Қзақстанның Түркиямен қарым – қатынасы



Жоспар

І. Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Түркия тарихы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2
2.2. Мемлекеттік экономикасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2.3. Қзақстанның Түркиямен қарым . қатынасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
2.4. Дәстүрлі достық діңгегі. (Түркияда өткен құрылтай) . . . . . . . . . . . . . . . . . 10

ІІІ. Қортытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16

ІV. Пайдаланған әдебеиттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
Кіріспе
Түркия (Turkiye), Түркия республикасы – Батыс Азияда және ішінара Оңтүстік Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекет. Аумағының 97% - ы Кіші Азия (Анадолы) түбегін, 3% - ға жуығы Еуропа ендігін немесе оңтүстік – шығыс Балқан түбегін (Шығыс Фракия) қамтиды. Солтүстік шығысында ТМД елдерімен, шығысында Иранмен, оңтүстік – батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік – батысында Болгария және Грекиямен шектеседі.


Жер аумағы 780,6 мың км2, халқы 75,1 млн.адам (2004).Астанасы – Анкара қаласы. Негізгі халқы түріктер. Одан басқа күрдтер, арабтар, гректер, кавказ халықтары т.б. тұрады. Сондай – ақ екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында тұтқында болып, кейіннен Батыс Еуропада қалып қойған, 1970 – 80ж.Ауғанстандағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады.(10 – 15 мың адам). Жергілікті халық негізінен ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. 1982 ж. қабылдаған соңғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Оны елдегі бір палаталы парламент – Түркияның ұлы ұлттық мәжілісі 7 жылға сайлайды. Президент премьер – министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс депутаттары арасынан тағайындайды. Елде көп партиялы сайлау жүйесі орныққан. Премьер – министр сайлауда ең көпшілік дауыс алған партия арасынан ұсынылады және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі – түрік тілі. Ұлттық валютасы – түрік лирасы. әкімшілік жағынан 67 ильге (уәлатқа) бөлінген.


