Абай шығармашылығының зерттелуі



I Тарау. Кіріспе бөлім

Абай шығармашылығының зерттелуі

II Тарау . Негізгі бөлім

Ақын шығармашылығының лексикалык қабаттары

Абай тіліндегі араб.парсы сөздерінің қазіргі әдеби тілдегі

қолданысы

III Тарау. Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:. Абай тілін зерттеу- бүгінде қазақ филология ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған абайтанудың өз алдына маңызды, зор тармағы.Абай тілін танып-таныту саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай- ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз. Абай тілі- кең, ауқымды тіл. Оның көркемдік тұрғысы, тілдік- стильдік арнасы да сан салалы. Бұл жұмысымызда Абай шығармашылығының лексикалық қабатын қамтуды басты нысан етіп отырмыз. Ақын поэзиясында, прозасында лексикалық қабаттардың әрқалай, әртұрғыда қолданғанын зерттеушілердің
жұмыстары дәлелдеп отыр .Мемлекеттік ұлттық әдеби жазба тілдің негізін салушы Абай тәрізді қаламгердің тілін бірнеше аспектіден қарастырғанымыз жөн .
1. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі . Алматы , 1960
2. Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. Алматы , 1948
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
Алматы , 1966
4. Юнусалиев Б . Киргизская лексикология. 1 бөлім
5. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959
6. Рустемов Л. Қазақ тіліндегі араб- иран кірме сөздерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері. Алматы, 1962
7. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы , 2004
8. Сыздықова Р. Абай шығармашылығының тілі. Алматы, 1968
9. Дайырова Ә.,.Құрманалиева Г. Абайдың тәлімгерлік тағлымы. Алматы , 1996
10.Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. Алматы ,1978
11. Есеналиева Ж. . Абайдың шығармашылығындағы араб-парсы сөздерінің қолданысы . Дессертациялық жұмыс.
12.Әбен Е , Дүйсенбайұлы Е, Тасмағамбетов И. Дала даналары

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I Тарау. Кіріспе бөлім

Абай шығармашылығының зерттелуі

II Тарау . Негізгі бөлім

Ақын шығармашылығының лексикалык қабаттары

Абай тіліндегі араб-парсы сөздерінің қазіргі әдеби тілдегі

қолданысы

III Тарау. Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:. Абай тілін зерттеу- бүгінде қазақ филология
ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған абайтанудың өз алдына
маңызды, зор тармағы.Абай тілін танып-таныту саласы өзінің зерттеу
нысаналары мен әдістерін, сондай- ақ жеке және жалпы мәселелерін
біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, арнайы жүргізілетін
зерттеулердің қажеттігі даусыз. Абай тілі- кең, ауқымды тіл. Оның
көркемдік тұрғысы, тілдік- стильдік арнасы да сан салалы. Бұл жұмысымызда
Абай шығармашылығының лексикалық қабатын қамтуды басты нысан етіп
отырмыз. Ақын поэзиясында, прозасында лексикалық қабаттардың әрқалай,
әртұрғыда қолданғанын зерттеушілердің
жұмыстары дәлелдеп отыр .Мемлекеттік ұлттық әдеби жазба тілдің негізін
салушы Абай тәрізді қаламгердің тілін бірнеше аспектіден қарастырғанымыз
жөн . Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда негізінен үш
қабаттан тұрады деп қарастырамыз. Абай тілінде кездесетін араб-парсы
қабытының үлкен тобы –тек ақын шығармашылығында кездесетін, бірақ
қазіргі қазақ тіліне енбеген сөздер. Абай шығармашылығы арқылы қазақ
әдебиетінің тарихына еніп, лексикалық тұрғыдан зерттелініп те жатқан
араб- парсы сөздерінің де маңыздылығын атап өткен жөн.
Жұмыстың өзектілігі:.Қазіргі кезеңде Абайшығармашылығының тілі біршама
зерттелген сала. Ғалымдардың зерттеуіне шолу жасай отырып, Абай
шығармашылығындағы араб-парсы сөздерінің де кестенің бізі, өткірдің
жүзімен салынған сөз өрнектерінің нақышы екенін байқаймыз. Абай
қолданысына енген шетел сөздері ақын шығармашылығының басты
нысандары қатарында зерттеліп келеді.Зерттеу жұмысымыздың да
өзектілігі осымен байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Абай шығармашылығындағы араб- парсы
сөздерінің қолдану аясын зерттеу және лексикалық қабаттарына талдау
жасау.
Зерттеу жұмысының мінденттері
-Абай тілінің зерттелуіне тоқталу.
-Абай тілінің лексикалық қабаттарына тоқталу.

