Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланыс механизмдерін дамыту



КІРІСПЕ

1.тарау Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланыс механизмдерін дамыту
1.1 Ауыл шаруашылығ мен өндіріс кәсіпорындарымен шаруашылық қатынастарының механизмдерін жетілдіру
1.2 Ауыл шаруашылық өндірушілер мен нан өнімдерін өндірушілер арасындағы байланыс және оның дамуы
1.3 Ауыл шаруашылық өндірушілерді бақылаудағы шетелдік тәжірибе

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қаралыстылып отырған тақырып бүгінгі таңда ең актуалды және маңызды болып табылады. Азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесі табиғи ресурстарды, яғни қорларды жиі пайдалану мен ауылшаруашылығының белгілі өнім түрлерін өндірушіге тигізетін ықпалының күшеюімен аса тығыз байланысты болып келеді.
Берілген мәселенің маңыздылығы ауыл шаруашылығының тауар өндірушілермен тығыз байланысының көңіл аударарлық жағдайының көрінісінен айқындалады.
Алайда, бұл жүйе қазірге кезде Қазақстанда іс жүзінде көрінген емес, бұған себепкер болған белгілі экономикалық және саяси проблемалар баршылық.
Зерттеу нысанасы ретінде Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы мен ЖШС «Жамбыл-нан №3» комбинаты табиғи қорларды пайдаланушы болып қарастырылады.
1. “2003-2005ж. Азық-түлік бағдарламасы” Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген. 5 маусым 2002 жыл №889.
2. Қазақстан Республикасының “Астық туралы заң” 19.01.2001ж. №143 -2 ҚР заңы
3. Назарбаев Н.А. Стратегия “Қазақстан-2030”. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 1997.
4. Қазақстан Республикасының 2003-2005 жж. Арналған азық-түлік бағдарламасы. – Алматы 2002
5. Қазақстан Республикасының “Шектеулі және қосымша жауапкершіліктегі серіктестіктер туралы” Заңы. 30.04.1998.
6. Абдильдин С. Агробизнес: бизнес-план. – Алматы, Агроуниверситет, 1999
7. Анализ хозяйственной деятельности пищевой промышленности. Под ред. Н.И. Солопенко. – М., Дело, 1996
8. Афанасьев М.П. Маркетинг: стратигия и практика фирмы. – М. Проресс, 1999
9. Винокуров В.В. Организация стратегического управления на предприятий – М. Прогресс, 1999
10. Герчикова И.Н. Менеджмент. – М.ЮНИТИ, 2001
11. Гончаров В.В. В поисках совершенства управления. – М. Дело, 2000
12. Диксон П.Р. Управление маркетингом. – М. ЮНИТИ, 2001
13. Есиркепов Т., Мырзагельды К. Становление организационно-правовых форм сельскохозяйственных предпрятий Казахстана в условиях в рыночным отношениям. – Алматы, 1998
14. Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современность, перспективы. – Алматы, РНИ Бастау. 1998
15. Кретов И.И. Маркетинг на предприятии. М.Финстатинформ, 1994жыл
16. Куватов Р.Ю. және т.б. АПК: Новое условия хозяйствования” - Алматы, “Қайнар” 1991
17. Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: казахстанская модель. -* Алматы, 1998
18. Мескон М. Және т.б. Основы менеджмента. – М., Дело, 2000
19. Насковец М.Д. “Концепция национального маркетинга” Алматы, “Қазақстан” 1993 жыл
20. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. “Агробизнес теориясы мен тәжірибесі”. Алматы, “Білім” 1997 жыл
21. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М., Экоперспектива”, 1998
22. Хожаназаров Қ. “Маркетинг негіздері” Алматы, Экономика”, 1996 жыл
23. Экономика пищевой промышленности. Под ред. Василенко О.В., Донсковой С.В. – М., Агропромиздат, 1989
24. Экономика предприятия. Учебник. Под ред. Горфинкеля, Швандара В.А. – М., ЮНИТИ, 1998
25. Экономика хлебопекарного производства. Под ред. Комарова В.И., Филатова Д.К. – М., Аграпромиздат, 1995
26. “Интер-Трайд” ЖШС-нің 200-2002 жылдардағы есептері мен баланстары.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...










