Әлеуметтік қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету



Зейнеткерлермен және мүгедектермен қатар әлеуметтік қамтамасыз етудің әр түрімен 629 адам қамтылған әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекет қолданған шаралар кедейлік деңгейінің төмендеуіне апарады. Ел азаматтарының осы санатына қатысты әлеуметтік көмек көрсетудің шаралары қолданылады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің критерийлері бұрынғыдай болып қалды. Әр аз қамтамасыз етілген отбасының нақты табыстары мұқият тексеріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың автоматтандырылған жүйесі әзірленді және енгізілді, аз қамтамасыз етілген отбасылары жөнінде деректердің бөліп таратылған базасы құрылды.
Халықты әлеуметтік қорғаудың өңірлік органдарының деректері бойынша 2003 жылғы 12 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек, кедейлік шегінен төмен табысы бар 859,8 мың аз қамтамасыз етілген азаматтарға тағайындалған, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе аз.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Зейнеткерлермен және мүгедектермен қатар әлеуметтік қамтамасыз
етудің әр түрімен 629 адам қамтылған әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекет
қолданған шаралар кедейлік деңгейінің төмендеуіне апарады. Ел
азаматтарының осы санатына қатысты әлеуметтік көмек көрсетудің шаралары
қолданылады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің критерийлері бұрынғыдай
болып қалды. Әр аз қамтамасыз етілген отбасының нақты табыстары мұқият
тексеріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың автоматтандырылған
жүйесі әзірленді және енгізілді, аз қамтамасыз етілген отбасылары жөнінде
деректердің бөліп таратылған базасы құрылды.
Халықты әлеуметтік қорғаудың өңірлік органдарының деректері бойынша
2003 жылғы 12 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек, кедейлік шегінен төмен
табысы бар 859,8 мың аз қамтамасыз етілген азаматтарға тағайындалған, бұл
өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе аз. Атаулы әлеуметтік
көмек алушылардың жалпы санының– 60,3 % (518,6 мың адам) балалар үлесі;
баларды күтумен айналысатын адамдардың – 12,0 % (102,8 мың адам);
жұмыссыздардың – 14,2 % (122,4 мың адам); жұмыс істейтіндердің – 4,9 %
(42,5 мың адам); зейнеткерлер мен мүгедектердің – 2,8 % (23,9 мың
адам); өзін өзі жұмыспен қамтығандардың – 3,0 % (25,4 мың адам);
студенттердің – 1,7 % (14,8 мың адам); азаматтардың өзге санаттарының
үлесі– 1,1 % жалпы саны (9,2 мың адам) құрайды.
Жергілікті бюджет қаражатынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге
арналған шығыстар 7,4 млрд теңгені құрады, ал өткен жылғы ұқсас кезеңде
9,1 млрд теңге болатын.
Бұдан басқа, өңірлерде 34 мың адамға қызмет көрсететін, үйде
әлеуметтік көмек көрсетудің 326 бөлімі жұмыс істейді.
Тұрақты мекен - жайы жоқ адамдарға әлеуметтік қолдау шаралары
қолданылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Тұрақты мекен - жайы жоқ
адамдарға әлеуметтік оңалту орталықтарын құру туралы” 2000 жылғы 16
наурыздағы № 408 қаулысына сәйкес республика бойынша 20 Орталық
құрылды.

Әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесіне көшу үшін жағдайлар жасау.

2003 жыл ішінде сақтандырудың міндетті түрлерін енгізу үшін
құқықтық және ұйымдық жағдайлар әзірлеу және жасау жөнінде жұмыс
жүргізілді. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне
бірқатар заң жобалары енгізілді:
- “Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен
денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін
міндетті сақтандыру туралы”;
- “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне толықтыру енгізу
туралы” және т.б.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу
мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында
“Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен
денсаулығына келтірілген зиянды ұйымдардың (жұмыс берушілердің) олардың
ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан өтеу ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы әзірленді және мүдделі
министрліктер мен ведомстволарға келісуге жіберілді.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды оңалту және қоғамға
кіріктіру жөнінде шаралар қабылдануда. 2003 жылғы 1 қазанда барлық
санаттағы мүгедектер саны Қазақстанда 409,5 мың адам немесе барлық
халықтың 3 % құрады. Бұл ретте әр үшінші мүгедек еңбекке қабілетті жаста
болып табылады. Алғашқы мүгедектік деңгейі төмендегенмен, әлі де жоғары
болып қалуда. Мүгедектікке алғашқы шығудың жоғары пайызы Астана
қаласында, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады.
Балалар мүгедектігі, оның ішінде туа біткен кемістіктер ерекше алаңдатып
отыр.
Елде қалыптасқан мүгедектік деңгейі:
- халықтың ауруы деңгейінің өсуіне;
- кәсіпорындарда және құрылыстарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік
техникасын ұйымдастырудағы кемшіліктерге;
- экологиялық жағдайдың нашарлауына, табиғи апаттар санының
көбеюіне байланысты.
Мұнда халықтың жалпы тұрмыстық деңгейі төмендеуінің ролі аз емес.
Кепілдікті тегін медициналық қызметтер көрсетудің үлесі азаюына және
ақылы медициналық көмекті енгізу аурулардың денсаулық сақтау ұйымдарына
көп бармауына апарды, халықтың едәуір бөлігі үшін емделуді қол жетпес
қылып қойды. Оңалту іс-шараларын жүргізудің мүмкіндіктері нашарлады және
нәтижелері төмендеді.
Мұндай жағдайларда әлеуметтік қорғау органдарының негізгі күші 2002-
2005 жылдарға аналған мүгедектерді оңалтудың бағдарламасын одан әрі
жетілдіруге бағытталған.
Мемлекеттік тапсырыс орындау шеңберінде жыл сайын республикалық
бюджеттен мүгедектер мен ардагерлерді сауықтыруға қажетті қаражат
бөлінеді. Халықтың емдеу, емдеу-алдын алу және арнайы протездік-
ортопедиялық құралдарға қажеттілігін неғұрлым толық қамтамасыз ету
мақсатында жұмыс істеп жатқан протездік-ортопедиялық кәсіпорындардың
қайта құрылуы жүзеге асырылды. Жалғызілікті қарт және жұмысқа жарамсыз
азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін республикада 75 интернат-үйлері жұмыс
істейді. Оларда мемлекет толық қамтамасыз ететін 16 мыңнан астам адам
тұрады.
2003 жылғы 5-6 желтоқсанда Алматы қаласында “Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың және мүгедектерді оңалтудың көкейтесті проблемалары” деген
Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мүгедектерді
оңалтудың жаңа үлгісін денсаулық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау
Мемлекеттін наық жағдайы үшін жауапкешілігі
Балалардың әлеуметтік кызметтері
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында жергілікті бюджеттің әсерін талдау (Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мысалында)
АЙМАҚТАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
Халықты жұмыспен қамту саясаты
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және кедейшілікті төмендету бағыттары
Облыс әкімі
Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мазмұны мен талдауы
Қазақстан Республикасында бүгінгі күннің жағдайында тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
Пәндер