Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс және оның тарихнамасы



Кенесары Қасымов қазіргі Көкшетау облысының Көкшетау мекенінде 1802 жылы туған . Кенесары Абылай ханның немересі., Абылай Қасымовтың отыз ұлының кішісі болып табылады.
Сұлтан Қасымов қалмақ әйелінен туған ,сол себепті хан тағына құқығы болмады. Жас шағында Қасым ержүрек батыр ретінде , өзінің шалт мінез құлқымен , көршілестерімен шапқыншылықта және ұрыстарда жауынгерлігімен және батылдығымен даңқы шықты. Екі әйелі болды , бәйбішесінен төрт ұл туды. : олар- Саржан , Есенгелді, Ағатай, Бөпи, Құшық, және Кенесары, тоқалынан – Наурызбай туды.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуында оның отбасының белгілі бір рөлі болды. Оның барлық ынта –ықыласы қазақ хандығының тәуелсіздігін қайта өрлету жолындағы күреске жұмылдырылды. Осынысымен бұл отбасының өздерінің жеке мүдделері ауқымында тұйықталған басқа сұлтан отбасыларынан ерекше өзгешелігі болды. Кенесары жас шағынанөзінің батылдығымен ерлігімен епрекшеленеді.
Кейіннен шынында да Кенесары ержүрек батыр және қолбасшы болды. Тарихшы Смирнов оның ересек шағын сипаттай келіп, былай деп жазды: «Иығындағы полковник шенінің зерлі белгісімент арт жағындағы ту ұстаушыларымен бірге сәнді барқыт пешпент киген Кенесары әманда өзінің қол астындағылары алдында атын ойнақтата жүретін ».
Тақырыптың өзектілігі:
Кенесары сұлтанның өз ержүректігімен , батылдығымен сонау ХІХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ халқының тәуелсіздігі аңсауы, және азаттық жолында өмірінің соңына күресіп өтуі. Сондай-ақ тек Орта жүз халқын ғана емпес Бүкіл қазақ халқын бір тудың астында біріктіріп, азаттық күресіне жұмылдыруы. Жәнеи негізгі мәселе оның қазақ халқының тарихындағы
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер:

1 . Народно –освободительное движение казахов в 1836-
1838годах . Документы, материалы, статьи. А,.1992, 27,132-137б..
2. Красовский М . Оьласть Сибирских киргизов\\ Материали для
геогравий и стотистики России , ч. 1. СПб .,1868.105-б
3. ЦГА РК , ф.374., оп.1, д. 1990.л. 18-21.
4. Қар: Стеблин Камеская М.И. К историй восстания султана
Кенесары Касымова\\ Исторические записки, т. 13,1942, 243-б.
5. Қасымов Ж К. Көтерілістің көзден таса беттерінен \\ ХАН Кене ,
111-234-бб
6. Полферов Х.А .Вгорах Ала –тау . Из истории бунта Кенесары
Касымова(1843-7847гг) \\ Исторический вестник . 1904, № 8,488
7. Серребренников А.Г. Сборник материалов , т., 2, 132-б.
8. КенесаринА, Кенесары и Садық\ Хан Кенесары. Уральск, 1992.
9. Қазақстан тарихы . 5-томдық, 1-том , А ., 2002, 352-358бб.
10. Қасымбаев Ж.К. Кенесары хан саясаты. А., 1993,102-б.
11.Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. –
А., 1994, 223-б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс және оның
тарихнамасы.

Кенесары Қасымов қазіргі Көкшетау облысының Көкшетау мекенінде
1802 жылы туған . Кенесары Абылай ханның немересі., Абылай Қасымовтың отыз
ұлының кішісі болып табылады.
Сұлтан Қасымов қалмақ әйелінен туған ,сол себепті хан тағына
құқығы болмады. Жас шағында Қасым ержүрек батыр ретінде , өзінің шалт мінез
құлқымен , көршілестерімен шапқыншылықта және ұрыстарда жауынгерлігімен
және батылдығымен даңқы шықты. Екі әйелі болды , бәйбішесінен төрт ұл туды.