1-тарау Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланыс механизмдерін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Ауыл шаруашылығ мен өндіріс кәсіпорындарымен
шаруашылық қатынастарының механизмдерін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Ауыл шаруашылық өндірушілер мен нан өнімдерін
өндірушілер арасындағы байланыс және оның
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Ауыл шаруашылық өндірушілерді бақылаудағы
шетелдік тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қаралыстылып отырған тақырып бүгінгі таңда ең актуалды және маңызды
болып табылады. Азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесі табиғи
ресурстарды, яғни қорларды жиі пайдалану мен ауылшаруашылығының белгілі
өнім түрлерін өндірушіге тигізетін ықпалының күшеюімен аса тығыз байланысты
болып келеді.
Берілген мәселенің маңыздылығы ауыл шаруашылығының тауар
өндірушілермен тығыз байланысының көңіл аударарлық жағдайының көрінісінен
айқындалады.
Алайда, бұл жүйе қазірге кезде Қазақстанда іс жүзінде көрінген емес,
бұған себепкер болған белгілі экономикалық және саяси проблемалар баршылық.
Зерттеу нысанасы ретінде Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы мен ЖШС
Жамбыл-нан №3 комбинаты табиғи қорларды пайдаланушы болып қарастырылады.
Жергілікті ауыл шаруашылықтарында табиғи орта барлық табиғат
тұтынушыларға қорлар көзі мен орналасу болып танылады. Сондықтан
агроөнеркәсіп кәсіпорындарының қызмет етуін ұйғару мен олардың
территориялдық-экономикалық сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттілігі туады.
Берілген жұмыстың мақсаты болып ауыл шаруашылығының шикізаттарынан
тауар (өнім) өндірушілердің бірінші жұмысын зерттеп, берілген облыстың
ауыл шаруашылығымен оның байланысын қарастыру.
Берілген жұмыстың мақсатының негізінде мынандай мәселелері қойылды:
• ЖШС Жамбыл-нан №3 нан комбинатының қаржылық- шаруашылық әрекетін
қарастыру.
• ЖШС Жамбыл-нан №3 нан комбинатының ауыл шаруашылығымен байланысын
зерттеу.
• шикізат өндірушілер мен ауыл шаруашылығы арасындағы өзара
әрекеттестікті зерттеу.
Алайда зерттеу барысында облыс ауыл шаруашылығының салалық құрылымы
диверсификация дәрежісінің төмендігімен айқындалғаны байқалды. Облыс
өнімінің 74,8% құрайтын еңбасты сала болып ауыл шаруашылығы табылады.
Жергілікті аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру негізінде қайта өндіру
өндірісі өз дамуын тапқан (8,5%).
Өндіріс жабдықтарын өндіру бұл жерде шектеулі түрде даму алған (11%)
Кешеннің тар бөлігі болып инфрақұрылым болып табылады. Жол жүйесі,
элеватор, қоймалар, тоңазытқыштардың дамуындағы артта қалушылық облыс ауыл
шаруашылығының қызмет етуіндегі басты диспропорциялардың бірі болып
табылады. Соның салдарынан сақтау, тасымалдауда ауыл шаруашылық өнімдерінің
айтарлықтай көлемі шығынға ұшырайды (ұлттық өнімнің 10-17%).
Қорды шығару оны өндіру мен ақырғы өнім шығару, қалдықтарды пайдалану
мен қорларды қайта қалпына келтіру бойынша цикл бөліктерінің сәйкескен
дамуы агроөнеркәсіп өндірісінің басты бағытын құрайды.
Жергілікті ауыл шаруашылығының қызмет құрылысын зерттеу процесінде
ауыл шаруашылығы шикізаттарының нақты түрлерін өсіру мен өндіруге
негізделген циклдер жүйесін құрайтын аграрлық цикл ерекшеленген болатын.
