Қызметкерлердің құрамының есебі



1 Кіріспе бөлімі
1.1 Еңбеккерлердің ( қызметкерлердің) құрамының есебі.
1.2 Орындалған жұмыс уақытының есебі.
1.3 Еңбекақының және тариф жүйелері.
2 Негізгі бөлім
2.1.Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар.
2.2 Орташа жалақыны есептеу тәртібі.
2.3 Еңбек қызметімен байланысты еңбеккерлердің денсаулығының және басқа да сәтсіз оқиғаның есебі және оны тексеру.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс – түйістер болып тұрады.
Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккермен өзара тікелей жеке еңбек келісім- шарттарын жасайды.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Акционерлік қоғамдар туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 2811 заң күші бар Жарлығы.
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-II Қазақстан Республикасының Салық кодексі.
3. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары. (Аудармашы Тарусина В.И.), - М., 1998.
4. Әдіғали Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері» (халақаралық стандарт) Алматы 2006ж.
5.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н. А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері » Оқулық Алматы Экономика 2006ж
6. Радостовец В.К, Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. « Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» «Қақазстан – орталық аудиті» тәуелсіз аудиторлық компаниясы. Алматы 2003ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1 Кіріспе бөлімі
1.1 Еңбеккерлердің ( қызметкерлердің) құрамының есебі.
1.2 Орындалған жұмыс уақытының есебі.
1.3 Еңбекақының және тариф жүйелері.
2 Негізгі бөлім
2.1.Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар.
2.2 Орташа жалақыны есептеу тәртібі.
2.3 Еңбек қызметімен байланысты еңбеккерлердің денсаулығының және
басқа да сәтсіз оқиғаның есебі және оны тексеру.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Еңбеккерлердің ( қызметкерлердің) құрамының есебі

Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары
өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс – түйістер болып тұрады.
Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол
бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің
санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын,
кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын,
білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккермен өзара тікелей жеке
еңбек келісім- шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісімшарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы
жазбаша түріндегі келісім, онда жұмысорны, келісім шарттың мерзімі, еңбек
тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да
мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке
еңбек келісім шартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісім-шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі, міндеті,
құқтары белгіленеді. Жеке еңбек келісім- шартында өндіріс саласының
ерекшеліктері, нақты міндеті,жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір
сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де келісім-
шартқа Қ.Р еңбек туралы заңының 7,8 ,9 баптары енгізілуі тиіс. Кез келген
16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ал егерде
ата –анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан және өте сирек 14 жастан еңбек
етуі мүмкін.
Жеке еңбек келісім- шартында мыналар қарастырылады:
- белгісіз мерзімге;
- белгілі мерзімге;
- белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
- еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.
Заңда келісім-шарттың максимальді және минимальді мерзімі белгіленбеуі
мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім- шартында мерзімі айтылмаса, она ол
белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісімшарты екі
данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақта қол қояды. Оның бір
данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне
келісім-шартта көрсетіген күннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа
шыққан күні есептелінеді. Жеке еңбек келісім-шартын жасау үшін жұмыс беруші
жұмыскерден еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын,
зейнеткерлік келісім-шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке
еңбек келісім-шарты не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
Жұмысқа жаңадан қабылдағандарды Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен
құжаттайды; кадрлар бөлімігің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты
адамды бұрыштама қойған бұйрықтың жобасы қажетті жағдайларда келіссөз
жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық
бөлімшелерге жіберетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше
бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық
жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылдағаны
көрсетіледі.Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы көрсетіледі. Қызметкердің
жұмыс жағдайларымен келісімі, келіссөз, дәрігерлік тексеріс
нәтижелері,техникалық қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларының минимумы
бойынша нұсқаулар берілгендігі туралы белгілер және басқа да белгілер
үлгісінің сырт жағасына соғылады. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында
кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған қызмет орны және штат
кестесі бойынша белгіленген айлық ақысы көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы қол
қойған бұйрық қызметкерге хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар бөлімі
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточкасын толтырады,
жұмыс қабылдағаны туралы еңбек кітапшасына белгі соғады, ал бухгалтерия
дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды. Еңбек кітапшасы не
жұмыс берушіде, не қызметкерлердің өзінде сақталуы мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартына және демалыстар кестелеріне сәйкес
қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалыстарды
құжаттау үшін Демалыс беру туралы бұйрық қолданылады. Екі дана етіп
толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға
беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы мен кәсіпорын басшысы қол
қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі
қызметкерлердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс
үшін тиеселі жалақысын есептейді.
Жеке еңбек келісім-шартынан басқа жұмыс беруші қызметкерлермен
азаматтық – құқықтық келісім-шарт жасауына болады. Олар жеке бір нақты
тапсырманы орындау үшін жасалады. Азаматтық – құқықтық қатынаста қызметкер
белгілі бір тапсырманы орындаған кезде сол ұйымның ішкі еңбек тәртібіне
бағынбайды.
Сонымен қоса, жұмыс берушімен еңбеккерлердің арасындағы қатынастар
ұжымдық келісім-шартпен реттелуі мүмкін. Бұндай келісім-шарттарды әзірлеу,
жасау және орындау 04.07.92 ж. № 1514 – Xll шыққан ҚР Ұжымдық келісімшарт
туралы заңымен анықталады. Бұл келісімшарт, жұмыс берушінің экономикалық
мүмкіндігіне қарап, заңмен белгіленген минималды еңбек ақымен салыстырғанды
одан жоғары дейгейде тіркелуі мүмкін. Одан басқа, ұжымдық келісім-шарт
біршама мәселелерді қарастыруы мүмкін, атап айтқанда, өндіріс
тапсырмаларын, еңбекақн төлеу жағдайын, үй – тұрмыстық және басқа да.
Олардың қатарына:
- тегіе арнайы киімдер алатын жқмыстар алатын жұмыстар мен
мамандықтардың тізімі;
- еңбеккерлер үшін қосымша жеңілдік және компенсация құқын беретін
жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
- жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізетін өндірістер,цехтар,
учаскелелдің тізімі.
Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда Еңбек шартының тоқталуы туралы бұйрық
туралы қолданылады.Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерге екі
дана етіп толтырылады. Бірі кадрлар бөлімінде қалдырылады, ал екіншісі
бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы немесе кәсіпорын
басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы
қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің
бет жағына арыз жазады.
Жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін
сақтап жүруін бақылау, жұмыс істеоген уақыт істелген уақыт туралы деректер
алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай- ақ еңбек жөніндегі
статистикалық есеп беру үшін Жұмыс уақыты есебінің табелінде жұмыс істеп
жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытының пайдалану есебі
жүргізіледі. Табельді өкілеттігі бар адам етіп жасайды, олар тиісінше
құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы
немесе жұмыс күнінің толық істелмеген туралы, мерзімімен артық жұмыс
істегені туралы және басқа қалыпты жқмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде
дұрыс толтырылған құжаттар негізінде ғана табельге белгі қойылады. Жұмыс
уақытын пайдалану есебі табельдерде қызметкерлердің жұмысқа келген-
келмегендерін жаппай тіркеу әдісімен, немесе тек ауытқуларын тіркеу
әдісімен жүзеге асырылады.
Жұмыс уақыты есебінің табельдері деректерді автоматты түрде өңдеу
жағдайын қолданылады. Ішінара реквизиттермен толтырылған табель бланкілері
компьютерлік техника құралдарының көмегімен жасалауы мүмкін. Мұндай
реквизиттерге жататындар: кәсіпорынның құрылымдылық бөлімшелері, цех,
қызметкердің тегі, әкесінің аты, кәсібі, табельдік нөмірі т.б . Мұндайда
табель үлгісі деректерді өңдеудің қабылданған технологиясына сәйкес
өзгереді.

Орындалған жұмыс уақытының есебі

Орындалған жұмыс уақытының көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлердің
еңбекақысын жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген
өнімнің өнімділігін есептеуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің
белгіленген мөлшерін орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс
істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің балансын
жасауға қолданады. Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен
қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап
қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары
бойынша табельде алфавит бойынша реттік нөмірі санына қарай жүргізіледі.
Жалпы табельде жұмыс істеген уақыты боыйнша жұмысшылар мен қызметкерлердің
еңбекақысын есептеуге арналған.
Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар еңбекақы есептеуге
және жұмысшы қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеу үшін
пайдаланады. Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша жинақталған
деректер жұмыс уақытының балансын жасауға, нақтылы жұмыс істелген уақыты
жайылы статистикалық есеп беруге пайдаланады. Бұл көрсеткіштер еңбектің
өнімділігін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақтынын пайдалану
нәтижесінде анықтау үшін де қажет болып табылады.
Еңбекақы есебі
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген
жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытынын табельдері
оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан,
бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде
бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы
құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың
қолдарынан қойылуы мұқият тексеріледі. Соңдай –ақ бұл құжаттағы еңбек
бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы
төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифларының дұрыс
қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша
кәсіпорының жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.

