Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы



Кіріспе

1. Негізгі бөлім

1.1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы.

1.2. Аудиторлық бақылау (аудит).

3. Қортынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржы-ны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байла-нысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуы-мен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
1. Давыдова Л., Райманов Д., “Банковское право Республики Казахстан”. Алматы, "Жеті жарғы". 2000г.
2. Белов В.А., "практика вексельного права". М., учебно-косультативный центр "ЮрИнфоР", 1998г.
3. Гражданское право Республики Казахстан. Учебник.
4. Рынок ценных бумаг. Учебник. /Под редакцией ГалановаВ.А., Басова А.И./ М., Финансы и статистика, 1996г.
5. Финансы. Оксфордский толковый словарь. М., Весь мир. 1997г.
6. Красавина Л.Н., "Международные валютно-кредитные и финансовые отношения". М., "Финансы и статистика", 2000
7. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 года.
8. Гражданский кодекс Республики Казахстан.
9. Уголовный кодекс Республики Казахстан.
10. Гражданско-процессуальный кодекс Республики Казахстан
11. Налоговый кодекс Республики Казахстан

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1. Негізгі бөлім

1.1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы.

1.2. Аудиторлық бақылау (аудит).

3. Қортынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Әдебиеттер

1. Давыдова Л., Райманов Д., “Банковское право Республики Казахстан”.
Алматы, "Жеті жарғы". 2000г.
2. Белов В.А., "практика вексельного права". М., учебно-косультативный
центр "ЮрИнфоР", 1998г.
3. Гражданское право Республики Казахстан. Учебник.
4. Рынок ценных бумаг. Учебник. Под редакцией ГалановаВ.А., Басова А.И.
М., Финансы и статистика, 1996г.
5. Финансы. Оксфордский толковый словарь. М., Весь мир. 1997г.
6. Красавина Л.Н., "Международные валютно-кредитные и финансовые
отношения". М., "Финансы и статистика", 2000
7. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 года.
8. Гражданский кодекс Республики Казахстан.
9. Уголовный кодекс Республики Казахстан.
10. Гражданско-процессуальный кодекс Республики Казахстан
11. Налоговый кодекс Республики Казахстан

1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы.

Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі.
Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржы-ны оперативті басқару сияқты басқа
элементтерімен тығыз байла-нысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл
функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара
салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп
отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан
ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық
қатынастарда ғана адамдардың қатысуы-мен, мынадай белгілі бір шарттардың
кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен
толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану
үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық
өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы
экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық
бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау
функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды
бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау
қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық
қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық
бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі — оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығында
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының
сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта
бөлу үйлесімдерінің оңтайлығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы
(бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік
мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңы тұлғалардың еңбек,
материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді
пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да
біріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың баска түрлерімен:
әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура
келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз
байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу
қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының
көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға
сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру. Бақылауды жүзеге
асырудың негізгі қагидаттары мыналар болып табылады:
бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, омбебаптылыгы;
бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
әрекеттілік, нақтылық, жариялылық — бұларға бақылау жұмысын дұрыс
ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты
зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
бақылаудың алаламаушылыгы (біреуге тартпаушылық);
бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп — бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің,
оның шаруашьшық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің
және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін,
субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай
қарастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде жүргізіледі.
Макро деңейдегі қаржылық бақылау — бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері
мыналар болып табылады:
ақшалай қаражаттардың орталықтандырылаған қорларын қалыптастырып,
тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен
әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін
бақылау;
қаржы ресурстарын неғүрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың
қаржы ресурстарына деген қажетгілігін оңгайлы түрде жөне саралай отырып
қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне
деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен
аумақтар бойын-ша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып
көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық түрғьща
олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Эр
түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің
бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және
осының негізінде қаржы қатынастарының нысавдары мен әдістерін жетілдіру
жөнінде үсыныстар жасалады.
Биліктің заң шыгарушы органдары мен басқарудың мемлекетгік органдары
бүл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау — меншіктің барлық ныса-нындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын
қамтамасыз ету;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін
орындауының дер кездігі мен толымдылыгын қамтамасыз ету;
қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс
жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл
деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда,
өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предмет! болып
табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның
жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да
тартылады.

