Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі



Кіріспе

Негізгі бөлім

І. Тарау. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі.

1.1 Жинақтаушы зейнетақы туралы түсінік

1.2 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизімі.


ІІ. Тарау. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің реформалаудың алғышартының теориялық негіздері және зейнетақы жүйесіне енгізілген модель.

2.1 Зейнетақы жүйесін реформалаудың алғышарты мен ерекшеліктері.

2.2 Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін ендірудегі қабылданған модель.


ІІІ.Тарау. Қазақтанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кемшіліктері мен перспективалары.

3.1 Нарықтық қатнастар жағдайында жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

3.2 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы және оны енгізу себептері.


Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер
Менің ойымша, бүгінгі күні болашақтағы зейнетақыны ойлау - әркімнің жеке ісі. Сондай-ақ, болашақта өзінің жинаған қаражаты үшін қорықпайтындай болып, сенімді де дұрыс зейнетақы қорын мемлекеттік немесе мемлекеттік еместі тандау үшін жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйенің қалай ұйымдастырылғанын, қандай кепілдік бар екенін, қандай тәуекел бар екенін, оның нормативтік-құқықтық базасын білген жөн. Бұл осы жұмысты тандаған себептерінің бірі.
Тағы бір себебі, зейнетақы жүйесі бұл қор нарығының құрамдас бөлігінің бірі болып табылады . Ал дамыған қор нарығы экономикалық даму денгейін көрсететін бөлігі ретінде қарастырылады. Зейнетақы активтерін пайдаланып ұлттық экономикаға инвесторларды арттыруға болады.
Жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде, жалпы зейнетақы жүйесіне және оның негізгі элементтеріне шолу жасадым. Одан кейінгі бөлімде Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің казіргі кездегі жағдайына тоқталдым. Сонымен бірге осы курстық жұмысты жазу барысында зейнетақы жүйесін біршама зерттеумен айналыстым. ҚР-да « Зейнетақы туралы » заң 1997 ж қабылданып, жарық көрді. Бұл заң күшіне енгеннен бастап біздің мемлекетте зейнетақы жүесі дами бастады.
Зейнетақы жүйесі – бұл елдегі халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайына тура әсері бар. Сол себептен үшінші бөлімді бүгінгі таңдағы зейнетақы жүйесіне арнадым.
1. Құлпыбаев С., ІлиясовҚ.Қ. «Қаржы », Алматы 2005ж.

2. Карибжанова А.С. «Халықтың әлеуметтік қорғанысы », Алматы. Экономика 1999ж.

3. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру
туралы заңы » 1998 жылғы 20 маусым.

4. Континент, 2005ж. 6, 20-22 бет

5. Континент, 2005ж. 6, 32-34 бет

6. РЦБ 2001 ж. 31бет

7. РЦБ 2002 ж. 28-29 бет

8. РЦБ 2003 ж.5-4 бет

9. РЦБ 2004 ж. 23 бет

10.РЦБ 2004 ж. 56. бет

11. Қазакстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау Агенттігі мәліметтері.

12. Халықарылық блютень «Чилидегі жеке зейнетақы қорларының жүйесі».

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе

Негізгі бөлім

І. Тарау. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету
механизімі.

1.1 Жинақтаушы зейнетақы туралы түсінік

1.2 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизімі.

ІІ. Тарау. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің реформалаудың
алғышартының теориялық негіздері және зейнетақы жүйесіне енгізілген модель.

2.1 Зейнетақы жүйесін реформалаудың алғышарты мен ерекшеліктері.

2.2 Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін ендірудегі қабылданған
модель.

ІІІ.Тарау. Қазақтанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кемшіліктері мен
перспективалары.

3.1 Нарықтық қатнастар жағдайында жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

3.2 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы және оны енгізу
себептері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Менің ойымша, бүгінгі күні болашақтағы зейнетақыны ойлау -
әркімнің жеке ісі. Сондай-ақ, болашақта өзінің жинаған қаражаты үшін
қорықпайтындай болып, сенімді де дұрыс зейнетақы қорын мемлекеттік
немесе мемлекеттік еместі тандау үшін жалпы жинақтаушы зейнетақы
жүйенің қалай ұйымдастырылғанын, қандай кепілдік бар екенін, қандай
тәуекел бар екенін, оның нормативтік-құқықтық базасын білген жөн.
Бұл осы жұмысты тандаған себептерінің бірі.
Тағы бір себебі, зейнетақы жүйесі бұл қор нарығының құрамдас
бөлігінің бірі болып табылады . Ал дамыған қор нарығы
экономикалық даму денгейін көрсететін бөлігі ретінде қарастырылады.
Зейнетақы активтерін пайдаланып ұлттық экономикаға инвесторларды
арттыруға болады.
Жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде, жалпы зейнетақы
жүйесіне және оның негізгі элементтеріне шолу жасадым. Одан кейінгі
бөлімде Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің казіргі кездегі
жағдайына тоқталдым. Сонымен бірге осы курстық жұмысты жазу
барысында зейнетақы жүйесін біршама зерттеумен айналыстым. ҚР-да
Зейнетақы туралы заң 1997 ж қабылданып, жарық көрді. Бұл заң
күшіне енгеннен бастап біздің мемлекетте зейнетақы жүесі дами
бастады.
Зейнетақы жүйесі – бұл елдегі халықтың әлеуметтік және
экономикалық жағдайына тура әсері бар. Сол себептен үшінші бөлімді
бүгінгі таңдағы зейнетақы жүйесіне арнадым.
Еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі сңғы 9 жыл бойы жұмыс
істеп жатыр. Жинақтаушы жүйе міндетті болғандықтан, ол барлық жұмыс
істейтіндерге тиісті болғандықтан, бұл актуальды тақырып болып
табылады. Мен болашақта квалификациялы жұмысшы күшін ұсынушы
болғаныма байланысты менің курстық жұмысымның мақсаты-жүйенің іс-
әрекетіне, зерттеу жүргізіп, онымен байланысты айқынсыздықтарды жою.