Сонымен қатар, басты өндіріс пен жол жөнекей қосымша өндірістердің бір-
бірімен ара қатынасы да басты маңызды роль атқарады. Басты қызмет
көрсететін және де көмекші өндірістердің өндірістік байланыстары әлденеше
төменірек болып табылады.
Бөлек шаруашылықтардың өзара қарым-қатынасы ауыл шаруашылығының бөлігі
деңгейінде тығыз өтеді. Өзара қарым- қатынас деңгейімен мал шаруашылығы
циклдері (ет өндіру мен сүт өндіру) ерекшеленеді. Олар үшін басты кезеңдер
(жем шөп өндірісі,селекция және тұқым, жас мал өсіру және т.б) іс жүзінде
өте сәйкес келеді. Егін шаруашылығы циклдері бір-бірімен өзара байланысын
ауыспалы егіс жүйесінің негізінде арттырады. Жем-шөп өндіру кезеңінде егін
шаруашылығы циклдері мал шаруашылығымен тығыз байланыста болады.
Өсіріліп жатқан жемдік дақылдар мен табиғи жем-шөптер әлі күнге дейін
толығымен дұрыс пайдаланбай келеді. Пайдалы заттардың 70% жануар ағзасының
өміршеңдігін қамтамасыз етуге жұмсалып, қалған бөлігі ғана өнім береді.
Адам ағзасына мал шаруашылығы өнімі ретінде егістікпен алынған барлық жем-
шөптердегі пайдалы зарттардың 10% ғана жетеді.
Бірінші тарауда ауыл шаруашылығының құралы мен байланыс құралысының
түсінігін маңызын ашып берілген процесті теориялық қарастыруға мүмкіндік
береді. Екінші тарау іс жүзінде берілді. Бұл тарауда ЖШС Жамбыл нан №3
қаржылық ауыл шаруашылығын өндірушілердің шикізатын пайдаланатын
кәсіпорындардың бірінің әрекетінің анализі беріледі.
Үшінші тарау ауыл шаруашылығының шикізат өндірушілермен және соңғы
өнімді шығарушылармен байланысы мен өзара қарым-қатынас бойынша бар
бағдарламалардың маңызын ашады.
Жұмыста Қазақстан Республикасының заңдары, ауыл шаруашылығы
санасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің басты бағдарламалары,
қаржы шаруашылық әрекет туралы кәсіпорынның есебі, оқу құралдары және де
тағы да басқа құжаттар қолданылды.
1 тарау. Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланыс механизмдерін дамыту.
1.1 Ауылшаруашылығы мен өндіріс кәсіпорындарымен шаруашылық
қатынастарының механизмдерін жетілдіру.

ЖШС Жамбыл Нан №3 кәсіпорынның жұмысын зерттей отырып, бұл
кәсіпорынның жұмысы үнемі кәсіпорын мүмкіндіктерімен байланысты емес
екендігі айқындалады. Ол басқа кәсіпорындар мен ұйымдармен тығыз
байланысты. Берілген кәсіпорынның шикізат өндірушілермен байланысын
қарастырып, берілген нарық анализін жасап, мынандай қорытындыға келдік.
Жалпылама Жамбыл облысының егін шаруашылығы өнімінен ақырғы өнім
шығарушылар мен Жамбыл Нан ЖШС ауыл шаруашылығымен негізінен байланысты
емес.
ЖШС Жамбыл Нан №3 үшін шикізат жеке жасалған келісім шарт бойынша
Қостанай обылысынан алынады. Сонымен қатар, облыс Жамбыл Нан №3
қажетіліктерін қанағаттандыру үшін өз дақылдарын өндіруге мүмкіндікті
иеленгені анық. Сонымен қоса Қайнар Кооперативі Жамбыл облысынан тыс
аудандарда да сұранысқа ие жаздық бидай өндіріледі.