Қосымша еңбекақы есебі
Мейрам күнінің алдындығы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы
есептеу және оны төлеу
Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам күнінің алдындағы
жұмыс күні бір сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс істеген жұмысшы –
қызметкерлердің еңбекақылары былайша төленеді. Ұйымдарда еңбекақының
кесімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге өндіріп шығарған
өнімдері мен детальдарының, сондай- ақ атқарған қызметінің саны мен
көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептеліп төленеді.
Ал кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп,
төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс
күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі
тиіс.

Жасөспірімдерге еңбекақы төлеу
Кәсіпорында аптасына алты күн жұмыс күні, бір күн демалыс күні болып
белгіленген жағдайда осы ұйымда жұмыс істейтін 16-18 алығындағы
жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағаттан, 15 – 16 жас
аралығындағы жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Егер кәсіпорын
аптасына 5 күн жұмыс істеп 2 күн демалатын жағдайында жұмыс күннің
ұзақтығы 16- 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 7 сағаттан, 15 - 16
жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 5 сағаттан аспауы керек. Белгіленген
заңдарға сәйкес жоғарыда айтылған жұмыс істейтін және еңбегі үшін
еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс
күндері үшін толық жұмыс күнінің еңбекақысы төледі. Ал істеген
жұмыстары,өндірген өнімдері үшін, сондай- ақ атқарған қызметтерінің саны
мен көлеміне қарай еңбекақының кесімді түрі бойынша еңбекақы алатын
жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс сағаттары үшін белгіленген тарифтік
мөлшерге қосымша еңбекақы төленеді.

Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыруы үшін берілетін
үзіліс уақытына төленетін төлем
Еліміздегі заңға кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін және
қызмет атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында бір жасқа толмаған
жас сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін жұмыс
уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан кем болмайтын үзіліс
беріледі.Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы үш сағаттан сирек болмауы
тиіс. Ұйымдағы жас сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы
үшін берілетін үзіліс уақыттары жұмыс уақытының құрамына кіреді және
олардың үзілісте болған, жұмыс істемеген мерзімі үшін орташа еңбекақылары
бойынша еңбекақы төленеді.

Мемлекеттік,қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытқа
төленетін төлем
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың
атқарған немесе орндаған мемлекеттік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары
үшін орташа еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді. Яғни мұндай себептермен
жұмыста болмаған уақытына еңбекақы төлеу үшін алдымен жұмысшылар мен
қызметкерлердің орташа еңбекақы мөлшері анықталады. Басқаша айтатын болсақ
бұндай мемлекеттік, қоғамдық жұмыстар мен тапсырмаларды атқарған немесе
орындаған уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақысы
сақталады. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен қызметкерлердің
атқарған немесе орындаған төмендегідей жұмыстары жатады:
- Соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;
- Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың конференцияларына,
пленумдарына,съездеріне қатысу;
- Әскери комиссариаттың шақыруына бару;
- Және тағы басқа жұмыстар;

Түнгі уақытына істеген немесе арқарған жұмыстары үшін төленетін төлем

Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00- ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00 сағатқа
дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмысшылар мен
қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде,
яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі белгіленген
ұйымдарда, өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар мен
қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің дәрежесі бойынша тарифте
белгіленген еңбекақысының 25% пайызы мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал
тоқыма тігу, жіп иіру және нан пісіру өнеркәсібінде тарифте белгіленген
еңбекақы сомасының 50% мөлшерінде қосымша төлем төленеді.Өнеркәсіптік
ұйымдарда мерзімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі
уақыты жұмыс істеген уақытының әрбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір
сағаттық еңбекақының 20 % мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Халық
шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар мен
қызметкерлерге түнгі уақыттағы жұмысына төленетін қосымша төлем, яғни
қосымша еңбекақы мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағаты үшін
мынадай тәртіппен есептеліп төленеді:
Түнгі жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылған ұйымдарда жұмысшылар мен
қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ
заңда қаралған мөлшерде кем емес мөлшерде төленеді.
Мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық жұмыс күнінде
түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 76 бөлігінен , ал алты
сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 65
бөлігінен кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді.