2.1 Түркия тарихы.
Түркия жерін адамдар ерте замандардан мекендеген. Ежелгі халықтар: хеттер, фракиялықтар, лидиялықтар, галаттар, ассириялықтар, гректер, армяндар т.б. бұл жерде өз мәдениеттерін қалдырған. Ежелгі заманда және ертедегі орта ғасырларда бұл аймақ түрлі мемлекеттік бірлестіктердің — Хетт патшалығының, Мидияның, Ахемен әулетінің, Александр Македонский державасының, Селевки әулетінің, Пергамның, Рим империясының, Византияның, т.б. құрамында болды. Б.з.б. 3 ғасырда басталған халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде қазіргі Түркия жеріне сақ-скифтер, сарматтар, ғұндар, аландар, т.б. келе бастады. 750 ж. Бағдад халифатын құрған Аббас әулеті Орталық Азия түріктерін әскерге көптеп тар-та бастады. Ол әскерлер өз отбасыларымен Кіші Азияға орналасты. Жалпы түркі тайпалары Түркия жеріне 2 бағыттан: 1) Кіші Азияға Иран мен Кавказ сырты арқылы; 2) Балқан түбегіне Шығыс Еуропа арқылы келді. 11 ғ-дың ақырында қыпшақгардан ығысқан түрікмен және оғыз тайпалары Кіші Азияда Салжұқ әулетінің басшылығымен өз мемлекетін құрды. 12 ғ-да түркі-салжүқтар Византиядан Кіші Азияны біржолата тартып алды. 1243 ж. Кіші Азияны түркі-моңғолдар бағындырды. 13 ғ-дың аяғына таман бұл өңірде тәуелсіз ұсақ иеліктер пайда болды. 14 ғ-дың 20 – 30 -жыддары Кіші Азияның солтүстік-батысында дербес иеліктерді бір орталыққа біріктірген Осман сұлтанның атымен Осман сұлтандығы қалыптасты. 14 ғ-дың 2-жартысында осман түріктері Шығыс Фракияны, Болгарияны, Македонияны бағындырды. 15 ғ-дың бас кезінде Әмір Темірден күйрей жеңілгенімен көп ұзамай қайта күшейген түрік-османдар 1453 ж. Византияның орталығы-Константинопольды басып алып, Стамбұл деген атпен өз астанасына айналдырды. 1450 – 70 ж. Сербияны, Боснияны, Аттиканы, Трапезунд империясын, Қырым хандығын, Валахия мен Албанияны өзіне қаратты. 1514 – 17 ж. Осман сұлтандығы Месопотамияны, Сирия, Палестина, Египет, Хиджиз, 1519 ж. Алжирдің біршама бөлігін бағындырды. 16 ғ-да қуатты Осман флоты бүкіл Жерорта теңізі бассейнін бақылап тұрды. 1540 – 50 ж. Эгей теңізіндегі аралдар, Триполия, Алжир толығымен Осман сұлтандығының қарауына өтті. Сүлеймен сұлтан билеген кезде мемлекет өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы кезде ол Еуропа, Азия және Африка құрлықтарындағы ұланғайыр аумақты (шамамен 8 млн. км2) иеленген еді. Осыншама үлкен аумақты иелену мемлекеттің күшін сарқыды. Дегенмен, Осман сұлтандығы өзінің шекарасын әлі де жүз жыл бойы сақтап тұрды. Бірақ 1683 ж. Вена түбінде поляк әскерлерінен жеңілген түрік армиясы еңсесін көтере алмады. 1684 ж. ұйымдасқан "қасиетті лига" (Австрия, Польша, Венеция, 1686 жылдан Ресей) түріктердің билік кеңістігін тарылта бастады. Осман сұлтаңдығының толықтай күйреп құлау қаупі билік басындағыларды тиімді реформалар жүргізуге мәжбүр етті. 1789 — 1807 ж. билік құрған Селим ІІІ сұлтан алғаш рет елеулі реформалар бастағанмен, тек 1826 ж. Махмұт II сұлтан тұсында ғана жаңа әскер құрылып, қаржы, құқық, мәдениет саласында прогрестік шаралар жүзеге асты. Бірақ реформалар Осман сұлтандығын ыдыраудан құтқара алмады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қасымжомарт Тоқаев, "Қазақстан Республикасының ДИПЛОМАТИЯСЫ" Алматы, «GAUHAR», 568 бет, 2002.
2. "Егемен Қазақстан", Түгел бол түркі тілдес туыстар, 18 қараша, 2006.
3. "Егемен Қазақстан", Дәстүрлі достық діңгегі, 22 қыркүйек, 2006.
4. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.Бас редактор:Бүркітбай Аяған, 8-том (С-У), Алматы,2006.
5. www.coogle.kz.
6. www.rambler.ru.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Түркия тарихы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2
2.2. Мемлекеттік экономикасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2.3. Қзақстанның Түркиямен қарым – қатынасы. . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . .6
2.4. Дәстүрлі достық діңгегі. (Түркияда өткен құрылтай) . . . . . . . . .
. . . . . . . . 10
ІІІ. Қортытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
ІV. Пайдаланған әдебеиттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 17

Кіріспе
Түркия (Turkiye), Түркия республикасы – Батыс Азияда және ішінара
Оңтүстік Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекет. Аумағының 97% - ы Кіші
Азия (Анадолы) түбегін, 3% - ға жуығы Еуропа ендігін немесе оңтүстік –
шығыс Балқан түбегін (Шығыс Фракия) қамтиды. Солтүстік шығысында ТМД
елдерімен, шығысында Иранмен, оңтүстік – батысында Иракпен, Сириямен,
солтүстік – батысында Болгария және Грекиямен шектеседі.

Жер аумағы 780,6 мың км2, халқы 75,1 млн.адам (2004).Астанасы – Анкара
қаласы. Негізгі халқы түріктер. Одан басқа күрдтер, арабтар, гректер,
кавказ халықтары т.б. тұрады. Сондай – ақ екінші дүние жүзілік соғыс
жылдарында тұтқында болып, кейіннен Батыс Еуропада қалып қойған, 1970 –
80ж.Ауғанстандағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары
тұрады.(10 – 15 мың адам). Жергілікті халық негізінен ислам дінінің сүннит
тармағын ұстанады. 1982 ж. қабылдаған соңғы конституциясы бойынша мемлекет
басшысы – президент. Оны елдегі бір палаталы парламент – Түркияның ұлы
ұлттық мәжілісі 7 жылға сайлайды. Президент премьер – министр мен үкімет
мүшелерін мәжіліс депутаттары арасынан тағайындайды. Елде көп партиялы
сайлау жүйесі орныққан. Премьер – министр сайлауда ең көпшілік дауыс алған
партия арасынан ұсынылады және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі
орнына тәуелді. Ресми тілі – түрік тілі. Ұлттық валютасы – түрік лирасы.
әкімшілік жағынан 67 ильге (уәлатқа) бөлінген.

