Ертіс өзеніне физикалық-географиялық сипаттама



Кіріспе
І.тарау. Ертіс өзеніне физикалық.географиялық сипаттама
1.1. Табиғи жағдайы
1.2. Геологиялық құрылымы
1.3. Радиациялық баланс
1.4.Ауа температурасы
1.5 Жауын.шашын
1.6 Қар жамылғысы
1.7Топырақ жамылғысы
1.8 Өсімдік жамылғысы
ІІ.тарау. Гидрографиясы және гидрологиясын зерттеу
2.1.Гидрографиясы
2.1.1. Өзен торабы
2.2. Өзенді пайдалану
ІІІ.Ертіс өзенінің су сапасын және қазіргі жағдайдағы ластану деңгейін бағалау
3.1. Солтүстік . шығыс өнеркәсіп торабындағы Ертіс өзенінің су сапасының қазіргі жағдайы (ластану көздері. Ластану динамикасы)

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан. Экономикасы жағынан Қарағанды облысынан кейінгі 2-ші орында. Республикамыздың негізгі экспорт тауарлары болып табылатын – мыс, мырыш, қорғасын, титан және т.б. элементтердің кен орындары бар. Республикамыздағы түрлі-түсті металлургияның орталығы болып табылатындығын ғылыми тұрғыда жан-жақты қарастыру.
Солтүстік шығыс өнеркәсіп торабы Шығыс Қазақстан облысының бір бөлігін қамтиды. Бұл ауданда ірі қайта өңдеу және «Қазмырыш» АҚ, «Риддер плиметалл комбинаты», «Зырянов қорғасын – мырыш », «Ертіс мыс балқыту комбинаты», «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ сияқты тау-кен өнеркәсіптері орналасқан.
1. Адаев Ж, Ахметов Қ, Әбдуалиев Т, Жазылбеков Ғ, т.б. «Жетісу» энциклопедиясы, «Арыс баспасы», Алматы, 2004.
2. «Алматы облысы Қарасай ауданының 2007-2009 жылдарға әлеуметтік экономикалық орташа даму мерзімінің жоспары», Қаскелең қаласы 2006.
3. Бейсенова А.С. Исследования природа Казахстана Алма-Ата, 1979 /М. Утемагамбетов Физическая география Казахстана. Алма-Ата, 1979.
4. Бирмагамбетов А.Б. Основные этапы истории географических иссслодований Казахстана Утемагамбетов Физическая география Казахстана. Алма-Ата, 1967.
5. Беличенко Ю. П, Шведов М.М. Рациональное использование и охрана водных ресурсов. Москва. Россельхозиздат, 1986-303с

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
І-тарау. Ертіс өзеніне физикалық-географиялық сипаттама
1.1. Табиғи жағдайы
1.2. Геологиялық құрылымы
1.3. Радиациялық баланс
1.4.Ауа температурасы
1.5 Жауын-шашын
1.6 Қар жамылғысы
1.7Топырақ жамылғысы
1.8 Өсімдік жамылғысы
ІІ-тарау. Гидрографиясы және гидрологиясын зерттеу
2.1.Гидрографиясы
2.1.1. Өзен торабы
2.2. Өзенді пайдалану
ІІІ.Ертіс өзенінің су сапасын және қазіргі жағдайдағы ластану деңгейін
бағалау
3.1. Солтүстік – шығыс өнеркәсіп торабындағы Ертіс өзенінің су сапасының
қазіргі жағдайы (ластану көздері. Ластану динамикасы)

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында
Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан. Экономикасы жағынан Қарағанды
облысынан кейінгі 2-ші орында. Республикамыздың негізгі экспорт тауарлары
болып табылатын – мыс, мырыш, қорғасын, титан және т.б. элементтердің кен
орындары бар. Республикамыздағы түрлі-түсті металлургияның орталығы болып
табылатындығын ғылыми тұрғыда жан-жақты қарастыру.
Солтүстік шығыс өнеркәсіп торабы Шығыс Қазақстан облысының бір бөлігін
қамтиды. Бұл ауданда ірі қайта өңдеу және Қазмырыш АҚ, Риддер плиметалл
комбинаты, Зырянов қорғасын – мырыш , Ертіс мыс балқыту комбинаты,
Өскемен титан-магний комбинаты АҚ сияқты тау-кен өнеркәсіптері
орналасқан.
Жоғарыда атап өткендерден көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен
комбинаттар Өскемен қаласының маңында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының
орталығы болып табылатын Өскемен қаласы 1720 жылы негізі қаланған Өскемен
қамалынан бері келе жатыр. Қазіргі уақытта бұл қала Қазақстан
Республикасының түрлі-түсті металлургиясының орталығы болып табылады және
Жапонияға мырыш, титан және т.б. түрлі-түсті металдарды экспортқа шығарады.
Жапонияға шығаратын титанның көлемі Жапониядағы титан шығынының 30%
құрайды. Бірақ қазіргі уақытта қалалық қоғамдық тазалау ғимараттарының
жетіспеуінен және техногендік қалдықтарды өңдеудің жетіспеушілігінен, соның
ішінде атап кеткен кәсіпорындар мен комбинаттардың өндірістік ластаулары,
түрлі-түсті металлургиядан ағып келетін ақаба суларды жақсылап тазаламау
осы аймақта суды ластаудың үлкен проблемасы болып табылады. Соның ішінде
қалалық су құбырының негізгі көзі болып табылатын жер асты суының ластануы
ең маңызды мәселе. Су жинау көзін өзгертудің керектігі қарастырылып жатыр
және бұл мәселе қала тұрғындарының өміріне айтарлықтай әсер етеді.
Қазақстан Республикасының солтүстік шығыс ауданындағы ең ірі су көзі болып
табылатын Ертіс өзенінің суының ластануы республикадағы өзендердің ең
ластанғанына мысал болады.