-Абай шығармашылығындағы араб- парсы сөздерінің қолданылу аясына
талдау жасау.

Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын
екені, таңдаулы туындылары дүниежүзі поэзиясының озық
үлгілерімен деңгейлес тұрғаны- білген адамға айқын шындық..Сан ғасырлық
бай шығармашылығы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы,
ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.

Ұлы ақынды заман туғызады дейміз. Бұл ап-айқын үйреншікті қағида
көрінгенімен, зер салып қарастыруды қажет ететін күрделі
мәселе.Заман,қоғамдық жағдай-ақын,жазушы шығармашылығының
өмірлік тірегі, негізі, түп тамыры.
Абай қазақтың жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салды.
Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол-кермет суреткер
ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері, ойшыл-философ ақын.

Абай тұлғасы –поэзиядағы стильдің түп тірегі. Ақын стилін, сурет
мәнерін, қолтаңбасын, сөз қолданысындағы өзгешеліктерді –бәрін де
айқындайтын, бейнелейтін сол.
Қазақ халқының зерделі ойы мен қоғам өмірінің шын мәніндегі
энциклопедиясы – ұлы Абай мұрасына жүгіну, Абайды тану- бұл үлкен
мәселе. Өзі мына пәни дүниеден көшкеннен кейінгі тарихи аласапыран
жылдарда халық бастан кешкен алмағайып кезеңдер ақын мұрасына да
бірде сәуле,бірде көлеңке түсіріп сан құбылды. Жиырмасыншы жылдардың
орта кезінен бастап отыз жетінің ойранына дейінгі аралықтағы
сталиндік саясаттың азат ой,ұлттық мүддені қыспаққа алып, алаштың
аяулы азаматтарын құрбан қылған шағында Абай атына шабуыл
жасалып, мұрасы елеусіз қалып,әділетсіз қараланады. Бұл әрине Абай
мұрасын оқып-үйрену ісіне, зерттелуіне салқынын тигізбей қоймады.
Абайдың алтын сөзін кір шалмайды. Отызыншы жылдардың ортасынан
бастап Абай мұрасы зерттеліп, жинақталып, Абайтану іліміне бірте-бірте
бір арнаға түсе бастады.
Ақын мұрасының жас ұрпаққа жеткізілуі жолында еңбек етіп, тер төккен
әдебиетшілер , ақын-жазушылар аз емес. Солардың ішінде ең шоқтығы
биік, ірі тұлға – Мұхтар Әуезов еді. Ол Абай мұрасының
жинақталу, жарық көру, зерттелу, оқытылу бағыт-бағдарын жүйелеген
бір жазбасында 1940жылы 95 жылдық мерей тойынан бастап Абайды тану бағыты
бел алып өскендігін, барлық мектеп оқулықтарына бағдарламаға
енгізілгенін айта келіп, бұл салада түрлі монография, бірнеше
десертациялық еңбектер жазған С . Мұқанов, Қ.Жұмалиев,
Е. Ысмаилов және А. Солобьев, М. Силбченко, Н .Смирнова сияқты
ғалымдарды және бірнеше аудармашыларды атайды.
Абайды қалай зерттеп, қалай танимыз деген сұраққа Әуезов өзі
былай деп жауап беріпті: ’’Біз ұсынатын, қолданатын әдісіміз барлық
дүние классиктерін зерттеудегі дағдылы әдіс:өмірмен,өсу, даму жылдарын
ақындық эволюциясымен жыл-жылдап уақытымен тексереміз.Абай бір күнде Абай
болған жоқ. .Өсе жүре, еңбек ете, іздене таба жүріп қалыптасып, тола
береді.Сондағы табиғи жолын танимыз, өрісті, іргелі, орынды зерттеулер
осы арнаға түспей болмайды,”-деді
Абай тілін зерттеуші профессор Қажым Жұмалиевтің Абай мұрасын
зеттеудегі орны ерекше. Оның “Абай поэзиясының тілі” атты
монографиясында автордың өзі айтқандай, Абай бүкіл тілі емес, соның
бірақ жағы- поэзиясындағы әдеби – көркемдеу тәсілдерінің көрінісі,
яғни”поэтик тілі”талданады және зерттеуші бұларды жеке-дара регистрация
тұрғысында алмай, Абайдың қазақ әдебиеті мен әдеби тіліндегі орнын
айқындап, оның табыстары мен жаңалықтарын көрсете талдайды.
Ұлы Абай тілін жан- жақты зерттеген профессор ғалым Рәбиға
Сыздықова өз еңбектерінде ақын шығармашылығын терең талдайды.Сөз
өрнегін толғаулы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан
Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау,сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз
үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі ерекшеліктерін айқындап
көрсетеді. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай
өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісін, ондағы дәстүрлі
нормалар мен Абай ұсынған жаңалықтарды танытады. ”Абай
шығармаларының тілі”атты еңбегінде ақын тілінің ерекше
тұстары мен лексикалық қабаттарына талдау жасалынған.
Абайдың поэтикалық тіл өрнегін сөз еткенде А.Нұрқатовтың , М .
Базарбаевтың зерттеулерін атау қажет. Мысалы, М. Базарбаев қазақ поэзиясы
тіліндегі дәстүрлі образдарды сөз ету үстінде Абай шығармаларына да
соғады. ”Қазақ топырағындағы Абайдың ұлы жаңашылдық орнын жаңалық пен
дәстүрді бір- біріне қарсы қою арқылы емес, қайта жаңалық сол
дәстүрлер топырағында туып қалыптасқан деп тану арқылы көрсету керек,- “
дейді.

Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда, негізінен , үш
қабаттан тұрады деп табамыз.Олар:қазақтың төл сөздері, араб-парсы
сөздері, орыс сөздері .Бірқатар зерттеушілер қазақ,қырғыз тілдерінің
сөздік құрамын тілдік тегі жағынан алғанда, төртінші қабатты –
монғол сөздерін атайды. Бертінгі дәуірлердегі жеке қаламгердің
тілін әңгімелегенде, біздіңше, бұл қабатты арнайы бөліп шығармаса да
болатын тәрізді.Өйткені бұл тілдердегі монғол элементтері,түркі-монғол
туыстығы теориясын былай қойғанда және осы күнгі әрбір түркі тілінің
өз алдына жеке бөлініп кеткен дәуірлерінде енген деп есептегеннің
өзінде, олар негізінен қазақ, қырғыз тілдеріне ерте
дәуірлерде енген. Абай дәуірі тәрізді күні кешегі ХX ғасырдың
екініші жартысында қазақ тілі құрамындағы, оның ішінде жеке ақын-
жазушылар тіліндегі монғол сөздері тілге әбден сіңісіп кеткенде. Көптеген
араб, әсіресе парсы сөздері тәрізді, монғол сөздерінің де тектік
белгісі не фонетикалық, не семантикалық жағынан төл
элементтерден ажыратылмайтын дәрежеге жеткен.
Жазушының тілі бар да, мәнері немесе стилі бар.Мәнер немесе стиль-
жазушының өзіне тән баяндау сипаты, ол- жазушы шығармашылығының
мазмұнына лайық таңдап алған тәсілдері, яғни жазушы мәнері
–жазушының тұтас тұлғасы,өзі,өз басы. Жазушының тілі дегенге
келсек,ол қаламгердің жалпыға ортақ тіл қазынасынан алып көпшілікке
қолданған, көптеген жазушыға тән сөздік байлық пен грамматикалық тұлға
– тәсілдер, орысша айтқанда первоэлемент, яғни жазушының
тілінің сүйегі.
Қазіргі жазба әдеби тіліміздің ірге тасы қаланар тұсындағы
лексикалық қабатын зерттегенде, ең алдымен көрінетін басты сипат-
ол қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің негізгі екендігі. Яғни сан жағынан
да,даму тенденциясы жағын да әдеби айналымға түсуі жағынан да
қазақтың халықтық төл сөздері бірінші , басты қабат болып қалғанын
дәлелдей түседі.
Абай мен оның тұсындағы қазақ әдеби тілі лексикасының өзге
қабаттардан араб-парсы сөздері мен орыс сөздері назар аударады. Араб-парсы
тілдері Абай үшін ,бірден-бір сүйеніш құрал да емес.Ғасырлық мол мәдениеті
бар шығыс елдерінің қазақ тіліне ,қазақ мәдениетіне тигізген ықпал -
әсерін Абай мүлде жат көрмеді.Сондықтан шығармаларының тілінде бірқатар
араб- парсы элементтерін активтендіріп, олардың қолданылу жиілігі
күшейе түсті.Бұл тұста Абай мектеп- медреселерде үстем болған Қожа
Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани,Сопы Аллаяр тәрізді суфизм сарынындағы
ірі ақындармен қатар ,шығыс поэзиясының ұлы классиктері
Низами,Науаи,Сағди,Хафиз,Фирдауси, Шамсилерді, шығыс қисса-дастандары
мен ғұлама ғалымдарды тесіле оқып, іштей түлеп,толысып келе жатқан
ойшыл ақын еді.
Сол шығыстық әдебиет әсері Абай шығармаларынан да орын тапты.
Абай өлеңдері мен қ ара сөздерін қоса алғанда араб-парсы
тілдерінен 374 сөз қолданған. Мұның 162 –сі өлеңдерінде, қалған 212 –сі
әңгімелерінде кездеседі . Бұлардың бірқатары термин: ғылымдық,
әдебиет, философиялық және діни ұғымдармен байланысты.
Абай тілінде орын алған араб-парсы сөздерін бірнеше тұрғыдан қарап
талдауға болады,яғни оларды біз:

