Қоғам – тірі организм сияқты біртұтас, күрделі жүйе



Адамның дене мүшелері – жүрегі, миы, аяқ-қолы, сезім мүшелері т.б. оның өмір сүруін қамтамассыз етеді. Егер солардың бірі кеміс болса, не қызметі нашарласа, адам организмі әлсірейді, тіпті өмір сүруден де қалады. Сол сияқты, қоғамның да түрлері құрылымдары, салалары (саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани) бар және олардың әрқайсысы тиісті қызмет атқарады, бүкіл қоғамдық жүйеге, оның бірлігіне, органикалық тұтастығына әсер етеді.
Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы да қоғам ретінде өзіне тән саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Олардың әрқайсысы өзінше дербес және өзара бірлігімен сипатталады. Қазақстан Республикасының алға қойған айқын мақсаты бар. Ол - өзара тең көпменшіктілік, әлеуметтік-экономикалық, саяси-рухани, құқықтық әділеттікті, аумақтық тұтастықты қамтамасыз ететін, бірлікке ұмтылған демократиялық қоғам құру. Бүкіл Қазақстан халқы осындай мұратты мақсат тұтып, оның баянды болуына ұмтылуда.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қоғам – тірі организм сияқты біртұтас, күрделі жүйе.
Адамның дене мүшелері – жүрегі, миы, аяқ-қолы, сезім мүшелері т.б.
оның өмір сүруін қамтамассыз етеді. Егер солардың бірі кеміс болса, не
қызметі нашарласа, адам организмі әлсірейді, тіпті өмір сүруден де қалады.
Сол сияқты, қоғамның да түрлері құрылымдары, салалары (саяси, экономикалық,
әлеуметтік, рухани) бар және олардың әрқайсысы тиісті қызмет атқарады,
бүкіл қоғамдық жүйеге, оның бірлігіне, органикалық тұтастығына әсер етеді.
Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы да қоғам ретінде өзіне тән
саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Олардың
әрқайсысы өзінше дербес және өзара бірлігімен сипатталады. Қазақстан
Республикасының алға қойған айқын мақсаты бар. Ол - өзара тең
көпменшіктілік, әлеуметтік-экономикалық, саяси-рухани, құқықтық
әділеттікті, аумақтық тұтастықты қамтамасыз ететін, бірлікке ұмтылған
демократиялық қоғам құру. Бүкіл Қазақстан халқы осындай мұратты мақсат
тұтып, оның баянды болуына ұмтылуда. Қазақстан Республикасының
Конституциясында (1995 ж.) былай деп тұжырымдалған: Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары. Оның қызметінің негізге алынатын қағидалары – қоғамдық
татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық
даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін
демократиялық әдістермен шешу. Сондықтан да әрбір жас ұрпақ, елдің ертеңгі
азаматтары өз қоғамын, оның құрлымын, ондағы қарым-қатынастарды, әлеуметтік
бірлікті өзінің қандай қоғамда өмір сүріп жатқанын, өз еңбегі мен өмірінің
мәні неде екендігін білуі қажет.
Кез келген қоғамдық ортада адам өмір сүреді. Ол – қоғамның жігелі
субъектісі, қоғамдық құрылымды, оның бірлігінде, институттарында,
ұйымдарында әрекет ететін шешуші тұлға. Адам абстрактілі, қияли модель
емес. Ол – белгілі бір ортадағы тірі субъект. Оның іс-әрекеті мәнді, оның
байлығы мен күрделілігін ешбір қоғаммен теңеуге болмайды.
Осы концепцияларды басшылыққа ала отырып, біз бұл еңбекте қоғамның
біртұтас әлеуметтік жүйе екендігіне, табиғат пен қоғамның қарым-қатынасына,
құрлымымен, бірлігі мен байланысына, адам, оның мәртебесі мен құқығына,
мүдделері мен қажеттіліктеріне, іс-қимылына, адамгершілігі мен өмір сүру
мәніне талдау жасадық. Сонымен қатар қоғамның саяси, экономикалық,
әлеуметтік және рухани салаларына, мәдениет, өркениет, демократия,
демография, дін, отбасы, олардағы адамның орны мен басқа да қатынастары жан-
жақты қамтылды.
