Еуропа туралы



Еуропа (грек. Europa, семит тілінің “эреб” – “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) – Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Аумағы 10 миллион шаршы километрге жуық, халқы 826 миллион адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты түрде алынған. Ол құрлықта Орал тауы, Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздерге ұласады. Одан арғы шекарасы Босфор бұғазы арқылы өтеді. Еуропа солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитпен және оның Қара, баренц, Ақ, Норвег теңіздерімен, батысы мен оңтүстігінде Атлант мұхитымен және оның Балтық (Балт), Солтүстік т., Ирландия, Жерорта теңіздерімен қоршалған. Оңтүстік-шығысында тұйық Каспий теңізі орналасқан. Дүние бөлігінің құрлықтағы қиыр шеттері; солтүстігінде – Нордкин мүйісі (71º68 с.е.), оңтүстігінде – Марроки мүйісі (36º с.е.), батысында - Рока мүйісі (9º31 б.б.) шығысында – Байдасацк кірмесіне таяу Полюстік Оралдың шығыс жақ етегі (67º20 ш.б.) Еуропаға кіретін аралдар мен топаралдардың жалпы аум.730 мың шаршы километр.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Еуропа

Еуропа (грек. Europa, семит тілінің “эреб” – “батыс” сөзінен шыққан,
Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) – Еуразия
құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Аумағы 10 миллион шаршы
километрге жуық, халқы 826 миллион адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен
арадағы шекарасы шартты түрде алынған. Ол құрлықта Орал тауы, Жем өзенін
бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен
Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздерге ұласады. Одан арғы шекарасы
Босфор бұғазы арқылы өтеді. Еуропа солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитпен
және оның Қара, баренц, Ақ, Норвег теңіздерімен, батысы мен оңтүстігінде
Атлант мұхитымен және оның Балтық (Балт), Солтүстік т., Ирландия, Жерорта
теңіздерімен қоршалған. Оңтүстік-шығысында тұйық Каспий теңізі орналасқан.
Дүние бөлігінің құрлықтағы қиыр шеттері; солтүстігінде – Нордкин мүйісі
(71º68 с.е.), оңтүстігінде – Марроки мүйісі (36º с.е.), батысында - Рока
мүйісі (9º31 б.б.) шығысында – Байдасацк кірмесіне таяу Полюстік Оралдың
шығыс жақ етегі (67º20 ш.б.) Еуропаға кіретін аралдар мен топаралдардың
жалпы аум.730 мың шаршы километр. Ірілері: Жаңа жер аралы, Франц-Иосиф
жері, Щпицберген, Исландия, Британия, Ирландия, Корсика, Сардиния, Сицилия,
Крит т.б. еуропаның жағалаулары (жалпы ұзындығы 38 мың шаршы километр)
қатты тілімденген. Түбектер Еуропа аумағының 14ін құрайды. Олар: Пиреней,
Апеннин, Балқан, Скандинавия, Кола, Ютландия және Қырым түбектері.
Жер бедері. Еуропада жазықтар мен ойпаттар және қыратты жерлер басым. Дүние
бөлігінің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 300 м. жер аумағының 60%-ке
жуығы теңіз деңгейінен 200 м-ге дейінгі ойпаттардың, 24%-і 200 м-ден 500 м-
ге дейінгі қыраттардың, 10%-і 500 м-ден 1000 м-ге дейінгі үстірттер мен
таулы үстірттердің 6%-і 1000 м-ден жоғары (оның ішінде 1,5%-і 2000 м-ден
биік) таулардың үлесіне тиеді.

Шығыс бөлігін тұтасымен дерлік Шығыс Еуропа жазығы алып жатыр. Оның
оңтүстік-шығысында теңіз деңгейінен 27 м-ге дейін төмен жатқан Каспий
ойпаты орналасқан. Батыс Еуропаның жер бедеорі әр түрлі келген. Мүнда жазық
және ойпатты жерлер бірдей аумақты алған. Негізгі ойпаттар: Ортаеуропалық,
Ортадунайлық, Төм, Дунай, Париж алабы, Падан ойпаты, солт. пен оңт.
Еуропаға аласа және орташа биіктіктегі таулар тән. Олар: Скандинавия,
Пиреней, Апеннин, Балқан, Карпат т.б. батыс Еуропаның орт. Бөлігінде
Еуропаның ең биік тауы Альпі (Монблан тауы, 4807 м) орналасқан. Шығысында
солтүстіктен оңтүстікке қарай Орал таулары созылып жатыр. Әрекетті
жанартаулар, негізінен Исландия аралы мен Жерорта теңізінде.
Геологиялық құрылысы. Еуропаның геологиялық негізін архей-
протерозойлық Шығыс Еуропа және Эриа платформасы құрайды. Платформа
Еуропаның шығыс және солт.-шығыс бөлігін алып жатыр. Эриа платформасы
Шотландияның Гренландияға дейінгі аймақты қамтиды. Палеозой эрасының
соңында түзіліп біткен герцин қатпарлығы Испания, Франция, Англия, Польша,
Германия елдерінің аумағын және Орал тауының едәуір бөлігін алып жатыр.
