Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы



1. Экономикалық өсу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

2. Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы. Экономикалық өсудің фак.торлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері. Ғылыми.техникалық прогресс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
4. Тепе.теңдікте экономикалық өсудің негізгі үлгілері. Экономикалық өсу концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
5. Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ..12
6. Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселе.лері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын және орта бизнесті барлық жерде қолдау негізінде отан-дық жекеменшік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық эконо-микаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта көсіп-орындарында ЖIӨ-дің (жалпы ішкі өнім) 40-50% өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясат-тың келесі он негізгі қағидаларын сақтау қажет.
1. Мемлекеттік экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің міндеті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай оты-рып нарықтық ережелерді құру оларды сақтауды қамтамасыз ету. Бірақта, өтпелі кезеңде, нарық әлі дами коймағандықтан мемлекеттің экономикаға араласу рөлі қажетті деңгейде болғаны жөн. Сондықтан жақын келешекте мемлекет нарықтық қатнастардың құқықтық және нормативтік базасын құруға, монополияға қарсы күресу сенімді шараларды жүргізуге, қажетті инфрақұры-лымды дамытуға қамтамасыз етуге белсенді қатысуы жөн.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

1. Экономикалық өсу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

2. Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы. Экономикалық өсудің фак-
торлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...4

3. Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері. Ғылыми-
техникалық прогресс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

4. Тепе-теңдікте экономикалық өсудің негізгі үлгілері. Экономикалық өсу
концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .9

5. Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ..12

6. Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселе-
лері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын және
орта бизнесті барлық жерде қолдау негізінде отан-дық жекеменшік секторын
дамыту мен бірге дамыған нарықтық эконо-микаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез
қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта көсіп-орындарында ЖIӨ-дің (жалпы
ішкі өнім) 40-50% өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясат-тың келесі он
негізгі қағидаларын сақтау қажет.
1. Мемлекеттік экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің міндеті
шағын және орта бизнесті белсенді қолдай оты-рып нарықтық ережелерді құру
оларды сақтауды қамтамасыз ету. Бірақта, өтпелі кезеңде, нарық әлі дами
коймағандықтан мемлекеттің экономикаға араласу рөлі қажетті деңгейде
болғаны жөн. Сондықтан жақын келешекте мемлекет нарықтық қатнастардың
құқықтық және нормативтік базасын құруға, монополияға қарсы күресу сенімді
шараларды жүргізуге, қажетті инфрақұры-лымды дамытуға қамтамасыз етуге
белсенді қатысуы жөн.
2. Инфляцияны, бюджет тапшылығын төмендету жолымен, Ұлттық валютаны
жағдайда және қорланудың жоғарғы нор-масы негізінде макроэкономиканы
тұрақтандыру.
3. Бағаны нарықтандыру бұл Қазақстанда аяқталған процесс.
4. Жеке меншік институттарын жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік
құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтьш заң жүйесін
құрудың есебінен нығайту.
5. Кәсіпорындарды жекешелендіру. Бұл процеске негізінен аяқталған. Бірақта
енді акциялардың айналымы процесін дәл реттеу және стратегиялық
сипаттағы кәсіпорындарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін орынды
пайдалану қажет.
6. Ашық экономика және еркін сауда құру. Бұл жағдайда (келесіні ескеру
қажет) біздің ұлттық қамтамасыз қазыр жас әрі әлсіз, сондықтан оны қорғау
және нығайту мемлекеттің міндеті.
7. Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді
жалғастыру. Оның мақсаты - экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің
саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз етуге
жәрдемдесетін табыс алу.
8. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау. Қазақстан тартылған шетел инвес-
тицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін нақты іс-
қимыл қажет. Шетел инвестициялары негізінен табиғи ресурстарды игеруге, ин-
фрақұрылымды дамытуға, аймақаралық ірі көлік және информациялық ор-талықтар
салуға жұмсалады. Бұл болса экономикалық өсуді, әлеуметтік өрісті дамытуға,
және Қазақстанның халықаралық қоғамға интеграциялануын қамтамасыз етеді.
9. Дүниежүзілік тәжірибеден туындап отырған Қазақстан үшін техноло-гиялық
стратегияны қалыптастыру,
Бұл қағида еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды технология мен
ғылымды қажет ететін өндірістерге бет бұруды көздейді.
Бірақта жақын арада Қазақстанда мұнай-газ көлемі едәуір өсе түсуді және
қазбалар шығаратын өнеркәсіптің көлемі өсе түседі. Сондықтан тек шикізатқа
бағдарланған ел басып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркөсібін,
инфрақүрылымды, өңдеу салаларын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын,
кызмет көрсету саласын, туризмді дамыту қажет.
10. Өндірісті диверсификациялау. Қазіргі кезде Қазақстандық шикі заттар-
дан басқа өнімдер әлем нарығында ескелестікке қабілеті жоқ, осының нәтиже-
сінде республика шикізат құрылымды өндіріске құлдырауда. Сондықтан мемлекет
диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарды
макродеңгейін микродеңгейге аударуға тиіс.
Бастапқы, нөлдік кезеңде (1998-2000 ж.ж.) эномикалық өсу келесі
бағыттарда жүреді:
• қатаң монетарлық саясатты үздіксіз жүргізу. Инфляция деңгейін 1998 ж.
10% тен, 2000 ж. 5% асырмау көзделуде.
• елімізде жаппай инвестициялық жағдайды жақсарту үшін заң шығаруды
жетілдіру;
• шетел инвестициясын белсенді тарту, олардың көлемі және нәтижесі
туралы халыққа баяндап отыру.
• Қазақстан дүниежүзілік сауда мекемесінде (ДСМ) енеді.

Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы. Экономикалық өсудің
факторлары

Осы замандағы экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өн-
діргіш күштердің үзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты
көлемінің табиғи дәрежесінің үзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы
жағдайда таддаудың предметі өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып та-
былады. Ал осы өсу, тепе-тендіктің бір үзақ мерзімдік болмысынан, оның
келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты назар
аударылады. Накты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу предметі тек эко-
номикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық
және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі
институцио-налдык кұрылымдардың пропорциялары, өсу карқынын өсіру немесе
тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық
көле-мінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалық
өсудің мәні – экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы
өндіру болып табылады: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық ка-
жеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі
түрі бар: біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы, екіншіден,
бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін жоғарылату және
қоғамдық қажеттік-терді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді:
дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен
байланысты қоғамдық қажеттердің барлы-ғы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдык
қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің
өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игерген-нен
кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер
өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады.
Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыкқа айналады, ал бұл
жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің көрініс формалары туралы екі
бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген ЖҰӨ (ҰТ) нақты көлемінің өсу
шапшаңдығы-мен өлшенетін немесе осы көрсеткіштердің бір адамға шаққандағы
өсуінің (көбеюінің) шапшаңдығымен өлшенетін, белгілі мерзімде ұлттық
экономиканың дамуының корытынды сипаттамасы деген түсінік кең тараған.
Әдетте экономика-лық өсуді өлшеудің қандай әдісін колданатыны зерттеудің
мақсатарымен байланыс-ты болады. "Экономикалық өсудің бірінші әдісі
көбінесе еддің экономикалық потенциалының молаю шапшаңдығын бағалау үшін
қолданылады, екінші – халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда, немесе
әр елдер мен региондардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Бүгінгі күні өсу теорияларында өлшеудің екінші әдісі көбірек қолданылады.
Экономикалық өсу деп халықтың санының өсу шапшаңдығынан нақты ұлттық
табыстың өсу шапшаңдығының артық болуына әкелетін, ұлттық экономиканың
дамуы деп түсініледі.
Экономикалық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшаңдығы жағынан
қарағанда, әдетте экономикада күрделі қүрылымдық немесе институционалдық өз-
герістер орын алмайды деп тұжырымдалады. Өндірістің құрылымы мен институ-
ционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ, тұрақты деп
есептеледі. Даму-дың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және сыртқы
ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән болады. Үзақ
мерзімді уақыт деп әдетте не-гізгі капиталдың өмірлік циклына тең уақыт
түсініледі. Осындай тұжырым экономи-калык өсудің неокейнстік және
неоклассикалық теорияларына тән болады.
Басқаша тұжырым экономикалық даму, ұдайы өндірістік, индус-триалдық және
постиндустриялык теорияларда қолданылады. Бұл тео-риялар тым үзақ
мерзімдегі экономикалық динамиканың мәселелерін зерттеп, талдайды. Осы
мерзімде үкіметтің негізгі институттары, басқару, инфрақүрылым объектері,
экономикадағы құрылымдық өзара байланыстар және оның сыртқы ортамен
байланысы – осылардың барлығы өзгеріске ұшырайды.
Тым ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі ерекше-
ліктері болады:
1. Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп есеп-
теледі. Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді, екінші
жағынан, өзі құлдырау мен депрессияның кезінде дайындалған өзгерістердің
нәтижесі болып табы-лады. Сондықтан негізгі назар экономикалық өсуге емес,
экономикадағы глобалдық өзгерістерге, осылардың жаңа сапаға айналуының
тұрақты тенденциялары мен занды-лықтарына аударылады.
2. Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштерімен қатар, экономикалық
дамудың микроэкономикалық, салалық және индустриалдық негіздері,
кәсіпкерліктің мәселе-лері; өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің және
үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа экономикалық құрылымдардың
қалыптасуы зерттеледі.
Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті камтамасыз ету –
экономикалық өсудің негізгі түпкі мақсаттары болып табылады. Экономикалық
өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылады,
осының құрамы:
1. Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа
же-туді ұлттық табыстың (ҰТ) жан басына шаққанда келетін өсу шапшаңдығы
көрсе-теді.
2. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткіште-рінде
орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып
отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қыскарғанына, жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудару керек.
3. ҰТ халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
4. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін
көбейту.