Қоғам ұлттық шеңбермен шектелмейді, өркениетке, әлемдік бірлікке
ұмтылады. Тәуелсіз мемлекетіміздің осы тұрғыдағы саясаты оқулықта айқын
көрсетілді. Жаңа қоғамның қалыптасуына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне
байланысты қоғам және қоғамдық қатынастар туралы белгі бере бастаған жаңа
теориялық көзқарастар да орын алды.

Қоғам туралы түсінік
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам -
өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолымен ұстауға немесе микроскоппен
қарап көруге болмайды.
Қоғам деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық
қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл
арада алдымен белгілі бірқауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму
кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл
адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық
халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара
қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген
дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке
адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты қоғам деп
айтамыз. Бірінші, қоғам – адмның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ,
адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол
жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше
ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т.б.). Демек, қоғам –
ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады.
Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси,
мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп
аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін,
олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет.
Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: 1) қоғамға қажетті
қатынас түрлері болады; 2) субъект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта
болады; 3) қоғамның объективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол
қатынасқа енгісі келе ме, жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани
саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен
дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси,
құқықтық, имандылық т.б.) – адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы
өзара байланыстарының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани
қатынастар өзара байланысу арқылы қоғамның дамуына ұйтқы болады.
Қоғамның табиғаттан ерекшеленушілік сипаты неде? Табиғаттың апаты
үздік-создық болып тұрады. Демек, табиғатта стихиялық сипат бар. Ал
қоғамдық дамудың ортасында санасы мен еркі билеген адам тұрады. Табиғат
қоғамнан және адамнан тыс, өзіне тән заңымен өмір сүреді және дамиды.
Алайда адам қоғамы мәдениетті жасайды, табиғатты да өзгертеді. Демек, адам
және қоғам өз іс-әрекеті арқылы табиғатқа қарсы тұрады екен. Адам
мәдениетті жасаумен бірге, табиғатты бағындыра да біледі. Себебі табиғат
пен қоғам тікелей байланыста, өзара қатынаста болады. Біріншіден, табиғи
орта, географиялық және климаттық ерекшеліктер қоғамның дамуына белгілі
дәрежеде әсер етеді. Бұл факторлар ел мен халықтың дамуын жеделдетеді
немесе қиындатады, қоғамдық еңбек бөлісіне әсер етеді. Өзендер мен көлдер,
ауа райы шаруашылыққа, өмірге қандай әсер ететінін күнделікті өмірден
білеміз. Су арқылы табиғи байлықты иеленеміз, егін егіп, жеміс-жидек
өсіреміз, оларды өмір-тіршілігімізге пайдаланамыз. Ал қоршаған ортаның
ластануы, табиғи байлықтың азая бастауы экологиялық дағдарыс туғызады,
адамдардың өмір сүруіне қауіп төндіреді.
Адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы қоршаған табиғи ортаны
өзгертеді. Көптеген аймақтардағы батпақты жерлер құрғатылып, шөл далалардың
баққа айналғанын жақсы біліміз. Өзен сулары негізінде су электр станциялар
жұмыс істейді. Сонымен қатар шаруашылықты дұрыс басқармау нәтижесінде теңіз-
көлдердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Герберт Спенсер
О. Конт – социологияның негізін қалаушысы туралы
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
Ноосфераның пайда болуы
Аутэкология-экологияның негізгі бөлімі
Философия пәні және дүниеге көзқарас
Тіршілік және тірі материя туралы түсінік
Экология ғылымы туралы түсінік
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Көбею және даму. Адам онтогенезінің ерекшеліктерін оқыту(8-сынып) тарауын өткізу әдістемесі
Пәндер