Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері
1.1. Коммерциялық банктердің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Коммерциялық банктердің функциялары мен
жүргізетін операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
II Банктің дәстүрлі операциялары
2.1. Банктің несиелік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2. Банктің депозиттік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.3. Банктің пассив операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
III Банктің дәстүрлі емес операциялары
3.1. Факторинг операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.2. Траст операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.3. Форфейтинг операциялы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қазіргі ақша-несие саясатының тиімділігі және тұрақты экономикалық өсу көп ретте ел экономикасының қаржы секторының жай күйімен байланысты. Ал осы қаржы секторының маңызды құрамдас бөлігінің бірі банк жүйесі екені анық.
Екінші деңгейлі банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды.
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төледері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жалпы экономика дамуының басты шарты.
1) С.Т. Міржақыпова “Банктегі бухгалтерлік есеп” Алматы 2004 ж.
2) Сейткасымова Г.С “Банковское дело”
Алматы 1998 г.
3) С.Б. Мақыш, А.Ә. Ілияс “Банк ісі”
Алматы 2004 ж.
4) Усоскин В.М. “Современный коммерческий банк”
Алматы 1998 г
5) Роза Қалығұлова, Нәзира Ғұмар “Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп
беру” Алматы 2000 ж.
6) Мақыш Серік Биханұлы “Коммерциялық банктер операциялары”
Алматы 2004 ж.
7) Жукова Е.Ф. “Банки и банковские операций” Алматы 1997 г.
8) Ғ.С.Сейітқасымов. “Ақша, несие, банктер”
9) Р.Қалғұлова. “Екінші деңгейлі банктердегі банк операциялары”
10) сайт: http://www.google.kz/ - ТұранӘлемБанкі
11) сайт: http://www.NurBank.kz.
12) Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. – Алматы:
Экономика, 2000.-432 бет (98,221).
13) Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика – Алматы:
Экономика, 2003. – 432 бет. (212, 217, 221).
14) Мақыш С.Б. Жобалық несиелеудің ерекшеліктері. Вестник КазНУ. – 2004.
№6.-32-34 бет
15) Әубәкіров Я.үӘ., БайжұмаевБ.Б., Жақыпова Ф.Н., Тәбеев Т.П.
Экономикалық теория. – Алматы: Қазақ Университеті, 1999-280 бет (162)
16) Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктр.-Алматы: Экономика, 2001-466 бет.
72-130-232-162-276.
17) Әкімбеков С.Ә., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық
теория. – Астана: Астана полиграфия, 2002.-398 бет. (296,299).

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері
1. Коммерциялық банктердің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Коммерциялық банктердің функциялары мен
жүргізетін
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..4
II Банктің дәстүрлі операциялары
1. Банктің несиелік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Банктің депозиттік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Банктің пассив
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
III Банктің дәстүрлі емес операциялары
1. Факторинг операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...17
2. Траст
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
9
3. Форфейтинг операциялы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...28

Кіріспе

Қазіргі ақша-несие саясатының тиімділігі және тұрақты экономикалық өсу
көп ретте ел экономикасының қаржы секторының жай күйімен байланысты. Ал
осы қаржы секторының маңызды құрамдас бөлігінің бірі банк жүйесі екені
анық.
Екінші деңгейлі банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын
операциялары анықтайды.
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен
төледері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды.
Банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жалпы экономика
дамуының басты шарты.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілерінің уақытша
бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар
есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын
арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде
қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Қазақстан Республикасының коммерциялық
банктері, олардың қызметтері мен операцияларын қарастыру, кең көлемде
қолдануын әрі тиімділігін қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктердің орындайтын
операцияларын, оның ішінде дәстүрлі және дәстүрлі емес операцияларын
қарастыру, қаншалықты қолданылатынын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті – банктің несиелік операцияларын қарастыру,
депозиттік операциялардың саясатын зерттеу, пассивтік операцияларға мазмұн
беру, факторинг, форфейтинг және траст операцияларын қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде – екінші деңгейлі банктердің жалпы қызметтері мен
операциялары туралы жаздым.
Екінші бөлімде – коммерциялық банктердің дәстүрлі операциялары туралы,
соның ішінде несиелік операциялар туралы, депозиттік операциялар туралы
және банктің пассивтік операциялары туралы жаздым.
Үшінші бөлімде – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктерінің дәстүрлі емес операциялары туралы, соның ішінде факторинг
операциялары туралы, банктің траст операциялары және форфейтинг бойынша
жүргізілетін операциялары туралы жаздым.

І. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері

1.1 Коммерциялық банктердің мәні

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте
зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет
етеді. Коммерциялық банктер несие республикасының негізгі бөлігін
шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу,
бағалы қағазды, шетел валютасын сатып алу, сату мен оларды сақтау және
басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер нарықтық
экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті – ақша айналымы
мен капитал айналысының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өндірістік
мекемелері, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау
үшін жағдай жасау болып табылады. Қазіргі коммерциялық банктер
қаржы делдалдары ретінде ақша капиталы, салааралық және айналым аралық
қайта бөлуді қамтамасыз етіп маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады.
Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизм
өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға
экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады. Қазіргі коммерциялық
банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін
қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде
кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет
түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар. Коммерциялық банктер бір-бірінен
көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады. Олар:
1 Жарғылық капиталын иелену және оны қалыптастыру жөнінен
2 Жүргізілетін операциялары жөнінен
3 Іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен
4 Экономикалық әр түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен

1.2 Коммерциялық банктердің функциялары мен
жүргізетін операциялары

1 Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту (депозит)
2 Несие беру
3 Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу
4 Төлем құралдарын шығару
5 Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру
6 Сенім хат бойынша клиенттердің мүлкін
7 Клиенттерге кеңес беру
Коммерциялық банктердің жүргізетін операциялары
салымдар жинақтау, депозиттік, кассалық, ағымдағы шоттарды жүргізу,
чектік, инкассалық, клирингтік, есеп-несиелік ( несие қабілеттілік тексеру
және несие беру), бағалы қағаздар және инвестицияларды сату және сатып алу,
шет елдермен операция (валюталарды сатып алу және сату, халықаралық есеп
айырысу, аккредитивтер), жанама және сыртқы байланыс (жаңа клиенттер шарту,
сенімділік операциялары және т.б.)