Гибралтардан басталып, Альпі, Карпат, Қырым тауларынан, Апеннин, балқан
түбектерін, Жерорта, Қара теңіздерді қапсыра өтетін альпі қатпарлығының
жерортатеңіздік белдеуі Еуропаның оңтүстік Жиегін қамтыған. Балтық, Украина
қалқандарында, Шотландияның солтүстік-батыс жағалауында, Орт. Англия мен
Гебрид аралдарында архей мен протерезей жыныстары жер бетіне шығып жатады.
Рифейдің алдындағы көп қатпарлану әрекеттерінен платформалар аумағында биік
таулар мен қыраттар пайда болған. Төм. палеозойда каледондық геоинклиналь
аймақтарындағы теңіз түбіне қалың қабатты грантолитті тақтатас, құмтас,
кварцит, эффузналық жыныстар, аздап әктасты тұнбалар шөккен. Силур
кезеңінде Грампиан геосинкдиналі орнында каледондық қатпарлы таулар
түзілгенде, теңіз бұл аймақтан және Шығ. Еуропа платформасынан біртіндеп
шегінген. Теңіздің босаған жерлерде төм. және ортаңғы девонда континенттік
қызыл түсті шөгінділер жиналған. Еуропаның қалған аймақтары силур, декон
кезеңдерінде, төм. тас көмір жүйесінде теңіз түбі болды. Жоғ. палеозойда
Орлада, орт. және Батыс Еуропада, Донбаста герцин қатпарлығынан таулар
көтерілді. Соның әсерінен солт. жарты шарлардағы платформалар бірігіп,
біртұтас Лавразия құрлығы қалптасты. Тетие т. (қазіргі Жерорта т.) аталған
су айдыны қазіргі Альпі-Гималай белдеуінде ғана сақталған. Палоегеннің
аяғынан бастап, Альпі, Карпат, Балқан таулары көтеріліп, теңіз біржолата
шегінді. Платформалар мен тау етегінің жапсарынан бөктерлік ойпаңдар
қалыптасты. Плиоценде үлкен грабендер (опырылыстар) пайда болды. (Эгей,
Адрия, Гибралтар грабендері). Платформаның жарылысынан осы күнгі сөнген
жанартаулар (орт. Франция, Шотландия, германия, Чехия) пайда болды.
Жерортатеңіздік белдеу бойында қазіргі кезде де күшті жер сілкінулер болып
тұрады. Антропогенде еуропаны кемінде 4 рет мұз басты. Ең үлкен мұз басуы
кезінде Скандинавиядан тараған қалың мұз қабаты Киев, Харьков, Волгоград
қалалары тұрған жерге дейін жетті. Соңғы Валдай мұз басуы шамамен бұдан 10
мың жыл бұрын аяқталды.
Кен байлықтары. Еуропада ірі кен орындары көп және әр түрлі. Ірі
мұнай, газ (Еділ – Орал және солт. Каспий қайраңының мұнайлы облысы, Кавказ
алды және Солтүстік т-дің қайраңы), көмір (Донец, Печора, Мәскеу маңы,
жоғ.Силезия, Саар, Йоркшир, Рур алаптары), темір кентастары (Курск
магниттік аномалиясы, Украина кен орындары, Орал таулары, Кола түбіндегі
кен орындар, Лотарингия, Скандинавия түбегі), сонымен қатар боксит, түсті
металдар кентастарының кен орындары, ас тұзы мен калий тұздарының кендері
Орта Еуропа жазығында (аум. 150 мың шаршы километр) кездеседі. Түсті және
сирек металдарға Орал, Бат.Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлері бай.
Дүние жүзіндегі ірі күкірт кен орны (Тарнобжег) Польшаның оңт-нде табылған.

Климаты. Еуропаның көпшілік жерінің климаты қоңыржай. Атмосф. Жалпы
айналымының қалыптасуына Атлант мұхитынан келетін Гольфстрим жылы ағысының
солт. Атлант жылы тармағы әсер етеді. Циклондық әрекеттердің нәтижесінде
қысқы айлардың изотермалары ендік бағыттан аутқып, Еуропаның көпшілік
бөлігінде қысқы айлардың орташа температурасы орта ендік температурасынан
едәуір жоғары болады. Еуропаның шығыс бөлігінің климаты континенттік.