1. жалпы халықтық тілге енген уақытына қарай,
2. қамтитын тақырыбына қарай,
3.қолданылатын әдебиет жанрына қарай,
4.қолданылу мақсатына қарай,
5. фонетикалық –грамматикалық тұлғалануына қарай,
6. жалпы халықтық және жазба әдеби тілге енуіне қарай,
7. лексика-грамматикалық сипатына қарай талдаймыз.
Абай лексикасындағы араб- прсы қатары түгелімен неологизмлер емесекені
аян. Олардың едәуір бөлігі қазақтың жалпы тіліне сіңісіп,
қалыптасып, ертеден қолданылып келеді.Н.К.Дмитриевич түркі тілдерін
арабыланған және арабыланбаған деп екіге бөлгені бойынша
қарасақ, , біздіңше қазақ тілі бірінші топқа жатады. Өйткені ислам
діні етек жайған 19 ғасырда ғана емес, одан да көп бұрын қазақ
тілі сөздік құрамына қыруар шығыс сөздері болғаны аян. Қазақ
тіліндегі парсы қабатының белгілі бір тобының , әсіресе тұрмыс-
шаруашылығына қатысты қазақша дублеттерінің қазірде болмауы да
бұлардың өте ертеден сіңісіп, өзге параллельдерді тілден
ығыстырғандықтарының дәлелі.
Абай шығармаларында кездесетін араб-парсы сөздерінің сол кездегі
халықтың сөйлеу тілінде көп кездесе бермейтін, көбіне жазба
әдебиет арқылы жалпы халықтық тілде қолданыла бастаған түрлері де бар.
Оған арабтың сұқбат,мехнат,уәзін ,ғиззат, ғақлия, hәмишә, тағриф сөздері
жатады.
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың орта тұсында жасаған қазақ ақын-
жырауларының тілінен және ауыз әдебиеті үлгілерінен дінге қатысты
бірқатар араб сөздерін табамыз. Мысалы, Бұхар жырауда: пұсырман, қыдыр,
иман, кебе, намаз, фани, ақырет, алла, молда, мешіт; Тақырыбы діннен
мүлде басқа Махамбетте фәни, құрбан, садаға,ақы; Оның үлгісін
әрмен жалғастырушы Шерниязда : молда, дұға, әруақ, құрбан т.б
сөздерді ұштастырсақ,, бай шығармаларынан да дінге қатысты
қолданыстарды көреміз. Бұл қолданыстар өлеңдерінде және “Қара сөздерінде ”
көп жұмсалған. Соған орай ислам дініне қатысты сөздердің ең
алдымен бұрын енгендерін қолданады. Мысалы бейіс, бенде, иман,
ахырет, аят, әруақ, тәубе, пәни, алла, молда, сопы тәрізді арабизм-
фарсизмдерді кездестіруге болады. Абай қоғамының түсінігіндегі
құдайдың бірнеше атауы : қазақтың исламға дейінгі жалпы түріктік тәңрі-
сі, парсының құдайы-ы, арабтың алла-сы, құдіреті, жаббар-ы расул-ы
бар ма – барлығы да бұл кезде актив сөздер . Абай да оларды
жатсынбай синонимдік қатар түзеп пайдаланды. Бір жерінде: Тәңірі
қосқан жар едің сен деп келсе, екінші жерінде: Оған құдай тағала
айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп дейді. Үшінші жерде :Алла
деген сөз жеңіл ,Аллаға ауыз жол емес деп арабша атауын жиі қолданады.
Діни тақырыпты жырлайтын кітаби қиссалар арқылы халық тіліне
кіре бастаған перзент, перизат, дүлдүл тәрізді сөздері Абай
қиссаларындағыда тура мағынадағыдай емес, көбіне ауыспалы мағынада
жұмсайды. Діни әдебиетте кездесетін араб- парсы сөздерінің
біразын Абай осылайша ауыспалы мағынада қолданады да, қалған басым
көпшілігін тіліне әдейі жуытпайды. Өзі айтқандай Әзірет Әлі ,аждаһарсыз
жазған діни қиссалардың тақырыбында да, стилін де, қабылдамағанын
тілінен тануға болады. Қисса дастандардағы қырықшілтен, ғайып ерен,
Баба түкті шашты Әзіз, сахаба, жәбірейіл, фарман тәрізді жүрдек сөздер
Абайда жоқ, өте сирек немесе көбіне ауыспалы мағынада қолданылған.
Шығыс тілінен енген сөздерді Абай жалпы халықтық тілден алғаны
хақ және бұларды тек дін жайын ғана сөз еткен жерлерде емес, орайы
келгенде өзге азаматтық тақырыптар ішінде де қолданды.Мысалы,
орыс тілінен аудармашыларда хрисиан дінідегі монах дегенді сопы деп
алады. Абай қазақ оқушысы үшін бірнеше бейтаныс орыс сөздері қатарын
келтіруден қашып, мүмкіндігінше мағынасы жуық сөзді пайдаланған.Бірақ
мұндай факт көп емес. Абай қазақта жоқ орыс тілінен келген ұғым
атауларын қазақшалап немесе арабша-парсышалап беруге тырыспаған.
Абайдағы абстракт ұғымдар атауларының бірсыпырасы осы
көрсетілгендей, бұрынан қалыптасқан шығыс сөздері: ар, абырой, мейір,
нала, парыз, нәпсі, қаһар, қиял, құдірет, дәурен т.б Абстракт атаулардың
біразы өзгелердегі тәрізді , Абайда да –лық, -шылық, жұрнақтары арқылы
тілге сіңіскен араб-парсы түбірлерінен жасалған: зұлымдық,
, қапалық,, тәкаппаршылық, адамдық, адамшылық, мейірбандық,
әділеттік, т.б
Абай тіліндегі жалпы халықтық қолданыстан алынған шығыс
сөздерінің 2-3 белгісін көрсетуге болады. Ең алдымен , қазақ
тіліне Абайға дейін қалыптасып, орын тенкен араб-парсы түбірлері Абайдан
бұрын да, Абайдың өзінде де қазақ тілі жұрнақтары арқылы жаңа
сөздер жасайды. Мысалы, бұрыннан бар адалдық, арамдық,,
әділдік,адамдық, достық,,дұшпандық,, қорлық, зорлық, тәрізді есімдер де,
Абай текстерінде активтенген немесе жаңадан жасалған асықтық-
ғашықтық, арлылық, мейірбандық, рақымдылық,,
қапашылық,, құдайшылық т.б –ның түбірлері жоғарыда көрсетілген
сіңісті, түсінікті

