Табиғи ресурстардың және ластанудың экономикалық және экологиялық есебі



Кіріспе
І.Негізгі бөлім
1.1.Табиғи ресурстардың және ластанудың экономикалық және экологиялық есебі
1.2.Қоршаған ортаны пайдаланудың экономикалық механизмі
1.3.Табиғаттың экономикалық нысандары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді.
Өлі табиғатқа – ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын аналық жыныстар жатады.
Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, насеком, құс, балық, аң мен біздер, адамдар жатамыз. Өлі табиғат тірі табиғаттың тірегі, ал тірі табиғат өзінің қалдықтарымен өлі табиғатты баытып отырады. Ал топырақ осының екеуіне де жатпайды. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көиегісіз-ақ өзін-өзі тазартып аала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар.
1. Қасымбекова Қ.Қоршаған ортаны қорғау – адамзаттық міндет.
Заман – Қазақстан. 2002ж. 4 қазан. №40. 6-бет
2. Шоқпытов А.Су мөлдір, ауа таза, көк шалғын мен орман – тоғай жайқалсын десек...Атамекен. 2002 ж. 10 шілде.
3. Қараева Ш. Қоршаған орта – қамқорлыққа зәру.Сақшы. 2002 ж. 19 қыркүйек. 5-бет
4. Жұмалиева Б. Экологиялық сақтандыру туралы заң керек. Бірақ, сақтауды ойлап жатқан ешкім жоқ.
5. Алтын Орда. 2004 ж. 5-7 тамыз 7-бет. Әбенбаева С. Табиғат та сұлулықтың кәусарбұлағы.Ұлт тағлымы. 2003 ж.
6. Бейсенова Ә. Мәселенің мәні неде? Парасат. 2005 ж.
7. Темірғали Ж. Экология – екінші реттегі мәселе емес. Заң газеті. 2001 ж. 28 мамыр 3-бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І.Негізгі бөлім
1.1.Табиғи ресурстардың және ластанудың экономикалық және экологиялық есебі
1.2.Қоршаған ортаны пайдаланудың экономикалық механизмі
1.3.Табиғаттың экономикалық нысандары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс,
өздігінен пайда болған дүние. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.
Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді.
Өлі табиғатқа – ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын аналық
жыныстар жатады.
Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, насеком, құс, балық, аң
мен біздер, адамдар жатамыз. Өлі табиғат тірі табиғаттың тірегі, ал тірі
табиғат өзінің қалдықтарымен өлі табиғатты баытып отырады. Ал топырақ
осының екеуіне де жатпайды. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі
бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көиегісіз-ақ өзін-өзі тазартып аала
алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге
келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы,
зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың
адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана
өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне
пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына
айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған
табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана.
Таза табиғат үшін күрес – адам үшін күрес, келешек үшін күрес. Табиғаттың
тозуы – экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ал одан құтылудың
бірден бір жолы – халықтың, түгелдей табиғаттың, адамның санасыз
әрекетінен тозуына қарсы күрес жүргізу. Ел біріксе, алынбайтын қамал,
жеңілмейтін қиындық жоқ. Ендігі мәселе-әр адамның саналы түрде табиғаттың
тозуына қарсы күресуі. әрбір кісіге табиғатты қорғау өзінің өмір қажетіне
керек. Пайдаланғанда оны быгғану мен уланудан, тозып кетуден қорғауды
үйрету, бұл әрине, педагогикалық оқу мен тәрбиелеу проблемасы. Табиғат
қоғауға әрбір кісіні тәрбиелеу педагогика ғылымының негізгі принципі болуы
керек. Адам бойында табиғатқа дос қасиеттің қалыптасуы әркімнің отбасы,
ошақ қасынан, үлкендердің өнегелі іс-әрекетінен басталады. Бұл бүкіл
халықтың дәстүрлік мәселесі. Мысалы, халқымыз ғасырлар бойы көктемнің
алшақты наурыз мейрамының басын өз ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл,
жасыл желектер егіп, су ағатын арыған жөнге келтіріп, ел болып бірігіп
көшелермен алаңдарды тазалап, көң – қоқыстарды жинап, ағаш, егін егіп,
тұрмыс, шаруашылық мейрамы деп өткізген. бір тал кесең, он тал ек,
Бұлақ көрсең – көзін аш тағы басқа өзін қоршаған ортадан игілік атаулының
көзін ашуға шақырған. Табиғатты қорғауға байланысты халқымыздың салт-
дәстүрге айналдырған іс – шараларына көптеп мысал келтіруге болады. Жері
байдың – елі бай деп халқымыз тегін айтпаған.