І. Тарау. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның қызмет ету
механизімі.
1.1 Жинақтаушы зейнетақы туралы түсінік

Зейнетақы – бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азамттар
заңда көрсетілген тәртіппен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал аскери қызметкерлер, ішкі
кстер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген
қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Дүниежүзінде негізінен зейнетақы жүесінің екі түрі белгілі. Олар:
ынтымақтастықжүйесі
жинақтаушы жүйесі.
Ынтымақтастық принципке негізделген зейнетақы жүйесіне сәйкес,
зейнеткерлер өз зейнетақысын жұмыс істеп жүрген жұмысшылар есебінен алады.
Осы кездегі ауыртпалықтың бәрі жұмысшыларға түседі - өйткенізейнетақы
қорына түсетін қаржы бөлу ставкалары жоғары болады. Сондай – ақ, жалпы
халық саны ішінен зейнеткерлер үлесіжұмыс істеуге қабілетті адамдар үлесіне
қарағанда тез өседі. Бұл жүйе өте шығынды болып саналады.
Ал екінші түріне сәйкес, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі қорлар
жұмысшылардың өз жалақысынан міндетті зейнетақы жарнасын аударғанынан
қалыптасады. Ал кейін зейнетақы төлемдері мемлекеттік жәнен мемлекеттік
емес жинақтаушы зейнетақы корларынан әр кімнің жеке зейнетақы шотынан
төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюлжеттің жай- күйі, қанша
адамжұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргеніәсер етпейді. Салымшылар
міндетті зейнетақы жарналарынан қосымша ретінде ерікті зейнетақы жарналарын
төлей алады, олардың мөлшері шекелінбейді, жарналар бір рет немесе бірнеше
рет төленуі мүмкін. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әлеуметтік қорғаныш
кепілдігі жоқ болғандықтан тәукелді болды. 1
Сонымен қоса мемлекет зейнетақы жүйесінің субъетілерін үнемі қадағалаумен
айналасады. Олар:
● жинақтаушы зейтақы қорлары
● банк- кастодиан
● зейнетақы активтерін басқаратын үйымдар.
Жинақтаушы зейнетақы қолары – мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары.
Банк- кастодиан – клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздарымен ақша
қаражаттарын жауапкершілікпен сақтау және есепке алу жөнінде қызмет
көрсететін банк.
Жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания –
мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардың міндетті зейнетақы
жарналарын жинайтын және алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгіленген тәртіппен зейнетақы төлейтін, сондай- ақ зейнетақы активтерін
қалыптастыру жөнінде қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік
бағалы қағаздарға, мемлекеттік банкілердің депозиттеріне, халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды түлға.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардың міндеті және
ерікті зейнетақы жарналарын жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді,
сондай- ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті және осы
заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы активтерін басқару жөніндегі
компания арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға. Мемлекеттік
емес жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері:
♦ ашық
♦ корпоративтік
Бірақ бұл жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері қазіргі кезде заңды
түрде алынып тасталынған яғни оларды акционерлік қоғам деп атайды.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын
жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге
асырады.
Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол қордың құрылтайшылары және
акционерлік болып табылатын бір немесе бірнеше заңды түлғалардың алушы-
қызметкерлері үшін құрылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары мен міндеттері.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары:
-зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
-өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға;
-зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзгеде құқықтарды жүзеге асыруға
құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттері:
-алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен
зейнетақы төлеуге;
-жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге
асыруға;
-салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай- ақ оның сұрауы салуы
бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпарат
беруге;
-алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпараттың
құпиялығын қамтамасыз етуге;
-Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы заңдарымен зейнетақы
шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге;
-алушының қарызы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір
жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуға;
-зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниямен (мемлекеттік жинақтаушы
қорын қоспағанда) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарттар
жасасуға;
-бір, үш, бес, он күнтүзбелік жылғы стандарттық уақыт кезендеріндегі өз
қызметі туралы статистикалық және өзге де ақпаратты жариялауға міндетті,
бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қорларына салымдар бойынша табыстарға
кепілдікті немесе уәдені қамтитын ақпаратты жариялауға жол берілмейді.
-жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең
жағдайларды қамтамасыз етуге;
-Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да міндеттерді атқаруға
міндетті.