Тілге ертеректен енген шығыс сөздерінің г р а м м а ти к а л ы қ және
т ұ р а қ т ы т і р к е с ж а с а у қабілетін Абай жақсы
пайдаланады. Баға қылу, бәсеке кесу, ары төгу , пейілі тарылу,
сәлемге келу, уағдадан жығылу, кәр қылу, насихат сөзі, қаза келу, шайтан
сөзі, т.б . Абай осылармен қатар араб-парсы сөздерін қатыстырып
бірнеше жаңа фразеологиялық және грамматикалық тіркестер жасады.
Мысалы, қашықтық жарасы, ғылым оқу, қалың қайрат табу, ғылым бағу, хаққа
мүлгу ғылым іздеу тәрізді тіркестер жасап, оларды өте
жиі қолданды: Ғылым таппай мақтанба;Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп
т.б
Қазақ лексикасына орныққан кейбір шығыс сөздері к ө п м а ғ ы н а л ы қ
сипатқа ие. Бұл әсіресе Абайда күшті сезіледі. Абай бір алуан араб-
парсы сөздеріне үстеме мағына немесе семантикалық реңк береді. Мысалы,
қызмет сөзі- қазақ тілінде Абайға дейін –ақ 2-3 мағына білдіре бастаған.
Біреулере ілтипат көрсетіп, белгілі бір міндет атқаруды қызмет ,
қызмет істеу, қызметінде болу, қызмет қылу, қызмет шегу тәрізді
тіркстермен білдірген. Абай қызмет сөзін 3-мағынада қолданған :ол қызмет
сөзінің әскери және әкімшілік орын деген ұғымы,
орысша служба мағынасы: Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет
қылсын шен алсын деп бермедім( Абай) . Сондай-ақ : ... Қызметке ,болыстық,
билікк таласу дегенді қызмет- жергілікті әкімшілік органы.Кей жерлерде
жазушы оязға қызмет ету,немесе военный қызмет деп осы сөздің мағынасын
айқын береді:Военный қызмет іздеме Оқалы киім киюге; Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге.
Өнер деген қалыптасқан арабизмді Абай бірнеше ұғымда
жұмсайды. Ал Абайда ең алдымен бұл сөз кәсіп , профессия, қызмет
ұғымын білдіреді: Оқудан шыға ұстады ата өнерін . Осының
алдында:Кәсібін күннен-күнге тәңірі оңғарған деген жол бар. Бұл жердегі
өнер-кәсіп. Арабша харекет сөзі де осы екеуіне синоним болып
келеді: Атаның харекетін ұстай алды. Хош , қорықты елің, Қорқытқан
сенің Өнерің қайсы айтып бер дегендегі өнер- іс-әрекет, қызмет. Қылып
жүрген өнері Харекеті -әрекет деген жолдардағы өнер, харекет, әрекет
деген үш арабизм өте бір қызық келтірілген семантикалық шоғыр.
Үшеуі де бір- біріне синоним болып түседі,дәл осы жерде өнер мен
харекет сөздері жалпы кәсіп, іс- әрекет дегенді білдіріп
тұр. Абай өнер қылдыңдар дегенінде , әрине, өнер сөзі
қазіргідегідей көркем өнер ұғымында емес, тіпті жағымсыз іс-
әрекет мағынасында. Өнерсіз шатылған Кісіге сән де екен дегендегі
өнер де кәсіп, қызмет ету мағынасындағы сөз.
Араб-парсы сөздерін пайдаланудағы лексико-семантиканың тәсіл жалғау-
