Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы



Кіріспе

1. Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы

2. Қазақстан экономикасының тұрақты дамуындағы мемлекеттік қарыз құрылымының қалыптасу мәселесі

3. Қазақстандағы мемлекеттік қарызды басқару мәселесі

Қорытынды

Қосымша

Қолданылған әдебиеттер
Мемлекеттік бюджет- қоғамдық қажеттіліктерді қаннағаттандыру мен ұдайы өндірісте кеңейту мақсатында мемелекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын пайдалану, құру арқылы қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу процесінде туындайтын мемлекетпен қоғамдық өндіріске қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастар.
Кірістер шығындардан жоғары болатын қаржылық құбылыс артықшылық (профицит) ,ал шығыстардың кірістерден жоғары болуы, бұл қаржылық құбылыс тапшылық (дефицит) деп аталады.
1. Назарбаев Н.А. «Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» Қазақстан-2030 А.1992 ж.

2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және кепілдемелік мемлекеттік қарыз бен қарыз алу» заңы А-02 ж.

3. Р.Е.Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар» А-02 ж. 389 бет

4. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев «Экономикалық теория негіздері» А-98 ж. 476 бет

5. В.Д Мельников, В.Д.Ли «Общий курс финансов» А-01 ж. 284 бет

6. В.Д Мельников, К.К. Ілиясов «Қаржы» А-94 ж.

7. «Қаржы-қаражат» 2/2003 ж. А.Амиринова /Мемлекеттік қарызды басқару мәселесі/

8. «Транзиттік экономика» 4/2003ж. А.Амиринова /Қазақстан экономикасындағы қарыздың құрылымының мәселесі /

9. Сүлейменов Р.Т. «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік» А-99 ж. 813 бет

10. А.А. Смаилов «Қазақстан 1991- 2002 ж Ақпараттық- аналитикалық жинақ» А-2002 ж. 574 бет

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

1. Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы

2. Қазақстан экономикасының тұрақты дамуындағы мемлекеттік қарыз
құрылымының қалыптасу мәселесі

3. Қазақстандағы мемлекеттік қарызды басқару мәселесі

Қорытынды

Қосымша

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекеттік бюджет- қоғамдық қажеттіліктерді қаннағаттандыру мен ұдайы
өндірісте кеңейту мақсатында мемелекеттің орталықтандырылған ақша қаражат
қорларын пайдалану, құру арқылы қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу
процесінде туындайтын мемлекетпен қоғамдық өндіріске қатысушылар арасындағы
экономикалық қатынастар.
Кірістер шығындардан жоғары болатын қаржылық құбылыс артықшылық
(профицит) ,ал шығыстардың кірістерден жоғары болуы, бұл қаржылық құбылыс
тапшылық (дефицит) деп аталады.
Мемлкеттік бюджет тапшылығы - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Бюджеттік тапшылық түрлі шаруашылық рынок салаларында ұдайы өндіріс
дисбалансын тудырып, көптеген елдердің экономикалық дамуындағы үшкір
мәселелердің бірі болып отырады. Себебі Бюджет тапшылығы меплекеттік
қарызды, ал ол бюджет тапшылығын тудырады, яғни циклдық бюджет тапшылығы
пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тепе-теңдік жағдайын
қамтамасыз етуіміз өте маңызды болып келеді. Өйткені Ұлттық экономиканың
тірегі- мемлекеттік бюджет.
Қазақстанда 90 ж. басында негізгі мәселелердің бірі бюджет тапшылығы
болды. Бұл жағдай тапшылықты қаржыландырудың жаңа көздерін құруға мәжбүр
болды. Бұлардың ішіндегі ең тиімдісі және ұтымдысы мемлекеттік қарыз арқылы
қаржыландыру болып келетіні сөзсіз.
Мемлекеттік қарыз- шығарылып, өтелмеген мемлекеттік заемдар соммасы
мен есептелген пайыз қойылымы. Өтелмеген мемлекеттік заемдар белгілі бір
мерзімге дейін пайызбен қоса қайтарылуы тиіс.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік қарыз бен бюджеттік тапшылық себептерін анықтаумен қоса,
мемлекеттік қарызды тиімді, әрі ұтымды басқару арқылы бюджеттік тапшылықты
төмендеуіне әсер ете алатын факторлар мен басқару стратегиясының
маңыздылығын көрсету. Бірақ бюджеттік тапшылық пайда болған сәтте, ұлттық
экономиканың барлық салаларына тарап, әсері глобальді түрде көрінеді.
Тапшылықпен қарыздың себептерін анықтағанымен, оларды тез арада төмендету
мүмкін емес. Өйткені бұл құбылыстар циклдық сипатта. Бюджеттік құрылымдық
элеметтердің түпкі негіздерін зерттеу, мемлекеттік қарызды басқару
стратегиялары бюджеттік тапшылықты төмендетуге жағдай жасайды. Әрине,
мемлекеттік қарызды және бюджет тапшылығын басқару стратегияларын құру
кезінде Қазақстанның экономикалық ерекшеліктерін ескеру тиіс. Бұл курстық
жұмыс барысында Қазақстанның бюджеттік мәселелерін шешуге бірнеше шараларды
қарстырып, ең тиімдісін таңдау және нарықтық экономика заңдарына сай
ұтымды әдістерді зерттеу мәселелері айқындалады.

1. Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы.
Мемлекеттік қарыз- мемлекеттік заемның шығарылып, өтелмеген сомасы
(пайыздық қойылымын қоса). Орналастырылуына, заем валютасына және басқа
сипаттамаларына қарай ол ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз деп бөлінеді.
Мемлекеттік қарыз мемлкеттік заемдарды ұлғаймалы ұдайы өндіріс және
қоғамдық қажеттерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тартудың бір
формасы ретінде қолданылады. Мемлекеттік қарыз мемлекеттік бюджет қаржысы
есебінен өтейді.
Мемлекеттік қарызды өтеу мерзімі жеткен қарыз міндеттемелерін процентімен
қоса төлеу үшін жыл сайын шығыстар бөлуді талап етеді. Олар мемлекеттік
қарызды басқару шығысы деп аталады. Мысалы, экономиканың ІІ перриодтағы
жағдайын қарастырайық. І периодта мемлекеттің табысы Т1, шығысы G1, ал ІІ
периодта табысы Т2, шығысы G2. Яғни бюждет тапшылығы- шығыстармен табыс
айырымы:
D=G1-T1
Мемлекеттің бұл тапшылықты облигациялар сату арқылы толтырады делік. ІІ
периодта мемлекет өз қажеттіліктерін өтеу үшін және алған қарызын пайызбен
қоса өтеу үшін енді қосымша қаражат табу керек. Яғни T2=(1+r)D+G2;
r-пайыз қойылымы; D=G1-T1 болғандықтан
T2=(1+r)(G1-T1)+G2 (!) – бұл әр периодтағы мемлекеттік сатып алу шығындары
мен табыс арасындағы байланысты көреміз.
(!)- теңдеуді түрлендірсек:
T1+(T2(1+r))=G1+(G2(1+r)) - бюджетті басқару шығысы.
Яғни мемлекеттік сатып алу шығыстары ағымдағы түсімдерге тең.
Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Ішкі мемлекеттік қарыз экономикада қалыпты құбылыс. Дамыған елдердің
өздерінде ішкі қарыз болады. Алайда, қарыздың бұл түрінің құрылу
ерекшеліктері әр түрлі. Дамыған елдерде мемлекеттік қарыз бен оны туғызған
мемлекеттік бюджет тапшылығын экономикалық циклға енген экономиканы
тұрақтандыру және дамыту факторлары. Халықтан, банктерден, басқа да қаржы
несие мекемелермен қарызға алынған қаражат аталған қарыз берушілердің
активтері ретінде қаралады. Мемлекеттік қарыз халықтың өзіне өзі берен
қарызы деп саналады, сондықтан Ұлттық байлықтың жалпы көлеміне әсер
етпейді. Ішкі қарыздың оны басқару жөніндегі пайыздық төлеу қажеттігі
сияқтытеріс әсерін елдің экономикасын дамытуға бөлінген инвестицмялар мн
қосымша қаржы ресурстарын жұмылдыру жауып кетеді.
Қазақстанның тәжірибесінде бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды
қаржыландыру әдістері және зардаптары бойынша айырмашылық бар.
Мемлекеттік қарыз төрттен үш бөлігі мемлекеттік банктің ақша эмиссиясы
түрінде несиелері. Бюджет тапшылығын жабу үшін ақша шығару инфляцияны