2.1 Түркия тарихы.
Түркия жерін адамдар ерте замандардан мекендеген. Ежелгі халықтар:
хеттер, фракиялықтар, лидиялықтар, галаттар, ассириялықтар, гректер,
армяндар т.б. бұл жерде өз мәдениеттерін қалдырған. Ежелгі заманда және
ертедегі орта ғасырларда бұл аймақ түрлі мемлекеттік бірлестіктердің — Хетт
патшалығының, Мидияның, Ахемен әулетінің, Александр Македонский
державасының, Селевки әулетінің, Пергамның, Рим империясының, Византияның,
т.б. құрамында болды. Б.з.б. 3 ғасырда басталған халықтардың ұлы қоныс
аударуы кезінде қазіргі Түркия жеріне сақ-скифтер, сарматтар, ғұндар,
аландар, т.б. келе бастады. 750 ж. Бағдад халифатын құрған Аббас әулеті
Орталық Азия түріктерін әскерге көптеп тар-та бастады. Ол әскерлер өз
отбасыларымен Кіші Азияға орналасты. Жалпы түркі тайпалары Түркия жеріне 2
бағыттан: 1) Кіші Азияға Иран мен Кавказ сырты арқылы; 2) Балқан түбегіне
Шығыс Еуропа арқылы келді. 11 ғ-дың ақырында қыпшақгардан ығысқан түрікмен
және оғыз тайпалары Кіші Азияда Салжұқ әулетінің басшылығымен өз мемлекетін
құрды. 12 ғ-да түркі-салжүқтар Византиядан Кіші Азияны біржолата тартып
алды. 1243 ж. Кіші Азияны түркі-моңғолдар бағындырды. 13 ғ-дың аяғына таман
бұл өңірде тәуелсіз ұсақ иеліктер пайда болды. 14 ғ-дың 20 – 30 -жыддары
Кіші Азияның солтүстік-батысында дербес иеліктерді бір орталыққа
біріктірген Осман сұлтанның атымен Осман сұлтандығы қалыптасты. 14 ғ-дың 2-
жартысында осман түріктері Шығыс Фракияны, Болгарияны, Македонияны
бағындырды. 15 ғ-дың бас кезінде Әмір Темірден күйрей жеңілгенімен көп
ұзамай қайта күшейген түрік-османдар 1453 ж. Византияның орталығы-
Константинопольды басып алып, Стамбұл деген атпен өз астанасына айналдырды.
1450 – 70 ж. Сербияны, Боснияны, Аттиканы, Трапезунд империясын, Қырым
хандығын, Валахия мен Албанияны өзіне қаратты. 1514 – 17 ж. Осман
сұлтандығы Месопотамияны, Сирия, Палестина, Египет, Хиджиз, 1519 ж.
Алжирдің біршама бөлігін бағындырды. 16 ғ-да қуатты Осман флоты бүкіл
Жерорта теңізі бассейнін бақылап тұрды. 1540 – 50 ж. Эгей теңізіндегі
аралдар, Триполия, Алжир толығымен Осман сұлтандығының қарауына өтті.
Сүлеймен сұлтан билеген кезде мемлекет өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы
кезде ол Еуропа, Азия және Африка құрлықтарындағы ұланғайыр аумақты
(шамамен 8 млн. км2) иеленген еді. Осыншама үлкен аумақты иелену
мемлекеттің күшін сарқыды. Дегенмен, Осман сұлтандығы өзінің шекарасын әлі
де жүз жыл бойы сақтап тұрды. Бірақ 1683 ж. Вена түбінде поляк әскерлерінен
жеңілген түрік армиясы еңсесін көтере алмады. 1684 ж. ұйымдасқан "қасиетті
лига" (Австрия, Польша, Венеция, 1686 жылдан Ресей) түріктердің билік
кеңістігін тарылта бастады. Осман сұлтаңдығының толықтай күйреп құлау қаупі
билік басындағыларды тиімді реформалар жүргізуге мәжбүр етті. 1789 — 1807
ж. билік құрған Селим ІІІ сұлтан алғаш рет елеулі реформалар бастағанмен,
тек 1826 ж. Махмұт II сұлтан тұсында ғана жаңа әскер құрылып, қаржы, құқық,
мәдениет саласында прогрестік шаралар жүзеге асты. Бірақ реформалар Осман
сұлтандығын ыдыраудан құтқара алмады.