Көпсалалы өндірістің тиімділігі деген түсінікті құратын жағдайлардың
барлығының жақсартылуы экономикалық өсудің тиімділігі болып табылады.
Осыған жататындар:
• тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және
әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
• бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін,
немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар
өндірісін игеру;
• халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық
артықшылығымен есептесе отырып, өнді-рістің мамандану мен
кооперациялануын жетілдіру;
• басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек
өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, "Х-
тиімді еместікті" жою;
• өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша алло-
кациясын жақсарту;
• жаңа технологиялар игеру.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген түсінік оның
әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің
сапасын қүрушылар:
• халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
• адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
• әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
• адам капиталына инвестицияны өсіру;
• адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
• еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық
қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею
масштабын белгілейтін құбылыстар мен процестер белгілейтін өсу-дің
тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.
Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және
жанама деп бөледі. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық
мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіңдіктерді ақиқатқа
айналдыратын факторлар жатады.
Тікелейді бес негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен
ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:
• еңбек ресурстары санының кебеюі және сапасының жо-ғарылауы;
• негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық, құра-мының жақсаруы;
• өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдірі-луі;
• шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстары-ның саны мен
сапасының өсуі;
• қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.
Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың
монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы,
несие алу мүмкіндік-терінің көбеюі және т.б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу
факторлары да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін
белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары: тұтынулық, инвестициялық
және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде неме-се
әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі нәтижесінде
экспорттың кеңеюі.
Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің
ұлғаюынан төмен болса, онда экономи-када өсу шапшаңдығының құлдырауы немесе
өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.

Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:
• өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар
бойынша нақты аллокациясы;
• қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында бөлу тәртібі.
Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу кабілетіне және оның тиім-
ділігіне әсер етеді.
Экономикалық өсу потенциалын жүзеге асыруда табыстарды бөлу тәртібі де
маңызды рөл атқарады. Ол осы қызметін тек жұмысшыларды еңбек өнімділігін
арттыруға ынталандырған болса атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық
потенциалдың мүмкін карқынмен өсуі үшін өндіріс факторларының меншік
иелерінің табысының өсу шапшаңдығы олардың өнімділігінің, өсу шапшаңдығына
тең болуы кажет.

Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері.
Ғылыми-техникалық прогресс