1.2 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизімі.

Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы
бойынша үш субъекті жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толыққанды мүшесі
болады. Олар жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы қорлары, зейнетақы
активтерін басқарушы компания, банк- кастодиан. Олардың қызметін реттеп,
қажетті нормативті құқықтық актілер шығарып қадағалайтын үш мемлекет орган
бар. Олар мыналар:
-Ұлттық банк;
-Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия. Бұл мемлекеттік орган Ұлттық
Банктің департаменті ретінде қосылып енді.
-Бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі департаменті болып табылады;
Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс - әрекетін реттейтін комитет бұл да
Ұлттық Банк департаменті болып қосылып енді. Жинақтаушы зейнетақы
қорларының іс-әрекетін реттеу департаменті.
Ұлттық банк – кастодиандардың қызметін бақылап, оларға лицензия беру және
одан айыру істерімен айналысады.
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия қор биржасындағы (БҚҰК) қор
биржасындағы бағалы қағаздарға ЗАБК-ң инвестициялау әрекетін бақылап,
олардың істерін қадағалайды. ЖЗҚІРК ЖЗҚ-ң іс- әрекеттерінің заңға
сәйкестілігін және салымшылар мен ара қатынасын бақылау, қажетті нормативті
құқықтық актілер жасаумен айналысады. Жоғарыдағы айтылған қадағалаушы
мемлекеттік органдар, бұл негізгі қызметінен басқа да істермен айналысады.
Енді жинақтаушы жүйенің іс жүзіне асу, аспауының негізгі гаранты болып
табылатын субъектілерге тоқталайық.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары тікелей банк- кастодианмен байланысты қызмет
атқарады. Банк – кастодиан өзі қызмет көрсететін ЖЗҚ- мен ешбір байланысы
жоқ болуы талабын ескерсек, онда ол тәуелсіз мүше рөлін атқара отырып, ЗАБК-
ң шешімін заңға қайшы деп табылса, орындамай қоюға құқығы бар. Жалпы, банк-
кастодиан өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы қорының құнды қағаздары мен
клиенттердің ақшаларын жауапты сақтаушы және есебін жүргізуші ретінде
қызмет етеді. Бұдан бөлек, бұл банк басқарушы компанияның нұсқауымен қор
биржасындағы саудаларға қатысып, қор активтерін инвестицияға салады. Бірақ
та, Банк- кастодиан ЗАБК және ЖЗҚ-мен байланысы болмағандықтан, ал
зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша тәуелсіз эксперт пен қадағалаушы
болып табылады. Банк – кастодиан тек екінші деңгей банктері болуы мүмкін.
Кастодиандық іс - әрекет лицензияланады.
Банктың кастодиандық іс- әрекетінен айналысуға құқығы болуы мүмкін, егер
оның жеке меншік капиталы 1 млрд. тенгеден кем емес және келесі банктік
операцияларымен айналысуға ұлттық банктің лицензиясы бар болса:
заңды тұлғалардан депозитқа ақша қабылдау;
жеке тұлғалардан депозитқа ақша қабылдау;
аударма операциясы: жеке және заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша ақша
аудару;
сейфтік операция: бағалы қағаздарды, клиеттердің құжаттары мен
құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету, сейфтік жәшіктерді, шкафтарды
жалға беру;
Ұлттық банк кастодиандық іс- әрекет бойынша банкке келісім беру мүмкін,
егер ол:
1. халықаралық стандарттарға өту бағдарламасы бойынша банктердің бірінші
тобына кірсе және ҚР территориясында банктік операциямен бір немесе оданда
көп жыл айналысса және келесі шартты қанағаттандырса:
- ұлттық банктің нормативті құқықтық актілері мен әрекет етіп жатқан заңмен
жұмыс істесе;
- ұлттық банктың әртүрлі пруденциалды нормалары мен шектеулерін өтініш
беруден үш ай алдында орындаса;
2. клиенттердің аударма және клирингтік операциялары бойынша шағымы
болмаса;
3. ұлттық банк берген орталықтанған кредит бойынша уақыты өткен қарызы
болмаса;
4. штатында бағалы қағаздармен іс- әрекет етуге рұқсат квалификациялық
куәлігі бар ең кемінде үш адамның болуы.
Кастодиандық іс- әрекетпен айналысуға ұлттық банктың келісімін алуы үшін,
банк келесі құжаттарды дайындайды:
кастодиандық іс- әрекетпен айналысуға келісім алуға өтініш;
кастодиандық іс- әрекетті толықтай сипаттау;
банктің аты мен орналасқан орны, оның құқықтық –ұйымдық формасы,
мемлекеттік тіркеуден өткені туралы мәлімет;
жарияланған және төленген жарғылық капиталдың көлемі және оның құрлымы;
бағалы қағаздар рыногындағы кастодиандық іс-әрекет тәртібі;
кастодиандық іс- әрекетпен айналысуға тағайындайтын мамандардың
квалификациялық куәлігінің көшірмесі;
кастодиандық іс- әрекетпен айналысуға өкілеттік беретін филиалдарның
тізімі.
Ұлтық банктың келісімін алғаннан кейін банк бағалы қағаздар нарығын
реттеу жөніндегі департаментқа лицензия алуға өтініш береді. Ұлттық банктың
берген келісімі, берген күннен бастап үш ай ішінде жарамды, егер ол
мерзімде банк ұлтық комиссиядан лицензия ала алмаса, онда келісім өзінің
заңды күшін жояды.
Қазіргі кастодиандық іс- әрекетпен айналысуға 11 банктың лицензиясы бар:
Қазақстан Халық Банкі АҚ, БанкТуранАлемАҚ, ТемірбанкАҚ,
Евразиялық банк АҚ, Банк Каспийский АҚ; БанкЦентКредит және т.б.