Стамбұл қаласындағы көк мешіт.

Арабияның едәуір бөлігі (Мекке, Мединемен қоса) Египет иелігіне көшті.
Сербия (1806) мен Грекия (1830) тәуелсіздік алып, Ресейдің шекарасы Прутқа
дейін кеңейтілді. Елдің Еуропа капиталына экономикалық тәуелділігі күшейді.
Осындай жағдайда 1839 ж. жаңадан реформалар жүргізіліп, ол Түркия тарихында
танзимат деген атпен елдің қоғамдық-саяси тұрмысына ішінара өзгерістер
енгізді.Сот ісі жолға қойылды, түрік интеллигенциясының қалыптасуына,
танзимат ("жаңа") әдебиетінің пайда болуына жағдай жасалды. Бірақ жаңа
реформаның табысты жүруіне елдің сыртқы және ішкі саясатында қалыптасқан
ахуал кедергі болды. 19 ғ-дың соңында жас түріктер саяси күрес аренасына
шықты. Негізінен офицерлер қауымына сүйенген жас түріктер 1908 ж. қарулы
көтеріліс үйымдастырып, Абдулхамид II сұлтанды парламент шақыруға мәжбүр
етті. Бірақ жас түріктердің 1-дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы
ретінде қатысуы олардың бүкіл қызметін жоққа шығарды. 1918 жылдың басында
ағылшындар Палестина, француздар Македония майданында түрік армиясын жеңді.
Іс жүзінде бұл Осман сұлтандығының ақырғы күресі болды. Ел астанасы Стамбұл
мен одақтастар әскері басып алған басқа да аймақтар Антанта елдерінің
уысына түсті. Мудрос уақытша бітіміне (1918) қол қойылғаннан кейін
Антантаның соғыс флоты Қара теңізге кіріп, Мосул, Киликия, Анадолы, Измир
жері басқыншылардың табанында қалды. Елде ұлт-азаттық қозғалыс күшейді.
Түрік зиялылары, әсіресе, әскери элита өкілдері ел тәуелсіздігі мен
тұтастығы үшін күресті өз қолдарына алды. Оларды түрік ұлтшылы Мұстафа
Кемал Ататүрік басқарды. 1920ж. 23 сәуірде Анкараға шақырылған Түркияның
ұлы ұлттық мәжілісі өзін елдегі бірден-бір заңды өкімет органы ретінде
жариялап, 1921-1922 ж. шетел басқыншыларынан бүкіл Анадолы жерін азат етті.
1923 ж. 29 қазанда Түркия республика болып жарияланды. 1924 – 1934 ж. елдің
экономикалық - әлеуметтік және мәдени саласында реформалар жүзеге асырылды,
шетел концессиялары түгел дерлік жойылып, ұлттық банктер құрылды, порт
құрылыстары, өнеркәсіп орындары салынды. 2-дүниежүзілік соғыс басталған
кезде Түркия алғашында ағылшын-француз блогына қосылып, 1940 ж. Франция
тізе бүккеннен кейін гитлершіл Германиямен жақындаса бастады. Германия КСРО-
ға шабуыл жасағаннан кейін Үлыбританиямен одағын сақтай отырып, өзін
бейтарап ел ретінде жариялады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-пен
жақындасып, 1952 ж. НАТО-ға мүше болды. Халықтың тұрмыс деңгейі нашарлап,
елде бейберекетсіздік орын алуына байланысты 1960 ж. әскери төңкеріс іске
асты. Бірақ 1960 – 70 ж. халық тұрмысы көтерілмеді. 1980 ж. болған кезекті
әскери төңкерістен кейін, 1982 ж. жаңа конституция қабылданды. Экономика
нарықтық қатынастарға көшіріліп, 1980-1990 жылдары жедел дами бастады.
Түркия Еуроодаққа мүше болуға тырысқанмен, әр түрлі себептеомен бұл мәселе
алі шешімін тапқан жоқ.1991 ж желтоқсанда КСРО ыдырағаннан кейін
тәуелсіздік алған Орталық Азия мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатты.