Облыстағы жыртылған жермен ауданын талқылағанда, мынандай қорытынды
шығаруға болады: егістіктің жалпы ауданын 1994 ж. дейін обылыста 5 млн. га
құраған, олардың 6,7 млн. га суарылмаған . 2003 ж. егістік ауданы 19,0
млн. га қысқартылды. Егістіктен шабындық пен өріске 15,5 млн. га жер
аударылды.
Дәнді дақылдылардың басты аудандары үш солтүстік обылыстарда: Қостанай,
Солтүстік - Қазақстан және Көкшетау – болғандықтан (11 млн. га жуық
немесе 63( ), шикізат міндетті түрде осы обылыстардан алынады.
2003 ж. ауыл шаруашылығы өндірісімен Жамбыл облысында 88 кәсіпорын
айналысқан* Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімінің қомақты көлемі
тұрғылықты халықтың жеке шаруашылығымен өндіріледі.
Жамбыл облысындағы шаруашылық категориялар бойынша ауыл шаруашылығы
дақылдылардың егістік ауданының бөлінуі мен олардың өндірген өнім көлемі
кестеде берінген.

15- кесте
Егістік ауданы мен басты өндірістік дақылдылардың өндірісі.
Ауыл шаруашылығыДихан Халық
Дақылдылар кәсіпорындары шаруашылық-тарышаруашылығы
мың гамың теңгемың га мың мың га мың
теңге теңге
Дәнді бұршақтылар мен
бұршақтылар 8619 7153 3723 4280 37 132
Сонымен қатар бидай 7061 5716 2987 3287 65 70

Жамбыл облысының статистика жинағы.

Кестеде берілген мәліметтер Жамбыл облысындағы басты көрсеткіштердің
бірі бидай екенін көрсетіп отыр.
Сонымен, облыста кәсіпорындар мен ұжымдарды өзіндік шикізатпен
қамтамасыз ету үшін, шикізат өндірісін қамтамасыз ететін табиғи қордың
баршылығы айқындалды.
Бірақ, облыс ауыл шаруашылығындағы реформаларды жүргізуден бастап ауыл
шаруашылығының өнім өндірісі көлемінің төмендеуімен айқындалған тұрақты
тенденциялар пайда болды. (1999 жылмен 1990 ж салыстырғанда, 42,1(
дақылдылар өндірісі 50().
Өндірістің төмендеуі ең алдымен дән нарығының бақыланусыздығынан,
демпигті бағалар мен басқа да факторлардан болды.
Нәтижелі болып реформа жылдары өндіріс 2 есе төмендеген бұл саладағы
үлкен дағдарыс табылады. Жамбыл облысындағы дәнді дақылдарды өңдеу
облыстардың жалпы қажеттіліктерінің үлкен бөлігін қамтамасыз ету мен
өнімнің біршама бөлігін облыстан тыс аймақтарға тасымалдауға бағытталған.
Сонымен қатар, Жамбыл облысында, жалпы Қазақстан бойынша, соңғы жылдары
элеватор жұмыстарының күрт төмендеуі байқалып отыр. Кейбір жағдайларда бұл
процестің асқынуына байланысты кейбір кәсіпорындардың жұмысы мүлдем
тоқталды. ҚР ауылшаруашылығы секторының экономикалық мәселелерінен басқа
өндірістің төмендеуінде себепкер болғандар:
- Ресей мен ТМД елдеріне өнімнің өткізуін тоқтату.
- шағын өндіріс (ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу бойынша( қолдайтын
Үкімет саясаты.
- Шеттен келген азық-түлікке қатысты либералды саясат.