: олар- Саржан , Есенгелді, Ағатай, Бөпи, Құшық, және Кенесары, тоқалынан –
Наурызбай туды.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуында оның отбасының
белгілі бір рөлі болды. Оның барлық ынта –ықыласы қазақ хандығының
тәуелсіздігін қайта өрлету жолындағы күреске жұмылдырылды. Осынысымен бұл
отбасының өздерінің жеке мүдделері ауқымында тұйықталған басқа сұлтан
отбасыларынан ерекше өзгешелігі болды. Кенесары жас шағынанөзінің
батылдығымен ерлігімен епрекшеленеді.
Кейіннен шынында да Кенесары ержүрек батыр және қолбасшы болды.
Тарихшы Смирнов оның ересек шағын сипаттай келіп, былай деп жазды:
Иығындағы полковник шенінің зерлі белгісімент арт жағындағы ту
ұстаушыларымен бірге сәнді барқыт пешпент киген Кенесары әманда өзінің қол
астындағылары алдында атын ойнақтата жүретін .
Тақырыптың өзектілігі:
Кенесары сұлтанның өз ержүректігімен , батылдығымен сонау ХІХ ғасырдың
өзінде-ақ қазақ халқының тәуелсіздігі аңсауы, және азаттық жолында өмірінің
соңына күресіп өтуі. Сондай-ақ тек Орта жүз халқын ғана емпес Бүкіл қазақ
халқын бір тудың астында біріктіріп, азаттық күресіне жұмылдыруы. Жәнеи
негізгі мәселе оның қазақ халқының тарихындағы соңғы хан ретіндегі тарихи
жеке тұлғалық маңызы сипатталады.
Тақырыптың тарихнамасы:
Е. БекмахановХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік
–Экономикалық өмірі туралы зерттеу жазды . Кітаптың басым бөзігі Кенесары
басшылық еткен азаттық қозғалысына арналды. Мұнда күрестің қозғаушы
күштері, оның Орта жүзде құлаш жаюы, Кенесарының қазақ имем лекеттігін
нығайту жөніндегі іс шаралары , қоқанға қарсы күресі оның бұл бұл күроеске
қырғыздарды тартпақ болған әрекеттері, сондай-ақ оның жақындарының қырғыз
билеушілері қолынан қаза табуы айқындалады. Қорытындысында автор 20-
40жылдардағы оқиғаларды жинақтап , олардың жалпы Орта Азиядағы қазақ
халқының содан кейінгі тағдырына жасаған ықпалын анықтап берді.(1992 жылы
Е. Бекмахановтың кітабы 2-ші рет басылып шықты) ХХ ғасырдың 50-жылдарының
аяғы- 60-жылдарының басында Кенесары Қасымовтың көтерілісіне көзқарас
,түбегейлі теріс бағытта болды . Тұтас алғанда, көтеріліс Феодалдық-
монорхиялық деп танылды, ал зерттеу авторы ұлтшыл деп айыпталып , қуғынға
түсті (е.Б. Бекмахановтың ХіХ ғасырдың 20-40 жалдырындадеген кітабы
бойынша пікір – сайыс.Стеногтамма. А., 2000ж) . Көреріліске ғылыми ден
қоюшылық 90-жылдарда қайтадан жаңарды. 1990 жылғы 27-28 шілдеде ш.
Уалиханов атындағы Тарих, Археологиф және Этногравия Институты мен Вопросы
Историй журналының редокциялық алқасы Отаршылдық жағдайындағы ұлттық
қозғалыстар (Қазақстан, Орта Азия , Солтүстік Кавказ) проблемасы бойынша
ұйымдастырған Бүкіл Одақтық Дөңгелек ұстол нысыаналы түрде өткізілді .
1992 жылы Ақтөбе қаласында ғылыми теориялық конференция өткізіліп , оның
XVII-XXғасырлардағы Қазақстандағы ұлт –азаттық қозғалыс – біртұтас тарихи
үрдіс: проблемалар , ізденістер , шешімдер деген материалдары жарық көрді.
Конференцияның айрықша белгісі қазақтардың тәуелсіздік жолыгдағы күресінің
аз зерттелген проблемаларын көрсету және қазақ халқының азаттық күресінің
тарихын зерттеу методологиясы мен тарихнамасы мәселеріне жоғары деңгеиде
көңіл аудару болды.