2.2 Мемлекеттің экономикасы.
Түркия аграрлы индустриялы ел. Түркия азық – түлік өнімдерін өндіруде
дербестікке жеткен санаулы елдердің бірі. Егіншілік шаруашылығының жетекші
саласы. Ел аумағының 33%-ын егістік алып жатыр. Мал шаруашылығы да жақсы
дамыған. Түркия ангор ешкісінің түбітін әлемдік рынокқа шығаратын жетекші
ел. Елде балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерліктер өте көп: жылына
шамамен 180 мың теңіз балығы ауланады. Ел аумағының 25%-ын орман – тоғай
алып жатыр. Түркия өнеркәсібінің тарихы 19 ғасырдың соңынан басталады.
1927ж өнеркәсіпті қолдау туралы жаңа заң қолданысқа енді. 1947 – 1950 ж.
жалпыұлттық өндірістегі өнеркәсіптің үлесі 20%-ға артты. 1960 ж. Жоспарлы
даму кезеңі басталып, үкімет мемлекеттік секторға басшылық жасауды өз
қолына алды. 1980 ж. экономика мен өнеркәсіптегі тоқырауды жоюға арналған
жаңа экономикалық бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама елдің экономикасын
әлемдік экономикамен ынтымақтасуға бағытталып жаңа саясатқа жол салды.
Бағдарлама нарықтық экономикағат жол ашып, импортты ырықтандырды және
төлемдердің табиғи бағасын қалыптастырды. Өнеркәсіп секторының үлесі ауыл
шаруашылық өңдірісін қысқарту есебінен ұлғайды. Соған орай осы кезеңде
өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығару арта түсті. 1990 – 1994 жылдардан
бастап өнімдерді бөлу жүйесі жақсарып, елдегі жұмыссыздық пен аймақтық
сәйкессіздік ахуалы жойыла бастады. Қазіргі кезде Түркия әлемдік
стандарттар бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші салаларын
құрылымдық жағынан жетілдіріп, экспортқа бағдарлаған даму стратегиясын
ұстануда. Елде туризм жақсы дамыған және ол экономикаға үлкен кіріс
кіргізіп отыр. Түркия үкіметі Еуроодаққа кіруді мақсат етіп, ел
экономикасын еуропалық стандартқа жақындату мақсатында көптеген жұмыстар
жүргізді. Негізгі сауда серіктестері: ЕО елдері, Иран, Ирак, АҚШ, ТМД
елдері, т.б. Түркия 1991 ж. 16 желтоқсаңда Казақстанның тәуелсіздігін
тұңғыш мойындаған ел. Түріктер алғашқылардың бірі болып Қазақстан
экономикасына инвестиция тартты. Қазір Қазақстанда түрік компаниялары әр
түрлі салаларда жұмыс жасайды. Екі ел арасында тығыз саяси, экономикалық,
мәдени байланыстар орныққан. Қазақстанда Қожа Ахмет Иасауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті бар, көптеген түрік лицейлері жұмыс
істейді.

