Қызанақтың экологиялық – биологиялық ерекшеліктері



Кіріспе
І.тарау. Қызанақтың экологиялық . биологиялық ерекшеліктері.
1.1.Қызанақтың тарихы.
1.2.Қызанақтың биологиялық ерекшеліктері.
1.3.Мектеп жанындағы оқу.тәжірибе мөлтегіндегі қызанақтың агротехникасы.
ІІ.тарау. Қазақстандағы қызанақ сорттарының аудандастырылуы мен таралуы.
2.1.Қазақстандағы қызанақ сорттарының аудандастырылуынан қысқаша мағлұмат.
ІІІ.тарау. Қызанақтың зиянкестері мен ауруары, олармен күресу шаралары.
3.1.Қызанақ зиянкестері.
3.2.Қызанақтың аурулары.
ІV . тарау. Қызанақтың мектеп жанындағы оқу.тәжірибе мөлтектерінде пайдалану.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Бүгінгі қарастырып отырған дипломдық жұмыс мектептегі келешек жұмыстармен байланысты. Сондықтан қызанақтың (томаттың) биологиялық – экологиялық ерекшеліктері туралы тақырыпты мектеп жанындағы оқу – тәжірибе кіші мөлтектерде өсіру, оның агротехникасын меңгеру, өндіру, оны бақылау жұмыстары және оны оқу процестерінде пайдалану қазіргі кездерде өзекті болып саналады. Қызанақпен (томатпен) мектеп жанындағы оқу-тәжірибе кіші мөлтектерде тәжірибелер жасау, оны зерттеу, оны бақылап күту, оқушыларды қызанақтың агротехникасын меңгеруді үйретеді. Дипломдық жұмыстың мақсаты: қызақтың (томаттың) биологиясын оқып-білу және мектеп жанындағы оқыту – тәжірибе кіші мөлтектерде өсірілген қызықтарды (томаттарды) биология сабақтарында (6-7 сынып ботаникадан, 10-11 жалпы биологиядан), көрнекті құралдар ретінде пайдалану. Сондықтан біз төмендегідей сұрақтарды қарастырдық.
1.Азимов Б.Д. Технология выращивания интенсивных сортов томата в Казахстане. –Ташкент; 1990 г.
2.Алпатьев А.В. Помидоры. – М.: Колос, 1981 г.
3.Алпатьев А.В., Алпатьева А.А. Помидоры. –М.: Россельхозиздат, 1990 г.
4.Бахтеев Ф.Х. Очерки по истории и географии важнейщих культурных растении. – М.: Учпедгиз, 1970 г.
5.Бексеев Ш.Р.Выращивание ранних томатов – 2-е изд.; перераб. и доп. – М.: Агропомиздат, 1989 г.
6.Белик В.Ф., Советкина В.Е. Овощеводство. – Алматы: Кайнар, 1981 г.
7.Бунин Г.П., Андреев В.М. Томато – посевом в грунт. – М.: Коллос. 1980 г.
8.Верзилин А.М., Корсунская В.М. Общая методика преподовая биологии. – М.: Агропромиздат, 1976 г.
9.Власов А.С. Томаты –круглый год.–М.:Агропромиздат,1991 г.
10. «Флора Казахстана» І-ІХ том А-Ата, 1956-66 г.
11.Иллюстрированный определитель растений Казахстана І-ІІ том А.1972 г.
12.С.А.Арыстангалиев, Рамазанов Е.Р., Қазақстан өсімдіктері. А.1977 г.
13.Казенас Л.Д. Болезни сельскохозяйственных растений казахстана. – Алматы; Кайнар, 1976 г.
14.Корчагина В.А.Биология 6-7классы.–М.:Просвещение.1985г.
15. Кузнецова В.И. Уроки ботаники. –М.: Просвещение. 1985 г.
16. Лебедев Л.А. Вопросы физиологии сельскохозяйственных растений. – Казань, 1976 г.
17.Лопухина Р.П. Вредители томатов в Казахстане, и меры борьбы с ними. /Труды Каз. НИИ защиты растений, т.ІХ – Алматы,: Кайнар, 1975 г.
18. Сафина Л.К., Петров Е.П. Аптека на грядке. – Алматы: Кайнар, 1990 г.
19. Тематическое планирование учебного материала раздела «Растения» /6 класс/ - Б.В.Ш., 1986 №3, с.18-31.
20. Тематическое планирование учебного материала раздела «Растения», / 6 класс/, - Б.В.Ш. 1986, №2, с. 19-30.
21. Удовицкий А.С., Лаптев Ю.П. Этбды о растениях. – Алматы.; Кайнар, 1986 г.
22. хребтов А.И. Практические советы по выращиванию помидоров в открытом грунте - /Шадринск: производственное объединение Иссиль, 1993 г.
23.Шабыкина Л.В.Овощи,полезные всем.–Алматы:,Кайнар 1984 г.
24. Шахов А.А. Фотоэнергетика растений и урожай. – М.: Россельхозиздат, 1993 г.
25. Эдельштейн В.И. Овощеводство. /Изд. 3-е, перераб. –М.: Россельхозиздат, 1974 г.
26. Папорков М.А. и др. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. – М.: Просвещение, 1980 г.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
І-тарау. Қызанақтың экологиялық – биологиялық ерекшеліктері.
1.1.Қызанақтың тарихы.
1.2.Қызанақтың биологиялық ерекшеліктері.
1.3.Мектеп жанындағы оқу-тәжірибе мөлтегіндегі қызанақтың
агротехникасы.
ІІ-тарау. Қазақстандағы қызанақ сорттарының аудандастырылуы мен таралуы.
2.1.Қазақстандағы қызанақ сорттарының аудандастырылуынан қысқаша
мағлұмат.
ІІІ-тарау. Қызанақтың зиянкестері мен ауруары, олармен күресу шаралары.
3.1.Қызанақ зиянкестері.
3.2.Қызанақтың аурулары.
ІV – тарау. Қызанақтың мектеп жанындағы оқу-тәжірибе мөлтектерінде
пайдалану.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Бүгінгі қарастырып отырған дипломдық жұмыс мектептегі келешек
жұмыстармен байланысты. Сондықтан қызанақтың (томаттың) биологиялық –
экологиялық ерекшеліктері туралы тақырыпты мектеп жанындағы оқу – тәжірибе
кіші мөлтектерде өсіру, оның агротехникасын меңгеру, өндіру, оны бақылау
жұмыстары және оны оқу процестерінде пайдалану қазіргі кездерде өзекті
болып саналады. Қызанақпен (томатпен) мектеп жанындағы оқу-тәжірибе кіші
мөлтектерде тәжірибелер жасау, оны зерттеу, оны бақылап күту, оқушыларды
қызанақтың агротехникасын меңгеруді үйретеді. Дипломдық жұмыстың мақсаты:
қызақтың (томаттың) биологиясын оқып-білу және мектеп жанындағы оқыту –
тәжірибе кіші мөлтектерде өсірілген қызықтарды (томаттарды) биология
сабақтарында (6-7 сынып ботаникадан, 10-11 жалпы биологиядан), көрнекті
құралдар ретінде пайдалану. Сондықтан біз төмендегідей сұрақтарды
қарастырдық.