Ауыл шаруашылығы мен өндірушілердің байланысын талқылай отырып бұл
мәселеге қатысты мемлекеттің арнайы бағдарламалары қарастырылды.*
1994 ж астық сатып алу бойынша мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт
корпорациясының вексельдік бағдарламары жұмыс істей бастады.Дән өндіруді
алдын ала қаржыландыру мәселелерін шешу үшін тұтынушы мен сатышу арасындағы
есепте алынған мұнай өнімдері, құрал-жабдықтар, тыңайтқыштар, электр қуаты,
көлік және т.б. қызметтері үшін вексельдер пайдалынылды. 1996 ж , 1994-
1995ж дағдарыстағы төленбеген вексельдермен жұмыс істеу тәжірибесін еске
алып (вексельдер Казкоммерцбанкпен шығарылған болатын(, ҚР үкіметі өзінің
қаулысымен Мемлекеттік азық-түлік корпарациясына вексель эмитенті болуын
сұранды, ол сомма 165 млн. АҚШ долларына тең. Астықты мемлекеттік ресурсқа
сатып алынды. Вексельді қамтамасыз етуші болып өткен жылдардағы астықтық
мемлекеттік қордағы 1 млн тонна дән болған.
1996 жыл бастап Мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясы
вексельдер эмитенті және де мемлекет атынан тапсырыс беруші болып отырды.
Қаржылық операторлары ретінде Казкоммерцбанк және Қазагропромбанк
болды, себебі олар берілген несиелері үшін төмен пайызды төлем ақы мен
корпорацияның вексельді бағдарламасына қызмет көрсету үшін ең төмен сыйақы
ұсынды.
Вексельдер айналымы 3 айға жарайтын мерзімге шығарылды. Бұл мерзім
ішінде ауыл шаруашылық өндірісшілер вексель берушілермен астық өңдіру үшін
керекті материалдық-техникалық ресурстар мен көрсетілген қызметі үшін толық
есеп айырысады. 1995 жылмен салыстырғанда, 1996 жылмен әлденеше жоғары
дисконт - 10 пайыз орнатылды.
Ауыл шаруашылық өндірісшілермен келісім-шарттар аудан және облыс
әкімдерінің жәрдемімен жүргізіліп жатты. Байқау негізінде мемлекеттік
астықты сақтай алатын нан алушы кәсіпорындары айқындалып, олар ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілермен келісім-шарт жасайтын. Соммасы 68 $ млн.
АҚШ доллары бірінші транш вексельдері астық берушілермен осы дайындау
кәсіпорындар арқылы береді.
Екінші транш 1996 жылмен 10 шілдесіне жоспарланған, қосымша мемлекеттік
қорға алынатын тұқымның ақшалай сорттық қосындасы ретінде 5% вексель
берулі жоспарланған. Сонымен қатар жинау жұмыстары алдында нан алушы
кәсіпорындарға шаруашылық токтан элеваторға дейінгі тасымалдаумен
байланысты (50 км 5 АҚШ долл. орташа есептен) шығындарды өтейтін
вексельдір беру жоспарда болған. Банктер вексельді 1996 жылмен 1
қыркүйегінен есепке алу керек еді. Алайда қыркүйекте вексельді механизм
есеп-айырасуы вексельдердің тауарлануының тоқтатылуына байланысты тоқтап
қалды. Шаруашылықтардағы жұмыс тоқтатылды. Алайда Кеңестілген Үкімет
мәжілісінде, 1996 ж 10 қыркүйекте, былай белгіленген еді қазіргі кезде
бірінші және екінші транш вексельдерді төлеу жүргізліп жатыр. Бұл үшін
сәйкес келген қаржылық қамтамасыз ету баршылық, бұл шаруашылықтарға
материалдық ресурстар мен мемлекеттік қорларға астық құюға кедергі болмау
керек. Вексельдік бағдарламаға сенім сіздіктің тууына Мемлекеттік азық-
түлік корпорациясының пайда түсіруге ұмтылысы себепкер болды. Үкімет
қаулысында ең төменгі сатып алу бағасы ҚҚС-сіз 100$, ҚҚС-пен 120$ және нан
алушы (қабылдау) кәсіпорындарға сақтауға алынған III класты жұмсақ сортты
бидай тоннасына 135$ құрайды. 100$ акциясы қаржы Министрлігінің қарамағына
берілген жабық акционерлік қоғам құрылды.
