Шикізат, азық-түлік, энергия проблемалары және оның туу себептері



1. Кіріспе.
Шикізат, азық.түлік, энергия проблемалары және оның туу себептері.
2. Негізгі бөлім.
А) Қалдықтар.потенциалды шикізат көзі.
Б) Экожүйедегі энергия.
В) Зат және энергия ағымы.
Г) Экологиялық проблемаларды шешу жолдары.
3. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер
Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген прблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтардың қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашты.
Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев «Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады» деп айтқан сонымен қатар ол озат техналогияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен қайта өңдеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады.
1. «Экология», Ж. Ақбасова.
240 – 250 бет
2. Экология негіздері, Сағымбаев.
42 – 47 бет
3. Экология, Бейсенова
114 бет, 115 – 116 бет
4. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.
194-195 бет

Жоспар.
1. Кіріспе.
Шикізат, азық-түлік, энергия проблемалары және оның туу себептері.
2. Негізгі бөлім.
А) Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі.
Б) Экожүйедегі энергия.
В) Зат және энергия ағымы.
Г) Экологиялық проблемаларды шешу жолдары.
3. Қорытынды.

Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі.
Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген
прблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтардың қайтадан
қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы материалдарды, электрэнергияны
үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді
шешуге жол ашты.
Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға
жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе басқа
өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев
Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады деп
айтқан сонымен қатар ол озат техналогияның басты мақсаты пайдасыздан
пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан
ішінара немесе толығымен қайта өңдеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен
тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға
болады.
Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалықтардың көлемі 1
мллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған
қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2
млрд. т түсті металлургия өндірістің меншігіне жатады (4 млрд т – тау-кен
өндірісінікі, 1,1 млрд т байыту фабрикаларныкі және 105 млн т
металлургиялық өңдеу процестерінен шыққан қалдықтар). Сонымен қатар әр
түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының тұндырғыштарында көп мөлшерде
сұық қалдықтар жинақталған. Қалдықтардың 70 – 75 %-і тау-кен
өндірістерінен, 20 %-і байыту және қалғандары металлургия кәсіпорындарынан
пайда болады.
Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едәуір. Оны оларды дұрыс
пайдаланғанда білуге болады. Өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру мәселесі
шешілетін болса, ауыл шаруашылығында пайдалануға жататын біраз жерлерді
босатуға мүмкіншілік туады.
Егер де қалдықтар шаруашылық айналымға түсірілсе, олар қоршаған ортаны
жақсартумен қатар, жердегі шикізат қорында үнемдейтіні сөзсіз. Өнеркәсіп
өндірістері дүниежүзілік шикізат қорының күрт елеулі азаюына әкелді.
Ғалымдардың болжауы бойынша қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда,
мұнай мен газдың қоры 80-170 жылға мырыш, никель, мыс қоры 100 жылға көмір
кенін 1700 жылдай уақыт бойы ғана шығаруға жетеді.
Экожүйедегі энергия. Жоғарыда келтірілгендей биоценоздағы организмдер
арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі
бір организімдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше
құрамдас бөліктерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.
Біріншісі – продуценттер немесе өндірушілер. Бұнда автотрфты жасыл
өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді
және күн энергиясын жұмсайды (сіңіреді).
Екінші- консументтер, бұған жануарлар жатады.
Үшіншісі-редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға
микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, заттарды ыдыратып қайта
қалпына келтіріп зат айналымын жалғастырып отырады.
Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей
қалыптасады. Ол өзіне өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен
сипатталады. Мәселен, жасыл өсімдіктер – бірінші трофикалық деңгейді түзсе,
фитофагтар – екінші, ал жануарлар тектес қоректілер – үшінші, т.б жалғаса
береді.
Барлық қоректік тізбектер бір – бірімен байланысты және тәуелді болып