1. Қызанақ (томат) туралы әдебиеттерді оқып-білу.
2. Республикамыздағы қызанақ (томат) сорттарын білу.
3. Қазақстанның облыстарындағы өсірілетін қызанақтардың (томаттардың)
сорттарын өсіру, ерекшеліктерін оқып-білу.
4. Қызанақты (томатты) 6-7 сыныпта ботаникадан, 10-11 сыныпта жалпы
биологиядан сабақтарда пайдалану және мектеп жанындағы оқу-тәжірибе
мөлтектерінде өсіру арқылы оқушыларды оқыту, тәрбиелікке, еңбекке,
адамгершілікке, табиғатты сүюге, қорғай білуге, эстетикалық сезімге
тәрбиелеуге үйрету.
Жұмыс 2005-2008 оқу жылдары Сағат Әшімбаев атындағы орта мектепте
орындалған.

І-тарау. Әдебиеттерге шолу.

Жеу үшін өсірілетін көкөністерді екі топқа біріктіреміз. Олар
көкөністер және жеміс-жидектер. Бұл екі топтың биологиясы көкөніс
өсімдіктерінен ажыратылады, олардың кейбіреулері жапырақтары, тамыр
жемістері, тамыр сабақтары үшін болса, кейбіреулері вегетативтік органдары
болып табылады. Жеміс-көкөніс өсімдіктеріне жүгері, бұршақ, асқабақ
тұқымдастары, алқалар жатады. Бұл өсімдіктер әр түрлі тұқымдастарға жатады
және бірдей өсіп жетілмейді.
Қызанақтың (томаттың) халықшаруашылығындағы маңызын және кең таралуын
ескере отырып көптеген ғалым-биологтар осы дақылды өзінің зерттеуіне алды.
Атақты оқымыстылар В.И.Эдельштейн (21), В.Ф.Белик (6) қызанақтың (томаттың)
көптеген биологиялық сұрақтарына көңіл бөліп, олардың биологиясын және
агротехникасын зерттеледі.
Мысалы Л.А. Лебедев өзінің жинағында Ауыл-шаруашылық өсімдіктерінің
физиологиясын сұрақтарын ашты.
Қызанақтың физиологиясын оқу, өсірудегі физиологиялық факторлардың
әсерлерін зерттеді. Сол сияқты көптеген авторлар қызанақтың өнімін арттыру
шараларына оқу дұрыс пайдалану жолдарына өз зерттеулерінде көп көңіл бөлді.
(3) Қазақстанда өсетін кәдімгі қызанақ (томат) сорттары (Lycopersicon –
Escullenfum) кейбір жабайы және жартылай мәдениеттендірілген түрлерінің
бәрін біріктіреді. Қызанақ (томат) сорттарын зерттеумен және сұрыптаумен
Ю.М.Авдеев, Б.Д.Азимов (1) айналысты. Ю.М.Авдеев Қызанақты (томатты)
сұрыптау кітабында бау-бақша бағбандарына қызанақты бір-бірімен айқас
будандастыру, жаңа түрлерін алу жолдарына кеңес береді. Б.Д.Азимов Қызанақ
сорттарын интенсивті өсіру технологиясы атты еңбегінде бау-бақшада егіс
даласында қызанақты (томатты) қалай өсіру керек екендігін толық жазады.
Республикамызда өсетін қызанақ (томат) сорттары көкөніс дақылдарына
жатады.
Олар түрлі ауруларға, оның ішінде вирус ауруларымен де жиі ауырады.
Кейінгі кезде Республикамызда ауылшаруашылық өсімдіктердің клеткаларынан
және ұлпаларынан биотехнологиялық жолдарды пайдалана отырып, сауықтандыру
жұмыстарының нәтижесінде залалсыз картоп және жеміс-жидек дақылдары алына
бастады. Бұл әдістер қазірде Алматы облысындағы картоп және көкөніс зерттеу
институттарында жалғасуда. Академик М.А.Шахов Өсімдіктер фотоэнергиясы
және өнім атты кітабында (24) лазер сәулесінің әсерімен өсімдіктердің
вегетативті мүшелерін активтендірудің нәтижесінде өнімділігін бірнеше рет
арттырған.
М.З.Юсупов және Е.Г.Петрова (1983 ж) Алматы облысының НКСС
шаруашылығында қызанақ тұқымын сәулемен өңдеу нәтижесінде 4,4 мың га жерден
қосымша 8,5 мың тонна қызанақ (томат) алған. Зерттеу жұмыстарының
нәтижесінде қызанақ (томат) өнімдерін арттыру жолдары және кіші
шаруашылықтарға томат өнімін арттыру жолдарына нұсқаулар беріледі. Оқытушы
– биологтарға мектеп жанындағы, оқыту мөлтектерде жұмысты қалай ұйымдастыру
жолдары және практикалық нұсқаулар беріледі. Ботаника және жалпы биология
сабақтарында қызанақты көрнекілік ретінде пайдалану нұсқаулары беріледі.
Томат (қызанақ) туралы ғылыми-мағлұматтардың көптігіне қарамай біз
алдымен қызанақ дақылдарының биологиялық-экологиялық ерекшеліктерін
анықтауды мақсат етіп қойдық және 6-7 сыныпта ботаникадан, 10-11 сыныпта
жалпы биологияда сабақта пайдалану жолдары көрсетілді.

1.1.Қызанақтың (томаттың) қысқаша тарихы.

Алғаш қызанақтың (томаттың) шие тәрізді жабайы формасы. Перуде,
Индияда, Филлипинде табылған. Ал, қазіргі кезде қызанақтың жабайы түрлері
Перуде Солтүстік Чилиде, және Галапогос аралдарында кездеседі. 1554 жылдан
бастап қызанақты (томатты) Голландияда өсіре бастады. Ал, Испанияға
қызанақты (томатты) Филлипиннен алып келген, кейін Индияға таратылған. Бұл
жерлерде қызанақ онда мекендейтін түзембус араларында тез тараған. ХVII
ғасырдың басында қызанақ (томат) Арабияда, Сирияда, Эфиопияда, Египетте, ал
ХVIII ғасырдың басында бүкіл Шығыс Азияға таралған. Көптен кейін қызанақ
бау-бақша көкөнісі ретінде Венгрияда, Австрияда, Францияда, Англияда,
Германияда тағы да басқа мемлекеттерде көп тараған. А.С.Удовицкиидің (21)
айтуы бойынша қызанақ (томат) Ресейге ХVIII ғасырда жеке адамдардың
коллекциясы ретінде келіп, кейін ботаникалық бақтарда махаббат алмасы
атымен жазылған.
Қызанақтың (томаттың) кең тараған жерлері Астрахан, Крым және Кавказ.
Әдебиеттерден белгілі 1866 жылы қызанақты (томатты) Петербург қаласының
Солтүстік аудандары жанында өсіргендері белгілі. Қазір қызанақты
Солтүстіктің ең суық жерлерінде де Мурман облыстарында да өсіреді. Тюменде
қызанақты ашық топырақта да өсіреді. Қазіргі кезде Республикамызда қызанақ
(томат) өсіретін жер көлемі 200 мың га-ға жетті. Қызақтан (томаттан)
винигрет, маринат, фарш, суп, соус, томат пастасы, томат сөгі және салаттар
жасайды. Қызанақтардың қалдықтарын малға жем ретінде пайдаланады. Құрама
Штатта қызанақ жапырағынан қызанақ майын алады.