Осы мезеттен бастап мемелекеттік азық-түлік корпорациясы мемлекет сенім
хаты бойынша астықпен айналысады. Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты
мемлекеттік астық қорлар мәртебесі өзгерген жоқ еді. Басты мақсат сол
күйінде қалды, яғни белгілі деңгейде астық қорларын ұстау мен астық
нарығын қалыптастыру мен әлемдік нарыққа көшу.
Мемлекеттік азық-түлік корпорациялық несиелік қарызы сол мезете
200600000 ақш долл. құраған. Бұл пассивке актив құраған 100 млн ақш долл.
еді. Актив бізде ауылдағы дебиторлық қарыз түрінде болған, тұқымды көбі
алғанымен барлығы қарызын төмуге асыққан емес.
Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы қолдау мақсатында 1997 жылмен 5
қантарында Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт корпорациясының
вексельдерін төлей үшін мемлекеттік қорлардағы бидайды іске асыру, жарату
туралы №4 Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы шықты. 15 қаңтардан
бастап 1997 жылмен Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ГК-және ГК-2
серияларының вексельдерін бидай және оның өңделген өнімдерімен төлене
бастады.
Вексель ұстаушыларға бидай берудің басты талабы - вексельдік
бағдарламаның қаржы операторына ААҚ Қазкоммерцбанк- тің номиналды бағасы
10000$ соммасынан кеш емес вексельдерді бір уақытта беру болып табылады.
Ал соммасы 10000$ кем вексель иелеріне вексель ААҚ Қазкоммерцбанке
МАТК ағымды есебіне түскен ақша түсіміне байланыста төленіп жатты.
1997 ж. 14 қантар мен наурыз аралығында 69,4 млн. Ақш долл. қарыздың
35$ млн төленеді.
1997 жылмен шілдеде республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша.
Есеп комитетінің төрағасы М. Үтемаев мырза тексеру нәтижесі бойынша
корпорациясының тиімсіз орынсыз жұмысы туралы сөз қозғайды.* 1997 жылмен
мемлекет астық құюдың жаңа әдісін қолдануға мәжбүр болды.
1996 жылмен вексельдік бағдарлама түпке тұрған жоқ. Берілген
бағдарламаның жұмысын талдау барысында оның тоқталу себептері анықталды.
Бұл біріншіден нормативтік базаның жоқ болуы, ликвидтіктен вексельдік
эмиссиясының тым асырылуы, жобаның алдын ала талданбауы, нарықта мұндай
жобалардың дайындықсыз болуы мен берілген қаржы құралының дұрыс пайдалануға
керек негізі білімдердің болмауы. Нәтижиінде МАТК шығынға ұшырап, астық
вексельдер нарығы алып-сатарлық жағдайға ұшырап, астықтың айтарлықтай
көлемі мемлекет қамбасына түспеген жағдай болды. Н. Смағұлов мырза
...вексельдер ауыл шаруашылық өндірісшілеріне еркін нарықта сатылып,
алынған ақшаға автокөлік, басқа да материалдық құндылықтар, мемлекеттік
астыққа еш қатасы жоқ игіліктер алынып жатты, - деген жағдайлар туралы
айтты.Жасалынған анализ Мемелекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациялық
вексельдік бағдарламасының дамуына бұл бағдарламаның соңғы кезеңінде
Мемелекеттік азық-түлік корпарациясы вексельді толығымен төлемей
ұйымдастыру кемшіліктерін толығымен анық көрсетті. 1996 ж. ауыл тауар
өңдіруші вексельді қаржыландыру бағдарламасы ертеректе болмаған несиелердің
болмауының өзінде ауылдың себу және жинау науқанында қажеттіліктерін
қоректерімен қамтамысыз етуге мүмкіндік беріп отырды. Нәтижесінде, ауыл
шаруашылығы шикізатын өңдеуші мен өндірішілер арасындағы қарым-қатынас
біршама үзілген, ол болса тура пропорционалды болып келеді.

1.2 Ауыл шаруашылық өндірушілер мен нан өнімдерін өндірушілер
арасындағы байланыс және оның дамуы
Нан өнімдерің өндіруші мекемелер мен ауыл шаруашылығы арасындағы
қатынасты қарастырсақ, ауыл шаруашылығы қазіргі кезде айтарлықтай бұл
байланыста қомақты роль атқармайтындығы байқалып, кәсіпорындар өз қызметін,
жұмыс бағдарламасын өздігінен жоспарлап отыр.