Атлант мұхиты үстінен келген жылы, ылғалды ауа массалары суық континенттік
ауа массаларымен түйісетін жерде солт. полюс шеңберінен 50-параллельге
дейінгі аралықта полюстік шеп түзіледі. Мұнда қысы суық, боранды, қарлы,
жазы жылы, оңт.-шығысында ыстық. Солт-ндегі аралдарға субарктикалық және
арктикалық климат тән. Оңт. Еуропаның климаты жерортатеңіздік, қысы жұмсақ,
әрі ылғалды, жазы ыстық келеді. Қаңтар айының орташа температурасы
арктикалық аралдарда 24ºС, оңт-ндегі субтропикалық белдеулерде 12ºС. Маусым
айындағы температура арктикалық аралдарда 3ºС-тан, оңт-нде 29ºС-қа дейін
өзгереді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері таулы аймақтарда 1500-2000 мм-ден
(Скандинавияның жел өтіндегі беткейінде 2500 мм), Каспий ойпатында 200 мм-
ге дейін аутқиды. Еуропаның көпшілік бөлігінде жауын-шашын, негізінен
жылдың жылы мезгілдерінде жауады және ол батыстан шығысқа қарай азая
береді. Жерорта т-нде және оның жағалауларында жауын-шашын қыс айларында
жауады. Мұнда жаз айларында ылғалдың жетпейтіні байқалады. Дүние
бөлігіндегі мұздықтардың аум. 118 мың шаршы километр. Олардың ең көп
жиналған жерлері: Шпицберген (58 мың шаршы километр), Жаңа жер, Франц-Иосиф
жері, Исландия аралдары және Скандинавия таулары. Мұздың қалыңд. 400-600 м-
ге, кейде 1000 м-ге жетеді.
Ішкі сулары. Еуропа су ағынының қалыңдығы жөнінен (295 мм-дей) дүние
бөліктері ішінде оңт. Америкадан кейін 2 орында. Жылына Еуропаның жер
бетіне 4148 км3 атмосфералық ылғал түседі. Ылғалдану дәрежесіне қарай ағын
батыстан шығысқа қарай және солт. оңт-ке қарай азая береді. Оның көпшілік
бөлігі Атлант мұхиты мен оның теңіздері алабына, қалғаны солт. мұзды мұхит
алабы мен ішкі ағын алабына (Каспий т-не) жатады. Ірі өзендері: Дунай,
(Еуропадағы ең ұзын өзен), Днепр, Дон, Печора, Солт. Двина, Рейн, Висла,
Эльба, Одра (Одер), Рона, Сена, Луара, Тахо, По. Олардың барлығында дерлік
кеме жүзеді. Шығыс Еуропа жазығындағы өзендердің ағысы баяу, аңғарлары
террасалаы және кең болады. Олар қар және ішінара жаңбыр суымен толығады.
Қыста оңт-нде 1,5-3 ай, солт-нде 7-7,5 ай бойы мұз қатып жатады.
Фенноскандиядағы өзендер қысқа, аңғарлары жарқабақты, шоңғалды келеді. Өзен
еңістігі үлкен. Орта бөлігінде 2-3 ай, солт-нде 7-7,5 ай бойы мұз қатып
жатады. Орталық Еуропаның жазық өңірлеріндегі өзендер, негізінен жаңбыр
суымен толығады. Суы қатпайды, немес бірде қатып, бірде еріп жатады.
Биіктігі орташа тауларда өзендер көктемде қатты тасиды. Альпінің биік таулы
аудандарындағы Рейн, Рона, По өзендерінің сол салаларының, Дунайдың оң
салаларының жоғ. Ағыстары қар, жаңбыр суымен қоса, мұздықтардан да
толығады. Жерорта т. алабына жататын өзендерде су деңгейі күзде және қыста
едәуір көтеріліп, жазда төмендейді. Еуропада көлдер біркелкі орналаспаған.
Солт., солт.-шығыс бөлігіндегі мұз басуға ұшыраған аймақта (Фенноскандия)
және британия аралдарында, Альпі өңірінде, Польша мен Германияда көлдер
көбірек кездеседі (Ладога, Онега, Веттерн, Меларен, Женева, Балатон т.б.).
жазықтар мен өзен жайылымдарында атыраулық көлдер, Қара және Азов
теңіздерінің жағалауында лагуналық, Балқан түбегінде тектоник, Исландия мен
Апеннин түбегінде жанартаулық көлдер кездеседі. Еуропаның аридтік оңт.-
шығыс өңірінде сортаң және күшті минералданған тұйық көлдер (Эльтон,
Басқұншақ) жатыр. Еуропа көлдерінің басым көпшілігі дүниежүзілік туризмнің
көрнекті орындары және әлемдік маңызы бар демалыс сауықтыру орындары
саналады. Сонымен қатар Еуропа жерінде 30-дан астам аса ірі және 2000-нан
астам шағын бөгендер салынған.
Топырағы. Дүние бөлігі топырағының қалыптасыу жағынан арктикалық
(полюстік), бореалдық, суббореалдық, субтропиктік белдеуге бөлінеді.