1. ФИЗИКАЛЫҚ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Табиғи жағдайы
Таулы Алтай мен Жоғарғы Ертіс территориясы солтүстік ендіктің
47° және 53° мен шығыс бойлықтың 78° және 90° аралығында орналасқан. Ол
Ресей Федерациясының Алтай өңірінің оңтүстік ауданын және Таулы Алтай
автономиялы облысын және Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысының басым
бөлігін алып жатыр. Территорияның шекарасы солтүстікте Шарыш өзенінің
сағасынан бастап шығыста Обь пен Енисей өзендерінің су айрығына дейін,
оңтүстікте осы өзендердің су айрықтары бойымен, Монғол Халық
республикасымен және Қытаймен екі арадағы мемлекеттік шекара бойымен,
батыста Ертіс алабының өзендерінің су айрығымен және Балқаш, Алакөл
көлдерінің су айрықтарымен, Ертіс өзеніне, Ащысу өзеніне құяр тұсына дейін
өтеді. Қарастырып отырған территориямыздың ауданы 306750 км2. Территорияның
айтарлықтай ұзындығы, оның орографиялық және климаттық біркелкі еместігі
табиғи жағдайының мейлінше әр түрлі болуына себеп. Тайгалық ормандар және
Обь өзенінің оң жағалауындағы солтүстік шығыс тау етегіндегі орманды
дала, батыс және оңтүстік батысқа ойысқан сайын далаға, одан кейін құрғақ
далаға, сосын Ертіс өзені су алабының сол жағалау бөлігіндегі жартылай
шөлейт зонаға ауысады.

Геологиялық құрылымы
Қарастырып отырған территориямыздың геологиялық құрылымы өте
күрделі. Алтай, Тарбағатай жоталарын және Қазақ ұсақ шоқыларын жауып жатқан
тау жыныстары өмір сүру жасына, литологиялық құрамына, дислоциациалану және
метаморфизиялану дәрежесіне қарай әртүрлі. Солтүстік батыс бағыттағы басым
қатпар мен бөлектенудің остері айрықша құрылымдық ерекшелігі болып
саналады.
Қазақ ұсақ шоқысы - өте қатты бұзылған және тегістелген таулы
аймақ. Шығыс бөлігі көне геологиялық жарылымдармен қалыптасқан. Әсіресе
палеозой шөгінділері кең тараған.
Ертіс маңы жазығы негізінен борпылдақ палеогенді және
антропогенді шөгінділермен қалыптасқан. Олардың қуаттылығы солтүстіктен
оңтүстікке қарай, яғни көмілген палеозой көтерілу бағытында жылжыған
сайын күрт төмендейді. Бұл шөгінділердің қыртысында палеогенді теңіздік
және неогенді континенттік шөгінділер (көгілдір - жасыл, кірпіш түсті –
қызыл тұзды саздар және құмдар) кіреді. Антропогенді саздар, құмдар және
ағаш тектес саздақтар Белағаш жазықтығында дамыған. Бұл ауданның шығыс
бөлігінде палеозой фундаменті Шүлбі өзенінің су алабында көне беткейге
шығады. Бұл негізінен тұнба эффузивті және интрузивті шөгінділермен
(құмдақтар, сазды тақта тас, жұқа тақта тас, сазды гланцтар, әктастар,
граниттер) көрінетін девон мен карбон.
Қалба жотасы орта палеозойлық шөгінділік және ордовиктің,
силурдың, девонның, карбонның эффузивті – шөгінді жыныстарынан (кристалдық
және саздақ тақта тасты, құмдақтар, алевриттер, лавалар, шымтас, әктастар
және әктасты құмдақтар, граниттер) тұрады. Жыныстар өте дислоцирленген және
метаморфталған, солтүстік батыс бағытындағы көптеген сыздақтармен және
бұзылымдармен шектеседі.
Осы факторлардың бәрі жерасты суларының қалыптасуына және олардың
су сапасына әсер етеді.