2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырма-шылықтарга,
бақылау іс-қимылдарын жүгізудің уақытына, бақылауды жүгізудің тәсілдеріне
(әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт
бойынша: түлері, нысандары, оны жүеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге
асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе
ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады (1 сызбаны қараңыз).

1. сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы

Қаржылық бақылау
Мемлекеттік Қоғамдық
Жалпы-мемлеВедомстволық Қоғамдық ұйымдардың:
кеттік кәсіподақтардың, партиялардың,
жастардың, бұқаралық
қозғалыстардың, ғылымитех-никалық,
мәдени-ағартушылық, спорт,
шығармашылык, ардагерлердің, түрлі
қорлардың бақылауы
Ішкі-шаруашылықт
ық
Парламенттік (депутаттық)
бақылау
Аудиторлық бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) -мемлекетгік қаржылық
бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу,
олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет
кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жүмыстар
мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны
пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкестігін тексеру.
Мемлекетт қаржылық бақылау объектілері — Қазақстан Рес-публикасының
Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға
және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті
бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық
бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын,
активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңы
тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары — Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитет! және ішкі бақылау жөніндегі
орталық уәкілетті орган.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
1) сәйкестікке бақылау жасау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі
қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін
бағалау;
2) қаржылық есептемені бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін
және уақыттылығын бағалау;
3) тиімділікті бақылау мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін,
мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны
үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен
бағалау.
Мемлекетт қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1) кешенді бақылау мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты
кезендегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты
кезендегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және
бағалау;
3) үстеме бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты
ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол
операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірмен өзара байланысты құжаттарды
салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық
бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және
тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі. Мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз ету ескеріле
отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлық, жариялылық
қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылауга қойылатын бірыңғай талаптар
мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық
бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау
службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабыдцанады:
1) қорытынды — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жоніндегі есеп
комитетінің және мөслихаттың тексеру ко-миссиясының бақьшау актілері
негізінде жасайтын қүжаты;
2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
қаулысы — Республикалық бюджеттің атқарылуы жоніндегі есеп комитетінің
отырысында алқалы негізде қабыл-данатын және оның бақылау нәтижелері
бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын қүжат. Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жоніндегі есеп комитетінің қаулы-сын ол
арналған барлық мемлекеттік органдар, үйымдар мен лауазымды адамдар
орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның
регламентімен айқындалады;
3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы — белгіленген тәртіппен
қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржы-ландырылатын барлық
атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын
немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық
қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат;
4) ұсыным — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға
жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту
мәселелері бойынша жіберетін құжаты;
5) нұсқама — ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз
құзыры шегінде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою
туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына
міндетті түрде орындау үшін жіберілген белгіленген нысандағы құжат; 6)
бақылау актісі — мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың
тексеру комиссиялары, ішкі бақылау служба-лары бақылау нәтижелері бойынша
жасалған құжат;
7) бақылау жүргізу туралы есеп — белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау
бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.
Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде
мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпы мемлекеттік және ве-домстволық
бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылык, бақылау ведомстволық бағыныш-тылығы мен
меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады.
Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.
Мемлекетт қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджетке бақылау,
сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып
ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және
басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық
бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынандай
түрлерін кіріктіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының — мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық
ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты
талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар
жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы
мемлекетт бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету;
өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды
жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын
мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ
мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар
жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың
қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық
тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда және
басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен, бақылаумен кредит есеп-
қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.
Сақтандыру сферасындагы қаржылық бақылау, қадагалау сақтық қорлар
қаражаттарының дер кезіңде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық
операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын
сақтық қатынастарға қатынасушылардың барлығының орындауын жүзеге асырады.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды
кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де қүжаттар мен
мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың
тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын
субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге
немесе жүргізуге құқы бар.
Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын
және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде
жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар бюджет және салалық тұрақты
комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала,
сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың
бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана бағалап қоймайды,
сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап
отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің
өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы
органдар орындайды.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның
өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі
міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал
және қаржы ресурстарын үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын,
бухгалтерлік есептің дұрыс қойылуын, бақылау - тексеріс жұмысының мән-жайын
бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.
Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылықтык, бақылау яғни
нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда,
ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау
функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты
ретіндегі оның күн сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі
өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын
тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы
тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.
Ішкішаруашылықтық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда,
субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның
барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру
болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылық
бақылау қаржы стратегиясын таңдап жасау, экономикалық диагностика,
маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын
шешеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау оның
бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын
мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары және меншіктің
басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы
тиіс. Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға
көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің
жеке ынталылығы өзін -өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.
Қогамдық қаржылық бақылау — бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы.
Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге
байланысты болады.
Аудиторлық бақылау — ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны
біліктілік комиссиясы аттестаттаған "аудитор біліктілігінің берілуі" туралы
куәлік алған жеке тулга да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік қоғамды,
өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық
қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық- құқықтық нысанда құрылган
коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады. Шетелдік аудиторлық ұйымдар
Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды —
Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра
алады.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала
бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай
нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылык, алдын ала бақылау ақша қорларын жасау, болу және пайдалану
жөнінідегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның
қаржылық тәртіпті бұзуды алдын ала ескертуде зор маңызы бар. Бұл жағдайда
бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып
табылатын құжаттар — бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың
жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.б. тексеріледі.
Агымдагы қаржылык, бақылау қаржы жоспарларының атқарылу процесінде,
шаруашылық қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар материал
құндьшықтары мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын
қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген
ресурстардың пайдаланылуына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау
шаруашылық-қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады.
Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау қаржы операцияларын жасағаннан
кейін (бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін,
шаруашылық органдардың ақшаны пайдаланғаннан кейін және т.б.) жүргізілетін
бақылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған
бұзушылықтарды ашуға жетелейді.