1.2.Қызанақтың эко-биологиялық сипаттамасы.

Қызанақ (томат) моноподиальды бұтақтанған күшті тармақталған тамыр
жүйесі бар өсімдік. Қызанақтың алғашқы кезде тамыры кіндік тамыр болады,
кейін одан бірінші қатардағы тамыр, одан екінші қатардағы тамыр, кейін одан
үшінші, төртінші қатардағы тамырлар дамиды. Барлық тамырлардың сырты қою
тамыр шашақтарымен жабылған. Тамырларының ұзындығы қызанақта 100-150 см
жетеді. Қызанақ тамырларының бұтақтануы 55-85 см жер асты тереңдікте өтеді.
(6)
Сабақ. Қызанақтың сабағы тік жұмыр, жас кезінде нәзік болады да, кейін
қатаяды. Сабағының ұзындығы 2-2,5 м-ге жетеді. Кейбір түрлерінде 5 м-ге
жететіндері де бар. Қортық сорттарының сабағының ұзындығы биіктігі 30-80
см.
Жапырақ. Қызанақтың (томаттың) жапырақтары жай жапырақ, шеті
тілімделген. Қызанақтың сабағында, жапырағында ұшты түкшелермен қапталған.
Қызанақтың (томаттың) көбеюі (вегетативті, қалемшелер арқылы т.б.) және
тұқыммен іске асады. Қызанақ негізінен тұқым арқылы көбейеді.
Гүл шоғыры. Бұйрагүл кейде оны жемісті шашақ деп те атайды. Гүлдері
ұсақ, түссіз, сарғыш т.б. тозаңқаптары бар. Аналықтары кіріпкен конус
түзейді. Күлгін жасыл түсті.
Тұқымы ұсақ мың данасы – 2,8 – 5 гр. көп тұқымды. Тұқымының өңі
мүмкіншілігі 6-8 жылға дейін. (6)
Қызанаққа (томатқа) систематикалық сипаттама.
Патшалық - өсімдіктер.
Класс – қосжарнақтылар.
Класс тармағы –
Қатары –
Тұқымдас – Алқалылар (Solanaceal)
Туыс – Қара Алқа. (Solanum)
Түр – Кәдімгі қызанақ (томат) (Dycopersicom esculentum)

Қызанақтың (томаттың) биологиялық ерекшеліктері.