Біреудің орнына жұмыс істегені үшін төленетін еңбекақы
Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп өндіріс қажетіне немесе
басқару міндетті сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның орнына оның қызметін
немесе жұмысына басқа адамның атқаруын айтады. Уақытша жұмыста жоқ адамның
жұмысын немесе қызметін атқаруды басқа жұысшыға немесе қызметкерге жүктеу
үшін кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы тиіс. Егер уақытша жұмыста
жоқ адамның орнына тағайындалған қызметкер уақытша жұмыста жоқ адамның
штатта қарастырылған орынбасары болып табылса немесе уақытша оның орнына
жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылмаса, онда бұл жағдайда
біреудің орнына уақытша қызметті атқарғаны үшін ешқандай қосымша еңбекақы
төленбейді. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның жұмысын атқарушы штатта
қарастырылған орынбасары болып табылмаса немесе уақытша жұмысты атқару
мерзімі 12 күннен артық созылса, онда уақытша біреудің қызметін атқарушы
қызметкерлерге өзінің еңбекақысына қосымша өзінің еңбекақысымен уақытша
жұмыста жоқ адамның еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы мөлшерінде
қосымша төлем төленеді. Бос орындағы қызмет пен міндетті атқарушы етіп
тағайындау уақытша біреудің қызметін атқару емес ол жұмысшылар мен
қызметкерлердің басқа жұмысқа ауысуы болып есептеледі де, ол жұмысшыға
немесе қызметкерге міндетін атқарып жүрген, яғни бос жұмыс орнының
қызметіне белгіленген еңбекақы мөлшелерінде төлем төленеді.

