Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі, міндеттері, сайлану тәртібі және құрылымы



1. Кіріспе бөлім:
1.1 Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі, міндеттері, сайлану тәртібі және құрылымы.
2. Негізгі бөлім:
2.1 Жергілікті өкілді органдардың құзыреті, қабылдайтын актілері.
2.2 Жергілікті өкілді органдар құзыретін жүзеге асырудың негізгі нысандары.
3. Қорытынды бөлім:
3.1 Сайлау округіндегі депутаттық қызметтің негізгі бағыттары.
3.2 Депутаттың міндеті мен құқығы.
Қолданылған әдебиет
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» деген 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Аталған мәселелер Республика Призидентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтырулармен қоса алғанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен, сондай-ақ Республика Призидентінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйекте конституциялық заң күші бар Жарлығымен неғырлым толық баянды етіліп, реттеледі.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы 2006 Б. Базарбаев, З. Ж. Кенжалиев, Е. Баянов.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе бөлім:
1. Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі, міндеттері, сайлану
тәртібі және құрылымы.
2. Негізгі бөлім:
1. Жергілікті өкілді органдардың құзыреті, қабылдайтын актілері.
2. Жергілікті өкілді органдар құзыретін жүзеге асырудың негізгі
нысандары.
3. Қорытынды бөлім:
1. Сайлау округіндегі депутаттық қызметтің негізгі бағыттары.
2. Депутаттың міндеті мен құқығы.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдар.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының Жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деген 8-бөлімінде жергілікті
өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы
ережелер белгіленген. Аталған мәселелер Республика Призидентінің 1995 жылғы
2 мамырдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен және
толықтырулармен қоса алғанда Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді
және атқарушы органдары туралы 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен, сондай-
ақ Республика Призидентінің Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
1995 жылғы 28 қыркүйекте конституциялық заң күші бар Жарлығымен неғырлым
толық баянды етіліп, реттеледі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы үшін
жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны
Конституцияда баянды етілген. Жергілікті өкілді органдар- маслихаттар
тиісті әкімшілік –аумақтық бөліністер халықтың еркін білдіретін және жалпы
мемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оны іске асыру үшін қажетті
шараларды белгілейді, оладың жүзеге асырылуын бақылайды.
...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңның бірінші
бабында облыс, аудан, қала (аудандық бағыныстағы қалада және қаладағы
ауданнан, поселкеден, ауылдан (селодан),ауылдық(селолық) округтен басқасы
аумағындағы халықтың өкілді органы мәслихат-депутаттар жиналысы болып
табылады деп белгіленген. Сонымен, жергілікті өкілді органдар жүйесі
облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарды қамтиды. Заңда оларға мынадай
міндеттерді:
тиісті аумақтық әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының
орындалуын;
жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары-
ның Парламент қаулыларының, Қазақстан Президенті мен Үкіметі құжаттарының,
жоғары тұрған мәслихаттар мен әкімдердің өз құзыреттері шегінде қабылдаған
ше-шімдерінің орындалуын;
Республикалық және жергілікті өкімет органдары арасындағы байланысты;
халықты жергілікті істерді басқаруға қатыстыруды қамтамасыз ету
жүктелген.
Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей,тең,төте сайлау құқығы жасырын дауыс
беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды.Мәслихаттың өкілеттігін заңда
көзделген негіздер бойынша Сенат мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе ол өзін-
өзі тарату негізінде тоқтатылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы депутат болып тек бір
мәслихатқа ғана сайлана алады.Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған,сондай-ақ
соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар
сайлауға қатыспайды.
Сайлау туралы Жарлықтың 9-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихаттардың
депутаттарын сайлау кезінде дауыстарды есептеудің мынадай жүйесі
қолданылады:
1.егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 пайызынан астамы қатысса,сайлау
болып өтті деп есептеледі;
2.егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайызынан астамы
кандидатурасын жақтап дауыс берсе,ал қайталап дауыс берген жағдайда-басқа
кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының
көпшілік санын алса кандидат сайланды деп есептеледі;
3.сайлауда бір кандидат дауысқа түскен жағдайда, егер дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың кемінде 50 пайызы кандидатураны жақтап дауыс берсе,
ол сайланды деп есептеледі;
4.депутаттар санын тиісті мәслихаттар мынадай шекте
белгілейді:облыстық, Алматы қалалық мәслихаттарды-50 депутатқа
дейін,қалалық мәслихаттар-30-ға дейін; аудандық мәслихаттар-25 депутатқа
дейін.