Исхан паша сарайы
2.3 Қазақстанның Түркиямен саяси қарым – қатынасы.
Қазақстанның көнеден бергі әрі тұрақты серіктесі - Түрік Республикасы
болып табылады. Соңғы он жылда бұл ел нарықтық және демократиялық қайта
құрулар жүргізуде елеулі табыстарға қол жеткізе алды, өзінің халықаралық
беделін нығайтты. Түрік сыртқы саясатының, сонымен қатар экономикалық және
ұлттық қауіпсіздік доктринасының теориялық негізін Кемал Ататүрік
тұжырымдап берген: олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, даму ресурстарын
тиімді пайдалана білу және аймақтағы жетекші орын деген қағидаттарды
құрайды.
Қазақстан – Түрік ынтымақтастығы дипломатиялық қатынастар орнатудың
алғашқы күндерінен бастап (1992 жылғы 2 наурыз) дамудың көтеріңкі
серпінімен сипатталады. Жемісті байланыстар жоғары деңгейде, оның ішінде
түркі тілді мемлекеттер саммиттері шеңберінде де үзілмей келеді. Тараптар
маңызды мемлекетаралық келісімдерге қол қойып, оларда ұзақ мерзімді
ынтымақтастықтың берік негізі қаланды.
Бұл процестің қозғаушысы әсіресе бастапқы кезеңде біздің халықтарымыздың
тарихи және мәдени ортақтығы жағдаяты болды. "Түркі әлемінде" жұмылдырушы
рөл атқаруға Анкараның ұмтылуына қарамастан Президент Т.Озалдың Қазақстанға
ресми сапары (1993 жыл) және Президент Н.Назарбаевтың Түркияға ресми
сапары (1994 жыл) тараптардың өзара ынтымақтастығының келешегіне деген
сындарлы көзқарасын паш етті.
Қазақстан өз дипломатиясын да, ресейлік немесе өзге де бағыттарындағы
мүдделерін де мансұқ етпей, саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда
екі жақты байланыстарды мейлінше өрістетуге дайын екендігін танытты.
Н.Назарбаев Т.Озалмен әңгімесінің бірінде Қазақстан "үлкен аға" деген қасаң
ұғыммен біржола қош айтысқанын аңғартты. Бұл мәлімдемені Анкара дұрыс
қабылдады. Түркия өзінің сыртқы саясатында АҚШ және Еуропамен байланыстарға
бірінші кезекте ыңғай білдіретінін ашық айтты.
Дегенмен, екі елдердің халықаралық саясат пен қауіпсіздік саласында
ортақ мүдделерінің болуы өзара ынтымақтастық ауқымын анағұрлым кеңейтуге
мүмкіндік береді. Осындай өзара іс-әрекеттердің мүмкін бағыттарының бірін
Стамбул қаласында Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде
(2001 жылғы сәуір) Н.Назарбаев мегзеді. Ол халықаралық терроршылдыққа қарсы
күреске бағытталған арнайы Хартия қабылдауды ұсынды. Қазақстанның АҒСШК-ні
шақыру туралы бастамасы жемісті байланыстардың мәнісіне айналды. Анкара
Қазақстанның Еуразия кеңістігінде берік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
құрылым құру жөніндегі күш-жігеріне түсіністік білдіріп, қолдап келеді.
Екі жақты қатынастарда елеулі проблемалар болмаса да, сондай-ақ көптеген
халықаралық проблемалар бойынша көзқарастардың үйлесуіне қарамастан, түрік
бағыты Қазақстан сыртқы саясатында маңызды бола тұра үстем бағытқа
айналмағанын (Орталық Азияның басқа елдерінде де) атап өткен жөн. Мұны
Түркі тілдес мемлекеттері басшыларының Бішкекте (1995 жыл), Ташкентте (1996
жыл) және Астанада (1998 жыл) болған кездесулері және көрсетілген
мемлекеттердің білім мен мәдениеттен басқа әлде бір салада айрықша
қатынастарын көрсететін ережелері жоқ қорытынды құжаттар да қуаттайды.
Соған қарамастан Қазақстанда біздің елімізге деген айнымас достық қатынасы
үшін Түрік басшылығына және осы мемлекет халқына зор ризашылық білдіреді.
Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған әлемдегі бірінші мемлекет. Біздің
елдеріміз арасында жемісті ынтымақтастықтың қалыптасуына және дамуына
Тұрғыт Озал мен Сүлеймен Демирель өлшеусіз үлес қосты.
Екі жақты сауда-экономикалық қатынастар тұтас алғанда қарышты даму
үстінде және барған сайын кеңейе түсуде. Түркияның ТМД елдерімен сыртқы
сауда айналымының көлемі бойынша Қазақстан Ресей және Украинадан кейін
алғашқы үштікке кіреді. Қазақстан экономикасына тартылған түрік
инвестицияларының жалпы көлемі 500 млн. доллардан асып түсті. Дегенмен,
өзара сауданың дамуына азиялық және ресейлік қаржы дағдарыстары теріс әсер
етпей қалған жоқ. Егер 1998 жылы жалпы тауар айналымы 300 млн. доллардай
болса, 1999 жылы бүл көрсеткіш екі есе кеміп кетті. Өзара сауда-саттық тағы
