Қабылдау процесі туралы ұғым



1.Қабылдау процесі туралы ұғым.
2.Қабылдау процесінің негзгі ерекшелігі.
3.Кеңістік пен уақытты қабылдау.
4.Қабылдау процесінің физиологиялық негіздері .
Пайдаланған әдебиеттер
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнелеуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнелеуі болып табылады.
Қабылдау заттар мен құбылыстар- дың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов « қатынас рефлесі» деп атаған. Мысалы, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы ( яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы ) заттың түрі түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
1. Ф. Н. Гоноболин:
«Психология»
2. Жарықбаев :
« Жантану негіздері»
Тақырыбы:
« Қабылдау туралы ұғым»

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары :

1.Қабылдау процесі туралы ұғым.
2.Қабылдау процесінің негзгі ерекшелігі.
3.Кеңістік пен уақытты қабылдау.
4.Қабылдау процесінің физиологиялық негіздері .

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке
қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнелеуі болса, қабылдау заттар мен
құбылыстардың мида тұтастай бейнелеуі болып табылады.
Қабылдау заттар мен құбылыстар- дың түсі, дыбысы, дәмі, иісі,
формасы т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік
қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше
тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын
уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлесі
деп атаған. Мысалы, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы
( яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы ) заттың түрі түсі,
мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
Қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес,
бірнеше
анализатордың бірлесіп қызмет істеудің нәтижесі.
Қабылдаудың негізгі ерекшелігі мыналар:
1. Қабылдаудың тұтастығы.
2. Қабылдаудың мағыналығы.
3. Қабылдаудың таңдамалығы.
4. Қабылдаудың тұрақтылығы (консаантылығы)
5. Қабылдаудағы иллюзия.
6. Апперцепция.
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден тұрғанымен, біз
оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз. Кей кезде тәжірибемізде ұшыраған
кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері ғана
қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз.
Қабылдаудың мағыналығы бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден
негізгі айырмашылығы жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын дұрыс
жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша ол
толық қабылдамайды.
Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі –
тану. Тану жалпылай және даралап тану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану
дегеніміз талғаусыз қалай болса, солай тану. Жалпылай тануда адам
нәрселердің өзінее тән қасиеттерін біле бермейді.
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз( оның
қасиетін сапасын)қабылдаудың таңдамалығы деп аталады. Қабылдаудың
таңдамалығы әр түрлі объективтік( объектілердің ерекшеліктеріне – күші,
қозғалысы, қарым-қатынасы т. б.) және субъективтік (адамның қабылданатын
затқа қызығуы, оның қажетсінуіне, сол кездегі психикалық көңіл-күйі т.
б.)
Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне
қарамастан заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын
айтады. Қабылдаудың константтылығы балаларда 2-4 жастың арасында
қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен тәжірибесіне
де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге оны сол қалыпына сақтауға
мүмкіндік туғызатын ең жоғарғы психикалық функция – сөз. Әрбір заттың
түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір тұрақты түрге енгізеді.
Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате
қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге
байланысты пайда болады. Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде көру
қабылдануында иллюзиялар жиі кездеседі. Жарық пен бояудың иллюзиясы.
Жарық ашық түсті заттар күңгірт заттарға қарағанда бізге көп сияқты болып
көрінеді, ал толығырақ адам қара костюм кисе сындарлы болып көрінеді.
Иллюзияның заңдылықтарын білу адам ойлауындағы сыншылдықты
дамыта түседі. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына
байланысты туатын заттардың жалған теріс бейнелері галлюцинациялардан
ажырату қажет. Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қабілеті кемиді де,
есі кіресілі шығасылы болады.
Қабылдаудың өткендегі тәжірибеге байланысты апперцепция деп
атайды. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты
апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы білімі мен дүниетанымына
байланысты болып отырады. Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ
пікірде болады, мұны уақытша апперцепция дейді.
Жоспарлы түрде жүйелі белгілі бір мақсатпен жасалатын
қабылдауды бақылау деп атайды. Мұның адам өміріде зор маңызы бар бақылай
білу жақсы хабардар болуға, заттарды неғұрлым дәл қабылдауға адамдардың
сыртқы ерекшеліктерін және ішкі психикалық қасиеттерін байқай отырып,
оларды жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі қоршаған дүниенің бізге
жасайтын әсерін ілтипатқа алуға дұрыс іс-әрекет жасауға жағдай туғызады.
Кез келген адам бақылай біле бермейді. Мына шарттар орындалса ғана
бақылауды дұрыс ұйымдастыруға болады:
1. бақылаудың міндеттерін түсіну қажет. Егер бір адамға нені бақылау,
неге бақылау керек екенін түсіндірместен Бақыла! десе ол бақылау
жұмысын жүргізе алмайды;
2. Бақылаушыға бақыланатын зат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (Түйсік пен қабылдау, ойлаудың, есте сақтаудың бұзылысы)
Ойлау ұғымы
Таным теориясы немесе гносеология
Ойлау туралы түсінік
Кәсіптік біліміді басқару теориясы
Таным мәселелері
Ойлаудың даму кезеңдері
Білім беру процесінің сатылары
Таным мен сананың өзара байланысы
Пәндер