Жергілікті өкілді органдар өз міндеттерін атқару үшін шағын аппарат
құрады,оның құрылымы мен сан құрамы өкілді орган буынының деңгейіне,оның
орындайтын жұмысының сипаты мен көлеміне,сондай-ақ өндірістің инфрақұрылымы
мен әртүрлі салаларының жай-күйі мен дамуына байланысты болады.
Мәселен,мәслихаттардың аппараты әдетте мыналардан тұрады:
-хатшы;
-тексеру комиссиясының төрағасы;
-ұйымдастыру бөлімі;
-кеңесшілер;
-консультант-ұйымдастырушы;
-референттер.
Мәслихаттар аппаратының құрылымында хатшы өзекті тұлға болып
табылады,өйткені ол мәслихаттың қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету
жөніндегі бүкіл ағымдағы жұмысты орындап отырады.
Мәслихаттың хатшысы мәслихатта тұрақты негізде жұмыс істейтін және оған
есеп беріп отыратын лауазымды адам болып табылады.Оны мәслихат депутаттар
арасынан сессиясында да сайлап, қызметінен босатады. Маслихат хатшысын
сайлау және оны қызметінен босату туралы ұсыныстарды енгізу тәртібі
мәслихаттың регламентімен белгіленеді. Хатшының өз өкілеттілігін өз еркімен
доғаруы оның өтініші бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Мәслихат хатшының
жұмыстан кетуін қабылдамаған жағдайда хатшы өз өкілеттілігін өтініш
бергеннен кейін екі ай өткен соң доғаруға құқылы. Мәслихат хатшысы болмаған
жағдайда оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының өкімі бойынша
сол мәслихаттың тұрақты комиссиялары біреуінің төрағасы уақытша жүзеге
асырады.
...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңға сәйкес
мәслихаттың хатшысына мынадай өкілеттік берілген:
мәслихат сессиясының өткізілетін уақытымен орнын, сондай-ақ оның күн
тәртібінің жобасын депутаттарға, әкімшілік басшысына және халыққа жеткізіп
отырады;
мәслихаттың сессиясын және мәслихаттың қарауына енгізілетін мәселелерді
дайындауды, сессияның хаттамасын жасауды қамтамассыз етеді және сессияның
төрағасымен бірге мәслихаттың қаулысы мен сессияның хаттамасына қол қояды;
мәслихат депутаттарына олардың өз өкілеттілігін жүзеге асыруына көмек
көрсетеді, олардың қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады,
депутаттарды мәслихатта, оның органдары мен сайлау округтерінде жұмыс істеу
үшін қызметтік немесе өндірістік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты
мәселелерді қарайды;
сессияның барысында жергілікті әкімшілік, оның органдары, кәсіпорындар,
мекемелер мен ұйымдар басшыларының атына келіп түскен депутаттардың
сауалдары мен үндеулерінің қаралуына бақылау жасайды;
мәслихаттың тұрақты және өзге де комиссияларының, депутаттық топтардың
қызметін үйлестіреді;
мәслихат аппаратының құрылымын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның
жұмысына басшылық етеді, оның қызметкерлерір қызметке қабылдап, қызметтен
босатады;
халықпен және меншік нысандарына қарамастан еңбек ұжымдармен, кәсіп
орындармен, мекемелермен және ұйымдармен мәслихат атынан байланыс жасап
отырады;
мәслихатқа сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер мен хаттар туралы
қорытылған деректерді үнемі беріп отырады;
мәслихаттың шешімдеріне сәйкес азаматтардың аса маңызды мәслихат
шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ жергілікті, республикалық маңызы бар
мәселелерді талқылауын қамтамасыз етеді, мәслихатта азаматтарды қабылдауды,
олардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарауды ұйымдастырады.
Заңдарға сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттардың өкілеттігін
мерзімінен бұрын жоғару мәселелерін қарайды ;
Заңдарда көзделген жағдайларда сотқа жіберілетін талап арыздарына
мәслихаттың атынан қол қояды;
өзіне мәслихат тапсыруы немесе өзіне заңдарда жүктелуі мүмкін өзге де
мәселелерді шешеді.
Жалпы алғанда мәслихатқа немесе оның органдарына тиесілі құқықтарды,
міндеттерді хатшыға беруге болмайды.
Мәслихатты ұйымдастыру мен оның қызметінде мәслихаттың тексеру
комиссиясының төрағасы маңызды рөл атқарады.
Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды
және ол өз міндетін басқа жұмыстан босатылған негізде атқарады. Ол
жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін мәслихат құратын мәслихаттың
тексеру комиссиясына басшылықты жүзеге асырады. Комиссия мәслихаттың
өкілеттік мерзіміне құрылады. Сан құрамын мәслихат белгілейді. Оның
құрамына тиісті мәслихаттың депутаты болып табылмайтын адамдар да енгізілуі
мүмкін.