1.1.Табиғи ресурстардың және ластанудың экономикалық және экологиялық
есебі
Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста,
өзгеруде, дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Бұл адамзат
қоғамының өмір сүруіне кажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,
информациалық және әртүрлі табиғи құбылыстардың жиынтығы.
Адам шаруашылық қарекетінде табиғатпен байланысты, оған тікелей
немесе аралық әсерін тигізеді.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және сонымен
қатар тұтас күрделі мәселе. Халықтын өмірлік қарекетіне, әсіресе денсаулығы
мен өсіп-өнуіне, тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арқылы
жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы - атмосфералық
ауа, табиғи сулар, топырақ жамылғысы, геологаялық қүрылым, өсімдіктер мен
жануарлар, сонымен қоса төтенше қүбылыстар мен барлық био-сферада жүретін
процестер ықпал жасайды. Табиғат арқылы адамның өзінің көптеген
қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Адам күрделі "табиғат-коғам" жүйесінің бір белігіне жатады. Қоғамның
материалдық, мәдени, тағы да басқа мұқтаждығын канағаттандыру үшін қазіргі
кезенде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи
құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады. Оларға атмосфералык. ауа. су,
топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар
әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т. б. жатады.
Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен сіктследі: қол жетерлікке.Оған
асатын немесе нақтылы және потенциалды), пайда болуына. антропогенді,
химиялық табиғатына (органикалық, ми-нералдық) көздері мен орналасуына
(жер, су, кен, өсімдіктер, орчиіп, колдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылыми,
эстетикалық, рск.рсаиия;іык), пайдалану өрісше (энергетикалык, шикізат,
тамақ) оаи мнысш. Ресурстар сонымен қатар бастаикы (тікелей алынатын) және
косымша материалдық (әртүрлі ендіріс утилдеуге жататын қосалкы онімдері)
болып табылады..
Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды,
ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын, табиғи процестердің
нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады.
Сарқылатын табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін
болып бөлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның койнауындағы пайдалы
казбалар - металл (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті
металдар) рудалары, бейметалды қосылыстар (өнеркәсібінің металлургиялык,
химиялык. және басқа салаларына арналған шикізаттар), жер асты сулары,
құрылыс материалдары (мрамор, құм, гранит және т. б.), энергия сақтағыш
көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш сланец, жертезек) жатады. Бұл
ресурстардың қайтадан орнына келу қабілеті жок, себебі олар откен
геологиялык дәуірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы,
тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінін өнімі. Қазіргі
кезевде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ,
сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.
Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану каркыны аддағы уақытта
төмендемейтін болса, олардың коры азаятыны сөзсіз. Ғалымдардың болжамы
бойынша, мысалы, алюминий рудасының қоры 500-600 жылға, темірдікі - 150
жылға, мырыштыкі - 200-230 жылға, корғасындікі - 20-30 жылға жетеді екен.
Осындай дағдарыстан шығу үшін ресурстар қорын үнемдеп пайдалану, сақтау
және жаңа корларын барлау, қайтара пайдаланатын шикізатты қолдану, металл
сынықтарын кайта еңдеу, құнды және сирек кездесетін металдарды, істен
шыққан аспаптарды қайта жөндеу жәпе тағы да басқа шараларды іске асыру
орынды.