Қызанақ (томат) - көпжылдық өсімдік. Қолайлы жағдай кезінде (мысалы
субтроптикада), көпжылдар бойы (25) өсіп-өніп жеміс беруге қабілетті. Бірақ
ауылшарушылық тәжірибеден алсақ қызанақ (томат) бір жылдық дақыл ретінде
білеміз. Қызанақтың (томаттың) антогенезінде төменгідей фазалар бастан
өткізеді.
1-ші - өскін, 2-ші – алғашқы тұрақты жапырақ пайда болуы, 3-ші бутонның
шығуы, 4-ші жаппай гүлдеуі, 5-ші жемістің түзелуі, 6-шы алғашқы және жаппай
жемістің пісуі. (2)
Қызанақтың тұқымы ауа-райының жағдайы жақсы болған жағдайда 3-4 күнде
өнеді. Тұқым қабықшасынан алғашқы тамыр пайда болып жер астына қарай жылжып
бекиді. Ал, тұқым жарнағынан шыққан жас жапырақша топырақтан жоғары шығып
бірден ашылады. Алғашқы жапырақ 6-10 күннен кейін пайда болады, кейін
арасына 5-6 күн салып 3-4 жапырақтар шығады. Содан соң, аралығы 3-5 күннен
кейін келесі жапырақтары пайда бола бастайды. Бұл кездерде өсімдікте
жапырақтармен қатар сабақ және тамырда өсіп қалыптасады. Қызанақтың 7-ші 9-
шы нағыз жапырақтары ерте пісетін сорттарында, 12-14-ші жапырақтары
қызанақтың кеш пісетін сорттарында шамамен 30-40 күннен кейін гүл бутоны
содан кейін гүл шашақтары пайда болады. Қызанақта бутон пайда болу фазасы
15-20күнге созылады. Ал, гүлдену фазасы қызанақта ауа-райының өзгерістеріне
және сорттарына байланысты болады. Ол жерге өнім шыққаннан соң барлығы
сорттына байланысты (40-90) күндер аралығында болады. Алғашқы гүлденген
күннен бастап-ақ ұрықтану басталады, ұрықтанған соң жеміс пайда болып өсе
бастайды. Жеміс мөлшері үлкейгеннен бастап қызарып пісе бастайды.
Қызанақтың (томаттың) гүлденген кезінен қызарып піскен кезіне дейін
барлығы 45-65 күнге созылады. Қызанақ жемісінің пісу мерзімін төмендегідей
бөлеміз.
1-ші- Жасыл жеміс- белгілі бір мөлшерге жеткенше болады- кейін боз-
жасыл түске ауысады, тұқым қабығы ұсақ болады.
2-ші-Сүтті-жемісі тығыз, жұмсағы ақшыл- жасыл кейін боз-қызғылт түске
ауысады немесе сарғыш түсті болады. Тұқымы жақсы дамыған тұқым қабығы
қатты.
3-ші-Сарғыш-жемісі тығыз сырты жылтыр, сарғылт-қызыл (ашық-сары)
жұмсағы қызғылт (сарғыш), тұқымының ұшы сілімденген.
4-ші-Қызғылт-(сарғыштау) жемісінің тығыздығы төмен.Сыртының көп бөлігі
қызғылт-сары (ал, сарғыш жемістілердікі сары-қызғылт) түсті. Жұмсағы (ашық-
сары) жеуге жарамды.
5-ші-Толық қызыл- жемісі жұмсақ, қабығының түсі қызыл, жұмсағы (қызыл,
қызғылт) қызыл,сары, т.б.
Егер қызанақ өте пісіп кетсе түсі қызыл-қара қошқыл түске боялады да,
жұмсағы өте жұмсарып дәндік қасиеті төмендейді.
Қызанақтың (томаттың) арғы шыққан тегі жылы субтропикадан болғандықтан
ол өнім өсу үшін жылы климат керек. Тұқымы өну үшін керек температура
ал, ең төмені 10-12 0 С болуы керек.
Қызанақ өсімдігі өсу үшін ең керек температура күндіз 22-240 С, ал
түнде 16-180С болғаны дұрыс. Егер, температура 150С-тан төмен болса,