ІІ. Тарау. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің реформалаудың
алғышартының теориялық негіздері және зейнетақы жүйесіне енгізілген модель.
2.1 Зейнетақы жүйесін реформалаудың алғышарты мен ерекшеліктері.

Қазақстанда 1998 жылдың 1- қаңтарына бастап, жаңа зейнетақы жүйесі
жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істей бастады. Жаңа зейнетақы жүйесіне
көшудің себебі, ең алдымен, бұрынғы, яғни ынтымақтастық жүйенің
механизімін зеттейік. Ытымақтастық жүйесінде зейнетақылар
кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне, жұмысшыларына төлеген зейнетақы жарнасы
есебінен төленеді. Бұл жүйеге келесі факторлар әсер етеді:
туу көрсеткіші;
жұмыс істеушілер мен зейнеткерлер санының ара қатнасы;
өмір сүру ұзақтығы.
Кеңес одағы ыдырағана кейін экономикалық байланыстар үзіліп,
экономикалық дағдарыс басталды да жұмыссыздық күрт өсті, яғни жұмыс
істейтіндер саны азайып, зейнеткерлік демалысқа шығуға құқысы бар адмдар
өсті және еңбек ресурсының көбеюіне әсер ететін туу көрсеткіші де тым
төмендеп кетті. Бұл жұс істейтіндер мен зейнеткерлер санының арақатнасына
кері әсер етті.Қазіргі кезде бір зейнеткерге 1,7 жұмыс істеуші келеді.
Ынтымақтастық жүйесінде зейнетақы үздіксіз беріліп тұруы үшін бір
зейнеткерге бірнеше жұмысшы сәйкес келуі қажет және жарна уақытында
бюджетке аударылуы тиіс. Ол жарналардың үзілісіне және оның аз мөлшерде
түсуіне әкеліп зейнетақы қоры іс- жүзінде банкротқа ұшырады. Осы
жағдайларды ескере отырып Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету
жүйесінің кризиске ұшырауының негізгі себептерін келтірейік:
халықтың қартаюы, туудың төмендеуі, жұмыссыздықтың көбеюі, жұмыс істеушілер
мен зейнеткерлер арасындағы қатнастың төмендеуі. Бұл көрсеткіш қазір 1- ге
1,7 болып табылып, әлі де төмендеуде;
бюджеттік емес қорларға аударылуы тиіс міндетті жарналардың жоғары болуы
және төмен байланыстарының жоқ болуы, уақытылы төлемеуге, төлеуден жалтару,
бюджеттік емес қорларға беретін есепте минималды табысты көрсетуге, тіпті
салық органдарында тіркелуден қашып, бірақ та белсенді түрде жұмыс істеуіне
әкеліп соқтырды. Осыдан келіп мемлекеттік зейнетақы қорына барлық
кәсіпорындардың 35- 40 миллиард тенгені құрады. Төлемдердің аз түсуіне
байланысты декларацияда көрсетілген табысқа, салықты көбейту қажеттілігі
туындап, ол өз кезегінде әлі де болса уақытылы төлеп жүрген кәсіпорындарды
салықтан жалтаруына итермеледі;
зейнетақы жарналарын жеке тіркемеудің жоқ болуы әркімнің өзінің кәрілігін
қамтамасыз етудегі ынтасын жойды;
бюджеттік емес қорлар қаражатының жұмсалуы дұрыс қадағалау;
барлық обылыстардың жергілікті түсімдерден зейнетақы төлеу мүмкіндігі
бірдей емес.осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министірлігі түсімдерді қайта бөлу механизімін жасады. Ай сайынғы
жарналардың 30- пайызды республикалық шотқа түседі. Министірлік бұл шотта
жиналға қаражатты тапшылығық бар облыстар арасында бөлінеді.Обылыс бойынша
зейнетақы көлемін әр түрлі болуы әділеттікке жатпайды, және көп түсім
түсетін олыстың жаарналарды жинауға көп ынта көрсетпейді, себебі артығы
басқа обылыстарға боліну үшін кетеді.
орталықсыздандыру әкімшілік жұмыстардың қайталануына әкеледі. Аумақтық
тұрғыда операцияларды министірліктің бөлімшелері жүргізеді, ал екінші
жағынан барлық аумақтық бөлімшелер әкімге бағынады.
Міне біз жоғарыда көрсетілген себептердің нәтижесінде ҚР- да зейнетақы
жүйесінің неліктен дағдарысқа ұшырағанын білдік. Осымен ҚР жаңа жинақтаушы
жүйеге көшті. Ал енді жинақтаушы жүйенің бұрынғы ынтымақтастық жүйемес
арасындағы айырмашылығының артықшылығын қарап көрейік.
Біріншеден, ынтымақтастық жүйеде әртүрлі жеңілдіктер көрсетіліп, осыған
байланысты біреулер 60 жаста емес, одан ерте шығады, яғни бұл 60 жаста
зейнетақыға шыққан адамнан гөрі көбірек уақыт зейнетақы алады.
Екіншеден, жұмыс істейтін адам еңбек стажының көп бөлігінде орташа жалақыны
алып, кейін бірден жоғары жалақы алып зейнетақыға шықса, оның зейнетақысы
сол жоғары жалақының мөлшеріне сәйкес болады. Ал басқа адам көп жылдар
жоғары жалақы алып, сол бойынша зейнетақыға шығады. Салыстырып қарасақ,
екеуінің зейнетақысы бірдей,бірақ сонғы адам алдыңғыға қарағанда көбірек
әлеуметтік жарна аудару. Мұны әділеттілік деп айту қиын.
Үшіншіден, екі адам бір кңәсіорында жұмыс істейді, біреу жоғары еңбек
өнімділігін көрсетсе, екіншісінің еңбекке ынтасы аз. Бірақ зейнетақы алар
кезде олар бірдей зейнетақы алады. Жинақтаушы жүйенің осы жердегі бір
артықшылығы әр адам өзінің болашақ зейнетақысы үшін өзі жауапты. Ол алатын
зейнетақы мөлшеріжұмыс істегеніне, тапқан табысына байланысты.
Төртіншіден ынтымақтастық жүйеде зейнетақыны беру шегі, алушының қайтыс
болуымен аяқталады. Бұл адам зейнетақыға шыққанан кейін, күтпеген
жағдайларға байланысты ғана дүниеден кетсе, еңбек еткен кездегіаударған
жарналары текке кетті деген сөз. Ал жинақтаушы жүйеде өмір бойы жинаған
жарнасын, салымшы қайтыс болса, оның мұрагері алады, яғни артындағы отбасы
өз керегінше пайдаланады.