Қалпына келмейтін табиғи ресурстар жойылатын - олар қолдану
нәтижесінде жойылады, мысалы, газ, көмір, мұнай, жертезек пен т. с. және
таралатын -солдану нәтижесінде жойылмай бір түрден екінші түрге айналатын
ресурстар, мысалы темір және басқа металдардың рудалары, фосфор, күкірт
және басқа да элементтсрдің косылыстары.
Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бүзылуы салдарынан орны
толмайтын ресурстар қатарына соңғы уакытта түщы су, оттек кәне т. б.
қосылды, себебі, бұлардың шығындалуы табиғаттың өздігінен қалпына келу
мүмкіндігінеп асып кетуде. Сарқылатын ресурстардың кейбір түрлері мүлдем
сарқылған жағдайларға кеткені де қазіргі кезсвде орын алған. Мысалы, соңгы
400 жылдың шінле жер бетінен құстар мен сүткоректі жануарлардың 130 түрі
койылып кеткен, Қызыл кітапқа жыл сайын жойылуға бағытталған жануарлар мен
осімдік әлемінің бірнеше түрлері де енуде. Атап айтқанда, казірдің өзінде
жойылуға жакындаған жоғарғы өсімдіктер, омыртқалы жануарлар мен кейбір құрт-
құмырсқалар саны 10 мыңнан асып отыр. Кейбір жануарлар түрі тек зоопарктер-
ЧС сақталған.
Саркылмайтын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ, және орман
ресурстарына ерекше тоқталуға болады.
Топырақтың түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін
процестердің бірі. Оның алуан түрлі қосылыстардан басқа кара шіріктің
негізгі мөлшерін жинақтайтын 1 см калыңдығы беткі қабатының түзілуіне 100
жылдай, 20 см кабат қалыңдығының түзілуіне табиғатқа кемінде 5-7 мың жылға
дейін уақыт қажет. Ал осы қабатты жоюға түзілу мерзімімен салыстырғанда кеп
уақыттың қажеті де жоқ, бірнеше сағат ішінде (нөсер жаңбырмен шайылуы
немесе бір жолғы шаңды дауылмен үшырылуы) ең әрі кеткенде бірнеше жылда (20-
30 жылда жедел эрозия нәтижесінде) құнарлығынан айыруға болады. Топырақты
өңдеуге дұрыс технология қолданылмаса, ауыл шаруашылығы экстенсивті түрде
жүргізілсе, ормандар алқабы қысқартылып отырылса, бұл жағдайлар су және жел
эрозия процестерінің күшеюіне әкеліп соғады. Бұдан басқа да табиғатты
пайдалану жолдарының нәтижесінде колданылатын жерлер, соның ішінде өте
бағалы жыртынды жерлер, жойылып кетуі мүмкін. Сонымен, топырақ қалпына
келетін ресурс болғанымен, оны тек қатаң қолдану тәртібін ұстап күту арқылы
ғана қалпына келтіріп немесе бұзбай отыруға болады. Атап айтсақ, бүкіл
құрлықтың ауданы шамамен 149 млн. км2 (14900 млн. га) болса, оның 40,6 млн.
км2 (4060 млн. га), яғни 28%-тін ормандар алып жатса, тек 1450 млн. га (10%-
ті) егістікке жарамды, ал 2600 млн. га (17%-ті) жайылым мен шабындык, 45%-
тейі шөл және шөлейттер. Дүние жүзінде өңделетін топырақ мөлшері 0,28
гаадамға, Ресейде әр адамға шеккенде келетін егістік жердің көлемі 0,94
га, АҚШ-та —0,63 га, Қытайда -0,16 га, Германияда —0,15 га, Үлыбританияда —
0,13 га, Жапонияда — 0,04 га, Қазақстанда — 2,25 га. Жылдан-жылға барлық
елдерде жарамды жер көлемі азаюда.
Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың
маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да, әсіресе ағашты жатқызуға
болады. Біздің планетамыздағы орман алқаптары азаюда, оның бірден-бір
себебіне ағаштарды кесу, ауылшаруашылық дақылдарына және жайылымдарға жер
дайындау жатады. Ауылшаруашылық дақылдарын егуге жер дайындау үшін
Африкадағы тропиктік ормандардың 70%-тейі, Азиядағы ормандардың 50%-тейі,
Америкадағы тропиктік ормандардың 35%-і жойылган. Орман алқаптарының
кысқаруы көптеген елдерде, сонымен қатар Ресейде, Қазакстанда (Қызылорда,
Жамбыл, Оңтүстік Қазакстан облыстарында сексеулді кесу мен Солтүстік пен
Шығыс облыстарындағы өрттер) қарқынды жүруде. 1980 жылдары тропиктік
ылғалды ормандар 11,3 млн. га-ға жойылған.
Табиғи-ресурсты потенциал. Әлемдегі ресурстардың аймақтық біркелкісіз
орналасуы
Табиғи ресурстар деп материалды өндірістің барлық сұраныстарын
(минералдық, жерлік, ормандық, сулы ресурстар) қанағаттандыруға
қолданылатын барлық табиғи байлықты айтамыз. Табиғи ресурстармен катар
табиғи жағдайларды да қарастырады. Олардың табиғи ресурстардан
айырмашылығы, олар адамның өмірі мен іс-әрекетіне әсср етеді.
Қазіргі даму жағдайында табиғат барлық ресурстарды кені - өндірістік
( өнеркәсіптік шикізат пен энергая), ауыл-шаруашылық, денсаулықтық және
рекреациондык, хгг-тикалық және ғылымдық, аймақтық және экологиялык
-ретінде қарастырылады.
Адамның шаруашылық іс-әрекетіне қодданылатын жер мен оған жақын
космос аймақ табиғи-ресурсты потенциалды аталады. Көп елдерде, солардың
ішінде Ресейде , табиғи ресурстардың, олардың экономикалық және
экологикалық бағасы туралы деректер жинады табиғи
ресурстардың кадастры жүргізіледі. Бұл деректер табиғи
ресурстардың орналасуларының аймақтық біркелкілігін көрсетеді. Бұл
біркелкісіздік жер, су, энергетикалық минералды сияқты негізгі
ресурстардың орналасуынан жаксы көрінеді.
Жер ресурсы. 1980 жыл аэрокосмостық деректер бойынша шаруашылыққа
қолданылмаған жер көлемі бағаланды. Бұндай өңделмеген жерлер 38 млн.км 2-ді
тізім құрайды екен, немесе құрылықтың 28%-ті. Барлық егінді жерлердің
жартысы толық арзығанша егін егуге қолданылады, жерлердің көлемі
қалалардың өсуі, жолдар мен өндірістік құрылыстардың салынуымен
қысқаруда. Егісті аймақтарға құрғақшылықтың әсерінен шөлдену процесі де
үлкен зиянкестік жасауда. Шөлдену қаупі Жердің шамамен 30 млн.км2 аймағына
(19%) қауіп тудыруда.
Жаңа терригорияларды меңгеру негізінен олардың адамның тұрақты
тұруына (өмір сүруіне) ынғайлылығымен байланысты. Европалық стандарт
бойынша жылдық орташа температурасы -2°С жоғары және теңіз деңгейінен 2000
м-ден төмен аймақтар қолайлы деп есептеледі.
Су ресурстары. Планетамыздағы негізгі тіршілік иелері таза суды керек
қылады. Таза ауыз сулар да жер бетінде әр келкі орналасқан. Құрылықтың әр
аудандарындағы орташа жылдық жауын-шашын көлемі 0-ден 12500мм-ге дейін
мөлшерде. Судың булануы да әр қилы - 150-ден 4000 мм. Қүрғақ жерлердің 63%-
тін теріс су балансы бар аймақтар алып жатыр, бүл жерлерде булану арқылы
кететін су мөлшері түсіртін жауын-шашын көлемінен кеп. Орталық Азия
мешіекептеріндегі су проблемалары ғаламдық масштабқа айналып отыруында.