Радиациялық баланс
Жылдың жылы уақытында оң радиациялық баланс биік таулы Алпі
белдеуін қоспағанда, барлық жерде маусым-шілде айларында ғана шамалы
көлемде көрінеді (1- кесте).
Теріс баланс барлық жерде де қараша айынан ақпан айына дейін
байқалады және желтоқсан-қаңтар айларында ең аз шамаға жетеді. Белгілі бір
жылдарда радиациялық баланс шамасының ауытқуы кестеде көрсеткен орташа
мәліметтерге қарағанда айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Радиациялық
баланстың орташа айлық максималды қосындысы 9,8 ден 10 ккалсм дейін, ал
минималды қосындысы 1,7- ден 1,9 ккалсм дейін болуы мүмкін. Радиациялық
баланстың жылдық қосынды шамасы биік тауларда 37 ккалсм-ден, солтүстік
тау етектері аудандарында 42 ккалсм дейін, Зайсан қазан-шұңқырының
оңтүстігінде 50 ккалсм ге жетеді.
1-Кесте - Радиациялық баланстың орта айлық және жылдық шамалары
(ккалсм2)
Бекет биіктI II IIIIV
ік, м


I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
Х
XI
XI Семей
аэролог.бекеті. 195 18 14 17 18 24 35 37 25 19 25 28 23 100
183 283

Көкпекты 510 24 19 18 18 26 31 33 27 18 22 35 35 131 175
306 Бұқтырма 373 19 20 28 30 41 54 57 41 28 41 42 33 142
292 434 Қатон-Қарағай 1081 16 12 14 26 56 63 67 58 36 35
27 22 91 341 432 Боран 409 10 9 12 16 20 18 19 15 13 20
21 16 68 121 189 Зайсан 604 9 9 16 28 40 41 37 27 23 24
21 16 71 220 291 Абай 617 11 10 13 20 28 38 42 23 13 11
20 16 70 175 245 Жарма 678 13 12 18 23 31 31 43 30 21 23
28 21 92 202 294

1.5 Топырақ жамылғысы
Рельефі күрделі, түпкі тау жыныстардың орналасуының және
климаттық ерекшеліктерінің әртүрлілігі қарастырып отырған территориямызда
топырақ құрамының ала шұбарлылығына әкеледі. Көп аудандарда таулы рельефтің
басым болуына байланысты топырақ белдеуінің вертикальдылығы байқалады.
Жазықты және төбелі – тізбекті рельефті аудандарда топырақтың жіктелуінде
ендік зоналылықтың нышандары байқалады. Топырақ жамылғысына зоналық жіктелу
тән: тау массивтерінің биіктіктеріне, рельеф формасына, жота беткейлерінің
бағытына тығыз тәуелді болуынан, алаптың таулы бөлігінде топырақтың
вертикалыды ауысуы болады. Облыс шегінде мынандай келесі табиғи зоналар
ерекшеленеді: нивальды, тундралы-шалғынды, тайгалы орманды далалы, шөлді-
далалы және шөлді. Бұл табиғи зоналарда таулы-тундралы, шымтасты
топырақтарды кездестіруге болады - бұл атмосфералық жауын-шашынмен
қоректенетін, ылғалсыиымдылығы көп қалқымалы батпақтар.

Өсімдік жамылғысы
Жоғарғы Ертіс су алабының территориясында өсімдік жамылғысы әр
алуан. Сондықтан бұл жерде өсімдіктердің әртүрлі типтері байқалады: Қазақ
ұсақшоқысының батысында шөлді сортаңды қауымдастығынан солтүстік шығыс
Алтайдың тайгалық ормандары және оның тау биіктерінің тундралық
қауымдастығына дейін. Ертіс маңы жазықтығында далалық типчакты және
жусанды-типчакты өсімдік басым. Қалба жотасының беткейлерінде 600-900 м
биіктіктерге дейін далалық жусанды- типчакты және таволды - дәнді өсімдік
тараған. Дала белдеуі 900-1000 м биіктіктерде жотаның орталық бөлігінде
орманды белдеумен ауысады. Орманнан 1100-1200 м биік биіктіктерде
субальпі шалғыны дақтар түрінде кездеседі. Алтайдың батыс, әсіресе
солтүстік аудандарында ормандар өте кең тараған.
Солтүстік шығыс Алтайдың түгелге дерлік территориясын 1200-1700
метр биіктікте самырсын – балқарағай орманға ауысатын ырғайлы - самырсынды
тайга алып жатыр. Тек жазықты тауетегінде және Телецк көлінің жағалауында
ғана тайга орманды-далаға ауысады. Солтүстік батыс Алтайда бүкіл тау
етегін орманды дала өсімдігі алып жатыр.

ГИДРОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕЛУІ
1. Гидрография
Қарастырып отырған территория дамыған гидрографиялық тораппен
сипатталады. Бия, Қатын, Ертіс өзендері ең негізгі су артериялары болып
табылады. Бия мен Қатынның қосылуынан ТМД-дағы ең ірі өзендердің бірі -
Обь өзені қалыптасады. Оның ірі саласы - Ертіс өзені. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Ертіс өзені
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Ертіс өзенінің табиғи жағдайы
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңдегі зерттеулері
Ертіс өзенінің жоғарғы ағысының қазіргі экологиялық жағдайы және су сапасын бағалау
Ертіс алабындағы өзен
Пәндер