2.2 Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін ендірудегі қабылданған
модель.

2002 жылы 12 мамырда Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін
реформалау концепциясына 5жыл толды. Бұл зейнетақы жүйесінің стратегиялық
бағыттарын анықтап, қазақстан азаматтарының зейнетақымен қамтамассыздандыру
жүйесін реформалаудың басы болды.
Әрине, халықтын қартаю мәселелері және оларды зейнеақымн қамтамассыздандыру
біздін жас мемлекетіміз үшін көкейтестілік, сондықтан Қазақстан, басқа да
көптеген мемлекетер сияқты, 20- шы ғасырдың аяғында сапалы жаңа
зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесіне көшті- жеке жинақтаушы және арнайы
сипатты жүйелерге Қазақстандағы зейнетақы реформасы 20- шы ғасырдың 80-ші
жылдың басында Чилиде жүрген реформаға ұқсас Чилидағы зейнетақы ғажабы
туралы бұл елде жүргізілген зейнетақы реформасы жүргізілгеннен 14 жыл өткен
сөң айта бастады. 1995 жылы 21 зейнетақы қоры жүмыс істейді, қордағы жалпы
сомма 23,0 млрд. доллар мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің жартысын құрады.
Егер Чилидің мысалына ілесуіне керек, зейнетақы жүйесін реформалауда
Қазақстандық ғажап жайлы айту әлі ерте: ол үшін әлі 10 жылдай уақыт
керек. Негізінен Қазақтандық зейнетақы жүйесін реформалауда Қазақстандық
ғажап жайлы айту әлі ерте: ол үшін әлі 10 жылдай уақыт керек. Негізінен
Қазақстандық зейнетақы жүйесі 40 жылға негізделген, яғни ағымдағы ғасырдың
30 жылдың аяғына дейін.
2002 жылдың басында Қазақстанның жаңа зейнетақы жүйесінде 15 жыл жинақтаушы
зейнетақы қорлары қызмет жасады және олардың қорлары 1,2 млрд. доллар,
Қазақстанға, 1995 жылғы Чилидің стандартына жету үшін алғашқы 10 жылдықта
зейнетақы қорларының санын тағы 6-ға арттыру керек және де зейнетақы
активтерін жыл сайын орташа шамамен 2,0 млрд. доллар өсіру керек.
1995 жылы Чилидің жалпы ішкі өнім 50,0 млрд. доллар құрады, ал қазақстанға
бұл дәрежеге жету үшін 10 жыл бойы жалпы ішкі өнімге тұрақты 8-9 пайыз
қосымша алу керек, бұкіл біздің экономикалық жағдайында қиынға түседі. Ең
оптималды болжам, егер Қазақстанға әр жыл сайын жалпы ішкі өнім- 5 пайыз
арттыра алса, онда 2011 жылдың соңында 36,0-37,0 млрд. доллар жетеді. Бірақ
бұл шаманын жартысын зейнетақы активтері құрайды дегенге сенушілік аз,
мүмкін, жалпы ішкі өнім -20 пайыз зейнетақы активтері құрайтын шығар, онда
бұл 7,5-8,0 млрд. доллар соманы құрайды. Себебі қарқынды дамып жатқан
қазақстанның банк жүйесінде жалпы ішкі өнімнің – 20 пайызын құру үшін 10
жыл қажет болды.
Қазақстан және Чили арасында ұқсастық өте көп. Бұл елдердің халқын саны
бірдей, табиғи ресурстарына бай, әсіресе түсті метал рудасы, экономика
ресурстарынның негізгі тау-кең өндірісі құрайды. Бірақ бұған карамастан,
Қазақстан және чилидің көптеген әлеуметтік – экономикалық айырмашылықтары
зейнетақы жүйесін құруға үлкен әсер етті. Мысалы 80 жылдардың барысында
Чили түрғындарының 85 пайызы қалаларда түрды, яғни бұл мемлекеттің
урбанизация көрсеткіші өте үлкен. Бұл кезде Қазақстанның қалаларындағы
тұрғындар халықтың тек жартысын құраған.
80 жылдарда экономикалық өсу кезеңі зейнетақы рефомасымен сай келді де
қысқа уақыт мерзімінде зейнетақы жүйесіне қажетті активтер жиналады.
Чили зейнетақы реформасының 1-ші жылында экономикалық өсуден өтіп жатты.
Реформасының 1-ші 10 жылдығында жылдық, жалпы ішкі өнім орташа шамамен 7
пайызға өсті. Бұл кезде сонымен қатар Чилидің қор нарығы кенейіп жатты. Осы
фактілер арқылы Чилидің зейнетақы қорларына үлкен табыс алғандары
түсініледі. 1981- 1995 жылдар аралығында жыл сайынғы зейнетақы активтеріне
түсетін табыс, инфиляцияны ескергенде 13 пайызды құрайды.
Зейнетақы реформасының 1-ші жылы экономиканың құлдырауы байқалды. Халықтын
жартысы ауыл тұрғындары құрады, ал ауыл шаруашылығы 90 жылдары құлдырады.
Өндіріс кәсіпорындары өз жұмыстарын тоқтатты немесе банкроттыққа ұшырады.
Халықтың жұмысқа жарамды тұрғындары жұмыссыз жүрді. Мемлекеттін
