мақсатын тануына, өз қадiр-қасиетiне құндылықтық бағыт-
бағдарына, өз жанұясында
орнатқан қарым-қатынасына т.б. тəуелдi.
Осыдан да отбасылық тəрбие əдiстерi ата-аналардың тұлғалық сəн-
сипатымен қайнай
бiтiскен жəне олардан ажыратыла қараластырылуы мүмкiн емес. Қаншама ата-ана
болса,
əдiстерi түрi де соншалықты: жылы сөзбен көндiру, қорқыту, айқайлап үркiту,
мақтау мен
мадақтау, қаталдық құрсауына салу жəне жазалау. Əдiстер ата-аналар таңдаған
тəрбиелiк
бағыт-бағдарға тəуелдi келедi: бiреулерi өз баласының тiл алғыштығын
тəрбиелегiсi келедi,
осыдан олардың əдiсi ересектер талабын мүлтiксiз орындатуға бағдарланады.
Екiншi бiреулерi
дербес, өз бетiнше ойлай бiлуге негiз болар тұлғалық қасиеттердi
орнықтыруды көздеп, осыған
сəйкес əдiстiк жолдарды таңдастырып, қолданады.
Отбасылық тəрбие арасында ата-аналар баршаға бiрдей
ортақ жалпыланған əдiстердi
пайдалану үрдiске айналған. Мұндай əдiстер түрi келесiдей
топтастырылған: сендiру (мақтау,
мадақтау, балаға болашақта пайдалы да қызықты мүдденi түсiндiру арқылы);
жазалау (қандай да
көңiл рахатынан айыру, ортадағы достық қатынасты үзу, ұрып-соғу); кей
отбасыларда педагогтар
кеңесi мен тəрбиелiк жағдайлар əдейi жасалып қолданылады.
Отбасындағы тəрбиелiк мiндеттердi атқарудың құралдары да
əртүрлi. Олар арасында кең
қолданым-дағылар: сөз, ауыз əдебиетi, ата-ана беделi, еңбек, оқу,
табиғат, үй тұрмысы, ұлттық
салт-дəстүрлер, қоғамдық пiкiр, жанұядағы рухани жəне материалдық
болмыс, ақпарат көздерi
(газет, журнал, радио, теледидар), күн тəртiбi, көркем əдебиет, мұражайлар
мен көрмелер, ойын-
дар мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, мейрамдар,
рəмiздер, ерекше белгiлер
(атрибут), қастерлi заттар, бұйымдар ж.т.б.
Ата-аналар тəрбиесi əдiстерiн iрiктеу мен қолдануда
келесiдей жалпы шарттар ескерiлуi
тиiс:
1. Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы.
2. Ата-аналардың жеке тəрбиесi мен беделi, отбасында орнатқан қатынастар
сипаты.
3. Егер ата-аналардың тəрбиелiк iстерiнiң бағыты бiрлiктi келсе, iс-
əрекеттер əдiстерi басым келедi.
4. Ата-аналардың педагогикалық мəдениетi, осыдан педагогиканы
меңгеру, тəрбиелiк
ықпалдардың қыр сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттiкке айналады.

3. Отбасылық тəрбие ережелерi

Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды тəрбиелеу жолында
орасан көп
бақылаулар нəтижесiн жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негiзiнде аса
маңызды тұжырымдар
жасалып, олар отбасыдағы балаларды тəрбие-леудiң жалпы заңдылықтары
ретiнде белгiлi
жүйелерге орай топтастырылды. Дегенмен олардың бəрi ғылыми заңдылық
байланыс белгiлерiне
ие болмаса да, өз дəрежесi бойынша алғашқы тұрмыстық деректi
пайымдар мен қарапайым
көзқарас пiкiрлерден жоғары келедi. Олардың бəрiнiң төркiн мəнi -
ата-аналарға кеңес,
отбасылық тəрбие ережелерi.
Ата-аналар өз тəрбиелiк əрекеттерiн осы ережелер
тұрғысынан салыстыра бағалап
барады, сонымен бiрге ережелер педагогтар үшiн, əсiресе егде ата-
аналарға өнiмдi де негiздi
кеңестер берiп отыруға қажеттi.
Жалпы адамзаттық мəдениеттiң бiрегейлiгi мен тұрақтылығын
ескеретiн болсақ, балалар
ата-аналарынан өз тұлғалық қажет сапалары жағынан онша алшақтамайды. Егер
əке мен шеше
екеуiнiң болымды да болымсыз барша қажеттерi мен сапаларының
қосындысын тең ортадан
бөлетiн болсақ, олардың жұптастығынан болған баланың бiршама дəл
бейнесiн алуға мүмкiн
екендiгiн ғылым дəлелдеп отыр. Бұдан табиғат-ананың бiз үшiн аса
күрделi мəселе
туындатпайтынын байқаймыз. Солай да болса отбасыдағы бала тəрбиесiне
байланысты
көкейтестi проб-лемалар түбегейлi шешiмiн таппауынан қате кемшiлiктер бiтер
емес, бiтпейдi де.
Отбасы тəрбиесiнiң тиiмдiлiгiн көтеруге кедергi болар жəйттер
қандай?
Бiрiншiден, нəсiлдiк. Егер ата-аналардың өздерi балалық
шағында қандай да жүйке,
тəндiк, сана-сезiмдiк проблемаларға кезiккен болса, олардың өз
ұрпақтарында да
қайталанатынына дайын болып, тумадан көрiнетiн дерттердiң алдын
алғаны жөн. Екiншiден,
өзгерiске түсiп, үздiксiз күрделенiп баратын балалардың болмыс, тұрмыс
жағдайлары, əлбетте,
мұндай жəйттердiң жүз беруi, бермеуi əрi соларға байланысты
проблемалардың туындауы ата-
аналардың өздерiне тəуелдi. Үүшіншіден, күннен-күнге төмендеп бара жатқан
отбасылық тəрбие
мəдениетi. Əрине, бұл тұрғыдан ата-аналардың жетiмсiз педагогика-лық
мəдениетiн ғана кiнəлəп
қоймай, халықтық тəлiм-тəрбие үрдiстерiнен алшақтап бара
жатқанымызды, барша қоғамдағы
тəрбие салт-дəстүрлерiнiң келеңсiз бағытта белең алып жатқанын ескерiп
барған жөн.
Аталған жəне басқа да сан қилы əлеуметтiк-қоғам-дық
себептер негiзiнде ата-аналар
ықпалы мен бала тəрбиесiнiң сапасы арасында мың сан тəуелдi
байланыстар өрбитiнi белгiлi.
Солардың арасынан аса көзге түсер, маңызды болған жəйттерге талдау берiп,
жəне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тəрбие процесінің мазмұны туралы
Болашақ маманды дайындаудың психологиялық - педагогикалық аспектілері
Ұлттық педагогика
Педагогика жəне басқа ғылымдар
Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері туралы
Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік
Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері жайлы
Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері
Дене шынықтыру шаралары
Сүйіспеншілік беделі
Пәндер