қызанақ өсімдігі гүлдемейді, ал 100С болса, тозаңқап жетілмейді. Қызанақтың
өскіні және жас жаңа өсіп келе жатқаны 0-0,50С төменгі температураға шыдай
алады. Бірақ, қызанаққа 1-20С суықтық жапырақтары мен сабақтарын қарайтып
үсікке шалдықтырады. Ал -0,50С температурада қызанақтың гүлі мен жемісі
жыртылады.
Қызанақ орташа ылғалдықты қажет ететін құрғақшылыққа төзімді дақыл.
Бірақ, топырақ ылғалдығы (70-80%) ал ауа ылғалдығы (60%) төңірегінде болуы
қажет. Қызанақ (томат) жарық сүйгіш өсімдік. Жарық аз, жеткіліксіз болған
кезде, қызанақта ассимиляция процессі тез төмендейді өсімдіктің өсуі азаяды
да дамуы тоқталады. Оңтүстік аудандарда өсетін көпшілік сорттар қысқа
күнділіктер болып саналады, ал солтүстік аудандарда өсетіндері ұзын
күнділіктер деп аталады. Басқа көкөністерге қарағанда қызанақтың топыраққа
сұранысы онша жоғары емес (2). Қызанақ дақылы мол өнімді жақсы қызатын
органикалық заттарға бай. Құнарлы топырақтардан қарашіріктен РН 60 (5,5-
6,5) болатын топырақтардан алады. Жақсы құнарландырылған құмдауытты және
жартылай саз топырақтарданда қызанақтан мол өнім алуға болады.(7)
минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жақсы пайдаланса, қызанақ мол
өнім береді. Қызанақ үшін органикалық тыңайтқыштардан (күзде) құс – мал
қалдықтары (навоз) қарашірік, торфты компостар пайдалану керек. Ал,
минералды тыңайтқыштардан қызанақ (томат) үшін калий мен азотты пайдалану
керек. Фосфорлы тыңайтқыштарды қызанақ өте тез жеңіл қабылдайды да өте
сапалы мол өнім береді.

1.3.Мектеп жанындағы кіші телімде мөлтекте өсірілген қызанақтың
(томаттың) агротехникасы.

Қазақстанның қызанақты (томатты) көп өсіретін аудандарындат (үлкен жер
мөлшерлерінде) екі жер айналымы пайдаланылады: оның біреуі көпжылдық
шөптесін өсімдіктерден кейін екіншісі көкөніс дақылдарынан кейін – ол
органикалық тыңайтқыштармен байытылған қызанақ (томат) өсімдігі. Егер
қызанақты (томатты) онша үлкен емес, жерге ексек, онда қызанақпен бірге
бұрышпен бакложанды да егуге болады. Қызанақ егудің алдында көкөніс
дақылдарынан бадрен, немесе басқа асқабақ тұқымдастарын, пияз, сәбіз,
бұршақтар, орамжапырақтар егу керек. Картоп, баклажан немесе қызыл бұрыш
егілген егісті алқапта 3 жылға дейін осы жерге қызанақты егуге өсіруге,
өндіруге болмайды. Себебі бұл жерде өсірілген бұрынғы дақылдардың
ауруларының споралары әсіресе (фиблфтора) қосып қойып таралады еккен
қызанақты ауруларымен жарақаттайды.
Қызанақты (томатты) себу, өсіру үшін алғаш жерлер таңдалады. Олар
Республикамыздағы орталық, солтүстік аймақтар, қызанақтың ең жақсы өсетін
жерлері оңтүстік жоғарғы немесе ортаңғы бөліктері. Қорғалған орманды
белдеулер т.б. Қызанақ өсуіне жарамсыз жерлер олар нашар қызатын топырақты,
жер асты жақын жерлер болып есептеледі. Оңтүстік аудандардағы жерлер шөп-
шалаң құнғақ бұталардан тазартылған ылғалға жақын орналасқан, суаруға
қолайлы болу керек.