Шпицбергенде, Франц-Иосиф жерінде, Жаңа жердің солт. бөлігінде арктикалық
Фенноскандияның солт. бөлігінде, Жаңа жердің оңт. бөлігінде, шығыс Еуропа
жазығында, солт. полюстік шеңберден солт-ке қарай – тундралық топырақ
дамыған. Бореалдық белдеу Исландияның, Фенноскандияның, Бриатния
аралдарының, Орта Еуропа жазығының, шығ. Еуропа жазығының Львов – Киев –
Курск-Пермь-Екатеринбург шегінен солт. бөлігін қамтиды. Суббореалдық
белдеуінің қойыржай континенттік аймақтарында қара топырақ және қызыл қоңыр
топырақ тараған. Орманды дала мен даланың солт. бөлігі күлгінделген,
сілтісіз, шіріндісі мол (8% және одан көп) қара топырақты. Ал далалық қуаң
аймақтарда шіріндісі аз және оңт-ке тән орташа қара топырағы дамыған. Қырым
жазығында, Каспий маңының анағұрлым қуаң далаларында шірінді қабаты жұқа,
карбонатты қабаты өте тығыз қызыл қоңыр, кейбір жерлері сортаңды топырақпен
алмасып келеді. Топырақ қалыптасуының субтропиктік белдеуіне жататын оңт.
Еуропа мен Қырымның оңт. жағасы мәңгі жасыл ксерофитті ормандар мен бұталар
өсетін қара қоңыр топырақты. Жерорта теңізі маңындағы анағұрлым қуаң жерлер
сұр, қара қоңыр топырақты, балқан түбегінің тауаралық жазықтарының топырағы
өте тығыз, шіріндісі аз болады. Еуропа топырағы егіншілікке қолйлы. Қара,
қара қоңыр топырақты жерлердің көбі жыртылған.
Өсімдігі. Еуропаның өсімдігі флоралық құрамы жағынан Голарктика
облысына жатады. Өсімдіктерінің құрамында эндемиктер аз. құрлықТық
бөлігінде өсімдіктер тундралық, бореалдық, тайгалық, далалық, шөлдік,
субтропиктік типтерге бөлінеді. Шпицбергенде, Франц-Иосиф жерінде, Жаңа
жерде қына, мүк, шөптің бірен-саран түрі, бұтадан дриада өседі. Тундралық
бөлігінде қоңыр, жасыл қына, ягель, крупка, субетеге, аласа қайың, полюстік
тал өседі. Тау тундрасы Исландияда, Скандинавияда, Полюстік Оралда
таралған. Орманды тундраның оңт-ін (шамамен 57-58º с.е.) тайга алып жатыр.
Мұнда, негізінен қылқан жапырақты орман басым. Тайганың оңт-нде жалпақ
жапырақты және қылқан жапырақты орман өседі. Олар Скандинавия мен Орал
таулары аралығын алып жатыр. Жалпақ жапырақты орман солт-те тайга мен
аралас ормандардан, оңт-те субтропиктерге дейінгі (шамамен 40º с.е. дейін)
бүкіл Батыс Еуропа (тауларының басқа) қамтиды. Бұл белдемнен оңтүстікке
қарай орманды дала, ал одан әрі дала белдемі жатыр. Еуропаның субтропиктік
аймақтарында ксерофиттік мәңгі жасыл ормандар мен бұталар өседі.
Жануарлары. Фауна әлемі Голарктикалық зоогеографиялық аймаққа кіреді.
Өсімдіктердің таралуы секілді ұнда да географиялық белдемділік байқалады.
Өсімдігі аз, климаты қатал тундрада мекендейтін жануарлар: солт. бұғысы,
көгілдір түлкі, қасқыр, ұсақ кемірушілер, құстардан: тундра кекілігі, ақ
үкі, теңіз жағасында шағала, баклан, қаз, үйрек көп. Тайганы тиін, ақ қоян,
бұлғын, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, бұлан т.б. мекендейді. Құстардан құр, шіл,
көк қарға, сары шымшық, қырғи т.б. кездеседі. Жалпақ жапырақты орман аралас
орманда қара күзен, тағы мысық, жабайы шошқа, жарғанат, кірпі, қоңыр аю,
түлкі, қасқыр, борсық т.б. мекендейді. Шығыс Еуропаның далалық және
шөлейтті аймақтарында кемірушілер өте көп. Каспий ойпатында бөкен, қарсақ,
жерортатеңіздік аймақта безоар және Альпі текесі, серна, муфлон, батысында
Пиреней жұпар тышқаны, генетта, Гибралтарда Еуропадағы маймылдың жалғыз
түрі – магот, шығысында жайра, шие бөрі кездеседі.