Қасым сұлтан мен оның балаларының қаза табуы, бой көрсетулердің
алдынғы кезеңі стихиялы ұйыидаспаған сипатта болғанына қарамаста, Орта
жүзде әкімшілік саяси жаңалықтардың қатаң енгізілуі жағдайында отаршылдыққа
қарсы күрестің жалғастырылуына тың тыныс қосты , қазақ жерлерін
біріктіруші Абылай хан ұрпақтарының тар өрісті рулық, әлеуметтік мүдделерін
екінші қатарға ығыстырып , қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-
азаттық сипатын берді . Бұл күресті енді Абылай немерелерінің бірі – сұлтан
, кейін хан тағына отырған Кенесары Қасымов (1802-1847) басқарды.
Кенесары Қасымов саяси аренаға Қазақстанның 1822, 1824
жылдардағы Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғының қабылданғанына
қарамастан саяси оқшаулығын сақтауды жалғастырған аудандарының
тәуелсіздігіне патша әскерлерінің жаппай аттаныстары салдарынан қатер
төнген жағдайда Абылай ханның ісін жалғастырушы ретінде келді. Сондықтан да
көтеріліс жасаған сұлтанның басты мақсаты Абылай хан кезіндегі
Қазақстанның аумақтық шектерінің тұтастығын қалпына келтіру , дудандарды
(1) ( ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанда құрылған окруктар оның
хаттарында осылай көрсетілген тарату ), Ресей құрамына әлі кірмеген
жерлердің толық дербестігін сақтап қалу болды.
Бүлікшіл сұлтан күресінің негізгі талаптары оның император
ІНиколайға ынбор губернаторлары В.А.Перовскийге , В.А. Абручевке , сібір
губернаторы кінәз В.Д.Горчаковқа , Орынбор шекаралық коммисиясының төрағасы
А.Ф. Генске және басқаларға жолдаған хаттарында айқын анықталған .
Ғұбайдолла сұлтан да атақты ағасы Сержан да Кенесары сұлтанмен бір қатарға
тұра алмайды. , М.Красовскийдің пікірінше , ол ақылы жөнінен атасынан
(Абылайдан ) кем түскенімен , оданда, әкесінен де (Қасым төре) мінезінің
өрлігімен асып кетіп, бүкіл далаға әйгілі болды. (2)
Айлакер ерекше сипатты саясатшы ретінде Кенесары Қасымов
құдіретті Ресей державасымен күрес қазақтың үш жүзінің біріктіруді, едәуір
құрбандықты , әскери ғана емес , дипломатиялық та күш жігер жұмсауды талап
ететінін жақсы білді . Ол халық қозғалысынан бөлініп қалған жекелеген
сұлтандардың, старшындардың, билердің бетімен кетушілігін аяусыз басып,
Ресей саясатын қолдағандарды қатаң жазалағанмен , бәрәбәр патша үкіметімен
түсініспеушіліктерді , негізіне алғанда бейбіт жолмен шешуші болып қала
берді.
Ақылды саясатшы Енесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып ,
титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып., Сібір және Орынбор
әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялық қасиеттерін
көрсетті.
Орынбор генерал – губернаторы В.А. Перовскийдің атына жазған
алғашқы хатында –ақ ол Қазақстан аумағында бекіністер салуды , қазақ
жерлерін басып алуды 35- жылға тоқтата тұруды ұсынған. Кенесары үш жүздің
дәстүрлі топтарын , рулық бөлімшелерін біріктіруге барлық амалдарды
қолданды , дегенмен бұл мақсатқа азаттық күрестің 1844-1845 ең шырқау
биігіне көтерілген кезеңнің өзінде де қол жетпеді.