Топырақты өңдеу.

Қызанақ (томатты) егу үшін дайындықты күзден бастау керек. Алғаш
бұрынғы егілген дақылдардың қалдықтарынан тазарту керек. Ерте пісетін
дақылдардан кейін тереңдігі 6-8 см жыртып, артынша тырналап, содан кейін 28-
30 см тереңдікте жырту керек. Кеш пісетін дақылдардан кейін қызанақты
(томатты) орналастыру үшін солтүстік аудандарда аудармай сүре жырту керек.
Ал оңтүстік аудандарда қалған арамшөптерді шығару үшін және жер жыртудың
сапасын арттыру үшін, екінші аудармай жыртудың алдында шамамен 1 га 300-400
м3 сумен суарады. Топырақты көктемге дайындап өңдеу үшін және ылғалдықты
сақтап қалу үшін (1) топырақты ерте тырмалау керек. Ерте және орташа өсетін
көшеттерді оңтүстік аудандарда өсіру үшін 10-12 см тереңдікте отырғызу
алдында культивациялау керек. Ал, кеш отырғызатын оңтүстікте сондай-ақ
солтүстікте және орталық аудандарға 2 култивация – біріншісі 12-14 см
тереңдікте, 2-шісі тереңдігі 8-10 см жүргізіледі де, артынша тырмалайды.
Құрсақ емес ауыр топырақты аудандарда, бірінші культивацияны сүре жыртумен
бірге жүргізеді де артынша тырмалайды.(7)
Қызанақ өсетін топырақты құнарландыру. Қызанақ өсетін топырақты
органикалық тыңайтқыштармен құнарландыру үшін 1 га жерге 30-60 т шашу
керек. Ол топырақты құнарландыратын түрлеріне байланысты болады. Көпшілік
жағдайда қызанақ өсетін топырақты құнарландыру үшін органикалық және
минералдық тыңайтқыштардың қосындысын пайдалану керек. Қызанаққа
пайдаланатын азотты тыңайтқыштарға жататындар: аммиак силитрасы, аммонии
сульфаты және могевина ал, фосфорлыларға суперфосфат, калийлерге- хлорлы
калий және калийлі тұздар, сонымен қатар күрделі тыңайтқыштарға-нитрофоск
және алмофос.
Топырақты өңдеудің дәрежесіне және түріне байланысты және жоспарланған
өнімге байланысты минералды тыңайтқыштардың дозалары да әртүрлі болады.
Қазақстанның көкөніс зерттеу институтының зерттеу нәтижелерінің
көрсеткіштері бойынша 1 га жерден 100-300 қызанақ жемісінің өнімін алу үшін
күлгін-сары топыраққа №30-90, Р80-140, К30-120, 200-400га қызанақ өнімін
алу үшін, қаратопыраққа №30-90, Р80-150, К30-90, қызғылт-сары топыраққа №60-
120, Р60-120, К30-90 енгізу керек. Күзде сыдыра жыртқаннан кейін артынша
органикалық тыңайтқыштардың 23 мөлшерін ал азотты тыңайтқыштардың бір
бөлігін көктемгі артивациядан кейін енгізу керек. Қалған минеральды
тыңайтқыштарды қосымша себуге пайдалану керек.
Қызанақ көшеттерін отырғызғаннан соң 10-13 күннен кейін 5-6 жапырақтары
шыққан кезде өсімдікті шамамен 0,5-1 цга мөлшерде азотты фосфорлы
тыңайтқыштармен 1-1,5 цга аммиякты силибрамен және суперосфосфатпен
тыңайтады. Екінші рет тыңайту жеміс берер алдында жүргізіледі, 0,5-1 цга
мөлшерінде азотты-калийлі тыңайтқыштармен аммияк силибрасымен және 1-1,5
цга калисульфатымен тыңайтады.
Қызанақты (томатты) отырғызу жылдары Батыс Европа мен Солт.
Америкалықтардың көкөніс өсіру тәжірибелерінде қызанақты бір қатарға
арақашықтығы 75-100 см-дей, ол қатарлар арақашықтығы 60-80 см-дей мөлшерде
орналастыру керек дейді. Көкөніс зерттеу, тәжірибе станцияларының көпжылдық
қортындылары бойынша бұндай қатар аралық және қатарлар орналастыру
қашықтықтары Қазақстанның орта белдеулеріне пайдалануға болады деп
қортындылайды.
Қазақстанда қызанақты көшет арқылы отырғызумен қатар, қызанақты тұқым
арқылы себуде де қанағаттанарлық нәтижелерін береді.
Көкөніс тәжірибе стансаларында (7) қызанақтың көшетін әр шұңқырға
(ұяға) 4 данадан ара қашықтығын 20-30 см-ден, ал шұңқырлардың (ұялардан)
арақашықтықтары 70 см-ден болғанда 3 жылдық, тәжірибе нәтижесі
қанағаттанарлық болған. Көп жылдар бойы көкөніс станциясында жүргізілген
тәжірибелерінің нәтижесінде әр түрлі жағдайларда өсірілген қызанақтардың
варианттарының нәтижелері бір-біріне жақын болған. Бір сабақты формалы
қызанақтың өнім жиынтығы орташа алғанда, қызыл жемісті қызанақ пен түкті
формаларынан екі есе артық болған. Кейде керісінше де нәтижелер көрсеткен.
Қызанақтың қызыл және жасыл жемістілерінің жалпы өнім жиынтығы бір сабақты
формаларына артық көрсеткіштер берген. Сондықтан қызанақтың бір жапырағының
өнімдігі және өнім жиынтығы барлық өсімдіктердің жапырақтарының
өнімділігіне олардың гектарына отырғызу жиілігіне және ондағы
жапырақтарының санына сортына байланысты. (25)