отырады. Әрбір деңгейден екінші, үшіншіге өткен сайын зат немесе энергия
беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қоректі тізбектің күрделілігін
және біртұтас жүйе ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді.
Зат және энергия ағымы. В.И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің
тұрақты дамуы ондағы тірі заттардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз
айналымы жемісінің нәтижесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың
элементтері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы
қаитадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша әрбір элемент тірі
организмдерді әлде неше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер
бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асырып, биоценоздағы
биогенді айналымды жүзеге асырады. Бірақ та, заттардың биогенді айналымын
абсолютті тұрғыда деп түсінбеу керек. Себебі, айналымдағы заттар бір
торфикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде әлсін-әлсін зат айналымына
түсіп үздіксіз қайталанып отырады. Нәтижесінде жер шарында органикалық
заттардың қоры (торф, көмір, мұнай, газ, жаңғыш сланц) жинақталады. Бұл
қорлар да өз кезегінде жұмсалып, қайтадан айналымға түсіп, зат айналымының
үздіксіз (шексіз) процесін жалғастырып жатады.
Биогенді айналымның негізгі көзі жер бетінде жасыл өсімдіктердің пайда
болып фотосинтез құбылысы басталғаннан бастау алады. Мәселен, атмосферадағы
барлық оттегі тірі организмдер арқылы (тыныс алу т.б) 2000, көмір қышқыл
газы керісінше 300, ауысу 2 000 000 жылда бір рет өтіп отыратыны
дәлелденген.
Деседе, жоғакрыдағы әлемдік биологиялық айналым үшін ауадай қажет.
Оның негізгі көзі автотрофты (жасыл өсімдіктер) организмдер сіңіретін күн
радиациясы. Күн энергиясы биоценозда үнемі әрекет етеді. Күн энергиясының
зат айналымының ерекшелігі сол, ол үнемі жұмсалып отырады, ал зат айналымы
тек бір деңгейден екінші деңгейге ауысып отыратыны белгілі. Мәселен, күн
энергиясының 30% атмосферада сейілсе, 20% атмосфера қабатында сіңіріледі
де, ал 50% құрылық және мұхиттар бетіне жылу ретінде сіңіріледі. Тек қана
күн энергиясының 0,1 – 0,2% ғана биосфера шегіндегі жасыл өсімдіктер
үлесіне тиіп, әлемдік зат айналымын қамтамасыз етіп отырады. Оның жартысы
фотосинтез порцесі кезінде өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалып, ал қалған
бөлігі қоректік тізбектің желісіне түседі.
Экологиядағы жүйедегі энергия.
Энергия әрқашан белгілі біржұмысты орындауға, немесе қозғаушы күш
ретінде пайдаланылады.
Термодинамиканың (жылулық қозғалыстық дененің физикалық қасиеттеріне
тигізетін әсерін зерттейтін бөлім) бірінші (немесе энергияның сақталу) заңы
энергия жоғалмайды немесе жаңадан пайда болмайды, тек басқа үрге өзгертуге
болмайды дейді. Мысалы энергияның бір түрі болып табылатын сәулені
(жарықты) жылулыққа өзгертуге, жұмыс істейтін күш ретінде пайдалануға,
организмдерге қорек болатын энергия түріне айналдыруға болады. Сәуленің
бастапқы энергиясы жоғалмай тек басқа түрдегі энергияға айналады.
Термодинамиканың екінші заңы немесе энтропия – (Entropia - гректің
өзгеру, бұрылу деген сөзі) заңы энергиясының бәрі жылулық энергиясына
айналмайды, бір бөлігі үнемі шашырап кетеді дейді. Сондықтан кинетикалық
энергияның өздігінен потенциялды энергияға өзгеруі коэффициенті әрқашан 1
ден кем болады.
Заттың молекуладан, молекулалық атомдардан тұратыны физикадан белгілі.
Молекулалар (атомдар) аралығында бос кеңістіктер болады, онда атомдар
үздіксіз және ретсіз қимылдар жасап жатады. Оның себебі, молекулалар
құрамында дұрыс және теріс зарядтардың болуында, бір түрлі (дұрыс не теріс)
зарядтар кері тебетін, әртүрлі (дұрыс және теріс) өзіне тартатын
болатындықтан молекулалар (атомдар) қимылы үздіксіз әрі ретсіз (шым-
шытырық) болады. Осы қимылдар кезінде атомдар мен молекулалардың жылуы да
осы кеңістікке тарайды. Осылай тараған жылуды кинетикалық энергия деп
атайды. Кинетикалық энергия барлық заттарда бар бар. Егер заттың жылуы көп
болса молекула (атом) шапшаң қимылдап кинетикалық энергияны көп тартады,
керісінше зат салқын болса қимылдар бояулап, кинетикалық энергия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шикізат, азық-түлік, энергия проблемалары
Мальтустың теориясы
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Қазіргі кезеңнің әлеуметтік экологиялық мәселелері адам санының өсуі адам демографиясының әлеуметтік-географиялық ерекшеліктері
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы мәлімет
Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Экология ғылымы және оның міндеттері
Пәндер