Бұл мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығын көтеру мақсатында үш жылдық
мемлекеттік бағарлама құрылды. Бұл Бағдарлама Қазақстан халқына сәуір
айының жолдауында айтылған мемлекет басшысы Президентпен қойған мәселерді
орындауға бағытталып, әлеуметтік экономикалық және саяси маңыздылығы бар
құжат болып табылады. Бұл бағдарламаның іске асуы мемлекеттің азық-түлік
қауіпсіздігі жүйісінің тұрақтығын және экономикалық шаруашылық секторын
көтеруге кепілдік беріп, жалпы қазақстандықтардың өмір деңгейін көтеруге
мүмкіндік береді.
Мемлекеттіқ ауыл-шаруашылық өнімдері нарығын бақылдаудан бас тартуы
реформалардың халық шаруашылығың бұл басты саласын қаржыландырудан бастапқы
кезеңдерінде ауыл шаруашылығының деградациясы мен құлдарауына әкеліп
соқтыртты.
Саланы көтеру бойынша шаралар жиынтығы (бағдарламамен қарастырылған)
мемлекеттік бақылау мен ауыл шаруашылығын көтеру ретінде жүзеге асуы.
Астық ең басты стратегиялық өнім болып табылады. Қазақстан қазіргі
кезде бидай экспорт көлемі бойынша әлемде алтыншы орында бола отырып, сол
ондықта қала беруі тиіс. Сонымен қатар астық дақылдар шаруашылығы ауыл
шаруашылығы өндірісінің басты негізі болып отыр, онсыз басқа саланың – мал
шаруашылығының – құс өсіру, сүт өндіру – жоғары дамуы мүмкін болмас еді. Ал
бұл болса, өз кезегінде астық нарығының мемлекеттік бақылау деңгейінің
көлемімен анықталады. Бұның негізінде әлемдік және өзіміздің нарықтық
шаруашылық жүргізу әдісіне көшу тәжірибесі жатыр. Нарықтық реформаның басты
кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімінің нарығын қаржаландыру мен бақылаудан
мемлекеттік бас тартуы, артынша ауыл экономикасына сәл -пәл араласуы оның
құлдырауына әкіліп соқтыртты. Кейінгі жылдардағы республикадағы ауыл
шаруашылығының көтерілуі ең алдымен экономиканың аграрлық секторына
мемлекеттің араласуының арқасында қамтамасыз етіледі. 1999 ж бастап ауыл
шаруашылығының халық өнімінің көлемі орта есеппен 13,6% өсті, 1999-2001
жылмен астықтық орта жылдық өндірісі алдынғы үш жылмен салыстырғанда (1996
– 1998ж) 39% өсіп, жылына 13,9 млн өсті, ал өнімділік 4,8 цга өсіп,
дәнділер егістік ауданының 12,5 – 13,0 млн га-тұрақтануында 12,1 цга
құрады. Осы жылы Қазақстан Ресубликасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің
мәліметтері бойынша 14 млн га ауданында рекордты өнім – бидайдың ішкі
жиналымы 18 млн құраған (бункерлік салмақ) өнімділігі 13 цга теңге-
жиналды.
Қазіргі кезде үкімет пен қоғам түсінгі бойынша экономикалық басқа
салаларына қарағанда ауыл шаруашылығы мемлекет тарапынан бақылау мен
қаржылай көмек көрсету үшін тиісті аграрлық арнайы саясаттың қажеттілігі
туындайды. Осыған байланысты 2003-2005 жылға қабылданған агроазық-түлік
мемлекет бағдарламасы негізделеді ауыл шаруашылығы өнімін мемелекеттік
бақылау деңгейі алдымен өркениетті нарық сұраныстарына сәйкес заң базасының
қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді. Бұл бағытта мемлекет бірталай жұмыстар
жүргізіді. Кеш болса да 2001 жыл астық бизнесіне негіз болған Астық
туралы (19.01.2001ж) заң қабылданды. Ол астық нарығының қатысушылардың
әрекеттерін бақылау құқығы мен оларға бірдей ереже құру негізін салды.