II. Банктің дәстүрлі операциялары

2.1. Банктің несиелік операциялары

Банктік несие латын тілінен аударғанда қарыз дегенді білдіреді және
банктердің клиенттерге қаражаттар ұсынуы кезінде пайда болған экономикалық
қатынастар. Банктер қысқа мерзімді несиені ұсынуды Ұлттық банктің банктік
операцияларды жүргізу үшін берген лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.
Несиелендіру Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банктер және банктер
қызметі туралы, сондай-ақ қысқа мерзімді несиенің тәртібіне сәйкес және
басқа да Ұлттық банктің нормативтік құжаттары негізінде жүргізіледі. Қысқа
мерзімді несиелендіру банктермен мына шарттар негізінде ұсынылады,
мерзімінде қайтымдылығы, төлемділік, қамтамасыз ету, қарыздың мақсатты
жұмсалуы.
Несие бөлу туралы несиелік комитеттің шешімі негізінде несие бөлімі заң
бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімін дайындайды. Несиелік
бөлім қажетті қолдарды жинап, оны мөрімен куәландырады.
Несиелік келісім, кепіл келісімі және басқа да құжаттар толығымен
рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге алу үшін немесе
ҚРҰБ талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарын алуға немесе несиені
қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттарды рәсімдеу үшін заң
бөліміне беріледі.
Несиені қамтамасыз ету олардың өтелуін кепілдендірмесе де, банктің
жоғалту тәуекелі біршама төмен болады. Сонымен бірге несиені қамтамасыз ету
қарызға алынған қаражатты қайтару кепілдігі ғана емес, сондай-ақ банк
пайдасы. Аталған байланыста тапсырмалар мен кепілдемелерді беру, кепілдік
міндеттерді рәсімдеу, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың бағалы
қағаздары, жылжитын және жылжымайтын мүліктердің кепілін рәсімдеу
тәжірибесі кеңейе түседі. Несиені қамтамасыз етуге алған міндеттеме
нотариалды куәландырылуы керек. Ол несие бойынша міндеттемелердің
орындалуымен бірге тоқтатылады. Егер тапсырмада міндеттемені орындау
мерзімі көрсетілмесе, онда тапсырма шартын жасаған күннен басталып, жыл
соңында тоқтатылады. Тапсырманың ерекше нысаны кепілдік беру болып
табылады.
Шаруашылық субъектілер берген кепілдіктер кепілді банкте сақталады және
несиелеуші банк кепілдікті қабылдау туралы кепілді банктің хабарламасын
бірге ұсынады. Егер несиені қамтамасыз ету ретінде оны орындау тәуекелін
сақтандыру қажет болса, онда несиені беру туралы шешім қабылдаған кезде
клиент банкке сақтандыру шартын және сақтандыру полисін ұсынады.
Несиелік мәмілені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және
оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы қарыз
алушының анкетасы қосылады. Несиелік келісімшартта міндетті түрде келесі
жағдайлар анықталуы тиіс:
• несиенің мақсаты;
• берілетін несиенің жалпы сомасы;
• несиенің валютасы;
• несиені өтеу әдісі;
• қамтамасыз ету;
• сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.
Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған құжат мерзімді
міндеттемелерден басқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күнделікті жауапты
орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді
алады. Несиені бөліп өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші
жағында сәйкес белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер
жазылады. Банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез келген несиені
ұсынуда талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті.
Несиелік құжаттамаға жылжымалы мүлік кепілінің нысанында қарыз алушының
міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жағдайына ұсынылғаннан басқа,
кепіл шарты, кепіл заты туралы ақпарат және олардың құнын анықтау әдісі
ұсынылады.
Несиелеуді ұйымдастыру. Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк
қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру
кәсіпорыны деп аталады. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей
несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі
банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі
несиеге шамамен 72% келді. Сондықтан табыстың 85%-і ұсынылған қарыздарды
төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де
қарыз алады. Екінші деңгейлі банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық
салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.
Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір немесе үш жылдан аспайтын
несиелер. Олар тауарлы-материалдық құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы
қажеттіліктері мен шығындарына беріледі. Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі 1
жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді,
айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет
көрсетеді.
Қазіргі кезде осы уақытқа дейін қолданылып келген кәсіпорындардың,
ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып
табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өзі қызметін пайдаланғысы келетін
несиелік ұйымды өзі таңдайды. Клиент несиеліку шотты тек бір банкте емес,
бірнеше банктерде ашуға құқылы.
Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты
сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу,
кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарында деген қажеттілігін
қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімділігіне негіз беретін
артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттері мен
несиелеріне және де банкаралық несиеге деген қатысты. Бірақ екінші деңгейлі
банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа
банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша
қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын
көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу
жүйесіндегі жалпы сауда акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға
болады.
Қазіргі несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер олардың ресурстарға
тәуелділігіне ғана емес, сондай-ақ ҚРҰБ белгілеген пруденциялдық
нормативтерге байланысты. Қазіргі пруденциялдық нормативтер тартуға мүмкін
қаражаттардың шекті көлемін, ең аз резерв мөлшерін, несие беруінің екті
сомасын, оны ұсыну мерзімін, коммерциялық банк балансының өтімділігіне
байланысты несие механизмін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің
маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша
туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді.
Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді мойнына алады, шарт
жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құқықтарға ие болады. Айта
кететін жайт, несие шарттары бұрын да жасалған, бірақ олардың экономикалық
мәні әлсіз болды. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде, банк пен
кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт
қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып
табылады.
Қалыптасқан нессие жүйесінің маңызды белгілері – оның несиелеу
объектісінен несиселеу субъектісіне өту болып табылады. Бұрын қолданылған
несиелеу жүйесі несиелеу объектісіне тиімді болған. Тауарлы-материалдық
құндылықтар қорларының, өндірістік шығындардың болуы клиентке несие алуға
мүмкіндік береді; несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбады, клиент
үшін ең басты деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар
есептеледі. Сонымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтардың қорын жабатын
меншікті қаражат деңгейі ескерілмеді.
Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі және жалпы ерекше қағидаларға
негізделінеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз етушілігі, несиенің
төлем сипаты ескеріледі. Оның бірқатар құрамдары өзгеріске ұшырады. Осыдан
бірнеше жылдар бұрын несиелеуге саралау режимі қолданылатын жақсы және
жаман жұмыс істейтін қәсіпорындар категориясы болғаны бәрімізге мәлім.
Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы
алынған. Қазіргі уақытта қалыптасқан жүйеде несиені уақытында қайтармау
тәуекелділігін төмендететін клиенттің несиеге қабілеттілігін ескереді. Ең
алғаш рет қарыз алушының төлем қабілетсіздігі анықталған кезде,
коммерциялық банк несиелеуші банктің қатысуымен белгілеген әкімшілікке
жедел басқаруға беруге, оларды қайта құру және жабу мәселелерін қарастыруға
құқықтары пайда болды.
Өзгертулер несиені қамтамасыз ету қағидасына да әсер етті. Тәжірибе
бұндай материалдық қамтамасыздық уақытында қайтаруға кепілдік етпейтінін
көрсетеді. Кәсіпорында несиелеу жүйесінің жаңа белгілері ретінде жоғары
деңгейде банк несиесін қайтаруды кепілдендіретін форма түріне өту
қарастырылады. Несиені қайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемддік
тәжірибеде кепілдеме құқығы (ипотека, бағалы қағаздар кепілдігі, кепілге
салу), кепідік беру және кепілдеме, жалпы алғанда сақтандыру жүйесі сенімді
кепіл құқы болып табылады. Аталған формаларды іске қосатын несие механизмі
банкке өзінің тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік бере отырып, несиелік
тәуекелді төмендетуге қол жеткізеді. Кәсіпорынға, ұйымдарға және халыққа
қаржы-несиелік қызмет көрсететін ұйымдар шаруашылық құрылымдарын дамытуда
маңызды рөл атқарады.
Қаржы-несиелік механизмінің қызмет ету тиімділігі уақытында әр түрлі
шаруашылық бірліктерінен ақша алу ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің
экономикалық өсу қарқынына әсер етеді. Несие жүйесінің қызмет ету механизмі
оның ұйымдық құрылымдарының, несиелік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдық-
құқықтық формаларда, несиелеу әдісі мен формаларының өзгеру әсеріне
байланысты әрқашан ауысып отырады. Пайда алу көзқарасы тұрғысынан
коммерциялық банктер қызметінің негізгі түрі несие ұсну болы табылады.
Қаражатын әр түрлі несиелік операцияларға орналастыра отырып, банк басшысы
бір мезгілде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандырады әрі өздері де табыс
алу көзі деп санайды. Несиелік шарттың өтімділік деңгейінің маңызы бар.
Мысалы, банк кейбір жағдайларда ғана басқа институттар мен жеке тұлғаларға
несиені қайта бере алады, себебі ақша талаптарының аталған түрінде екінші
реттеі нарық жоқ, бұған тұрғын үйді кепілдікке салу түріндегі несие ғана
жатпайды.
Сонымен қатар банк басшысы несиелік қоржын ішінде ақша қаражатын
бөлуді қарастыруы керек, демек бөліп-бөліп төлеу, сауда-өнеркәсіп
компаниялары, жылжымайтын мүліктер сияқты несие түрлеріне бөлу. Ондай
бөлудің негізі ретінде салыстырмалы несие табысы, әр түрлі шектеулері бар
несиелерге сұраныс қарастырылады. Банк қаражаттарын әр түрлі активтер
түріне орналастыру әр түрлі заңдар мен реттеуші актілерге байланысты.
Қаражаттардың жалпы қоры әдісіне сәйкес орналастырылуына коммерциялық
банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі, оның ішінде
талап еткенге дейінгі салымдар, жинақтық, мерзімдік салымдар және банктің
меншікті капиталы жатады. Бұл әдіс негізіне банктердің ресурстарды
біріктіруі алынған. Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын активтер
түрінің арасында бөлінеді. Қаражатты орналастыру құрылымын анықтаудағы
бірінші мәселе, алғашқы резерв ретінде қарастырылатын анықтаудағы белгілеу.
Көп жағдайда алғашқы резерв рөлінде басқа банктердің қарыздары және қолда
бар ақшалары бабына кіретін активтер қарастыырылады. Оған басқа
коммерциялық банктің корреспонденттік шотындағы ақша және де инкассолау
үрдісіндегі басқа да құжаттар кіреді. Қаражаттарды орналастырудағы екінші
мәселе, белгілі бір табыс алып келетін кассалақ емес өтімді активтерді
құру мәселесі.