Қызанақты өсіру жолдары.

Қазақстанның әр түрлі зоналарында өсетін қызанақтардың өсіру жолдары
мен технологиялық өңдеу процесстері әр түрлі (4). Қызанақты өсіру жолдары
әр түрлі, олар: Қызанақты тұқым арқылы топыраққа себу және көшетпен
отырғызу ашық қатарларымен топыраққа отырғызу, пленкамен жабылған жерлердің
үстінде өсіру. Республикамыздың солтүстік және орталық ауданның қызанақ
шаруашылығында көпшілік жағдайда дақылды көшет арқылы тегіс жерде
отырғызады, ал топырақ асты су жер бетіне жақын болса онда ылғалды
топыраққа отряд (қатар) арқылы отырғызылады. Жоғарыда айтылған аудандарда
(яғни солтүстік және орталық) қызанақтан жоғары өнімді жер бетінде
пленкамен жапқанда ғана алуға болады. Ал, ашық жер бетінде отырғызылған
қызанақта жақсы өнімді әрқашан алу қиын. Қазақстанның оңтүстік аудандарында
қызанақты тегіс жер бетінде көшет арқылы егеді және топыраққа қызанақтың
тұқымын себу арқылы да іске асады. (7) Қызанақты тұқыммен себу, көшет
отырғызудан көрі экономикалық тиімді келеді. Бірақ, оңтүстік аудандарда
қызанақ өнімдерінің түсімінің көлемін ұлғайту үшін ерте пісетін сорттармен
бірге әр кезде пісетін қызанақ сорттарының көшеттерінде араластырып
отырғызады. Бұл кезде қызанақтың тұқыммен егілгені де, көшет пен
отырғызылғаны да бір-біріне байланысты дамиды. Алматы және Алматы
облыстарында қызанақ шаруашылығының дамуы, пленка асты қорғап өсіру арқылы
іске асады.

Қызанақ көшетін дайындау ерекшеліктері.