Тексеру комиссиясы өз қалауы бойынша (бірақ жылына бір реттен кем емес)
кез келген уақытта тексеру жүргізіп отырады. Тексеру мәслихаттың не оның
хатшысының шешімі бойынша, сондай-ақ, мәслихатқа сайланған депутаттардың
жалпы санының кемінде 13 бөлігінің талап етуімен жүргізілуі мүмкін.
Тексеру комиссиялары тексеруді мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен
бірлесіп те жүргізе алады.
Тексерудің нәтижелері туралы мәслихатқа және әкімшіліктің басшысына
хабарланады.
Мәслихаттың шешімі бойынша тексеру комиссиясының мүшелері де өз
міндеттерін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыра алады.
Мәслихат аппаратының құрылымында ұйымдастыру бөлімі өзекті орын
алады.Оның қызметіндегі негізгі бағыттар мыналар болып
табылады:1)мәслихаттың,оның тұрақты комиссиялары мен депутаттарының дәл
және дұрыс жұмыс істеуін ұйымдық жағынан қамтамасыз ету,мәслихаттың бүкіл
ұйымдық-бұқаралық жұмысының жай-күйін жақсарту;2)белгілі бір мәслихатқа
және төменгі мәслихаттар мен олардың органдарына басшылық етуге
жәрдемдесу,оларға ұйымдастырушылық жұмыста көмек көрсету;3)мемлекеттік
құрылыстың,ұйымдық-бұқаралық жұмыстың озық тәжірибесін зерделеу,жинақтау
және қорыту, оны насихаттау және тарату;4)қоғамдық өзін-өзі басқаруды
дамытуға көмектесу;мәслихат пен парламент сайлауына дайындалуға,әкімшілік-
аумақтық бөлініс мәселелерін дайындауға қатысу,кадрлардың біліктілігін
зерделеуге,оларды орналастыру мен жоғарылатуға байланысты міндеттерді
атқару.
Сонымен,мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің оның жұмыс
істеуіндегі рөлі өте маңызды әрі елеуулі.Оның құрылуы мәслихаттар
міндеттерінің көлемі мен сипатына байланысты.Бұл аппараттың мынадай
айырықша еркшеліктері болады.Біріншіден,оның жергілікті өкілді органдардың
міндеттері мен өкілеттігін жүзеге асыруға қатысуы функционалдық сипатта
болады;ол ұйымдастырушылық-әдістемелік және ұйымдық-бұқаралық
жұмысқа,заңдылықты бақылау мен қабылданған шешімдердің орындалуын тексеруге
жәрдемдеседі;оған мәслихаттарға заңдық,ұйымдық-техникалық,шаруашылы қ қызмет
көрсету жүктелген.Екіншіден,бұл аппараттың буындары мәслихат
органдарының,кәсіпорындардың,мекеме лердің және азаматтардың атына міндетті
құқықтық актілер шығару құқығын пайдаланбайды,оның қармағында қандай да бір
объектілер,банкте шоттары болмайды.Үшіншіден,мұндай аппараттың қызметтік
сипаты оның тек қана көлбеу бойынша-тиісті мәслихаттың хатшысына бағынуын
анықтайды.
Жергілікті өкілді органдардың құзыреті өзінің мәні жағынан мемлекеттік
және қоғамдық істерді басқару бойынша қоғамдық еңбек бөлінісінің құқықтық
құралы болып табылады.Мемлекеттік органдарға қоғам өмірінің
саяси,экономикалық және әлеуметтік жағдайларына,сондай-ақ басқаруды ғылыми
ұйымдастыру талаптарына сай келетін құзырет берілуі-экономикалық және
әлеуметтік процестерге басшылықта мемлекеттіңбарлық мүмкіндіктерін тиімді
пайдаланудың маңызды алғышарттарының бірі.Органдардың құзыреті неғұрлым
дұрыс белгіленсе, аппарат соғұрлым ынтымақты жұмыс
істейді,мемлекеттік,шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыс міндеттерін
шешу үшін материалдық-қаржылық,құқықтық және өзге де құралдар тиімдірек
пайдаланылады.
Жергілікті өкілді органның құзыреті дегеніміз,оның заңмен және басқа да
нормативтік-құқықтық актілермен баянды етілген қарауына жататын
мәселелер,құқықтары мен міндеттері.
Қарауына жататын мәселелер дегеніміз,мемлекеттік органның хаң жүзінде
құзыреті бар қоғамдық қатынастар.