зейнеткерлер алдындағы қарызы қиын қыстау болды қор нарығы мүлдем жоқ еді.
Осындай қиындықтар кезінде Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің
қалыптасуын бастады.
Чили Латын Америкасының елдерінің ішінде бірінші болып 20 ғасырдың 20
жылдың ағымдағы табыстарда зейнетақыға төлейтін мемлекеттік жүйені
қолданды. Қызмет етіп жүрген 52 қор арасындағы ұқсастық, олардың барлығы
бөліп алу қағидасы бойынша жұмыс істеді. Яғни жұмыссыздардың зейнетақы
жұмыс істеп жүргендердің салымдарына төленеді және жүйенін қызметі
мемлекеттегі актив және пассив жұмысшылардың қатынасына байланысты болды.
Чили мен Қазақстанның зейнетақы жүйелерінің басты айырмашылығы, Чилидің
әлеуметтік қамсыздандыру корларында жұмысшылардың салымдарына учет
жүргізілді, яғни ағымдағы зейнетақы төлемдері мен болашаққа салынатын
салымдар арасында тікелей байланыс болған. Ал, Қазақстандық корларда
салымдарға учет жүргізіледі. Сондықтан салымдар мен төленетін зейнетақы
арасында байланыс болмайды. Осылайша, Чили мен біздің мемлекеттік
кассаларын байланыстыруға болмайды, себебі олар қызметтері жағынан бір
–бірінен ерекшеленеді.
Жарты ғасыр өмір сүрген Чилидің келесідей кемшіліктерге ие болды: әрбір
салада зейнетақының түрлі мөлшерлері тағайындалады, бюрократизм кең дамыды,
зейнетақыны саяси тағайындау мөлшерлері салымдардың жоғарлауына әкелді.
Сондықтан мемкеттің барлық шығындарының 28 пайызын мемлекет тарапынан
әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қаржыландыруды құрайды. Сонымен
қатар мемлекет қажетті қаржыларының жоқтығына қарамастан арнайы
пособияларды берді. Осыған байланысты Чили мемлекетті зейнетақы алымдарының
мөлшерін үлкейтуне мәжбүр болды, осы себептен халық зейнетақылық
салымдардан бас тарта бастады және т.с.
1981 жылдың мамырында экономика тұрақты сатыға көтерілген кейін және
мемлекеттің қаржысы өскенне кейін, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің
реформасы заңға 1980 жылы қабылданған сай жасалды. Мемлекетік зейнетақымен
қамтамасыздандыру жүйесі міндетті жекеге ауыстырылды.
Жаңа қазақстанның зейнетақы жүйесі, жинақтаушы деп аталғанмен де, арнайы
жекені білдіреді. Чилиге қарағанда бұл жерде басынан бастап жеке зейнетақы
жүйесі қалыптасты. Қазақстанда жеке жинақтаушы жүйемен қоса ескі ниеттілік
жүйесі де қызмет етіп жатыр.
Осылайша, Чилидағы зейнетақы реформасы 10 жылдай дайындалды. Қоғам жаңа
зейнетақы жүйесін қабылдауға дайын балғанда және экономика өскен кезде Чили
үкіметі зейнетақы қабылдауға реформасын жасауға кірісті. Макро
экономиканың көз қарасынан, Чили мен салыстырғанда, 1997-1998 жылдары
басталған Қазақстандық зейнетақы реформасы үшін біздің елде экономикалық
және әлеуметтік тұрақтылық бар болды. Әрине, 5 жылдан кейін реформаны
талқылау жеңілдірек, бірақ сол кезде зейнетақы жүйесіне көшу дұрыс шешім
болған. Егер Чили зейнетақы реформасына он жыл дайындалса, онда біздің
жағадайда дайындық бірнеше айда ған алды. Бұл факт қазақстандағы зейнетақы
реформасының белсенді дайындалғанын дәлелдейді. Бірақ кейбір Чиновниктердің
ойынша, зейнетақы жүйесінің басты мәні мемлекетік емес зейнетақы қорының
пайда болуы. Ол көптеген нарқ қатысушыларымен дұрыс қабылданбады осылайша,
қазіргі кездегі ресейде ендіріліп жатқан сызба бойынша жоспарланды, яғни
еркін мемлекетік емес зейнетақымен қамтамасыздандыру негізінде. Мүмкін,
рекін зейнетақы жүйесін жұргізуге біздің мемлекетте уақыт болмады, Осыған
байланысты арнайы зейнетақы жүйесіне лезде көшу туралы шешім қабылданды.
Біздің мемлекет Чили моделін кейбір өзгертурлермен қолданды. Өзгертулер
МЗЖҚ құру мен ескі ұймдар зейнетақы жүйесін құруда болды. Осылайша
Қазақстандық зейнетақы жүйесі болып табылмайды, ол Аргентина және Колумбия
модельдеріне негізделіп жасалған. Сондықтан Қазақстандық зейнетақы
реформасы Латын Американдық жолмен жүріп жатыр деп айытуға болады, бірақ
оның негізінде қайткенменде Чили моделі жатыр.