мұндай құлдырау бірте-бірте еңсеріліп келеді, бұған 2000 жылы қол
жеткізілген тауар айналымы көлемінің 206 млн. доллар деңгейі дәлел.
Түрік іскер топтары Қазақстанда айтарлықтай белсенді әрекет етуде, 2000
жылдың басында 200-ден астам түрік фирмасы жалпы сомасы 2 млрд. доллар
болатын ондаған жобаларға әзірлік жүргізді немесе оларды іске асыруға
кірісіп кетті. Алайда, Қазақстанда жұмыс істейтін түрік компанияларының
саны көп болғанына қарамастан, олардың қызмет бағыты негізінен құрылыс
салумен және саудамен шектеліп отыр. Олар экономиканың металлургия, ауыр
машина жасау, химия, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тоқыма өндірісі
сияқты секторларында бой көрсете қойған жоқ. Өз кезегінде "Эйр Қазақстан"
компаниясынан басқа қазақстандық компаниялар да Түркияға беймәлім.
Екі елдің елшілері және шетелдік сарапшылар екі жақты ынтымақтастықты
елеулі жандандыратын жағдаят ретінде Қазақстан мұнайын Түркия аумағы арқылы
тасымалдау келешегін орынды айтып келеді. 1998 жылы Анкара декларациясына
қол қойылып, онда Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан
басшылары және АҚШ-тың Энергетика министрі Каспий арқылы сондай-ақ Кавказ
жерімен экспорттық құбырлар өткізудің маңыздылығын атап көрсетті. Бұл
орайда Каспийдің мәртебесі проблемасының айрықша рөл атқаратыны түсінікті.
Түрік көзқарасы Қазақстанның Каспийді ұлттық секторларға бөлуге деген күш-
жігерін қолдаудан көрініп отыр. Алайда, Каспий төңірегіндегі ахуалдың
бірегейлігі және оны халықаралық қоғамдастықтың бір мәнді қабылдамауы
Анкараға осы мәселе бойынша өз көзқарасын айқын білдіруге мүмкіндік
бермейді.
1999 жылғы қарашада ЕҚЫҰ-ның мерекелік саммиті шеңберінде Президент
Н.Назарбаевтың қатысуымен "Баку-Жейхан" мұнай құбыры жобасы бойынша Стамбул
декларациясына қол қойылды. Анкара бұл жобаға Каспий мұнайын әлемдік
рынокқа жеткізу бойынша негізгі экспорттық бағыт ретінде қарап, оған зор
маңыз беріп отыр. Ал Қазақстан экспорттық бағыттардың алуандығын және әрбір
жобаның экономикалық тиімділігін басшылыққа алады.
Аталған құжаттарға қол қою бұл жобаның техникалық және коммерциялық
жағдайларын талқылау күрделі кезеңінің алдындағы бастапқы қадам ғана. Бұл
жерде бір елеулі нәрсені айтпай кетпей болмайды: мамандардың көпшілігінің
пікірінше "Баку - Жейхан" Қазақстан мұнайынсыз соншалықты ұтымды және
өміршең бола қоймайды. Анкараның, Бакудің, Тбилисидің және Вашингтонның
Қазақстанды жобаға қатысуға иліктіру жөніндегі дипломатиялық белсенді күш
салуын осы мән-жаймен түсіндіруге болады. Тек 2002 жылдың өзінде Түркияның,
Әзербайжанның және Грузияның жоғары мәртебелі өкілдерінің, сондай-ақ АҚШ
Президентінің Каспий аймағының энергетика ресурстары бойынша арнайы
кеңесшісінің сапарлары осы мақсатты ұстанды.
Қазақстан – Түрік ынтымақтастығы мәдени-гуманитарлық салада ойдағыдай
дамып келеді. Түркістан қаласына Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-
түрік университетін құру білім беру саласында орайы келген жоба болды. Оны
өркендетуге Түркия Үкіметі жалпы алғанда 60 млн. доллар бөлді. Бүгінгі күні
ХҚТУ айтарлықтай әдістемелік және сынамалық базасы бар 15 мың студент
оқитын осы заманғы жоғары оқу орнына айналды. Қазақстан студенттері мен
аспиранттарының Түркияның өзіндегі жоғары оқу орындарында оқуы өтемсіз
негізде жалғасып жатыр. Өз кезегінде Қазақстанда түрік кәсіпкерлерінің
ықыласымен 26 Қазақстан-түрік лицейі жүмыс істейді. Оларда 5 мың
жеткіншектер оқиды, сондай-ақ 1998 жылы С.Демирель атындағы жеке меншік
университет ашылды. Қазіргі кезде шамамен 700 түрік азаматы Қазақстанда
оқиды. Түркиядан келген 10-даған оқытушылар дәріс беруде. Көптеген
қазақстандық ғалымдар мен мамандар түрік университеттерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
Қазіргі халықаралық саяси қатнастардың геосаяси талдауы және дүниежұзлік глобальды мәселелер
Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми кітапханасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
Түркия Республикасының тоғызыншы
Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Пәндер