Экономикалық өсудің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы мен
өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі
болуы мүмкін. Теория жағынан экономикалық өсудің негізгі екі типі болады:
экстенсивтік және интенсивтік.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игілікгер мен
қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілігін
қолдану арқылы жүреді: жұмыскерлерді, еңбек құрал-дарын, жерді, шикізатты,
отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты
көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу
қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады.
Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталады - өндірістің
кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілді-рілуі арқылы жүзеге
асырылады: прогресивтік технологияларды қолда-ну, жоғары квалификациясы мен
жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы
жағдайда өнді-рістің нақты көлемінің өсу карқыны нақты жиынтық шығын-дардың
өзгеру карқынынан артық болып отырады.
Экономикалық өсудің типтерге бөлінуіне сәйкес, өсудің тікелей факторлары
негізгі екі топқа бөлінеді – экстенсивтікке және интен-сивтікке.
Нақты өмірде экономикалық өсудің экстенсивтік немесе интенсивтік
типтері таза түрде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге
асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру, кашан болмасын өндіріс
құрал-жабдықтарына және жүмысшы күшіне инвес-тициялар салымын жасауды талап
етеді. Жұмысшы күші мен құрал-жабдықтардың өсуі, олардың сапалық
сипаттамаларына өзгеріс енгізеді. Сондықтан нақты экономикалық өсуді
талдағанда, оның теориялық үлгісін емес, өсу типтерін басымырақ
экстенсивтік және басымырақ интенсивтік деп бөледі.
Осы заманда экономикалық өсуді типке бөлу, өсудің интенсивтік
факторларының нақты ЖҰӨ (ТҰӨ) өсіміндегі үлесіне сәйкес жүргізіледі. Егер
өсудің интенсивті факторларының нақты ЖҰӨ үлесі 50% артық болса, онда
экономикаға өсудің басымырақ интенсивтік типі тән болады. Керісінше, егер
нақты ЖҰӨ өсіміндегі интенсивтік факторлардың үлес салмағы ЖҰӨ жалпы
өсімінің 50% төмен болса, онда экономикалық динамикаға өсудің басымырақ
экстенсивті типі тән болады.
Өндірісте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестігін белгі-лейтін
макроэкономикалық көрсеткіштердін өзгерістеріне әсер етуіне байланысты, ҒТП
бірнеше типке бөлінеді.
Егер ҒТП дамуында еңбектің капиталмен жабдықталуының әрбір белгіленген
шамасына (КL-const) өндіріс факторларының шекті өнімділігінің ылғи бір
ғана көрсеткіші (шамасы) сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын
алады.
Егер еңбектің капиталмен жабдықталуы белгіленген жағдайда шекті еңбек
өнімділігі капиталдың шекті өнімділігінен тез өсіп отырса, экономикаға
еңбекті үнемдейтін техникалық прогресс тән болады. Керісінше жағдайда –
шекті еңбек өнімділігінің, өсу қарқыны мен шекті капитал өнімділігінің
арақатынасы керісінше болғанда, ҒТП капитал үнемдейтін типі орын алады.
Егер ҒТП дамуында белгіленген еңбек өнімділігінің орта дәрежесіне
еңбектің шекті өнімділігінің бірдей шамасы сәйкес келсе (YtLt-const,
сондай-ақ DYtDLt-const), онда осындай тип Солоу бойынша бейтарап деп
аталады. Егер капиталдың шекті өнімділігі тұрақты болғанда (DYtDKt-const)
оның орташа өнімділігі де (YtKt түрақты болса), Харродтың пікірі бойынша,
техникалық прогресс бейтарап деп аталады.

Тепе-теңдікте экономикалық өсудің негізгі үлгілері. Экономикалық өсу
концепциялары

Егер тепе-теңдіктің статикалық үлгісі осы болмысқа жету шарттарын
анықтауға бағытталса, немесе, салыстырмалы статиканың графикалық үлгісі
тепетең алғашқы болмысы мен жаңасын салыстырумен айналысқан болса, тепе-
теңдік өсудін үлгісін жасаудың мақсаты даму процесінде тепе-теңдікті
қамтамасыз етудің шартгарын анықтау болып табылады. Бұлар тренд
траекториялары деп аталады. Нақты экономика осының бойымен козғалып
отырады.
Өсудің тепе-теңдік үлгілерінде дамудьң тепе-тендік траекторияларын
тұрақты және тұрақты емес деп бөледі. Егер тепе-теңдік траекториясынан
эконо-мика ауытқыса, бірақ біраз даму мерзімінен кейін қайтіп осы тепе-
теңдікке оралған болса, онда осындай тепе-тендік траекториясы тұрақты
боладьг. Егер бір траектория-мен экономика бір сәтте тепе-теңдікке жетіп
шексіз ұзақ мерзім қозғалыста болатын болса, мұндай балансталған өсу
траекториялары тұрақты болмайды, егер оның ішкі құрылымы немесе бастапқы
даму шарттары өзгермесе қаншама аз түрткі болса да оның тепе-тендік болмысы
бұзылады да экономика өз күшімен (өңдірушілер мен тұтынушылардың өзара
әсерлерінін негізінде) ешқашан тепе-тендік траекторияға қайтып оралмайды,
ол одан алыстай береді.
Тепе-теңдік өсу үлгілері тепе-теңдік траекториялардың, қасиеттерін
(олардың тұрақтылығы және тұрақты еместігі) зерттеуге бағытталған және олар
ауытқу жағдайында экономикалық жүйені тепе-тендік траекториясына қай-тару
шарттарын анықтау үшін қолданылады. Осы үлгілердегі нақты экономи-калық
жүйелердің өзгерулерінің ықтималдық тенденцияларын болжауға бағытталған өсу
үлгілерінен айыра білу керек.
Өсудің жабайы неоклассикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Экономикалық өсу: түсінігі, типтері мен факторлары
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Бименгиева Экономикалық теория
Тауар және оның жіктелуі
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ
Адам капиталының қалыптастырушы факторлар
Экономикалық өсу концепциялары
Кредиттік оқу жүйесі
Экономикалық өсу қарқынының тұрақты экономикалық өсу ауытқымалылығы тұрақсыз экономикалық өсу
Пәндер