ІІІ. Қазақтанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кемшіліктері мен
перспективалары.
1. Нарықтық қатнастар жағдайында жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

Халқтық тәжірибе көрсеткендей халықтың салымдары инветициялау мақсатпен
дұрыс қолданып жатыр. Оларды тартумен мемлекеттік емес институттар жүйесі
айналысады. Олар қаржылық делдалдар және ұжымды инвесторлар түрінде
қызметтерін атқарады нарықтық экономикасы дайындаған елдердің тәжірибесі
бойынша ұлттық инвестицияның барлық көлеміне бұл институтардың үлесі зор.
Бұндай институтарға, сонымен қатар мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорлары да жатады, олар халықтызейнетақымен қамтамасыздандыру арқылы
әлеуметтік шараларды шешумен және үлкен инвесторлар ретінде қызметпен
айналысады.
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің реформасы зейнетақымен қамтамасыздандыру
жүйесін қалыптастыруға әкелді оның басты субъектілері мемлекеттік емес
жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару мен айналысатын
компаниялар және банк-кастодиандар болып табылады. Бұндай институтардың
дамуының бастапқы жылдарындағы жұмыстары арқылы мынадай шешімге келуге
болады. Қажетті жағдайларды жасап және сәкес мемлекеттік реттеу кезінде
жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері экономикаға аса қажетті
инветициялар ретінде бола алады, негізінен ұзақ уақытты болады.
Әлемде 2- і зейнетақы жүйесі бар:
• ынтымақтастық;
• жинақтаушы.
Ынтымақтастық жүйеде бүгінгі зейнеткерлер өз зейнетақыларын бүгінгі күнгі
жұмысшылар арқасында алып жатыр. Бұл жүйе бойынша жұмысшыларға үлкен
ауырлық түседі, себебі зейнетақы қорларына үлкен көлемде салымдар жіберілуі
тиіс. Халықтың ішнде зейнеткерлер санының өсуі бүгін үлкен қиындықтардың
бірі. Бұл жүйе шығынды деп танылады.
Жинақтаушы жүйеде зейнеткер зейнетақыны өз жинақтарынан алады. Зейнетақы
жүесін реформалау кезінде жеңілдіктер қысқарады, зейнетақыға шығу уақыты
өседі, жеке зейнетақы қолары дамиды және т.с.с. Әлеуметтік қоғаудың
кепілдігінің болмау жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі тәукелділік.
Зейнетақы жүйесінің ұйымын таңдауыдың басты критерисі – оның қаржылық
тұрақтылығын қамтасыздандыру:
1.Ынтымақтастық жүйе үшін – бұл зейнеткерлер мен жұмысшылар санының орташ
зейнетақы мен орташа еңбекақының орташа мөлшерінің ара қатынасы, сонымен
қатар салымдарды жинау денгейі.
2. жинақтаушы жүйе үшін – бұл активтерді салу, болашақтағы зейнетақы
мөлшері, өмір сүру денгейі мен жұмыс стажының ара қатнасы.
Өмір сүру денгейінің ұзақтығы және өте жоғары зейнетақылар үшін екі
жүйеденде салымдардың жоғары мөлшерін қажет етеді.
Реформалаудың мақсаты біреу – кәрі адамдарды қорғау және экономикалық өсуге
үлесін қосу.
Қазақстанда жұмыс істеген зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйесі жұмыс
істеуге жарамсыз халықты қамтамасыздандыруда өзінің тиімділігін көрсетті.
Қазақстан Республикасымен қабылданған зейнетақы жүйесінің 3 –ші денгейінің
қалыптасуының қажеттілігін айқындайды, оларға банктік және сақтық