тереңдетіп, дағдарыс процестерін туындатады. Республикалық бюджет
тапшылығын жабу соммасы 40%ады.
Сыртқы мемлекеттік қарыз- елдің шетелдік несие берушілерге белгіленген
мерзімді қайтарылуы тиіс қаржы міндеттемесінің соммасы. Сыртқы қарыз шектен
тыс көбеюі экономикалық, саяси тәуілділікке апарып соғады. Дүниежүзілік
тәжірибеде мемлекеттік қарыз көлемін салыстыру үшін қарыздық табыс
коэффициенті деп аталатын арнайы көрсеткіш қолданылады. Қауіпсіздік
деңгейдің шегі- 25% деп есептеледі.
Шетелдік несие, инвестиция, технологияларды шикізат салаларында, ауыл
шаруашылығында, халық тұтынатын тауарлар өндіруге тартпай экономиканы
көтеру мүмкін емес. Бірақ шетелдік қаржы мен валюта ресурстарын тарту
оларды ұтымды пайдаланып, тиімді қайтарым болуын талап етеді. Негізгі қарыз
бен пайыздық төлеу нақты өнімнің бір бөлігін басқа елдерге жіберуге мәжбүр
етеді. Сыртқы қарыздың, едәуір ұлғаюы ұлттық валюта курсының күрт
төмендеуі, экспорт пен импорт салмағының өзгеру сияқты келеңсіз
құбылыстарды туғызады.
Соңғы онжылдықта дамушы елдердің қарызы жоғары қарқынмен өсті, 1990 ж.
Ол 126,5 млрд.долларға жетті. Қазір ең ірі қарыз ел- АҚШ американ
банкілеріне ірі шет ел капиталының ағылуын қамтамассыз етеді. Бұл
капиталдың едәуір бөлігі федералдық үкіметтің бағалы қағазына айналып,
бюджет тапшылығын қаржыландыруына жұмсалады. АҚШ сыртқы экономика жағдайы
өзгерді: 80 ж. 540 млрд. доллар болса, 90ж. 1
трлн.долларға жетті.
Мемлекеттік қарыздарын өтеу үшін заемдарды нақтылау әдісі қолданылады:
1. заемдардың табыстылығы пайыз қойылымын төмендету- конверсия;
2. мерзіміне байланысты- консолидация;
3. бірнеше заемдарды бір заемға біріктіру- унификация;
Сонымен мемлекеттік қарыз проблемасы ақша айналысының күрделі кешенімен,
бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік ықпалымен және
әлеуметтік процесстермен тікелей байланысты.
Мамандардың пікірінше, мемлекет болашақта орта және ұзақ мерзімдегі
келешекте қарызды қайта қарастыру немесе төлемдерден босату, мерзімі өткен
төлемдер сомаларын ұлғайтпай өз сыртқы міндеттемелеріне толық орындай
алатын болса, мемлекеттің сыртқы позицияларын тұрақты деп есептеуге болады.
Төменде қарыз бойынша төлем қабілеттілігінің өзекті көрсеткіштері
келтірілген:
• Борышты өтеудің бекітілген кестесінің тауар мен қызмет көрсету
экспортына қатынасы.
• Сыртқы қаржыландыру тапшылығы- қайтарымсыз түрдегі төлемдер, қарыздары
тарту мен кез келген күтілген коммерциялық капитал ағымдарын
есептеуден кейін болатын шама;
• Борыштың таза ағымдағы құнының (NPV) экспортқа қатысы;
