Жер асты қазба байлықтары



Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай -күиі республиканы шетелдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Бірінші топқа: негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық- саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай , газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топқа: негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа: ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс,фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жер асты қазба байлықтары.

Кен байлықтары. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы
жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары
Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің
маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай -күиі
республиканы шетелдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып,
Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның
өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.Минералдық шикізат ресурстары
еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Бірінші
топқа: негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық- саяси
мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай , газ, көмір, уран,
хромит кен орындары. Екінші топқа: негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін
әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды
кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий
және алтын кен орындары. Үшінші топқа: ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары
сұранымға ие қалайы, күміс,фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен
байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас
өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық
шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
Мұнай мен газ. Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары
анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай – конденсат, 30 мұнай-
газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ- конденсат, 19 газ кен орындары бар.
Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ- 2,5 трлн м , конденсат-
0,7 млрд. м. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20-25 млрд. т деп
бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы
мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда
республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы(1,3 млрд. т мұнай , 700 млн. т
шамасында конденсат, 1,7 млрд. м бос және 577 млрд. м сұйытылған газ)
шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ
сияқты айрықша кен орындары бар , олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ
өндірісінің жалпы балансында 30% - дан асады. Оңтүстік Маңғыстау мен
Солтүстік Үстірт- Бозащы аймағындағы ең ірі кен орындар -Өзен,;
Жетібай, Қаражанбас , Солтүстік Бозашы. Мұндағы мұнайдың барланған қоры 700
млн. т, конденсат- 1,4 млн. м құрайды. Жалпы республикалық бұл аймақтағы
көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол
қоры Оңтүстік Торғай мұнайлы – газды алабында анықталған (Құмкөл,
Майбұлақ, Ащысай, Арысқұм, т. б. Кен орындары). Бұл жерде жиынтық болжамдық
қоры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған . Олардың ең ірісі –
Құмкөл кен орыны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады). Бұл аймақтың мұнай
өндірісіндегі үлесі 10% шамасында.
Көмір. Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар.
Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің
жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд.т, шамасында бағаланады, оның ішінде :
тас көмір 17,6 млрд. т. қоңыр көмір 92,8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд.
т шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір
(оның кокстеленетіні 17%). 37% - қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі
алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен ).
Ірі кен орындары – Шұбаркөл ( қоры 2,2 млрд .т), Борлы (0,5 млрд), Самара
(1,3 млрд. т ), сондай –ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы(шамамен2,7 млрд.
т). Торғай энергетика қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. т. оның барланғаны
7 млрд. т . Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары
орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14,8 млрд. т-ға бағаланады.
Барланған қоры 0,9 млрд . т. төмангі Іле алабының геологиялық қоры 9,9
млрд. т. оның 3 млрд т-сы барланған Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбелейное)
(қоры 1,5 млрд.т ), Кендірлік (1,6 млрд. т.барланғаны 250 млн.т ) кен
орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар . Оның
жалпы қоры 4 млрд. т. барланғаны 20,3 млн. т. Қазақстанның батысындағы ең
ірісі- Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық қоры -1,5 млрд. т.
оның 0,6 млрд. т-сы барланған.
Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл
кендірінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның
бүкіл әлемге белгілі арлық генетикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей
түрлері кездеседі. Қазақстанда қара металл кентастарының 1000-нан аса кен
орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, марганец пен титан
кентастарының кен орындары игерілуде Балансқа алынғаны 17 кен орны,
баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. т.
Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында:Қашар , Сарыбай, Соколов, Әйет,
Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүстік Қазақстанда (
Торғай ойысының солтүстік – батыс бөлігінде) орналасқан. Орталық
Қазақстанда пайдалынып келе жатқан Батыс Қаражал , Үшқатын мен Кентөбе кен
орындарының барланған қоры 300 млн. т-дан асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу
( қоры 327,7 млн. т ) мен Абайыл ( 28,3 млн. т ) кен орындары барланған.
Батыс Қазақстанда ( Солтүстік- Шығыс Арал маңы ) ең ірісі – баланстан тыс
оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны ( 1,9 млрд. т ) ,
сонымен қатар титан-магнитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. т болатын
Великов кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде 2-
орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны ( шамамен 230 млн. т ). Қорлардың
барлығы Кемпірсай кенді ауданында ( Мұғалжар тауында ) шоғырланған. Аса ірі
хромит кен орындарының қатарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақстанның қазба байлықтар қоры және жер қоймасы
Шикізат және қосымша материалдар
Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері туралы
Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау
Табиғи ресурстардың классификациясы
Қазақстан пайдалы қазбалары
Геологиялық ортаны қорғау
Қошқар Ата қоймасының техногендік қалдықтарының іргелес территориялардағы биотаға әсерін анықтау
Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Пәндер