Көтерілістің ең басынан ақ қазақ шонжарлары қарама – қарсы екі
лагерьге бөлінді: олардың үкімет қолдаған бір бөлігі отаршылдық
әкімшіліктің қолдауына сүйеніп , омбы және орынбор әкімшіліктерінен әр
түрлі пұрсаттылықтар алуға тырыса отырып, , өздерінің саяси дұшпандарын
күйретуге ұмтылды. Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин
Кенесарының ымырасыз жауы болды , Кіші жүздің билеуші сұлтандары Ахмет және
Мұхаммед Жантөриндер , Айшуақов сұлтандар көтерілісшілерге қарсы өршеленген
күрес жүргізді . Кенесары Жетісуға барғаннан кейін азаттық күресі
жетекшісінің өз туыстары , Абылай ханның балалары Әли , Сүйік , Әділдер
көтеріліс жөнінде ымырасыз көзқарас ұстанды. Старшындардың , билнердің ,
сұлтандардың бір бөлігі оның орта жүзде де қарсы әрекет жасағанына
қарамастан , Кенесары Қасымов үш жүз қазақтары руларының едәуір бөлігін өз
туы астына біріктіре білді . Біркездерде Кенгесары әскерінің саны 20 000
адамға дейін жетті. Көтерілісшілердің ұйытқысы Орта жүздің қатардағы
көшпелілері болды.
Қазақтар көтерілісі әуел бастан –ақ бұқаралық сипат алды.
Тегінде XVIII ғасырдың аяғындағы және ХІХ ғасырдағы азаттық қозғалыстары
тарихында бұл- қазақ рулары қоныстанған негізгі аудандарды қамтыған бірден-
бір көтеріліс : оған Орта жүздің ру бірлестіктеріне қоса , Кіші жүздің
Шекті , жағалбайлы, , табын, алшын, шөмекей, жаппас және басқа рулары Ұлы
жүздің Үйсін , дулат және басқа рулары қатысты. Кенесарыны үш жүздің ханы
деп танудың мұрағат деректері арқылы расталатын фактісі оның ұлт мүдделерін
бірден –бір , жоғары дәрежеде білдіретін , бүкіл халық сайлаған билеушу
ретінде өкілеттілігінің заңдылығын дәлелдейді.(3)
Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды.
Мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егіншілер де ,
старшындар да, сұлтандар да тартылды. Қазақ жерлерін әскери отарлауға ,
қоқан бектерінің зорлық- зомбылығына қарсы жалпыға бірдей күрес көтеріліске
азаттық сипат берді.
Топ жетекшілерінің арасында атақты халық батырлары: Ағыбай,
Иман(Амангелді Имановтың атасы ) Басығала , Аңғал, Жанайдар, жәуке ,
Сұраншы, Байсейт, Жоламан Тіленшиев , Бұқарбай және басқалар болды.(4)
Қатысушылар құрамы түрлі ұлт өкілдерінен : Қазақтар, орыстар,
өзбектер , қырғыздар , поляктар және басқалардан құралды.
Кенесарының соғыс қимылдары 1838 жылдың көктемінде Ақмола
приказын қоршауға алып, өртеуден басталды. Бекініс коменданты әскери
старщина Карбышев пен Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймердин
өртелген бекіністен әрең дегенде қашып шықты. Көп кешікпей көтерілісшілер
Торғай даласы өңіріне қоныс аударды. Оған Жоламан Тіленшиев бастаған Кіші
жүз рулары да қосылы.
1841 Жылдың қыркүйегінде қазақтар үш жүздің ықпалды билері ,
сұлтандары Кенесары Қасымовты қазақ жерінің ханы етіп сайлады. Қазақ
мемлекеттілігі қалпына келтірілді. 1841 жылы көтерілісшілер қоқандықтардың
едәуір күштері орналасқан Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін
қоршады. Тіпті қозғалыстың басты ошықтарынан алыста жүрген төртқара және
шекті рулары да, оны бүкіл қазақ ханы деп танитынын хабарлады.
Қоқан билеушілерінің 1836 жылы соның алдындағы кезеңдегі
қазақтар көтеріәлісі жетекшілерінің бірі , ағасы Саржанды қарақшылықпен
өлтіруі , 1840 жылы әкесі Қасым төрені , сондай-ақ ағалары Есенгелді ,
Ержан сұлтандарды және Абылайдың басқа ұрпақтарын сатқындықпен қырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
ХІХ ғасырдың 20-50 жж. Қазақ - Ресей қатынастарының тарихнамасы
Кенесары ханның халық ауыз әдебиетіндегі бейнесі
Қазақстан жаңа заман тарихы
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
1850-70 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Кенесары Қасым ұлы бастаған Орта жүз қазақтарының көтерлісінің барысын талдау
Пәндер