Саяси бөлінуі. 20 ғ-дың соңғы онжылдығында Еуропаның саяси-әкімшілік
бөлінісінде үлкен өзгерістер болып өтті. КСРО, ЮСФР-дің ыдырауына
байланысты бір топ жаңа мемлекеттер пайда болды. Германия демократиялық
Республикасы Германия Федеративтік Республикасының құрамына енді. 2001
жылдың басында Еуропада мынандай мемлекеттер болды. Австрия, Албания,
Андорра, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцогивина, Ватикан,
Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия,
Қазақстан (батыс бөлігі), Латвия, Литва, Лихтейнштейн, Люксембург,
Македония, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша,
Португалия, Ресей, Румыния, Сан-марино, Словакия, Словения, Түркия, (солт.-
батыс шеті), Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Хорватия, Чехия, Швейцария,
Швеция, Эстония, Югославия.
Атмосфераны қорғау. – атмосфераның барлық қабаттарының химиялық және
энергиялық тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтауға арналған шаралардың
жиынтығы. Адам баласы өзінің материалдық мұқтаждығын өтеу үшін өнеркәсіпті,
автокөлікті, ғарышты, су көліктерін пайдалана отырып, атмосфераның
ластануына жол береді. қышқыл жаңбыр, озон “тесік”, түтін газ т.б.
атмосфера ластануының көріністері болып табылады. Атмосфераны қорғаудың
негізгі шаралары – ірі кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды
өңдейтін өнеркәсіп орындарында аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияға
көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан жылу қазандқтарынан бөлінетін газ
тәрізді, аэрозоль, ауыр металдар, фенолдар т.б. сияқты зяинды заттардың
шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау. ҚР-ның “Қоршаған ортаны қорғау
туралы” (1991, 1997) Атмосфералық қорғау шараларын да қамтиды.
Атмосфера шебі. Атмосферадағы өтпелі белдем немесе екі ауа массасының
(шартты түрде) арасындағы жігі. Тропосферада атмосфера шебі жаңадан пайда
болып, ауысып және жойылып отырады. Шеп белдемінде температура т.б.
метеорологиялық өлшемдердің көлденең градиенттері шұғыл өседі. Басқаша
айтқанда шеп белдемінде бір ауа массасынан екінші ауа массасына өтер кезде
бұл өлшемдер секірмелі түрде өзгеріске ұшырайды. Егер жылы ауа салқын
салқын ауа жағына қарай ауысса, күн жылынады. Мұндай атмосфералық шепті
жылы шеп дейді. Жылы шептер өткенде оның үстінде жүздеген шақырымға
жететеін жауын бұлты пайда болып, жауын-шашын жауады. Ал салқын ауа массасы
жылы ауаны ығыстырып, ілгерілегенде, шеп өтетін жердің ауа-райы
салқындайды. Сондықтан оны салқын шеп деп атайды. Қазақстан жеріне жеткенде
жылы ауаны ығыстырып жоғары көтеріледі, соның нәтижесінде жел соғып,
найзағай жарқылдайды. Жолында кедергі жасайтын таулар болмағандықтан, солт.
мұзды мұхит үстінде қалыптасқан арктикалық шеп оңтүстікке қарай ауыса
отырып, биік тауларға жетіп тоқтайды.
Табиғатты қорғау. – адамзат қоғамы мен бүгінгі және келешек ұрпақтың
материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында
табиғат пен оның байлықтарын тиімді пайдалануға және қайтадан қалпына
келтіруге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Адамның
өндірістік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерін белгілі бір
дәрежеде шектеп, табиғи қорларды ұтымды пайдалану ежелден бері адамзат
қоғамының көкейтесті мәселелерінің бірі болып келеді және қазіргі
техникалық үдеріс заманында ғаламдық мәселеге айналып отыр. Осыған орай
табиғатты қорғауды мемлекеттік реттеу жүйесі қазіргі заманда экономикасы
дамыған елдерде тұрақты мемлекеттік реттеу тетіктерінің құрамдас бөлігі
болып табылады. Бұл жүйенің қалыптасуы 1960 жылдардан, кәсіпорындардың
өндірістік қызметінің экологиялық зардаптарын реттеу мен бақылаудың
құқықтық нормативтік негізі жасалып, әкімшілік тарапынан рсы салада ғылыми-
зертеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарды үйлестіру органдары
құрылған кезден басталады. 1970-80 жылдардың тоғысында әкімшілік бақылау
құралдары (экол. жағынан қолайсыз өндірістерді лицензиялаудан бас тарту,
жобалардың экол. жағынан негізделуін, өнімге экол. таңбалар қойылуын, оның
экол. жағынан сертификатталуын талап ету т.б.) тікелей және жанама түрде
экономикалық реттеу нысандарымен толықтырыла түсті. Экономикалық
ынталандыру шараларында экологиялық жағынан таза өнім өндірушілерге жәрдем
қаражат беру және оларды қаржы жағынан қолдаудың басқа да нысандары
қамтылады. Оларға басқа тең жағдайлармен қатар мемлекеттік сатып алу
бағдарламасын іске асыру, келісім шарттарды орналастыру және сауда-саттық
жүргізу кезінде артықшылық беріледі. Өнімнің “тазалық” деңгейіне қарай
сараланған салық мөлшерлемесі қолданылады. Ерекше күрделі экологиялық
мәселелерді шешу үшін мемлекет экономиканың жекелеген секторларының
өкілдерімен ерікті салалық келісімдер жасасады. Осындай жолдармен табиғатты
қорғауды мемлекеттік реттеу “таза” өнім мен технологияларға деген сұраныс
қалыптасатын нарыққа ықпал жасап, өндірушілерді қоршаған ортаның ластануына
қарсы күресудің неғұрлым тиімді құралдарын таңдауға мәжбүр етеді. Ғылыми-
техникалық төңкерістің жаңа кезеңінде экология мен ресустарды үнемдеу
мәселелері көбінесе ұлттық сипаттан жоғары тұрғандықтан, дамыған елдерде
осы салаларда құрылатын басқару жүйесі үш деңгейден тұрады, олар: ұлттық
мемлекет нарығы, қоғамдық интернаттар, мемлекетаралық ұйымдар. Көптеген
халықаралық экономикалық байланыс агенттерінің қатысуымен көп жақты
экологиялық келісімдер жасасу табиғатты пайдалануды басқарудың сапасын
арттырудың және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып
табылады. Олар қоршаған ортаны бұзатын заттарды пайдаланудан, қауіпті
қалдықтарды тасымалдаудан туындайтын зиянды зардаптарға жол бермеу, биол.