Егер мәслихаттың кем дегенде төмендегідей өкілеттік түрлерінің бірі
болса,оның тиісті қоғамдық қатынастарға заң жүзінде құзыреттілігі айқын
болады,олар мыналар:
1)егер тиісті қатынастаршеңбері жоғары тұрған органдардың құқықтық
актілерімен реттелсе,жеке маңызы бар заң актісін қабылдау;
2)егер жоғары тұрған органдар бұл салада нормативтік реттеуді жүзеге
асырған жағдайда нормативтік акт қабылдау;
3)жоғары тұрған органдар реттемеген және жергілікті мәслихаттардың
оларға заңдарда берілген өкілеттік шегіндегі мәселелер бойынша нормативтік
актілер қабылдау.
Сонымен, мәслихаттың қарауына жатқызылған мәселе - заңдарда әрқашан
белгілі бір нысанда белгіленген,құқықтық реттеу мәселесі болып табылатын
қоғамдық қатынастар.
Жергілікті өкілді органдардың құзыреті құрлымының маңызды компоненті
олардың құқықтары мен міндеттері болып табылады. Мемлекеттің өкілетті
органы- мемлекеттің белгілі бір құқығы бар уәкілетті органы ғана емес,
сонымен қатар белгілі бір билік әрекеттерін жасауға да міндетті орган.
Мәслихаттар өз аумағында Конституцияға және қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес заңдардың сақталуын, мемлекеттік және қоғамдық тәртіптің, азаматтар
меншігінің, құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге
міндетті. Сонымен бірге мәслихаттардың осы саладағы нақты өкілеттігі оларға
заңдылықты сақтап отыруға тиісті арнаулы органдардың болуы ескеріліп
берілген. Мәслихаттарға мемлекеттің белгілі бір аумақта заңдылықтың
сақталуын және азаматтардың құқықтарын қорғауда қамтамасыз етуіне
көмектесетін құқықтық құралдардың бәрін беруге болмайды. Міне, сондықтан да
мәслихаттардың құзыреті құқықты ғана емес, сонымен қатар дербес компонент
ретінде міндетті де қамтиды. Міндеттерді орнықтыру- қоғамдық өмірдің түрлі
салаларына нысаналы мемлекеттік ықпал жасауды қамтамасыз ету әдістерінің
бірі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мәслихаттардың қарауына
жататын жалпы мәселелер келтірілген, ал олардың өкілеттігінің егжей-
тегжейлі шеңбері ...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заң
мен басқа да нормативтік- құқықтық актілерде айтылған.
Конституцияның 86-бабының 4-тармағында мәслихаттардың қарауына:
1) аймақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы
есептерді бекіту;
2) өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшіл-аумақтық құрылыс
мәселелерін шешу;
3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті
атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын
құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихат жұмысын
ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
5)Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
жатқызылатыны айтылған.
Жергілікті өкілді органдардың құзыреті ...Жергілікті өкілді және
атқарушы органдар туралы Заңның 4-бөлімінде баянды етілген. Заңның 40-
бабында облыстық, қалалық мәслихаттардың негізгі өкілеттіктері белгіленген.
Оларға мыналар жатады:
Тексеру комиссиясын, оның төрағасын сайлау және оны қызметтен босату,
мәслихаттың тұрақты және өзге де комиссияларын құру, олардың төрағаларын
сайлау мен оларды қызметтен босату, оладың жұмысы туралы есептерін тыңдау;
Қазақстан республикасының Үкіметі белгілеген лимиттер шегінде мәслихат
аппаратының штатын,еңбекке ақы төлеуді оны материалдық-техникалық жағынан
қамтамасыз ету шығындарын бекіту;
ресбупликаның заңдарында көзделген жағдайларда депутаттардың
өкілеттігін мерзімінен бұрын доғару;
мәслихаттардың регламентін бекіту;
мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шыығындардың жалпы
сомасын бекіту;
жергілікті әкімнің ұсынуымен облысты,ауданды,қаланы басқару схемасын
бекіту;
облыс,аудан,қала әкімдерінің,сондай-ақ олар уәкілдік берген әкім
орынбасарларының,жергілікті әкімшілік ргандары басшыларының мәслихат
құзыретіне заңмен жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау;
депутаттардың сауалдарын қарау және олар бойынща шешімдер қабылдау;
жергілікті әкімдер табыс еткен аумақты дамытудың
жоспарларын,экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын,олрадың атқарылуы
туралы есптерді бекіту;
жергілікті әкім табыс ететін бюджет жобасын,оған енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларды және оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
облыс,аудан,қала меншігіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсететін
қызметіне жергілікті салық және алымдар,баждар мен қызметінің еңбегіне ақы
төлеу тарифтерін республиканың салық заңдарына сәйкес белгілеу;
облыстың, ауданның, қаланың меншігіндегі кәсіпорындардың төлемдерімен
жасалатын қаржы мөлшерін бекіту;
заемдарды, облигацияларды және лотереяларды шығару, олардың жағдайлары
мен орналастырылуы туралы шешімдер қабылдау;
бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделетін міндетті ережелерді
бекіту;
жергілікті әкімшіліктің ұсынуы бойынша әкімшілік, байқаушы
комиссияларды, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі,маскүнемдік пен
алкоголизмге қарсы күрес жөніндегі,тариф және мәдениет ескерткіштерін
жөніндегі комиссияларды құру және олардың құрамын бекіту;
республиканың заңдарына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін
шешу;
республиканың заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәслихаттардың жоғарыда келтірілген өкілеттіктерінен басқа облыстық
мәслихаттың өкілеттігіне мыналар жатады:
Республиканың үкіметіне облыс орталығының бас жоспарының
жобасын,облыстық,аудандық жоспарлау схемаларын бекеіту туралы ұсыныс
енгізу;
Республика Президентіне мемлекеттік марапаттармен марапаттау және
құрметті атақтар беру туралы ұсыныс жасау;
әділет басқармасының нотариат,азматтық хал актілерін жазу,адвокатура
органдары,сондай-ақ халыққа заң жөнінде білім беру жұмысының жай-күйі
туралы ақпаратын тыңдау;
облыс аумағындағы аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары туралы
Ережені бекіту және оған өзгерістер енгізу.
Қаралып отырған Заңда Алматы,Байқоңыр қалалық және аудандық,қалалық
мәслихаттарының өкілеттіктеріне жататын мәселелер ерекше айтылған:
Республика Президентіне мемлекеттік марапаттармен марапаттау және
құрметті атақтар беру туралы ұсыныстар жасу;
Республиканың үкіметіне қаланың бас жоспарының жобасын бекіту туралы
ұсыныстар жасау;
Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары туралы Ережені бекіту және
оған өзгерістер енгізу.
Аудандық,қалалық мәслихаттардың өкілеттігіне мыналар жатады:селолық
елді мекендерді қалаларды салу ережелерін,селолық елді мекендердің бас
жоспарларын бекіту,олардың шекараларына өзгерістерді белгілеу;
Жер заңдарына сәйкес жер үшін ақы алу жөнінде жеңілдіктер белгілеу
жатады.
Облыстық,аудандық,қалалық мәслихаттар мынадай мәселелер бойынша:
Елдімекендер аумағында құрылыс салу;
Жерді,орманды,су ресурстарын,бірегей табиғат боъектілерін,сондай-ақ
тариф және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен ұстау;
қоғамдық орындарға сауда жасау;
қоғамдық тәртіп,өрт және жол қауіпсіздігі,судағы қауіпсіздік;
індеттер мен эпизоотияларды болғызбау жөніндегі шаралар;
инженерлік коммуникацияларды қорғау;
аумақтық санитариялық тазалау;
жарнамаларды,маңдайшадағы жазуларды,хабарландыруларды және басқа да
ақпараттық материалдарды пайдалану;
қоғамдық көлікті пайдалану;
аумақты көркейту,жасыл екпелерді күтіп ұстау мен қорғау;
үй жануарларын ұстау;
автокөлікті қою;
дүлей зілзалалар жағдайларындағы немесе басқа да төтенше жағдайлардағы
қоғамдық тәртіп,олардың зардаптарын болғызбау және жою жөніндегі шаралар
бойынша бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген міндетті ережелер
қабылдауға құқылы.
Мәслихаттар қабылдайтын міндетті ережелер республиканың заңдарына қайшы
келмеуге тиіс.
Мәслихат өз құзыретін сессияда,тұрақты және өзге де комиссиялар
арқылы,сондай-ақ депутаттардың өз өкілеттігін іске асыруы жолымен жүзеге
асырады.Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады,ол сонда
өз қарауына жатқызылған мәселелерді шешеді.
Мәслихаттар жұмысының басқа да ұйымдық-құқықтық нысандары арасында
сессия басты орын алады.Мәслихаттар жұмысының осы нысанынан олардың өкілді
мемлекеттік өкімет органдары ретіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Сайлау құқығы жайлы
АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының сайлау органдары
МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ МЕХАНИЗІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІ ЖӘНЕ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ
Билікті бөлу қағидасын жүзеге асыру
Биліктің бөліну принциптері
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы принциптері
Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде
Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесі
Пәндер