Іс қағаздарының стилі



Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады.Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады., қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілеріболады. Іс қағаздарын жазу-жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.
Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарды есте болатын кейбір жағдайлар:
1. Қызметтік құжаттар бейтарап (нейтралбный) қалыппен, ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын, немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жон.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Іс қағаздарының стилі

Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз
алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады.Іс қағаздарының әрқайсысының
бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем
үлгілері болады., қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілеріболады. Іс
қағаздарын жазу-жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.
Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарды есте болатын кейбір жағдайлар:
1. Қызметтік құжаттар бейтарап (нейтралбный) қалыппен, ресми түрде
жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап,
мадақтайтын, немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ
болған жон.
2. Адресаттың сізден қызмет дәрежесінің төмен я жоғарылығына
қарамастан тез арада орындаңыз, Кідіртпейжауабын я қортындысын
хабарлаңыз, Қысқа мерзімде жауап беріңіз деген сөйлемдерді
қолданбағаныңыз жөн. Оның орнына хаттың жауабын я мәселенің шешімін
білгіңіз келетінін Осы күнге дейін жауап беруіңізді сұраймын деп белгілі
бір күнді көрсетіңіз немесе Өз шешіміңіздіи хабарлауыңызды сұраймын деген
сөйлемдерді қолдану арқылы білдіріңіз.
3. Өз өтініш, талаптарыңызды орынды көрсете білуге тырысыңыз. Қызмет
бабындағы, кез келген оқйға, жағдай, мәселеге баға беріп, оны ресми
құжаттақа көрсету, баяндау я хабарлау барысында барынша салқынқандалық
таңытыңыз. Көп эмлцияға бой ұрмаңыз. Фактілерді обьективті түрде
көрсетіңіз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдану түрін анықтау барысында
адамгершілік танытуға тырысады барынша нақты болуы керек.
4. Егер қызметтік хатта мекеменің, я қызметекердің өтініші я болмаса
тапсырылған ісін орындау мүмкін емес екендігін айтқыңыз келсе хатты бірден
ол мәселенің орындалуы я қабылдануы мүмкін емес деген сөздерден
бастамаңыз. Алдымен аталған мәселеге тоқталып, содан кейін өз шешіміңіздің
себебін негізді етіп түсіндіріп, содан кейін барып бұл өтініштің, я болмасы
істің қазіргі жағдайда орындалуы мүмкін болмай тұрғанын айтыңыз. Қажет
болған жағдайда бұл мәселенің қайта қаралуы да мүмкін екенін айта кетуге
болады.
5. Егер өтініштің, я, тапсырылған істің немесе қойылған мәселенің
дұрыс шешілгені туралы жазатын болсаңыз, бұл мәселенің дұрыс шешілуі үшін
сіздің өз басыңыздың, я мекемеңіздің қосқан үлесін я еткен еңбегін атап
кеткен артықтығы жоқ.
6. Сізге, я сіздің мекемеңіздің келіп түскен қызметтік құжаттарымен
танысқанда, ол құжат бойынша мәселе көтереде, я қол астыңызда істейтін
қызметкерлерге тапсырма береде, құжаттағы мәселе бойынша жауап жазрда, бұл
мәселе менің я болмаса біздің мекеменің міндетіне кіре ме деген мәселені де
ойлау керек.
7. Сіздің хатыңыз заңды, мазмұны айқын болуы керек. Бұл әсіресе
қаржы, кадр құжаттары үшін міндетті.
8. Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек.
Қағаз бен сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізе қоймайды.
9. Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы
керек.
10. Қызметтік құжаттың қай түрін жазсаңыз да көп ойды аз сөзбен
жеткізуге тырысыңыз.
11. Іс қағаздарын жазарда орныққан сөз тіркестері мен қалыптасқан
терминдерді қолданыңыз.
12. Бастауыш сөйлемнің басында баяндауыш соңында, анықтауыш
анықталатын сөздің алдында тұратынын да естен шығармаңыз.
13. Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер,
қазіргі қазақ тілінде ескіріп, аналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.
14. Жазылған құжатты қайтара оқып шығып, сөйлемдегі басы артық
сөздерді алып тастау керек.
15. Сөйлем баяндауышы я ашық райда (пайдаланылады, қаралады,
қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді) я бұрық райда тұруы керек (орындалсын,
шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын т.б.)

Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік
құрылымдар:

1. Ескерту мәнін беру үшін қолданылатын құрылымдар:
- Ақпанның 20-сы күні келісілген мерзімнің аяқталатынын есіңізге
саламыз.
- Мына мәселе барысынан хабардар еткіміз келді.
- ...туралы тағы да есіңіщге салғымыз келді
- ...туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан күшіне
енетіндігін ескертеміз.
- ...туралы келісімді өз тарапымыздан тоқтатуға құқыы екенімізді
ескертеміз.

2. Айтылған мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін
қолданылатын синтакситік құрылымдар:
- ... сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр.
- ... мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты
- ... туралы шешімнің қабылдануына байланысты
- ... жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты
- ... алдын-ала қол жеткізген келісімге сәйкес
- Сіздің талабыңызға орай
- ... қарамастан әлі де орын алып отыр
- ... экономикалық жағдайдың қиындығына орай

3. Өтініш білдіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:
- Менің мекен-жайыма жолдауыңызды сұраймын
- Аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын
- Осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз
- Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар
мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймыз.
- ... анықтауыңызды сұраймыз
- ... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз

4. Мәселенің шешілмейтіндігін немесе орындалмайтындығын білдіру үшін
қолданылатын құрылымдар:
- ... байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады
- өкінішке орай сіздің талабыңызды қанағаттандыра алмаймыз
- өкінішке орай сізге қажетті информацияны бере алмаймыз, себебі...
- мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ

5. Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдар:
- іске қосылсын
- жарамсыз деп табылсын
- жауапты адам тағайындалсын
- бұл мәселеге байланысты жауапкершілік (аты-жөні) –ге жүктелсін
- мәселені қарау (аты-жөні)-ға тапсырылсын
- шара қолдансын
- қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын
- ... жолға қойылсын
- ... бақылауға алынсын
- өзгерістер енгізілсін
- жол берілмесін

6. Кейбір маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін қолданылатын
құрылымдар:
- қатысты мәлімет қолма-қолжіберілді
- құжаттар сіздің мекен-жайыңызға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресми іс қағаздары мен стиль түрлері
Стилистика ғылымы
Ресми іс қағаздары
Көркем әдебиет тілінің стилі
Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар және олардың түрлері. Іс қағаздарының формалары мен түрлері
Жеделхат мәтіні
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Ресми, іс кағаздар тілі
Іс қағаздарының тарихы
Пәндер