Алуан түрлілікті сақтау, т.б. күрделі ғаламдық мәселелерді шешу үшін
неғұрлым тиімді. Қазақстанда табиға және оның байлығы халқымыздың өмірі мен
қызметінің және еліміздің әлеум.-экон. дамуының, әл-ауқаты артуының табиғи
негізі, қайнар көзі болып табылады. Кеңестік кезеңде әміршілдік басқару
жүйесінің өктемшіл саясатының салдарынан Қазақстан жерінде экол. қасірет
аймақтары: Семей ядролық полигоны, басқа да жасырын әскери сынақ орындары,
Арал теңізінің суалуы сияқты экол. апат аймақтары қазақ халқының өмірі мен
денсаулығына, тіршілігіне қатерлі қауіп төндірді. Осыған орай Қазақстан
азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға
міндеттеліп, экол.саясаттың негізгі жалпы ұстанымдары конституцияда
тұжырымдалды. (38 бап). “Қоршаған ортаны қорғау туралы” ҚР Заңы (15.7.1997)
қабылданып, онда қазіргі және келешектегі ұрпақтарымыздың мүдделері үшін
қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экон. және әлеуметтік негіздері мен
экол. қауіпсіздікті қамтамасыз етудің экон. тетіктері айқындалды. Сондай-ақ
мемлекетімізде табиғатты пайдаланудың түрлі бағыттары бойынша экологиялық
бағдарламалар әзірленді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық
атқарушы орган құрылып, қоршаған орта сапасының өлшемдері, шаруашылық
қызмет пен өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар айқындалды.
Табиғи газдар. – химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері жағынан сан
алуан болып, әр үрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын
газдардың жалпы атауы. Табиғи газдардың негізгі құраушылары: метан, пропан,
бутан. Қоспалары: тез қайнайтын көмірсутектер (пентан, гексан т.б.),
көмірқышқыл газы, азот, күкірт, инерттті газдар, 1,5 км-ге дейін тереңдікте
табиғи газдардың құрамында метан басым келеді. Тереңдеген сайын метанның
гомологтары молая түседі. Табиғи газдар 4 негізгі топқа жіктеледі: 1)
атмосфера, литосфера, гидросфера және органикалық дүние газдары; 2)
газогенді, газтүзілімдік, ауа және аралас газдар; 3) көмірсутектер,
көмірқышқыл газдары; 4) биохимиялық, литохимиялық, радиоактивтік, ауа
газдары және ғарыш газдары. Табиғи газдар шөгінді тау жыныстарындағы
органикалық заттардың катагенетик. түрленуінен түзіледі; шоғырлануы
тектони. факторларға байланысты. құрылымдық ерекшеліктеріне қарай газ
иірімдері қабатты және тұтас болып бөлінеді. Қабатты иірімдер газы
шоғырлануға қолайлы жағдайлары бар тау жыныстарында (коллекторларда), ал
тұтас иірімдер газы тек белгілі бір қабаттан ғана орын алады. Газ және
газды конденсатты кендердің 85%-ы саздармен қабаттаса келген құмды, құмды-
алевритті тау жыныстарында кездеседі. Табиғи газдардың кендері Жердің ұзақ
уақыт бойы ойыстанып, төмендеген аймақтарындағы шөгінділердің қалың
қабаттарынан орын алады. Газ сыйыстырушы құрылымдарға геосинклиникалық
аймақтардағы антиклиналар, моноклиналар, ал платформалар әр түрлі
көтерілімдер, риф массивтері, ойпаңдар жатады. Дүние жүзіндегі табиғи газ
өндіретін ірі кен орындары: Уренгой, Вкутыль, Заполярное, Орынбор
(Ресейде), Шебелино (Украинада), АҚШ, Алжир, Иран, Нидерланды т.б.
