Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... 4
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Шағын және орта бизнес ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қазақстанда шағын бизнесті дамытудағы потенциалды салалар ... 16
2.3 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту жолындағы проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ ... .. 23
3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму негізінде шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
Қазақстан экономикасы әкімшіл-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті.Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес,оның мәні-экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы екендігінде.Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс.Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадамы болып табылуы мүмкін.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... 4

1. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Шағын және орта бизнес ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .. 13

2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қазақстанда шағын бизнесті дамытудағы потенциалды салалар ... 16
2.3 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту жолындағы
проблемалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 19
3. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ ... .. 23
3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму
негізінде
шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31

Кіріспе
Қазақстан экономикасы әкімшіл-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтуде
қиын кезеңдерден өтті.Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық
экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті
жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы
нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында
кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы
экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес,оның мәні-
экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен
потенциалы екендігінде.Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік
белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы
әдістерін табуы тиіс.Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың
кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және
дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадамы болып табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділіктің
төмендеп кетуінен туындап отыр.Қайта құрылған кәсіпорындардың көбісі барлық
мүмкін болатын нұсқауларға,салықтарға,шектеулерге шыдай алмай жабылып
қалды.Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да
жабылып қалу қаупі бар.Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді
қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде
өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайлардың
себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару
деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың
тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды
қамтамасыз ететін тиімді механизмінің жоқтығы болып табылады.

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары
Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде
кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде
дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік-бұл адамның тәуекел мен
жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта айтқанда жаңа кәсіпорын
құруды білдіретін ұғым дегенге келді.
Алғашқыда кәсіпкерлік термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі
тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз
мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион
кәсіпкерлікті,өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырылды,сонымен қатар ол
капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресустарын қолданушыларды
ажыратып отырды.Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде
қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу
қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды,
сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкердің
басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Кейінірек ХVIII-ғасырдың екінші жартысында Кисней сияқты физиократтар
кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты
кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжып, бұл
анықтамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің
пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресустарға ие болу қажеттілігі де
енгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа
әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.
Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен
фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен
менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады.Бауде еңбек
өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым
ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара
айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді капиталмен
қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бұл қаржы құралдарын шикізат алуға
және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып,тәуекелге барды.
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ
тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде
сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті
ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті
әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды
қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар , ол сол кезде-ақ
монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын
көрсетті.Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасында Бауде біздің
уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген.
1776 жылы Адам Смит өзінің Халық байлығының табиғаты мен себептері
туралы зерттеу атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп
көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе
айтылмады.Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен
мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерілді, ол
индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете
қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша Өндіріс шеберлері келесі
қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет:
• Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
• Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында
қайтара білу;
• Өз бойына әділеттік бизнесті жете білушілік пен табандылық
сияқты моралдық қасиеттерді қалыптастыру;
• Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны
өндіру әдістері мен болжамды сұранысын жеткілікті дәрежеде
нақты бағалай білу жағдайында болу.
Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық
көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта
білулері керек,қажетті материалдарды ала білулері және сатып алушыларды
таба білулері керек, сонымен қатар, басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен
басқару шеберлігіне ие болулары керек.Олар өнімді сатудан бұрын, оның
бағасы мен құнын дұрыс есептей білулері керек. Көрсетілген сипаттамалардан,
Жан Батист Сэйдің кәсіпкерді қарпайым емес,дарынды менеджер ретінде
көрсеткені көрініп тұр.

1.2. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні

Кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші
кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің
өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады
(сур. 1.)

Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері

Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері

Кәсіпкер және оның Бизнесті жүзеге асыруҚажетті қорлардың
менеджерлер үшін қолайлы болуы
командасы

Сурет 1 - Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері

Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол - кәсіпорынның болжамсыздықпен,
қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір
сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесі - бұл технологиядағы, маркетингтегі,
менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және
қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді интеративті іздестіру
процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері (кәсіпкер, табыскерлігіне қолайлы
мүмкіндік және қорлар) тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-
біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек жаңа бизнес
мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүкіндіктерді іс-жүзінде
қалай жүзеге асыруды білетін, жаттыққан пікірлестер командасыиа ие болуы
тиіс. Сонда олардың бәрі фирма жүмысын бірге бастау үшін және оның, әрі
қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру үшін жеткілікті қорларға ие болулары
керек.
Жоғарыда кестеленіп көрсетілген кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы
күштерінің ішінде кәсіпкерлер (қүрылтайшылар, негізін салушылар) негізгі
орын алады. Венчурлік кәсіпкерлер мен өте тәжірибелі кәсіпкерлерден,
кәсіпкерлік табысты алдын-ала анықгайтын 5 аса маңызды факторларды түгендеп
беруді сұрағанда олар мұны тағы да растады. Олар: 4 рет кәсіпкер және оның
білікті командасы содан соң барып маркетингтік әлеует деп, қарапайым жауап
берді. Кәсіпкер — бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен
қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа
өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің
субъективті факторы.
Қазіргі нарықтың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білікті
командасы бар фирмалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда
бәсекеге анағұрлым қабілетті болып табылады. Менеджерлер командасына келесі
анықтаманы беруге болады. Менеджерлер командасы деп тек қорларды таба
алатын ғана емес, сонымен қатар оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелік
күрестегі өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек кәсіпорынды
дамыту және тиімді өндіріспен қамтамасыз ету болып табылатын жоғары білікті
мамандар тобын айтамыз.
Команда негізді және жетілгсн саласына сәйкес еңбек тәжірибесіне
машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз
мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие
болуы керек. Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші - бизнесті іске
асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік жарылыс
нәтижесінде пайда болған "үнсіз" төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар
кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орынды ой (Idea) және оларды іске асыру
мумкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері
деп ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық
тауашасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске
асыру үшін қолайлы мүмкіндікгерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа
куаттарға, объектілерге деген қажеттілік пайда болғанда, қүрылыстар мен
ғимараттарды қайта құру қажеттілігі пайда болғанда, тапсырыс берушілердің
жаңадан туындаған қажеттіліктерін қанағаттандыруда тапшылық пайда болғанда
немесе тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған
қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда
құрылыс бизнесі үшін де мүмкіндік пайда болады. Кәсіпкер үшін осы
мүмкіндікті уақытысында байқау ғана емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да
маңызды.
Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып
келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәсіпкерлер, табысты
кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын талдауына тура
келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің
жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз — бұл басқаларға әлі көріне қоймаған,
көрінсе де не өте ерте, не өте кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және
дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру. Кәсіпкерлік процесінің үшінші
қозғаушы күші - бұл қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі
көзқарасты ұстану ұсынылады: Шағын фирмалардың негізгі өндіріс қорларының
үлкен бөлігінің сатып алынуымен емес, ал жалға алынумен қамтамасыз етілетін
ең aз мөлшердегі қорлармен жоғары нәтижелілікке жету.