NPV борышты өтеумен байланысты болашақтағы барлық төлемдердің ағымдағы
құнның экспорттық түсімдердің құнына қатысы арқылы анықталады.
Сыртқы борыштың өсуіне ықпал ететін факторлар:
• Пайыз қойылымы;
• Ағымдағы есептің сальдосы;
• Жинақталған борыш болып табылады.
Қаржы ағымдарының жиынтығын: борышты қалыптастырмайтын ағымдарға және
борышты қалыптастыратын ағымдарға бөлуге болады.
Бұл қаржы ағымдардың жиынтығы деп сыртқы борыш бойынша таза ағымдар мен
ресми трансферттер және тікелей шетел инвестициялары сомасын айтамыз.
Сыртқы қаржыландырудың негізгі көзі болып, ресмиге:
1. Ұлттық
• Аймақаралық
• Аймақтық, аймақтық емес үкімет қарыз алулары
• Экспортты несиелік қаржыландыру
2. Халықаралық қаржы институттары ( Әлемдік қайта құру мен даму банкі,
ЕҚҚДБ, Азиялық даму банкі және т.б.)
• ХВҚ алынған қарыздар
• БҰҰ агенттіктерінен гранттар
Ресми еместерге:
1. Акционерлік инвестициялар ( тікелей, портфельді)
2. Жеке сектор несиелері ( коммерциялық банктер, сауда және
инвестициялық қорлар, жабдықтаушылар несиесі).
Борышты қалыптастыратын ағымдар ішінен қарызды және акционерлік капиталға
қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаздарды қамтитын портфельді
инвестицияларды ерекшелеу өте маңызды. Портфельді инвестициялар маңыздылығы
халықаралық капитал рыногына шығу мүмкіндігі бар елдер үшін өсе түседі.
Осындай шығу мүмкіндігі шетел инвесторларының мемлекеттік қаржы жағдайына,
оның шығарған қарыз міндеттемелеріне сенімділік дәрежесі барын көрсетеді.
Бағалы қағаздардан басқа портфельді инвестицияларға айырбас бағамы мен
пайыз қойылымымен байланысты тәуекелдіктерден қарыз алушыларға сақтануға
мүмкіндік беретін ақша рыногының қазіргі міндеттемелер құралдарыкіреді.
Әлемдік қаржы нарығының ғаламдану жағдайында тікелей шетел инвестициялары
қабылдаушы ел экономикасына қалай әсер ете алады. Бір жағынан, тіелей шетел
инвестициялар түрінде капитал ағымы индустриализацияны жеделдетіп,
экспорттың кеңеюіне әсер етеді. Екінші жағынан ғаламдану табыс теңсіздігін
ұлғайта алады. Сөйтіп, тікелей шетел инвестицияларының пайдалылығы
төмендегідей болады:
• өндіріске салуға қосымша ресурстарды алу;
• макроэкономикалық деңгейде сыртқы нарықтық тәртіптің жоғарылауы;
• сыртқы нарыққа шығуға қол жеткізудің кеңеюі;
• ұлттық мамандарды дайындау мен қайта дайындау;
• ұзақ мерзімді қарыз капиталының ұлттық нарықтарының кеңеюі мен
тереңдеуі;
Тікелей шетел инвестициялардың теріс жақтары:
• сыртқы дағдарысқа өте сезімталдығы;
• шетелдіктер басқаратын меншікке бақылауды жоғалту.