жұрнақсыз дара тұлғалы лексемаларды біріктіреді. Абай қаламына тән
араб- парсы сөздерінің басым көпшілігі осындай жалғау- жұрнақсыз
жеке- дара сөздер, таза араб- парсылық лексемалар.
Абай шығармаларындағы араб және парсылық сөздердің тура және
ауыспалы мағыналарда жұмсалуын төмендегі 3 түрлі жағдайдан
байқаймыз:1) тура мағынаның сөз бойында сақталып қалуы 2) атау
бастапқы сөз 1- лексикалық мән- мағынасынан айырылып , екінші,
үшінші...мағыналарда қолданылуы 3) негізгі, о бастағы мағыналары
күңірентіп, қазақтың төл лексикасына ыңғайланып, мүлде жаңа мағынада
қолданылуы.
Абай шығармалары бойынша жиналған лексикалық материал араб-
парсы сөздерінің көпшілігі сол тілдердегі мағыналарын сақтағанын
көрсетті. Оларға әсіресе моносемантикалық,, яғни бір мағыналы сөздерді
жатқызуға болады. Мысалы, ағза, әділ, азап, апат, айла, ақымақ,,
арзу, аспан, әр, әбден, әулие, әшкере, бақ, басар, ғажап, ғауым,
неке, гүл, батыр,дана, дария, дәру, дұшпан, дін т.б сөздер араб-парсы
тіліндегі мағынасын береді. Яғни шығыс сөздерінің көбін қолданып отырған
мақсатына қарай, тақырыпқа байланысты сұрыптап, беретін
мағынасына сай қолданған.
Араб-парсы сөздерінің бір ерекшелігі сөздер көп мағыналы
болып келеді. Кейбір сөздердің он шақты мағынасы болуы
ықтимал. Абай шығармашылығында кездесетін араб- парсы
сөздерінің келесі тобы осындай көп мағыналы сөздер.Мысалы , Абай
тілінде кездесетін қағида сөзінің 1.база 2.постамент
3.основа 4. дно 5.основание 6.правило 7. положение 8. принцип деген
мағыналары бар.
Абай бұл сөздің алты мағынасын қолданған:
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді
Қағида шариғаты өзгерсе де
Тағриф алла еш жерде өзгермеді

Бұл сөзді Абай ауыспалы мағынада әдет, ғұрып мәнінде де жұмсаған
...заман өзгеруімен қағидалар өзгерілмегенін білдіргені мағлұм болады.

Абай тіліндегі түбір тұлғалы көп мағыналы дара араб-парсы
сөздерінің алғашқы семантикасы тарылып , ол сөздің кейінгі бір немесе
екі мағынасы қолданған тұстар да бар. Мәселен, Абайда сұқбат, сөзі
әңгімелесу, пікірлесу мағынасында берілсе, араб тілінде ол төрт
мағынаға ие:1.сообщество 2.общение 3.дружба, 4. приятель деген
мағынаны , ал парсы тілінде 1. беседа,2. разговор деген екі мағынанда
кездеседі.
Парсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Шәкәрім шығармалары
Түрме тақырыбында жазылған шығармалардың түрлері
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің аударылу мәселелері
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕР
Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару тәсілдері
Абайдың лирикалық өлеңдерінің тілі
Пәндер