3. Шағын бизнес ерекшеліктері

Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық,
ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер
бар. Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен
бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты
ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын
өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және
одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай
азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар -
бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға
қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық
жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар
көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24
есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достастығында (EC) экономиканың жеке секторындағы 15,7
миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы
кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62
млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты,
статистикалық мәліметтср бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам
жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама
беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-ге жуық
анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар,
мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі,
негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының
өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең таралған критерийлердің бірі жұмыс
істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулер
50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін
кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылған адамдар саны 1-ден 500-ге
жететін кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар келесі 4
категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін, 50-ден 99-ға дейін, 100-ден 199-
ға дейін, 200-ден 449-ға дейін. Германияда жылдық ақша айналымы 3,5-нан
11,5 миллион неміс маркасын құрайтын фирмалар, шағын фирма деп саналады.
Германиядағы шағын кәсіпорындардың тиімділігі АҚШ-пен Жапонияға қарағанда
жоғары. Мұнда 12,3% ірі кәсіпорындардың және ол жерлерде жұмыспен қамтылған
34% жұмысшылардың үлесіне ұлттық табыстың тек 52,6% ғана келеді. Жұмыс
орындарының үштен екісінен көбі шағын кәсіпкерліктің арқасында ашылуда.
Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар:
өнеркәсіп, көлік жөне құрылыста — 300 адамнан көп емес, көтерме саудада —
100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында — 50, олар осы
критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай-ақ
жарғылық капитал мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікте —
770 мың доллардан жоғары емес, көтерме саудада — 230 мың доллар, қызмет
көрсету саласында 77 мың доллар.
Ресей Федерациясының казіргі қолданып жүрген заңдарына сәйкес, шағын
кәсіпорындарға:
• өнеркәсіпте - 200-адамға дейін;
• құрылыста - 100 адамға дейін;
• көтерме саудада - 50 адамға дейін;
• ауылшаруашылығында -50 адамға дейін;
• ғылымда және өндірістік емес салада — 25 адамға дейін;
• бөлшек саудада - 15 адамға дейін; жұмыс істейтін кәсіпорындар
жатады.
Қазқстанда адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады.
Қазақстан Республикасының 1997ж. 8-сәуірдегі № 499 қаулысына сәйкес шағын
кәсіпорындарға:
• өндірісте, құрылыста және шаруашылықта — 50 адамға дейін;
• саудада және түрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;
• көлік және байланыста -25 адамға дсйін;
• ғылымда және жаңартпашылық қызметте - 20 адамға дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады. Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан
аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.
Авторлары, шағын бизнесті жұмысшылардың саны, капитал айналымы, өндіріс
көлемі сияқты және т.б. көрсеткіштер арқылы анықтау көзқарасынан бас
тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның орнына шағын бизнесті ірі
бизнестен принципті түрде ажырататын сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда,
атап айтқанда: нарық үлесі, негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары,
шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорын әсерлерінің жоқтығы. Мұндай
позицияны австралиялық ғалымдар да ұстануда, олар қаржы, бухгалтерлік есеп,
қызметкерлерді басқару, қамсыздандыру, маркетинг, өндіріс немесе қызмет
көрсету мен сатуды қамтамасыз ету саласында 1 немесе 2 адамның ғана
өздерінің жеке мамандарының көмегінсіз барлық стратегиялық шешімдерді
қабылдауға өкілеттігі бар бизнесті шағын деп есептеуді ұсынады.

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы

Қазақстан Республикасы өз алдына дербес мемлекет болғаннан бері шағын
және орта бизнес субъектілерінің саны жылдан- жылға ұлғая түсуде. Олардан
түскен табыс мөлшері де сәйкесінше өсе түсуде. Мысалға алатын болсақ, осы
тәуелсіздік алғаннан бастап 2000 жылға дейін шағын және орта кәсіпорындар
саны 6 есеге көбейген. Қазақстан Республикасы Агентігінің мамандырылған
бюллетенінде жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес 2005 жылы 1
қаңтарда республикада 626 187 шағын және орта бизнес субъектілері
тіркелген, бұл дегеніміз өткен 2003 жылдың соңымен салыстырғанда 20,1 %
өскен. Тіркелген шағын бизнес субъектілерінің ішінде 76,9 % жұмыс
істеушілер болып табылады.
Жалпы тіркелген шағын бизнес субъектілерінің ішіндегі заңды тұлғалар
145 087 (23,2 % ), оның ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар (
кәсіпорын ) – 103 291 (16,5 % ). Жеке кәсіпкерлердің саны және шаруа
қожалықтары 378 332 бірлік, бұл 2003 жылдан 18,8 % көп.
Кәсіпкерліктің дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі 1000 тұрғынға
шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілерінің саны болып табылады.
Сонымен, 1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес
субъектілерінің саны 6,9 бірлік, шаруа қожалықтары-22,5, жеке кәсіпкерлер –
15,4 бірлік. Жалпы республика бойынша 1000 тұрғынға шаққандағы шағын бизнес
субъектілерінің саны өсуде.
Кесте 3 - 1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес
субъектілердің саны

1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес
субъектілердің саны
2003 аяғы 2004 аяғы % өсу
Заңды тұлғалар 6,3 6,9 9,5
Шаруа қожалықтары19,1 22,5 17,8
Жеке кәсіпкерлер 13,1 15,4 17,6