Сыртқы қарыздар екі жақты және көп жақты негізде берілуі мүмкін екені
белгілі. Екі жақты несиелеушілерге шетел мемлекеттерінің үкіметтері,
олардың агенттіктері мен экспорт несиелеудің арнайы мекемелері, мысалыға
Жапонияның экспорттық-импорттық банкі, АҚШ Эксимбанкі және тағы басқалары
кіреді. Бұл қарыз берушілер қарыз алушы мемлекеттер үкіметтеріне төлем
балансын қолдау, мемлекеттік бюджет тапшыығын қаржыландыру мен
елдонорлардан келетін импортты қаржыландыру мақсаттарында беріледі.
Көп жақты несиелеушілер- халықаралық экономикалық ұйымдар ( Халықаралық
валюта қоры, Халықаралық қайта құру мен даму банкі, Еуропалық қайта құру
мен даму банкі, Азиялық даму банкі және т.б.), олардың ерекшелігі- әлемдік
қарыз капитал рыногында қаржыларды шоғырландыру мен оны қарыздар мемлекетті
несиелеуге пайдалану үшін өздері қарыз алатындығы.
Көп жақты несиелер екі жақты несиелер сияқты төлем балансына қолдау
көрсету, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру, Ұлттық валютаға қолдау
көрсету, импорттың қауіпті деңгейін қаржыландыру, әлеуметтік- экономикалық
дамуға көмектесетін жобаларды қаржыландыру үшін беріледі. Бұл қарыздардың
ерекшелігі- халықаралық қаржы ұйымдарының өз табысын жоғарылатуға ұмтылмай,
операцияларын экономикалық даму мен қайта құруды қамтамасыз ететін
салаларға шоғырландырылады. Немиелер көбінесе ұзақ мерзімге беріледі, бірақ
жеңілдіктері көбінесе болмайды.
Халықаралық қаржы ұйымдардың несиелеу механизмі мынандай болады:
1. Осы ұйым мүшелерін несиелеу;
2. Осы ұйымдардың жұмыс топтары несиелеу алдында мемлекеттің
экономикалық- саяси жағдайымен танысу мақсатында елге келеді. Қарыз
алушы мемлекет өкілдерімен бірге, макроэкономикалық тұрақтандыру мен
дамуға көмектесетін жобаларды несиелеу бағдарламаларын жасақтайды.
Несиелеу мерзімі ішінде осы ұйымның жұмыс топтары қарыз алушы
мемлекеттің бағдарламаларды орындауын бақылау мақсатында тұрақты
қатынайды;
3. Берілетін несие транштарға бөлініп, олар бағдарлама мен несие
шарттары, несие келісіміне сәйкес орындалған жағдайда ғана беріледі;
4. Қарыз алушы мемлекет нақты жобаларды ұсынып, оларды халықаралық
ұйымдар қолдайтын болса, оған қарыз қаржылары бөлінеді;
5. Несие қаржылары қарыз алушы мемлекеттің орталық банкінің есеп шотына
немесе АА категориясынан төмен емес алдыңғы қатарлы шетел банктерінің
арнайы есеп шоттарына аударылып, жобаны жүзеге асыру қаржылары сол
жерден алынады.
Халықаралық қаржы ұйымдарының пайыздық қойылымы әр түрлі. Несие беру
кезінде халықаралық ұйымдар ел мойнындағы бар борышты, мемлекет бюджет
тапшылығы мен өтеу мүмкіндігіне өте қатты көңіл бөледі.
Борышты өтеу механизмі. ХВҚ-ның экономикалық тұрақтандырудың күшті
бағдарламаларын қолдаудың негізгі құралы болып, құрылымдық қайта құруды
кең ауқымды қаржыландыру болады. Қазірде ЕСАФ ХВҚ төлем балансындағы
қиыншылықтары тұрақты, төмен табысты мүше-елдерге қаржылай көмек
көрсетудің негізгі механизмі болуда. ЕСАФ шеңберіндегі қаржылар
түбегейлі орта мерзімді құрылымдық қайта құру бағдарламаларды қолдау
мақсатында ұсынылады. ЕСАФ неңберіндегі тұрақтандыру шаралары үш жылдың
ішінде төлем баланс жағдайын тұрақтандырып, экономикалық өсуді
ынталандырады деп болжануда.
Сонымен қатар, қарыз мәселесін жоюдың негізгі құралдарына: қарыз
міндеттемелерін акцияға айырбастау, қарызды сатып алу, қарызды қайта
ұйымдастыру мен қайта қаржыландыру кіреді. Әрбір мемлекет өзіне тиімді
деп санаған әдістерді қолданады.
Қарыз міндеттемелерін акционерлік капиталға айырбастау шетел
банктеріне қарыз бойынша талаптарын акционерлік капитплға айырбастауға