3. Аудиторлық бақылау (аудит).

Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі
қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны — аудиторлық бақылауды дамыту болып
табылады, бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және
тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің
өсуімен байланысты болып отыр. Аудиторлык, бақылау — тәуелсіз аудиторлық
фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісімшарты
негізінде қаржышаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру. Нарықтық
реформалардың терендей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау жүйесінің
ажырағысыз бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты кәсіпорындардың,
фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік қаржылық есебінің дұрыстығын белгілеу,
олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста
талдамалық және экспорттық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс
берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын
жасауға мүмкіндік береді.
Аудиторлык, палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі
басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Қаржы аудиты деп оған уәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың
қаржылық есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржы-шаруашылық
қызметін бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы
бойынша қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен
жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.
Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын ұлыбританиядан алады, мұнда XIX
ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер-аудиторлар пайда болды. Ал 1862
жылы Англияда "Міндетті аудит туралы заң" шықты. Францияда мұндай заң 1867
жылы, АҚІП-та 1937 жылы жарияланды.
Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып,
нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20- қарашасынан бастап
"Аудиторлық қызмет туралы заң" жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге
асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңы және жеке тұлғалар, аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Аудиторлык, қызмет ~ бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме
аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады.
Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
1. тәуелсіздік;
2. объективтілік;
3. кәсіби біліктілік;
4. құпиялылық.
Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға
сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз
пікір білдіру мақсатында заңы тұлғалардың аудиттелетін субъектілердің
қаржылық есептемесін тексеру аудит болып табылады.
Аудиттің түрлері - міндетті аудит және бастамашылық аудит.
Міндетті жыл сайынгы аудитке мыналар жатады: банктер, кредиттік
серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет істейтін ұйымдар, сақтық
ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық есептің аудиті
Қаржы құқығының ұғымы мен түрлері және мемлекеттің қаржылық қызметі
Қаржылық бақылау түсінігі
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама
Қаржылық бақылау туралы
Қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылау
Қаржылық бақылаудың әдістері
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
Салықтық бақылаудың классификациясы
Пәндер