Шағын бизнес субъектілері өзінің классификациясына байланысты жұмыс
істеуші және жұмыс істемейтін болып екіге бөлінеді. Соның ішінде жұмыс
істеушілердің құрамы:
белсенді – 51 339 немесе 49,7 % ;
жаңалар - әлі қызметін бастамағандар – 21 068 немесе ( 20,4 % ) ;
уақытша қарапайымдар – 30 884 ( 29,9 % );
Жұмыс істемейтіндердің заңды тұлғалар бөлінеді:
жойылу процесінде – 1818 ( 4,3 % );
көрінбеушілер ( куәлігі жоқтар ) – 39978 ( 95,7 % ) ;
Дайын өнімді ( тауалар, қызмет көрсету ) өткізуден түскен шағын бизнес
субъектілеріндегі қаржы 2004 жылы 762 728,2 млн. теңгені, 2003 жылы
670 515,9 млн. теңгені құрады. Салыстырмалы түрде 2003 жылдан кірістің
сомасы 92212,3 млн теңгеге өскен, номиналды түрде 13,8 % өскен.
Кесте 1 - Залал шеккен кәсіпорындар саны

2003 2004 2003 2004
Залады кәсіпорындар Залал сомасы
саны млн.теңге
Қазақстан Республикасы 20486 21917 88960 112389
Ақмола 760 987 1896 2288
Ақтөбе 969 982 4903 3093
Алматы 955 962 2110 2877
Атырау 469 620 1605 3967
Шығыс Қазақстан 1869 1993 14046 8011
Жамбыл 535 571 374 653
Батыс Қазақстан 504 532 911 959
Қарағанды 1535 1580 4327 4220
Қостанай 1060 932 3408 2207
Қызылорда 335 417 435 2405
Маңғыстау 366 386 2770 2696
Павлодар 718 749 2559 2544
Солтүстік Қазақстан 754 689 1397 1079
Оңтүстік Қазақстан 1239 1307 1655 2071
Астана қаласы 1205 1433 3957 6952
Алматы қаласы 7213 8077 42607 66367

Егер залал шеккен кәсіпорындар санын 2000 жылмен салыстырар болсақ ,
2004 жылы ол 23 % өскен. Республикада құрылған біршама кәсіпкерлер өз
бизнестерін жүргізе алмауда. Бұлардың банкротқа ұшырау себептері әртүрлі
болып келеді.Кәсіпкерлердің маркетинг, менеджмент ғылымдарынан хабардың
жоқтығы, бизнес жоспардағы кемшіліктер, кадр мәселесі, жарнамаға көңіл
аудармау, персоналдардың қызмет көрсетуінің төмен деңгейі тағы сол сияқты.
Мемлекттің шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жүргізіп отырған
саясатының ең басты аялары ол:
- салықтық нормалар ;
- еңбек заңдылықтары ;
- бюрократиялық процедуралар ;
2. . Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудағы потенциялды салалар

Қазақстанның потенциялды салаларын анықтау шағын бизнестің дамуының
бағыты болып саналады. Еліміздің әр аймағында қалыптасқан өндіріс орындары
мен ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына байланысты шағын кәсіпорындар ашу
оның даму жолындағы тиімді қадамдардың бірі болып табылады. Осыған орай,
еліміздегі Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша республикалық ақпараттық
көрме орталығы шағын кәсіпорындардың өнімді өткізудің перспективті және
потенциалды салаларын анықтау үшін зерттеу жүргізді. Бұл зерттеу тек
кәсіпкерлердің ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің де қызығушылығын
тудырып отыр. Зерттеу республиканың барлық аймақтарында шағын кәсіпорын
субъектілерінің арасында жүргізілді.
Осыдан екі бағыт ашылады:
1 Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың потенциалды материалдық
өндіріс саласы;
2 Жаңа технология енгізу мен франчайзинг принципі бойынша жұмыс істейтін
кәсіпорындарды құру және ұйымдастыру;
Жаңа өндірістерді құруда немесе мемлекеттік қолдаудың әдістерін таңдауда
әртүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық әлеуеті
Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайын талдау
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған несиелік мәселелерді қарастырып, оларды тиімді несиелендіру арқылы шешу жолдарын зерттеу
Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі орны
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Шағын және орта бизнестің даму перспективалары мен кедергілерін анықтау және баға беру
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы ақпарат
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Пәндер