компаниялардың ұсынатын қызметтері және арнайы маманданған мемлекеттік емес
зейнетақы қорлары арқылы мемлекетттік емес зейнетақымен
қамтамасыздандырылады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары халықтың психологиялық
қажеттіліктерін қамтамасыздандырады, яғни кәрілік кезінде жұмысқа
қабілеттісіз болған кезде жинаған ақша салымдарын материалдық негіздері
ретінде пайдаланады. Зейнетақы қорларының активтері кәсіпорындардың,
ұйымдардың, азамттардың салымдарымен, сонымен қатар инветициялаудан түсетін
табыстардан құралады. Зейнетақы салымдарының ерекшелігі олар ұзақ уақытқа
салынады, яғни салымдардың түскен уақыты мен өтеу уақыты ұзақ болып
табылады. Сонымен зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесі арқылы ақша
қаражаттарын жинақтау ұзақ уақытты болды. Сәйкесінше бұл уақыт аралығында
инфиляция жағдайында өз құнын сақтау мақсатымен, олар қысқа мерзімді
қаржылық құралдарға, сонымен қатар ұзақ мерзімді активтерге және
инвестициялық бағдарламаларға салынуы мүмкін.
Қор нарығының дамуына жинақтаушы зейнетақы қорлары үлкен үлес қосуда,
себебі өзінің ісінің ерекшелігіне байланысты ұзақ мерзімді инвестициялаумен
айналысады және осыдан қаржы нарығының ұзақ мерзімді сеторының қатысушысы
болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде зейнетақы қорлары ең мықты,
сенімді және тұрақты жұмыс істейтін әлеуметтік қаржылық институттар болып
табылады. Осыдан ұзақ уақыт жұмыс істейтін зейнетақы қорларында ауқымды
мөлшерде қаражаттар жинақталады.
Қаржы нарығында мемлекеттік емес зейнетақы қорының инветор ретінде
үлесі зор және активтерінің қарқыны өте жоғары, сонымен қатар кейбір
мемлекеттерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері мен
инветициялаудан түсетін табыстарына салық төлеуде жеңілдіктер беріледі.
Осыған байланысты қорлардың жұмыстарына батыс елдерінің қызығушылығы туып
жатыр. Бұл құбылысты былай түсіндіругу болады:
1) қосымша, зейнетақымен қамтамсыздандыру саласының институтта
жүйесінің дамуы мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау
ауыртпалығын төмендетуге көмектеседі.
2) Мемлекет экономикасыны көлемінде мемлекеттік емес зейнетақы
қорларының қаражаттарды жинақтарын жұмылдыру кеңеюіне және
тұтынудың қысқаурына әкеледі.
Дамыған мемлекеттерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларының
инвестициялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнетақы жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәні
Зейнетақы қорларының есебінің теориялық-әдістемелерін негіздеу
Сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі
Отандық корпоративті бағалы қағаздар рыногының жағдайына талдау
Зейнетакы
Степногорск қаласы бойынша кәсіпорынға жеке табюыс салығын талдау және жетілдіру жолдары
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, оның қазіргі кезеңде Қазақстанда іске асыру мәселелері
Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы
Қазақстан Републикасының зейнетақы нарығына экономикалық талдау
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы: теориясы, тәжірибесі
Пәндер