Қоршаған ортаның ластануы.
Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс
технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық,
табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-
жақты қолданылу үстінде.
Қоршаған ортадағы улы заттар үлесінің тынымсыз артып отыруы ең әуелі
адамның өзіне ауыр, денсаулығына жүк болады. Мұнан соң ауыл шаруашылығы
өнімдері мен дақылдарының сапасын аздырып, түсімділігін төмендетеді.
Ормандар мен су қоймаларының қуатын әлсіретіп, құнарлығы төмен жаңа
жерлерді айналысқа түсіру қажеттілігін туғызып, оларды өңдеуге кететін
шығын мөлшері артады.
Өзендер мен көлдерге мұнай және оның түрлі өкілдері органикалық улы
заттар құйылады. Мұның бәрі де біз өмір сүріп отырған ортаның тазалығын
төмендетіп, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сндай-ақ былғанған ауа мен
судың, ластанған топырақтың мұндай кері әсерлері бүгінгі күнмен бітпейді.
Олар кен қазу жұмыстары тоқтағаннан кейінде, ұзақ уақыт бойы сақтала
береді.
Табиғатты сақтаудың экологиялық тұрғысы адамның жер үстінде, қазір
де, болашақта да қайғы-мұңсыз, аман-есен жайлы өмір сүруін тікелей
қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Бұл үшін өсімдік пен жан-жануарлар
дүниелерінің жойылып кетпей,табиғатпен тұтаса өмір сүруіннің негізгі
сақталуы шарт. Халықтар санының артып, өсімдік жамылған жер қыртысының
азаюы және көптеген кен байлықтары қорының шектеулі болуы бұл мәселені
айрықша назарда ұстауды талап етеді. Бұл үшін адам тұрғылықты даму
тұжырымын сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де мойндап, оны тікелей
ұстануы, айналасындағылырды осыған көндіре білуі қажет.
Техника-экономика тұрғыда өндірісті жүргізудің ұтымды технологиялары
мен құралдарын дұрыс талдап, табиғатты сақтау шараларын жүзеге асырудың
арзан және пәрменді жолдарын табуды талап ету.
Қазақта бұрыннан келе жатқан Адам мен табиғат егіз деген қағида
бар болса, қазіргі күні сол адам мен қоғамның табиғатпен, қоршаған ортамен
қарым-қатынасы ерекше күрделене түсті. Адамдардың табиғатқа ұмтылуын
арнаулы ұйымдастыру мәселесі толықтай терттелмеген. Сонда да төмендегідей
заңдылықтарды атап өтуге болады:
Қалада тұратын адамдардың табиғи ортада демалуға ұмтылуы соңғы жылдары
күрт өсіп, қала маңының жер бедеріне теріс әсерін тигізе бастады.
Әлеуметтанушылық зерттеулер қала сыртында демалушылырдаң арасында жеке
адамдардың аз болып (4-5,5%-ы), отбасылық (54-55%-ы) және көңілдес (39-40%-
ы) топтардың басым екендігін дәлелдейді.
Қала тұрғындары қала сыртына барғанда уақыт өткізуді қолайлы ететін
жағдайларға үлкен көңіл бөледі.
Қала сыртында пошымдық қатынастардан гөрі, адамның өзін-өзі еркін сезінуі
жоғары қойылады.
Жалпы жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдерде
өндірістің күрт дамуы адамның табиғатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның ластануына себепші зиянды заттар
Табиғатты пайдалануды басқарудың теориялық негіздері
Босалқы жерлердің мониторингі
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Экологиялық талаптар
Қоршаған табиғи орта
Қоршаған ортаны қорғау экономикасы және табиғи ресурстарды тиімді қолдану
Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсерлері
Көмірсутекті шикізаттарды пайдаланудың экология-экономикалық мәселелері
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудағы қаржылық реттеудің қазіргі жағдайы және шешу жолдары
Пәндер