2.2. Банктің депозиттік операциялары

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды
өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар.
Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз
бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы
мүмкін:
• банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен
аударулар;
• басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
• депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша
банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері
дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі
ережелерге негізделеді:
• депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда
табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
• депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік
операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі
нысандарының үйлесімділігіне ұмытылыс болады;
• депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер
мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну
операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің
болуын қамтамасыз ету қажет;
• депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының
өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге
ерекше назар аударған жөн;
• депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік
шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған)
ең аз болуына талпынуы керек;
• депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және
қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарлату шараларын қарастырған
жөн.
Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
o мерзімді депозиттер;
o талап етілмелі депозиттер;
o жинақ салымдары;
o бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
o мерзімдеріне қарай;
o салым иелерінің категорияларына қарай;
o қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
o пайыз төлеу тәсіліне қарай;
o банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
o басқа.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
o жеке тұлғалардың шоттарына;
o кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
o жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
o қаржылық мекемелердің шоттарына;
o шетелдік азаматтарының шоттарына.
Бірінші топ – талап етілмелі депозиттер, олар сондай-ақ чектік
депозиттер деп те аталады.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын
әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту
кезінде банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады.Чектік депозит – бұл
міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқы беретін шот.
Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу
арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар
бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік
депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің
айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін
төлем белгілейді. Бұл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер
саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай
көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын
жеткілікті баланыстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бұл
төлемдерді алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
• ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
• ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегімен алынуы
мүмкін;
• шот иесі банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбір жазылған
чек үшін комиссия төлеуі;
• Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен
салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
• мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі
шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы
сақталатын қаражаттары;
• әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
• есеп айырысудағы қаражаттар;
• жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
• басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат
қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін
жоғарғы өтімділігіні байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік
шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге
асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың
төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге
асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары
есептелетін контокоррент – бірыңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк
қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және
де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі.
Контокоррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді
клиенттерге және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі шығындардың
түсімдерден артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ
банкпен жасалған келісімге сәйкес анықталған сома шегінде несие алуға
мүмкіндігі бар.
Талап ету депозитіне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады,
овердрафт – банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес, банк анықтаған
мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін
шот, бұл да несие алмасуды білдіреді. Овердрафттың контокоренттен
айырмашылығы кездейсоқ сипатта болуында. Атап өтетін жайт, овердрфт шоты
қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді. Овердрафт ағымды шоты
жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.
Талап ету депозитінің басқа бір түрі – нау-шоттар – пайыздық мөлшерінің
жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супер-нау-шоттар –
бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесі түрі – автоматтық аудару шоттары (ATS-
шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға
мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін
депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып,
пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік
шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде
қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейін
сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған
пайыздар алуға мүмкіндік береді.
Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулеріне
банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер деп аталатын
шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер – банк қызметкерлері
беретін төлем кепілденген чектер. Банктер чекті куәландыру кезінде,
куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке
шотта ұстайды. Сонымен қатар, чекті банк қызметкерлерінің бірі немесе
банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол
бойынша төлемдердің жүргізілуін күте отырып, қызметкерлер жазған чек
сомасына теңестіріп депозит құрайды. Талап ету депозиттері бойынша
эксплициттік (анық түрде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне
байланысты банктің көптеген клиенттері осы типтес депозиттердегі
қаржыларының мөлшерін төменднтуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы
әдістерінің бірі автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктерді
пайдалану. Мұндай шоттармен ағымды операцияларды жүргізе отырып, банк
клиентпен келісілген аз шектен асатын кез келген ақша сомасынан шотты
тазартады (немесе оларды аударады), оларды пайыздық кіріс әкелетін
қаржылық құралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатып алу туралы мәмілеге,
яғни операцияны банк күнде іскерлік күн соңында орындайды. Мұндай
жағдайларда, банкке бұл операцияны өткізуге қажетті чектер төлемге
түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитіне аударылады.
Көптеген банктер өзінің клиенттерінен компенсациялық балансты ұсынуды
талап етеді, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс әкелмейтін
нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет.
Компенсациялық баланс яғни ақша қорларын тартуға орташа шығындарды азайту
жолымен қорлардың орташа құнын төмендету айтарлықтай тиімділік береді.
Кейбір жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай-ақ банктік
қарыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін
төлемді ұсынады.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша
алынуы мүмкін Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ
қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.
Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл
төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда,
оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізіндн немесе уақыты жеткен
кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға
болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуыескерілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті
бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала
келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат;
пайыз мөлшерінің ең жоғарғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Банктің басқармасы
Банк жүйесінің дамуы
Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
Несие жүйесінің түсінігі
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру туралы түсінік
Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
Қазақстан Республикасының төлем жүйесі
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Пәндер