Қор биржасы және оның қызметі туралы ақпарат



1. Қор биржасы және оның қызметі
2. Биржалық операциялар
3. Қорытынды
4. Әдебиеттер тізімі
Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қызмет етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі — "бурзэ", яғни әмиән деген мағынаны білдіреді. Экономикасы дамыған мемлекеттерге биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы:
- қор биржасы;
- тауар биржасы;
- еңбек биржасы.
Сонымен, биржа —нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағазбен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол — сатушылар мен сатып алушылар келісілген келу үшін кездесетін орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принциптерде жүмыс істейді. Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасын құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталынады. Биржаның басты органы болып "биржалық комитет" саналады, ал оның мүшелерін брокер немесе маклер деп атайды.
1. Қазақстан Республикасының банктермен банк қызмет туралы заңдары 05.1995 ж.
2. Бағалы қағаздар нарығы. Б.А.Көшенова, Алматы, Экономика, 1999.
3. Банковское дело. Г.С.Сейткасымов, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.
4. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Г.С.Сейткасымова, К.О.Шаяхметова, Г.ТАбдраимова, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.
5. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Н.А. Ғұмар, Р.Ж.Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.
6. Ценные бумаги и их регулирование в РК. Ф.Карагусов, Алматы, Каржы-Каражат, 1995.
7. "Банки Казахстана" журналы №5 2000ж.
8. Банк хабаршысы. 2000

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Қор биржасы және оның қызметі

Биржалық операциялар

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қор биржасы және оның қызметі

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алатын және сатылатын негізгі
нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қызмет етеді. "Биржа" деген термин
ежелгі грек сөзі — "бурзэ", яғни әмиән деген мағынаны білдіреді.
Экономикасы дамыған мемлекеттерге биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы:
- қор биржасы;
- тауар биржасы;
- еңбек биржасы.
Сонымен, биржа —нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным
негізінде тауармен, бағалы қағазбен сауда жасалады және қызметкерлер
жалданады. Ол — сатушылар мен сатып алушылар келісілген келу үшін
кездесетін орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принциптерде жүмыс істейді. Қор
биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасын құру,
оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы
және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталынады. Биржаның басты органы
болып "биржалық комитет" саналады, ал оның мүшелерін брокер немесе маклер
деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және
солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа
клиенттердің өздері қатыса алмайды, яғни болмайды. Брокерлер сол жұмысы
үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлер мен қатар өз есебінен
ақша жұмсап, айналысатын дилер де жүреді.
Сонымен, қор биржасы — бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни
делдалдар арқылы бағалы қағаздарды сату және сатып алу жөнінде мәміле
жасайтын нарық.
Қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында
құрылған, осы сауда- саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана
отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда- саттықты ұйымдық және
техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және
акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым.
Қор биржасының қызметі өзін - өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның
қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық- техникалық дамытуға
пайдаланылады.
Қор биржасы:
1)сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
2)қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып
отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа
жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзгеде қаржы құралдарына талап
қою;
3)қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге
де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз
мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-
саттық ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп
айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге
асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
4)өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де
қызметтер көрсету;
5)бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері
бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
6)банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында
көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы
болып табылады. Биржадан тыс рынок, әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың
жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда көбінесе облигациялар орналастырылады.
Биржада, керісінше, бағалы қағаздардың ескі шығарылымдарының, негізінен
акционерлік қоғамдардың акцияларының бағамы белгіленеді. Заңнамамен қор
биржаларының ең төмен жарғылық капиталы белгіленеді. Қор биржасы
инвестициялық институттар ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншікті
акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық
береді.
Қор биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен
биржалық қызмет жүргізуге Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында
лицензия алады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары және заңдарға сәйкес
бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен өзге мәмілелерді жүзеге
асыру құқығы бар өзге де заңи тұлғалар қор биржаларының мүшелері болып
табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының
кемінде он мүшесі болуы тиіс. Қор биржасының мүшелері мәмілелерді жасау осы
мүшелер үшін қор биржасының ережелерінде жол берілетін қаржы құралдарының
түрлері бойынша сауда- саттыққа қатысуға құқылы.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының кірісі оның негізгі қызметінен
алатын қаражат есебінен құрылады. Сауда- саттықты ұйымдастырушы мынадай
жағдайларда:
1) сауда-сатықты ұйымдастыушының мүшелігіне кіргені үшін;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкін пайдаланғаны үшін;
3) бағалы қағаздар листингі үшін және олардың сауда-саттықты
ұйымдастырушысының тізімінде болғаны үшін;
4) мәмілелерді тіркеу және ресімдеу үшін;
5) ақпараттық қызмет көрсеткені үшін және өзге де жағдайларда
ақшалай жарналар мен алымдар алады.
Биржаның кірістері өзінің функцияларын жүзеге асырумен, оның
қызметін ұлғайтумен және жетілдірумен байланысты шығыстарды жабуға
бағытталады.
Қор биржасы Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
жөніндегі агенттікпен келісе отырып, саудаға бағалы қағаздарға –
листингке рұқсат ету ережелерін, срндай-ақ оларды – делистингті саудадан
шығарып тастау ережелерін белгілейді.
Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы –
акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда
-саттықты ұйымдастырушы клиенттердің арасында баға белгілеу арқылы
айырбастау жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда – саттықты ұйымдық
және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға. Бұл ұйымның
негізгі мақсаты оның клиенттері арасындағы бағалы қағаздарға баға
белгілеудің алмасу жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Бағалы қағаздар
рыногының кәсіби қатысушылары ғана баға белгілейтін ұйымның клиенттері бола
алады.
Қаржы рыногының жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол
бағалы қағаздар рыногының субъектілері қызметіне міндетті талаптар
белгілейтін нормативтік- құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы
қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді
элементтердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногының
кәсіби қатысушылары мен олардың өзін - өзі реттейтін ұйымдар қызметін
лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және с.с. жолымен жүзеге
асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы уәкілетті орган
Ұлттық банктің құрамындағы Бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып
табылады. Ол эмитенттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді,
эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін
тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді
эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногының
кәсіби қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктағы әлемдік қаржы
дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің
құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы
қағаздар рыногына тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму
үстінде.Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар
соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан
келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын
жаңдандыру жөнінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру
Биржа
Қор биржасы
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары
Биржа саудасын ұйымдастыру және оның даму бағыттары
Тауар биржасының мүшелері
Токио қор биржасы
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
Бағалы қағаздардың нарығы
Пәндер