мемлекеттерде орналасқан. Қазақстанда табиғи газдың мұнаймен бірге
кездесетін (Құлсары, Прорва, Өзен, Жетібай, Қарамандыбас) және жеке кендері
(Шөмішті, Шағырлы, Жақсықоянқұлақ, Базай, Қызылой, Теңге т.б.) бар. Табиғи
газ - өте бағалы отын. Оны өңдеу кезінде метил спиртті, формальдегид,
ацетальдегид, сірке қышқылы, ацетон, этилен, пропилен, пластмасса, жасанды
каучук, жасанды талшық т.б. көптеген органикалық қосылыстар алынады.

Минералды сулар

Түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар. Ол жер бетінен сіңген
сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңіз суларынан, метаморфизм мен
жаңартау процестері нәтежесінде босаған сулардан қалыптасады. Тотығу
реакциясы, басым болатын жер бетіне таяу минералды сулар құрамында азот,
оттек, көмір қышқыл газы, ал тотықсыздану реакциясы басымдар болатын
тереңірек гаризонттарда көміртек газдары, күкіртсутек көбірек болады. М.с.
кендірінің типтері құрылымдық, гидродинамикалық, гидрогеохим,
ерекшкліктеріне қарай ажыратылады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық
еріген заттар мен арнаулы биол,әсері бар құрушылар (CO, H,S, AsS, т.б)
мөлшеріне қарай анықталады. Минарлды сулардағы минералды қосындылардың
мөлш. 2г\л-ден төмен болғанда әлсіз,2-5 г\л-де аз,5-15г\л-де орташа,15-
35г\л-ден жоғары болғанда менералды,35-50 г\л-де- тұзды,50 г\л-ден астам
болғанда күшті тұзды сулар болып саналады. Минералды.7-8г\л-ге дейінгілерін
ішу, ал басқаларын әр мөлшерінде тұщы сумен қосып, шомылу арқылы емге
пайдаланады. Температурасына қарай салқын (20°С-қа дейін), жылы (20-37°С),
ыстық (37-42°С) және өте ыстық (42°С-тан жоғары) болып бөлінеді. Аниондар
мен катиондарының шамасына сәйкес М.с.хлоридті, гидрокарбанитты, сульфатты,
натрилі, кальцийді, магнийді, газ бен арнаулы элементтеріне қарай көмір
қышқыл, сульфиті, азотты, борамды, иодты, темірлі, күшәлалы, кремнийлі,
радиоактивті (радонды) болып ажыратылады. Минаралды сулардың құрамындағы
кальций денедегі ісіктерге қарсы ем болып жүйке жүйесін нығайтады. Хлорды
магний суы қан тамырды кеңейтеді. Сульфатты сулар негізінен өт-пен ішті
тазалауға көмектеседі. Иодтағы сулар тамақтың қалқанша безінің, өкпе
бауырдың қызметін жақсартады. Бромды сулар орт, жүйке тамыр қызметін
қалпына келтіреді. Темір қосындысы қанның гемоглобиніндегі темір
жетіспеушілігін толықтырады. Геиоглобинінің артуына Минаралды судағы
кобальт, никель, күшәлда пайдалы. Сондай-ақ көмірқышқылды сулар қан
тамырларының қабілетін жақсартып, жүрекке әр береді. Кремний қышқылы,
күкірт сутекті сулар ревматизм, беру целлез, радикулит, жүректері т.б.
көптеген ауруларға ем. М.с Қазақстан жерінде, таулы және жазық аймақтарда
көп кездеседі. Қазіргі кезге дейін олардың 100-ден астам алабы зерттеліп,
шипалық қасиеттері анықталған. Көпшілігіне гидрогеол, барлау жұмыстарын
жұргізіліп, 70%-дан астамы (көбінесе Оңт және Оңт.-Шығыс аудандарында)
пайдаланылуда. Мыс, “Алмаарасан”,“Қапаларасан”, “Сарыағаш”, “Мерке”, т.б.
көптеген емдеу- сауықтыру орындары бар
Менералды сумен емдеу, бальнеотерапия (лат.balneum - монша, суға тұсу
және грек. Tһerapeia-емдеу) - курорттық және курорттан тыс емдік-
профилактикалық мекемелерде әр түрлі ауыруларды табиғи және жасанды жолмен
дайындалған минералды сумен емдеу. М.с.е ішкі (ішу арқылы), сыртқы (жалпы
ванна суына шомылу) ем үшін пайдаланылады. Минералдық сулар сонымен бірге
ауызды шаю, ингаляция жасау, асқазан мен ішекті шайып тазарту, т.б үшін де
пайдаланылады. Минералдық сулардың құрамында көмірқышқыл газдың, күкіртті
сутектің, азоттың, тез ыдырайтын радиоактивті заттардың (радонның) болуы
оларға емдік әсер береді. Олардың темп-ралдық мех факторларының мәні зор.
