Баға туралы ілім



Баға, немесе, басқа сөзбен айтқанда, айырбас құбылысына кіретін игіліктердің көлемі, біздің назарымызға күшпен енгізіліп отырғанымен, ғылыми зерттеудің нысаны болады, солай болғанымен айырбас аса маңызды орын алмайды. Бұл жерде маңыздылық айырбасқа қатысушы екі жақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды айырбас жолымен жақсы қамтамасыз етуде. Шаруашылық жүргізуші адамдар мүмкіндігінше өз экономикалық жағдайларын жақсартуға ұмтылады. Осы мақсатқа жету үшін олар өздерінің шаруашылық қызметін жүргізеді және осы мақсат үшін олар жан-жақты айырбасқа түседі, осының арқасында бұл мақсатқа қол жеткізе алады. Бұл жағдайда баға тек бастапқы құбылыс, адами шаруашылықтардың арасындағы экономикалық теңдестірудің белгілері.
Егер деңгейі әр түрлі екі су қоймаларының арасындағы қақпаны алып тастаса, онда су бір қоймадан екінші қоймаға деңгейі теңелгенше құйыла береді. Алайда бұл құйылып жатқан суды біз ауырлық немесе инерция күшінің әсері деп санаймыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Баға туралы ілім
Баға, немесе, басқа сөзбен айтқанда, айырбас құбылысына кіретін
игіліктердің көлемі, біздің назарымызға күшпен енгізіліп отырғанымен,
ғылыми зерттеудің нысаны болады, солай болғанымен айырбас аса маңызды орын
алмайды. Бұл жерде маңыздылық айырбасқа қатысушы екі жақтың қажеттіліктерін
қанағаттандыруды айырбас жолымен жақсы қамтамасыз етуде. Шаруашылық
жүргізуші адамдар мүмкіндігінше өз экономикалық жағдайларын жақсартуға
ұмтылады. Осы мақсатқа жету үшін олар өздерінің шаруашылық қызметін
жүргізеді және осы мақсат үшін олар жан-жақты айырбасқа түседі, осының
арқасында бұл мақсатқа қол жеткізе алады. Бұл жағдайда баға тек бастапқы
құбылыс, адами шаруашылықтардың арасындағы экономикалық теңдестірудің
белгілері.
Егер деңгейі әр түрлі екі су қоймаларының арасындағы қақпаны алып
тастаса, онда су бір қоймадан екінші қоймаға деңгейі теңелгенше құйыла
береді. Алайда бұл құйылып жатқан суды біз ауырлық немесе инерция күшінің
әсері деп санаймыз.
Игіліктің бағасын осы құбылыспен салыстыруға болады-бұл шаруашылықтар
арасындағы экономикалық теңестірудің белгілері. Оларды қозғалысқа келтіруші
күш-бұл ақырғы және кез келген шаруашылық қызметінің жалпы себептері:
адамдардың өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға деген ұмтылысы,
өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту. Барлық үдерістің жалғыз-ақ
сезіммен қабылдайтын элементі- баға деп және бағаның биіктігін дәл өлшеуге
болатындықтан, күнделікті өмір оны ылғи да алдымызға тосады, сондықтан
бағаның шамасы айырбас үрдісінің маңызды сәті деп қателесуіміз қиын емес,
ал игіліктердің көлемін айырбастау актісінің негізі- эквиваленттер. Бұл
біздің ғылымымызға есепсіз кесірін тигізді: баға құбылысын зерттеушілер
барлық күш-қуатын екі игіліктердің көлемдерінің арасындағы болжамданған
теңдікті оның себептерін қосуға арнады және кейбірі осы себептерді игілікке
жұмсалған еңбектің бірден көлеміне кеткен шығыннан, енді бірі-өндірістің
тең шығынынан іздеді, игіліктер бір-біріне, олар эквивалент болғандықтан,
айырбастала ма деген пікір қалыптасты, ал шын мәнінде екі игіліктердің
көлемдігінің құндылықтарында ешуақытта мұндай тепе-теңдік болмайды
(тепе-теңдік объективтік мәнде).