мүмкіндік беріп, ол шетел банктік емес ұйымдарға қосымша нарықта
міндеттемелерді жеңілдікпен сатып алып, ол тікелей капитал салымдарын
қаржыландыру мен отандық қаржы құралдарын сатып алу үшін пайданылады.
Кейбір жағдайларды ішкі активтерді сатып алу құқығы ел резиденттеріне
беріледі. Сонымен қатар қарызды экспортқа немесе табиғи байлықтарға
айырбастау мүмкіндігі де бар. Соңғы уақытта жаңа бағалы қағаздарға
қатысты айырбастың бір түріне сеньюритизация жатады, оның мәні- бар
қарыз міндеттемелерді жаңа құралдарға айналдыру кезінде оның нарықтық
бағасы өсетіндей жсалып, бағалы қағаздарға мүліктік кепілдік беріледі.
Осының арқасында қарызбен бірге пайда болатын шығындар азаяды, өйткені
қарыздың бағалылығы өседі де, оған инвесторлар, сақтандыру
компанияларының қол жеткізу мүмкіндігі жоғарылайды. Ал дебиторға келетін
болсақ, секьюритизация ол үшін тиімді болып, бағалы қағаздар бойынша
шығындары бар қарыздан алынатын жанама табыспен салыстырғанда әлдеқайда
төмен болады.
Ал сыртқы борышты экономикалық саясаттағы күрделі табыстарсыз ұлғайту,
мемлекеттің орталық банктің сыртқы қарызды өтеу үшін қажетті шетел
валютасын сатып алу мүмкіндігі болмай қалу жағдайына әкелуі мүмкін. Бұл
жағдайда мемлекет өз қарыздарын қайта қарастыруға қол жеткізуге
тырысады.
Қарызды қайта қарастыру операцияларының мәні бар қарыз міндеттемелерін
ұлттық немесе шетел валютасындағы жаңа қарыз міндеттемелеріне ауыстыру
болып табылады. Ескі және жаңа міндеттемелер шарттары бір-бірінен қатты
өзгешеленуі мүмкін.
Қарыз құрылымын қайта құрудағы Париж клубының әлемдік тәжірибесі
қызуғышылық тудыратыны сөзсіз. Ол борыш құрылымын қайта қарастыруды
қарыздар мемлекет экономикасының жағдайына байланысты жүргізуге
мүмкіндік береді. Борыштың құрылымын қайта қарау механизм түрлеріне:
1. төлемді кейінге қалдыру механизмі;
2. борышты жою механизмі;
3. борыштың төлеу мерзімін ұзарту механизмі;
4. жеңілдікті пайыз қойылымдарын қолдану;
5. қарыздар мемлекетті төлем қабілетті деңгейге жеткізу үшін қосымша
несиелеу жатады.
Қарыздар мемлекеттерде туындайтын мәселелер бірдей- өзінің сыртқы
міндеттемелерін есептеу қиындықтары, өз позициясын бағалау мен сыртқы
нарықтағы бағалар динамикасын көп жылдарға болжау қиындықтары. Ал бағаның
ауытқулары сыртқы борышты өтеу мәселелерін ұлғайтады.
2. Қазақстан экономикасының тұрақты дамуындағы мемлекеттік қарыз
құрылымының қалыптасуы.

Ұлттық экономиканың тұрақты өсу шартында қарыз алу процесімен
байланысты шығындардың төмендеуіне әкелетін мемлекеттік қарыз құрылымының
қалыптасуы, мемлекеттік қарызға қызмет көрсету, қарызды өтеу мәселелері
маңызды болып отыр. Мемлекеттік қарыз құрылымының баланстырылған қалыптасуы-
көлемінің, мерзімінің, қарыз алу портфелі оптималдық қатынасын анықтаумен
түсіндірілетін Ұлттық экономика даму процесінлегі құрылымдық элемментердің
заңды түрде өзгеретін қатынасты атаймыз.
Әлемдік практикада мемлекеттік қарыз туралы ешқандай жалпы көрсетулер
жоқ. Әр мемлекет үшін жеке қатынас қалыптасады, өйткені әр мемлекет өзінің
экономикалық, әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері тән. Егер мемлекеттің
сыртқы қарыздарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік несие
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
Мемлекеттік қарыз және оның зардаптары
Банктік несиелеу
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, қызметтері мен операциялары
Қаржы жүйесі жайында
Қаржы ресурстарының көзі
Несиенің негізгі формалары
Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыту
Несиелік процесті ұйымдастыру және оны жетілдіру
Пәндер