Қызанақтан ерте өнім алу үшін, алғаш қызанақтың көшеттері 50-70 күн
ішінде 10х10 см қарашірігі бар немесе 8х8 см мөлшердегі торфты топырақты
қарашірікті топырақты гаршокта немесе жылы парникте немесе теплицаларда
өсіріледі. Орташа және кеш пісетін қызанақ сорттары Республикамызда
парниктерде көшет арқылы отырғызылады немесе пленкамен жабылған орташа
көлемді парниктерде мөлшері (6х6см) 40-50 күн ішінде өсетін ерте көшет
алынады.(1) Қызанақ тұқымын себер алдында ылғалдайды содан соң төменгі
температураларда шынықтырады. Қазақ көкөніс зерттеу институтының
қорытындысында шынықтырудың пайдалы әр түрлі температурасы 10-15 күн ішінде
0-100С түнде және 15-200С күндіз болады. Жоғарғы сапалы көшеттер алу үшін,
көшеттерді топыраққа отырғызуға бірнеше күн қалғанда оларды әртүрлі
температура мен су режимдерінен өткізу керек. Тұқым егілген соң өскін
шыққанша температура 20-250С мөлшерінде, ал өскін қылтыйып шыққаннан соң 5-
6 күннен соң күндізгі температураны 12-140С дейін төмендету қажет, түнде 6-
100С, содан соң күннің көзінде 20-240С мөлшерінде болу керек. Көшетті
отырғызуға 5-6 күн қалғанда, көшетті тағы 2-80С температураға төмендетіп
шынықтыру керек, ол көшет өсіп тұрған жерді желдету арқылы іске асырылады.
Көшетке алғаш суды аз мөлшерде құю керек, себебі топырақты және ауаның тым
көп ылғалдандырудан сақтайды. Көшетке мол су құю оны топыраққа отырғызу
алдына іске асырылады. Көшет отырғызылған соң, бір екі рет тыңайтқыштармен
қамтамасыз ету керек. Бірінші рет тыңайтқыш ендіру 10-12 күндерден кейін,
жаппай өскін қаулап өскен кезде төменгідей мөлшерде: аммиак селитрасы 3г.,
суперфосфат 40 г., хлорлы калий 15 г. – 10 л. суға, ерітіндісін 3 м2. (16)
Көшетті топыраққа отырғызардың алдында бір жеті бұрын екінші рет
қоректендіріледі. Өсімдіктердің (көшеттердің) жағдайына байланысты 1,5 – 2
ретке дейін алғанда көрсетілген тыңайтқыштар мөлшері көбейтіледі. Егер,
көшеттің дамуы нашар болса, онда азотты қоректі көбейту керек, өсімдік
жақсы күшті дамыса фосфорлы, калийлі тыңайтқыштарды көбейткен жөн.
Қызанақтың ерте пісетін сорттарын өсіргенде, қосымша қоректендірулердің
саны 3-4 –ке дейін барады.

Ерте пісетін қызанақты өсіру ерекшеліктері.

Ерте пісетін қызанақты өсіру халқы көп тығыз орналасқан қалаларды,
өнеркәсіп орталықтарын қызанақтың жаңа піскен жемістерімен қамтамасыз ету
үшін пайдаланады. Ол үшін оңтүстіктен Қазақстанның солтүстік райондарына
жеткізіледі. Ерте пісетін қызанақтан өте көп өнім алу үшін комплексті
агротехникалық жұмыстар жүргізілуі керек. Ол үшін қызанақтың дұрыс жақсы
сорттарын таңдау, тұқымы мен көшеттерін таңдау, дұрыс мөлтектерді дайындау.
Суару жүйесі мен қоректендіру жолдарын дұрыс таңдап алу т.б.
Көшетті дайындағанда, ерте көктемдегі суыққа соқтырмай, тамыр жүйесіне
зақым келтірмейтіндей етіп, сақтап өсімдіктің жақсы өсуіне мүмкіншілік
туғызу керек.
Қызанақты топыраққа отырғызу схемасы әр түрлі. Ең көп қолданылатын
схемасы отырғызу қатар аралығы 70 см, қатарлардың арақашықтығы әр сортта әр
түрлі 35-50 см шаршы-ұялауы 70х70 см екі өсімдіктен бір шұңқырға (90+50) х
35-40 см немесе (120+60) х 35-50 см, бұл механикалық егу, отырғызу және
өнімді жинауға ең қолайлы болады. Көшеттің отырғызу жобасына және
тереңдігіне байланысты 1 га жерге 40-60 мың өсімдіктер отырғызылады. Көшет
отырғызу үшін әр түрлі көшет отырғызатын машиналар пайдаланады. Қазіргі
кезде, кеңінен көшет отырғызуға пайдаланып жүрген машина СКН-6А.
Қызанақтан ерте және көп өнім алу ашық жерлерде әрқашан уақытша
пленкамен жабу арқылы іске асады.

Тұқым арқылы өсіру.

Қызанақты тұқым арқылы өсіру кезінде себілген тұқым толық бір кезде
өніп, ол толық сақталып, вегетацияның бірінші фазасына жетуі керек. Ол
үшін, қызанақ егілетін жер таңдалып топырағы жақсылап өңделуі керек және
өте сапалы тұқым алынып оны арамшөптерге қарсы тұратын күресу әдістерімен
өңдеу керек. Осы шаралар толық пайдаланған кезде, келешекте мол өнім алуға
мүмкіншілік туады. Дақылды тұқым арқылы егу ерте және ерте пісетін
сорттарға пайдаланылады. (5)
Ол үшін егілетін тұқымның сапасы жоғары болу керек. Тұқым егер алдында
әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызанақтың микрорганизмдік аурулары
Қызанақ жылу сүйгіш өсімдік
Көкөніс дақылдарының ішінде қызанақ дақылы өте бағалы
Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қызанақ дақылы мен оның аурулары
Ұсақ жемісті қызанақтар
Негізгі химиялық топтар
Сарыағаш ауданында қызанакты өсірудің интенсивті технологиясы
Пестицидтердің қоршаған ортадағы айналымы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы ауыл шаруашылық қызанақ дақылын өсіру
Пәндер