Жұмысшыларға өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты
атқарғаны үшін төленетін төлем
Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар ұйым басшысының
өкіміне сәйкес өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарған
жағдайда, егер олар белгіленген өнім өндіру мөлшерін орындаған уақытта
төмен дәрежелі жұмысшыға белгіленген тариф бойынша есептелетін еңбекақы
және соған қосымша осы тарифпен сол жұмысшының өзінің мамандық дәрежесіне
белгіленген тариф бойынша алуға тиісті еңбекақысының арасындағы айырмашылық
сомасы төленеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің қан тапсырған күніне, яғни донорлық
міндетті атқарған күніне төленетін төлем
Кәсіпорында жұмысшылар мен қызметкерлер қан тапсырған, яғни донорлық
қызмет атқарған күні жұмыстан босатылуға тиіс. Қан тапсырған жұмысшылар мен
қызметкерлердің қалауы бойынша оларға бұл күннен басқа тағы қосымша бір
жұмыс күні демалыс ретінде пайдалануға беріледі. Жұмысшылар мен
қызметкерлер бұл күнді, яғни демалуға тиісті күннің кезекті еңбек
демалысына да қосып алуына болады. Қан тапсырғаны үшін жұмысшылар мен
қызметкерлердің жұмыста болмайтын жоғарыда айтылған бұл екі күніне еңбекақы
орташа еңбекақы мөлшерінде төленеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына
төленетін төлем
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың кінәсінен жұмыстың
тоқтап қалған уақытына еңбекақы төленбейді. Егер жұмыстың тоқтап қалуына
жұмысшылар мен қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығы
болмаса,еңбекақы тарифтің 50% пайызы мөлшелерінде төленеді. Жұмыстың тоқтап
қалуына байланысты кәсіпорын жұмысшылар мен қызметкерлерді басқа жұмысқа
уақытша ауыстыруы мүмкін. Егер жұмыстың тоқтап қалған уақытында жұмысшылар
мен қызметкерлер кәсіпорын әкімшілігі ұсынған басқа жұмысты орындаудан бас
тартатын болса, яғни берілген жұмысты орындайтын болса, онда ол уақыт үшін
жұмысшылар мен қызметкерлерге ешқандай еңбекақы төленбейді.
Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем.
Ақау деп өнім өндіру барысында сапасы жағынан белгіленген стандартқа
сәйкес келмейтін немесе арнаулы мақсатқа сол дайындалған күйінде тікелей
пайдалануға жарамсыз болып, тек қана түзеткеннен, жөндегеннен кейін, яғни
белгілі бір шығын шығарылған жағдайда ғана пайдаланатын бұйымдарды,
бөлшектерді айтады. Өндірілген өнімдер, орындалған жұмыстар ұйымдағы
жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінен толығымен жарамсыз болып табылатын
болса, яғни ол өнімдер ақау болып табылса, онда бұл өнімді өндіргені,
жұмысты орындағаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленбейді.
Егер өндірілген өнімдер немесе дайындалған бұйымдар жартылай жарамсыз
(ақау) болып табылса, ол кезде өнімді өндірген жұмысшыларға төленетін
еңбекақы мөлшерін, кәсіпорынның әкімшілігі өнімнің жарамдылық пайызына
байланысты анықтап белгілейді. Мұндай жағдайда төленетін еңбекақы мөлшерін
тариф бойынша осы өнімді өндіру үшін белгіленген еңбекақысы 50%
(пайызынан), яғни жартысынан аспауы керек. Бұл төленген төлем осы жұмысқа
мөлшерленген уақытқа есептеліп төленеді. Кәсіпорында жұмысшылардың
салақтығынан болған бұзылған өнімдердің, заттардың құны олардың
еңбекақыларынан ұсталуы тиіс. Бірақ бұл ұсталуға тиісті соманың мөлшері сол
жұмысшының орташа еңбекақысының 23 (үштен екі бөлігі) мөлшерінен аспауы
керек. Ал материалдарды, өнімдерді әдейі қастандықпен бұзған жағдайда
келтірілген зиянның сомасы заңда қаралған мөлшерде жұмысшының еңбекақысынан
ұсталады. Егер кәсіпорында өндірілген өнімдер жұмысшылар мен
қызметкерлердің кінәсінсіз толық ақау қатарына жатқызылатын болса, онда
бұндай өнімдер үшін ол өнімді өндіріп шығарған, дайындаған жұмысшылар мен
қызметкерлерге тариф бойынша белгіленген еңбекақысының 23 (үштен екі
бөлігі) мөлшерінде еңбекақы төленеді. Өндіріліп шығарған өнімдердің,
дайындалған бұйымдардың ақау болуы ол өнімдерді өндіру үшін пайдаланылған
материалдардың сапасының нашарлығынан немесе олардың жарамсыздығының
есебінен болса немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз болған
ақау, өнімді немесе жұмысты ұйымның техникалық бақылау органдары
қабылданғаннан кейін белгілі болса,онда ол өнімдерді өндіріп шығарған,
дайындаған жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы толық тарифтік, яғни
жарамды өнімдерге төленетін мөлшерде төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің метзімнен тыс ауқытта орындалған
жұмыстарына, атқараты қызметтеріне төленетін төлем.
Халық шаруашылық салаларында нақтылы жұмыс уақыты белгіленген
кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген уақытынан өзге
уақытта істеген жұмыстары, атқарған қызметтері мерзімінен тыс уақытта
істелген жұмысы болып саналады. Белгіленген жұмыс уақытынан өзге, яғни
мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеу кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығымен ғана