Осы теорияның негізінде жатқан адасушылық, біз баға құбылысын
зерттеуде бүгінге дейін басым болып келген біржақтылықтан қалай құтыламыз,
сонда ғана бірден түсінікті болады.
Баламалар деп бір-бірімен кез келген бағытта айырбасқа түсе алатын
игіліктердің нақты көлемін айтуға болады: бірін ұсынып, екіншісін алуға
болатын мүмкіндік және керісінше. Бірақ адамдардың шаруашылық өмірінде
мұндай баламаларды кездестіре алмайсыз. Егер осы түсініктегі баламалар
болса, онда неге әр айырбас, жағдаят жайы өзгермегенмен қайта, керісінше
жасалынбайды.
Нан базарында немесе қор биржасында нанды немесе қорларды сатып алып
және оларды жағдаят жағдайы өзгермей тұрғанда қайта сатып көрейік немесе
бір сәтте қайсыбір тауарды сатып, екінші тауарды сатып алып көрейік, сол
кезде ұсыным мен сұраным кезіндегі бағалар арасындағы айырма-қарапайым
кездейсоқ емес, дұрысында халық шаруашылығының жалпы құбылысы екендігіне
бірден әрі жеңіл көз жеткіземіз.
Белгілі бір көлемде бір-бірімен айырбасталуы мүмкін тауарлар, мысалы,
ақша сомасы мен басқа экономикалық игіліктің нақты көлемі, бір-бірімен сату
кезінде де, сатып алу кезінде де еркін айырбасқа түсетін тауарлар, яғни
объективтік мағынадағы баламалар-ондай тауарлар болмайды, қатынас
табиғатының өзі ондай баламаларды болдырмайды және шын мәнінде олардың
болуы мүмкін емес.
Шынайы баға теориясы мына көрсеткішке тырысуы керек: шаруашылық
жүргізуші адамдардың өз қажетіліктерін толық қанағаттандыруға ұмтылысын да
игіліктердің белгілі бір бөлігін, яғни белгілі бір көлемін басқа тауарға
айырбасқа береді. Осы зерттеу кезінде біз бағаның құрылу құбылысын,
біртіндеп күрделісіне ауысуы үшін, қарапайым нысанын қарастырудан
бастаймыз.

Оқшауланған айырбас кезіндегі бағаның құрылуы
Өткен тарауда экономикалық айырбастың болуы үшін қажетті шарттың
төмендегідей болатындығын көргенбіз: бір шаруашылық жүргізуші субъектінің
иелігінде, басқа шаруашылық жүргізуші тұлғаның иелігіндегі игіліктерге
қарағанда, өзі үшін құндылығы төмен игілік болады, мұндай бағалауға екінші
тұлғаның көзқарасы басқаша болуы керек. Бірақ осыменен қатаң шекара
белгіленеді, оның ішінде әрбір нақты жағдайда бағаның құрылуы үдерісі
қажет.
Мына мысалды алайық: А үшін, астықтың 100 өлшемінің шараптың 40
өлшеміне барабар құндылығы болады; яғни А қандай жағдай болса да, шараптың
көрсетілген көлемі үшін айырбас кезінде 100 өлшемнен артық бермейді, себебі
қажеттілігін бұлай қанағаттандырудан кейін, айырбасқа түспей тұрған кезінен
гөрі экономикалық жағдайы нашарлауы мүмкін, ол аз болса А айырбасқа өзінің
қажеттіліктерін қанағаттандыруды жақсы қамтамасыз етуге қол жеткізген соң
ғана келісім береді. Сөйтіп ол өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марксизм саяси ілім ретінде
Философия-дүниетанымның тарихи типі ретінде
Кондиционализм теориясының даму тарихы
Қазақстандағы экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының даму тарихы
Философия пәні, функциялары және міндеттері
Өндірістік экология туралы жалпы түсінік
Посткейнсиандық ілім сипаттамасы - солшыл кейнсиандықтар
Меркантелизмнің кезеңдерінің ерекшеліктері
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Аристотель - ғұлама ойшыл жайлы
Пәндер