Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары



Қазақстандық туристік өнім және оның әлеуетіне баға беру
Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары
Қорытынды
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекрециялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен
даму тенденциялары

1 Қазақстандық туристік өнім және оның әлеуетіне баға беру
2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау
3 Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі
тенденциялары
Қорытынды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ
ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

1. Қазақстандық туристік өнім және оның әлеуетіне баға беру

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Бүкіләлемдік
Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің
оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын, әлемдік
өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе
жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып
табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль
экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді. Әлемдік
туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекрециялық сыйымдылығының
шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа
аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның
әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей
мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығуымен байланысты, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын
өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке
адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың
факторына айналды.
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін
саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің
беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15
тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару
керек екен. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал
туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік
экономистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есеппен екі
сағат болған кезде кемінде 350 000 доллар немесе адам басына бір
сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық
тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық
тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі
мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыс пен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Бүкіләлемдік
Туристік Ұйым мен Бүкіләлемдік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы
бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына жұмыс орны
келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының
дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени
мкңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың
және мәдени айырбастың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс
көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көтереді.
Қазақстанға туризмнің хаостық дамуы, мемлекеттің, қоғамдық-құқықтық
және жеке құрылымдардың арасында өзара байланыстың жоқтығы,
экономикалық механизмнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы
макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің - шығу туризмнің
артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге, Қазақстанда келу туризмін
дамытудың да алғышарттары іс жүзінде бар, себебі республикада табиғи
және рекреационды ресурстар, мәдени, тарихи, сәулет және
археологиялық ескерткіштер мол.
Қазақстандағы қазіргі заманғы туризм дамуының деңгейі қолда бар
туристік әлеуетті толығымен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Туристік
сфера дамуының төмен деңгейі туризм сферасын экономикалық реформалау
жөніндегі ғылыми өңдеулердің тіптен болмауына байланысты. Қазақстанда
туризм сферасында тәжірибелік ұсынуларды жасау үшін кешенді және
жүйелік талдау өткізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Сондықтан
қазіргі заманғы саыдағы туризм дамуының экономикалық механизмін
зерттеудің өзекті мәні бар.
Қазақстанның туризм нарығы дамуының экономикалық механизмін жетілдіру
жөніндегі теориялық және практикалық ұсынуларды жасау болып табылады.
Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста келесідей негізгі
тапсырмалар қойылған:
□ туризмнің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
□ туризм дамуының және оны ынталандыру тәсілдерінің шетелдік
тәжірибесін жинақтау;
□ Қазақстандағы туризмнің тиімді қызмет етуіне кедергі келтіруші
проблемаларды анықтау;
□ туристік саланы инвестициялаудың ерекшеліктерін анықтау және
оларды пайдаланудың негізгі бағыттарын белгілеу;
□ Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтің тиімділігін
көтеруге бағытталған ұсыныстарды ұсыну.
Зерттеудің теориялық негіздері экономика және туризм нарығын
дамытудың проблемалары жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдардың
еңбектері, сондай-ақ туристік қызметтің ұйымдық-құқықтық мәселелерін
реттеуші Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері, Президент
жарлықтары және Қазақстан Республикасының агенттігінің статисикалық
мәліметтері, Туризм және спорт жөніндегі Қазақстан Республикасының
агенттігінің нормативті-құқықтық және есептік материалдары, туристік
фирмалардың есептері, әлеуметтік сұраулардың нәтижелері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен логикасы зерттеудің мақсаттары және
тапсырмалары негізінде анықталған. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау

Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары б.э.д. ІІІ мыңжылдықта
қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып
табылады.
Қазақстан КСРО-ның құрамында болған уақытта туризм де басқа
экономика салалары сияқты орталықтан келетін қатаң ережелерге
бағынып, тек сол ережелер аясында ғана өз қызметін жүзеге асыратын.
Шетелдіктер үшін Қазақстан мешеу елдердің санатында еді. Себебі,
кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған
мәдени-ағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып саналды және оның
басым рөліне қарамастан қалдықтық қағидатпен қаржыландырылды және
елеулі экономикалық маңызға ие болмады.
Қазақстандағы туризм индустриясының дамымай қалуының негізгі
себептерінің бірі оған экономиканың саласы ретінде мемлекеттік деңгейде
көңіл бөлінбеді және шындап қолға алынбады. Туризмді аймақтық
ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді
болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм
табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан,
жергілікті басқару органдарының туристік қызметті болашағы бар сала
ретінде мойындамаулары болып табылды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда туристік қызметті реттеу мен
халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз
қаланды.
Отандық туризмнің дамуын төрт кезеңге бөлуге болады:
1. КСРО кезеңіндегі туристік қызмет – саланы орталықтан қатаң
қадағалап отырды.
2. 1992-1996 жылдар аралығы – 1992 ж. үшінші шілдеде Қазақстан
Республикасының тұңғыш Туризм туралы №1508-ХІІ заңы
қабылданды; 1993 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымға толық
мүшелікке қабылданды, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы
бірқатар халықаралық келісімдер жасалды.
3. 1997-2000 жылдар 1997 жылы Қазақстан Республикасы түркі тілдес
мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясына қатысты. Ұлы
Жібек жолының Қазақстан территориясындағы бөлігінде туристік
инфрақұрылымды дамытудың алғышарттары жасалына бастады. Жібек
жолы бойындағы тарихи орталықтар қалпына келтіріле бастады.
4. 2000 жылдан қазіргі кезге дейін – 2000 жылдың 30 қазанында
Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Туризмді
дамытудың негізгі бағыттары айқындалып, республикадағы
курорттар, санаторийлер, емдеу-сауықтыру орындары, демалыс
аймақтары, басқа да туристік нысандар толық жөндеуден, қайта
құрастырудан өткізілді.
Қазақстан Республикасындағы туристік нарықты дамытудың алғашқы
кезеңдерінде негізінен шығу турлары жетілдірілді. КСРО құрамында болған
кездегі шығу туризміне деген көп жылдық мұқтаждық сыртқы туристік
өнімнің жоғары сұранысқа ие болуына әкелді. Кейбір елдер қазақстандық
туристерді еліктіру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады:
- бұрынғы социалистік достастық елдеріне визасыз кіру (Чехия,
Болгария, Венгрия, Сербия және тағы басқалар).
- Визалық рәсімдерді жеңілдету нәтижесінде Германия, Испания,
Италияға бару оңайлығы;
- кейбір елдерде қазақстандық туристер үшін экономикалық үнемді
турлар (Фарнция, Қытай).
Үлкен сұранысқа сол кездері көп турлар, танымдық сипаттағы турлар:
Туркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия, Грекия мемлекеттеріне демалыс
және ойын-сауықтық мақсаттағы туризм, жастар туризмі, емдеу-сауықтыру
туризмі, теңіз круиздері ие болды.
Шығу туризмнің жалпы сипаты келесі себептермен түсіндіріледі:
- қазақстандық тұтынушылардың шетелдік туристік өнімге деген асқан
жоғары қызығушылығы (КСРО-да шығу туризмнің болмауынан);
- шығу ережелерінің жеңілдетілуі;
- сыртқы іскерлік байланыстар аясының кеңейтілуі;
- төлем құралдары артықшылықты жеке азаматтар мен кәсіпорындар
санының өсуі;
- шығу туризмінің қол жетімді бағалары;
- шетелдік туристік өнімнің жоғары бәсеке қабілеттілігі (қонақ үй
сервисі мен орналастырудың барлық шарттарының аса жоғары
деңгейде болуы, турлардағы ыңғайлы да қол жетімді көліктер).
Ішкі туризмнің артықшылықты бағыттары Қазақстанның оңтүстік
аймақтарына шоғырланды: курортты – санаторийлі аймақтар,и мәдени-тарихи
орталықтарға танымдық мақсаттағы туризм (Отырар қаласы, Түркістан
қаласы, Есік қорғаны, шырын шатқалы және тағы басқа); экологиялық туризм,
сафари турлар (аң аулау, балық аулау), емделу:
Бастапқы кезде кіру және шығу туризмдерінің дамуын тежеуші
факторлар мыналар еді:
- ішкі саясаттың тұрақсыздығы;
- көлік инфрақұрылымының халықаралық стандартарға сай келмеуі;
- қонақ үй және тағы басқа орналастыру құралдарындағы сервистік
қызметтің әлемдік стандарттармен деңгейлеспеуі;
- мемлекеттік және жергілікті органдар тарапынан кіру және шығу
туризмдерін құқықтық және экономикалық жағынан ынталандырудың
жетілмегендігі;
- нақты туристік орталықтың, сонымен қатар бүтіндей мемлекеттің кері
немесе оң әсерлі имиджін қалыптастыратын қызмет көрсетуді
ұйымдастырудың жеткілікті маманданбауы;
- туристік ел ретінде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруда
мемлекеттік және жергілікті біліктің арасында ортақ саясаттың
болмауы.
Дегенмен, тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдары артта қалып, Қазақстан
Республикасы дамудың накты бағыттарын айқындап, тура жолға түсе
бастағаннан бері (1990 жылдардың аяғына қарай) туризм де экономиканың басқа
салалары секілді аяғына нық тұра бастады.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы
дерегі бойынша елде 655 туристік ұйым болды, қазақстандық кәсіпорындар
80 елдің туристік фирмаларымен шарттық қатынастар орнатқан, төрт
алматылық және он үш облыстық туристік фирмалар сегіз мемлекетке
чартерлік әуе рейстерін жүзеге асырды.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан
облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік
фирмалар желісі неғұрлым жақсы дамыған болып табылады. Осы облыстардың
және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің және
экскурманттардың 88%-ына дейін қызмет көрсетеді.
Туристік ұйымдармен 2002 жыл барлығы 228,3 мың туристке қызмет
көрсетілді, Қазақстанның туристік фирмалардың қызметін 55,9 мың
шетелдік азамат пайдаланды. Саяхаттарын туристік фирмалар арқылы
ресімдеген 146 000 Қазақстан азаматтары шетелдерге шықты.
Кейінгі жылдары туристік фирмалардың саны көбеюде (1-кесте).
Кесте 1
Туристік фирмалардың саны
2003 2004
Жылдар
Қазақстанның аймақтары
Қазақстан Республимкасы 713 751
Ақмола 10 19
Ақтөбе 11 16
Алматы 29 37
Атырау 13 18
Шығыс Қазақстан 22 24
Жамбыл 13 10
Батыс Қазақстан 4 5
Қарағанды 25 29
Қостанай 5 6
Қызылорда 3 4
Маңғыстау 10 12
Павлодар 25 21
Солтүстік Қазақстан 7 15
Оңтүстік Қазақстан 5 12
Астана қаласы 37 26
Алматы қаласы 494 500