Сонымен қатар, заңды түрде ол астықта өндіру және пайдалануды мемлекет
тарапынан қолдау және бақылау көріністері бекітілді. Бұл тұқым өндіру
тыңайтқыштар мен жанармай материалдарының арзандатылуы, егу және жинау
жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттерге қайтарылмай жеңілдеген
несиелердің берілуі ауыл шаруашылығы техникасының лизингті түрде алунуы
ауылдық несие серіктестерін несиелендіру, сонымен қатар фьючерстік келісім
шарты бойынша жылына 500 мың т. астық сатып алу болып табылады. Бүгінгі
күнде ауыл шаруашылығы мемлекеттік қолдау соммасы республикалық бюджеттен
22 млрд тг. құрайды. 2003 жылы бұл мақсатта 40 млрд. теңге қарастырылып
отыр. 2002 жыл 1 тамызынан бастап астық қол хат институты енгізілді ол
басты да және маңызды қаржы құралы болып, астық иегерлеріне екінші деңгейлі
банктерде шексіз несие алуға мүмкіндік тудырады. Бұл шара астыққа деген
бағаның демпингінің алдын алу үшін қолданылып отыр.
Осы мақсатта ағымда жылдың өнімінен мемлекет шаруашардан тоннасына
65млн.ақш. долл. бойынша 3 класты бидайдың 1 млн т. сатып алуды жоспарлап
отыр.
Алайда бұл заңның іс жүзінде асуын толық деп айтуға болмайды. Әлі күнге
дейін ұйымдастырылған астық өткізу нарығы жоқ, оның ішкі және сыртқы
нарықтардағы сатылуы стихиялы түрде жүріп жатыр. Алдында өмір сүрген (1994-
1998 жылмен) астық биржалары қызмет істемейді, қазіргі талаптарға сай
информациялық-маркетингтік қызметтер ұйымдастырылмаған.
Бұл жағдайда шаруалардың басты мәселесі болып өнімді өндіру емес, оны
тиімді бағалармен сату табылады. Бұл проблема өз асқынуын соңғы үш жылда
тауып отыр, ол кезде республикада астықтың үлкен өнімі жиналғанымен оның
сапасы төмен болды. Сонымен қоса сыртқы нарық тарылып қазақстандық бидайдың
басты тұтынушысы Ресей одан шығып кетті.
Үлкен өнім жиналған астықтың төмен сапасы мен сыртқы саудадағы нашар
жағдайлар (ішкі нарықта 3 класты бидайдың тоннасына 50-60ақш. долл.) және
де экспорт көлемінің тарылуы оның көп көлемде тауарлануына әкіліп
соқтыртты.
Статистикалық органдардың мәліметтері бойынша 2000 ж бидай қоры
республикада 8730 мың тонна құраса (халықтың өнім жиналымы 14566 мың тонн)
және бұл жылғы экспорты 6059 мың тонна (бидай ұнын қосқанда) құраса, 2001
жыл астық қора жыл басында 6413 мың тонна және халықтық өнім жиналымы 15867
мың тонна бола тұрып оның экспорты тек 3528 мың тонна құрады (бидай ұның
есепке алғанда) яғни 42% төмендеді
Басты тақырыптан алшақтай отырып, статоргандардың берген мәліметтерінің
дұрыстығын анықталған жөн. Олар көптеген аналитиктермен мамандардық
сенімсіздігін тудырып отыр. Мысалы статоргандардың мәліметтеріне жүгінсек,
2002 ж ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары
“Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланысын жақсарту механизмдері”
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығында кластерді жетілдірудің жолдары
Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Шаруа қожалықтарының және кәсіпкерліктің даму жағдайы
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру мен несиелендіру көздері
Пәндер