Минералды ванналар алдымен жүрек-қан тамыр және жүйке жүйесіне әсер етіп,
олардың жұмысын реттейді, организмдегі зат алмасу процесі мен ішкі
секрекция бездері жұмысының қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.
Африка. – аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық,
дүние бөлігі. Жерінің аумағы 29,2 миллион шаршы километр. (аралдарымен
бірге 30,3 миллион шаршы километр). Тұрғыны 728 миллион адам. (1995).
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге
(Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 километр. Жағалауының жалпы
ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Оның
шеткі нүктелері солтүстігінде - әл-Абияд мүйісі (37º20 солт. ендік),
оңтүстігінде (34º52 оңт. ендік), батысында Әлмади мүйісі (17º32 бат.
ендік), шығысында Рас-Хафун мүйісі (51º23 солт. ендік). Құрлықты
солтүстігінде Жерорта т., батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты,
мен Қызыл теңіз сулары шайып жатыр. Солтүстік шығысында жіңішке Суэц
мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы
Еуропаның пиреней түбегінен бөлінген. Жағалауы нашар тілімделген, көбінесе
таулы, тік беткейлі болып келеді. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Қолайлы
қойнаулар аз. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар,
Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель
араладары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында
Аннобан, сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан. Тектоникалық
жарықтар жүйесі Шығыс Африка грабені деген атпен белгілі. Ол Қызыл теңіз
табанынан басталып, Африканың шығысын бойлай 6500 км-ге созылып жатыр.
Жер бедері. Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан
(Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта, т. жағалауы.) Биік
таулар Атластың биік бөлігі мен шығыс Африка грабені жүйесіне тән.
Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара мен Судан жазықтары
мен үстірттері алып жатыр. Сахараның орт. бөлігі көтеріңкі, онда Ахагтар
мен Тибести таулы қыраттары оқшау көрінеді. Сахараның оңт.-батысында Атлас
таулары (тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы
(Асотериба, 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына
(Рас-дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең
терең ойысы – Афар жатыр. Оның солт.-батысында Камерун жанартауы (4070 м),
солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-
Катанга үстірті, шығысында Шығыс африка таулы қыраты қоршай орналасқан.
Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында
Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон
(4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына
жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып,
Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаһар (Дракон) тауларына ұласады. Бұл
таулардың беті өте жиі тілімденген, бір-бірінен терең аңғарлармен бөлінген.
Кейбір бөліктерінің бетін қалың базальтты шөгінділер жапқан. Африканың
оңтүстік-шығысында құрлықтан бөлінген. Мадагаскар аралы орналасқан.
Геологиясы және кен байлықтары. Жер бедерінің біртектес болып келуі
Африканың геол. және тектоник. Құрылымының қарапайым болуымен байланысты.
Құрлық түгелге жуық ежелгі гондваналық платформадан тұрады. Платформа
іргетасын құрайтын қатты метаморфтанған жыныстардың абс. Жасы 3 млрд.
жылдан асады. Олар Туарег, Регибат, Орт.Африка, Арабия-Нубия, Шығыс Африка,
Мадагаскар қалқандары түрінде жер бетіне шығып жатыр. Аралығында Тинфуд,
Сенегал, Тауденни, Ливия – Египет, Чад, Конго, Төм. және жоғ. Ніл,
Окованго, Калахари, Карру синеклизалары орналасқан. Олардың бетін
протерезойдан бастап жиналған теңіздік және құрлықтық шөгінді жыныстар
жапқан. Мезозойда Гондвана құрлығының бөлінуіне байланысты Африка – Арабия
платформасы солт.-шығыс бағытта жылжып, кайнозойда өте үлкен құрлық массиві
– Еуразия литосфералық плитасымен соқтығысқан. Соның нәтижесінде Арабия
платформасы Африкадан бөлініп, Қызыл т. табаны ашылған. Африканың бүкіл
шығыс бөлігін бойлап өтетін терең тектоник. Шығыс Африка грабені пайда
болған. Әлі күнге сөнбеген Климанджаро, Кения, Меру жанартаулары осы грабен
бойында орналасқан. Жерорта т. табанындағы тау түзілу процестері әсерінен
Атлас тауының Антиатлас, Тельатлас, ар-Риф жоталары көтерілді.
Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің
қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте,
Алжирде, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде
табылған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО)
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары
Еуропа одағы
Еуропалық қауымдастықтан Еуропалық одаққа дейін
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Адам құқықтарын қорғау механизімі
Қазақстанның еуропа мемлекеттерімен байланысы
Жак Ширак билігінің Франция саясатын айқындауы
Қазақстанның Шығыс Еуропамен қарым-қатынасы
АҚШ ПЕН БАТЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУ ТАРИХЫ
Пәндер