жүргізіледі. Мерзімнен тыс уақытта істелетін жұмысқа бір жасқа толмаған
баласы бар жас сәбилі аналарды, жүкті әйелдерді қатыстыруға болмайды. Ал
бір жас пен сегіз жас аралығында баласы бар аналар мұндай уақыттағы
жұмыстарға тек қана өздерінің келісімімен қатыстырылады. Жұмысшылар мен
қызметкерлердің мерзімінен тыс уақытта жұмыс істеген еңбегі тек қана
ақшалай түрде төленеді. Кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі
белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімнен тыс уақытта істеген
жұмыстың алғашқы екі сағатына өзіне белгіленген тарифтік еңбекақының 1,5
есе, ал одан кейінгі сағаттарына 2 есе мөлшерінде еңбекақы есептеліп,
төленеді. Ұйымдарда кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер
мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстарының алғашқы екі сағатына сол уақытта
атөарған жұмысына тиісті еңбекақының 50% (пайызы), ал одан кейінгі
сағаттарына 100% (пайыз) мөлшерінде қосымша еңбекақы алады.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс және мейрам күндерінде істелген
жұмыстарына, атқарған қызметтеріне еңбекақы төлеу
ҚР-ның еңбек туралы заңына сәйкес кәсіпорындарда демалыс күндері
жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Бірақ та
кейбір төтенше жағдайларда ұйымдағы кейіге қалдыруға, кешіктіруге болмайтын
жұмыстың пайда болуына байланысты бұл күндерде де жұмысшылар мен
қызметкерлердің жұмыс істеуіне тура келеді. Егер де кәсіпорындардағы
жұмысшылар мен қызметкерлер демалыс күні жұмыс атқарса, оған келесі екі
апта ішінде жұмыс күні есебінен демалыс берілуге тиісті. Ұйымның бұл уақыт
аралығында (келесі екі апта ішінде) демалыс беруге мүмкіншілігі немесе
жағдайы болмаса, жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс күні жұмыс істеген
еңбегі үшін мерзімді еңбекақы алатындарға сол күнгі жұмыс істеген әрбір
сағатына тарифте белгіленген бір сағаттық еңбекақысының 2 есесі, ал кесімді
еңбекақы алатындарға сол күнгі өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының
сандары мен көлеміне байланысты тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақының 2
есесі мөлшерінде еңбекақы төленеді. Кәсіпорындарда мейрам күні жұмыс
істегені үшін мерзімді және кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен
қызметкерлерге сол күнге өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының санына,
көлеміне немесе жұмыс істеген сағаттарына тариф бойынша төленуге тиісті
еңбекақысы көтеріңкі мөлшерде, яғни екі еселеніп төленеді. Мейрам күні
істеген жұмыстары мен атқарған қызметтері үшін ақшалай еңбекақы төлемінің
орнына сол жұмыс істеген жұмысшылар мен қызметкерлердің келісімен, яғни
олардың ризашылығымен басқа жұмыс күні есебінен демелыс беруге де болады.
Ал мейрам күні кезекшілік қызметін атқарған жұмысшылар мен қызметкерлерге
басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа амалсыздан шықпай қалған
уақытына еңбекақы төлеу тәртібі
Ұйымдарда жұмыстан заңсыз босатылып, бұрынғы жұмысқа қайта орналасқан
жұмысшылар мен қызметкерлерге сот органдарының шешімімен жұмыстан
босатылған күннен бастап үш айға дейінгі жұмысқа шықпай қалған уақытта
орташа еңбекақысы мөлшерінде төлем төленеді. Басқа жұмысқа келісімсіз
ауыстырылып (қзінің істеп жүрген жұмысынан төмен дәрежелі жұмысқа немесе
тағы басқа) кейіннен бұрынғы жұмысына қайта келтірілген жұмысшылар мен
қызметкерлерге (еңбектің таласын қарайтын тиісті органдардың немесе заң
органдарының шешімі бойынша) бұрынғы еңбекақысы мен басқа жұмысқа ауысқанда
төмен дәрежелі жұмысты атқарғаны үшін алғаны үшін алған еңбекақысының
арасындағы айырма сомасы төленеді.Бірақ мұндай төлемдердің төленетін уақыты
үш ай мерзімінен аспауы керек.

Ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша
жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға
берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қайтыс болған жұмысшы-
қызметкерлерді жерлеуге арналған әлеуметтік көмек заңда белгіленген
жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. Азаматтардың еңбекке уақытша
жарамсыздығы туралы заң негізінде 14 жасқа толмаған сырқат баланы күту
үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны күтімге алу қажет болатын уақытқа
дейін беріледі, алайда оның ұзақтығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі
Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі
Еңбек және еңбек ақы төлемдерін ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу
Ұйымдардағы еңбек және төлемақы есебінің мақсаттары
Еңбекақыны кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы бойынша есептеу
Кәсіпорындарда еңбекақыны ұйымдастырудың маңызы
Контал жауапкершіліг шектеулі серіктесмтігінде еңбекақы төлеудің есебі
Еңбекақы шегерімдері
Еңбек ақының экономикалық мәні және оны жетілдірудің жолдарын қазіргі заманғы ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу жасау
Пәндер