Кестеден көріп, отырғанымыздай, туристік фирмаларының саны жағынан
үлкен үлесті Алматы қаласы және Алматы облысы одан кейінгі орында
Қарағанды облысы, Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы тұр. Ал
ең азы бұл Қызылорда, Қостанай, Қостанай және Батыс Қазақстан
облыстары болып тұр. Егер 1999 жылы бүкіл Қазақстан Республикасында
425-ақ туристік фирма болған болса, 2003 жылы бір ғана алматы
қаласының өзінде 494, ал 2004 жылы 500 фирма болғанын көруге болады.
Сәйкесінше туристерге қызмет көрсетуі жағынан да Алматы қаласы озық
тұр.

3 Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары
Жоғарыда қарастырғандай, туризм Қазақстан Республикасында жылдан-жылға
дамып, қызмет аясын кеңейтіп келеді. Соның арқасында әлемнің көптеген
елдері қатысатын Қазақстанның өзіндік туристік нарығы қалыптасуда. Оның ары
қарай дамуына әсер етуші негізгі факторлар экономикалық және әлеументтік
болып табылады, бұл ең алдымен негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру
шектерінен азаматтардың (әлеуетті туристер) жеке табысының асуы.
Субъективті себептерге елден шығу мен оған кірудің, оның
территориясында шетелдік азаматтардың ьолуы тәртіптерін реттейтін
мемлекеттік органдардың қызметтері жатады. Солардың қызметін нақты арнаға
бұру мақсатында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туристік индустрия қызметінің
мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелуге қабілетті, болашағы зор
экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы өзінің стратегиялық
бағдарламасында атап өткен болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп,
қалыптасып, келе жатқан Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында еліміздің
әлеументтік-экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында атқарылатын істер мен
алда тұрған міндеттер анықталып отырады. Әрине, халықтың әл-ауқатының артуы
мен рухани және гармониялық жағынан дамуы, өмір сүру жағдайларының сапалы
түрде жақсаруы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін, халық тұтынатын
игіліктердің маңызды бөлігін құрайтын демалыс және ойын-сауықтық
бағдарламалармен қамтамасыз ету мен байланысты қызметтердің маңызы сөзсіз.
Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған ХХІ
ғасыр көрнісі атанып кеткен туристік қызмет индустриясы өзінің мемлекеттік
қазынаға қосқан экономикалық салымы бойынша химиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
Іскерлік туризмді дамытудың теориялық аспектілері
ҚР мотельдердің даму ерекшеліктері
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Мемлекеттің әлеуметтік имиджінің туризм индустриясы дамуына әсері
Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар
Әлемдік туристік нарық және туризм индустриясына әсер ететін факторлар
Қазақстандағы ішкі туризм мәселесі жөнінде
Туристік қызметті лицензиялау ережесі
Пәндер