Биосфера ұғымы туралы



Биосфера ұгымы ғылымға кездейсоқ енген. Жүз жылдан астам уақыт бұрын, 1875 жылы австриялық геолог Эдуард Зюсс өзінің Альпі тауларының шығу тарихы туралы кітабының соңғы, ең жалпылама тарауында жер шарының әр түрлі қабаттары жайында баяндаран кезде осы терминді алғаш рет қолданған болатын. Бірақ бұл үстіртін айтылған сез ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль атқара алған жоқ. 1926 жылы орыс минералогы В. И. Вернадскийдің екі лекциясы жарыкқа шықты. Сол лекцияларында ол, Зюсстың еқбектерінен кейін 50 жылдан соң, біз осы күнге шейін мойындап жүрген биосфера концепциясының негізгі қағидаларын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдердің әсеріне ұшыраған барлык қабаттарын түсінді.

БИОСФЕРА.

Биосфера ұгымы ғылымға кездейсоқ енген. Жүз жылдан астам уақыт бұрын,
1875 жылы австриялық геолог Эдуард Зюсс өзінің Альпі тауларының шығу тарихы
туралы кітабының соңғы, ең жалпылама тарауында жер шарының әр түрлі
қабаттары жайында баяндаран кезде осы терминді алғаш рет қолданған болатын.
Бірақ бұл үстіртін айтылған сез ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль
атқара алған жоқ. 1926 жылы орыс минералогы В. И. Вернадскийдің екі
лекциясы жарыкқа шықты. Сол лекцияларында ол, Зюсстың еқбектерінен кейін 50
жылдан соң, біз осы күнге шейін мойындап жүрген биосфера концепциясының
негізгі қағидаларын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының
бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдердің әсеріне ұшыраған
барлык қабаттарын түсінді.
Сонғы жылдары көптеген ғалымдар (Дж. Хатчинсон және басқалар)
биосфераның Жер бетінің, қазіргі кездегі организмдер тіршілігінің
ықпалындағы бөлігі ретінде қарастырып, биосфера ұғымын тарылтып жүр.
Көптеген ғылыми терминдер әр түрлі жағдайларда бірде кеңірек, бірде тарлау
мағынада қолданылуда.
Сонда биосфера — Жер шарының, осы бір айрықша қабығына қандай
ерекшеліктер тән? Біріншіден, биосферада сүйық күйдегі судың мөлшері
айтарлықтай көп. Екіншіден, оған Қүн энергиясының тасқыны ықпал етеді.
Үшіншіден, биосфера үшін сүйық, қатты және газ күйіндегі заттардың, бөліну
беттерінің болуы тән.
Жердегі энергия көзі Күн болғандықтан, күллі тірі организмдёр жердің екі
қабығы — литосфера мен гидросфераның жоғаргы қабаттарында таралған. Жер
қабаттарының қай-қайсы болмасын күн сәулесін неғұрлым жақсырақ еткізсе,
соғұрлым тірі организмдер олардың тереңірек қабаттарына шейін қоныстанған
деуге болады. Бірақ биосфера жарық жететін жерлермен шектелмейді. Ауырлык
күшінің арқасында энергия ағыны одан да әрі таралады: жарықталған
қабаттардан теңіз түбіне экскременттер түйіршіктері, өлі және тірі
организмдер уздіксіз тусіп жатады.
Литосфераға тірі организмдер болмашы тереңдікте ғана енеді. Олардың
негізгі бөлігі топырақтың жоғарғы, қалыңдығы ондаған сантиметр қабатында
шоғырланған, тек бірен-сарандары рана бірнеше метрге немесе ондаған метрге
тереңдейді (өсімдіктердің тамырлары, жауын құрты). Жер қыртысындағы
жарықтардың, құ-дықтардың шахталардың, бұрғылау скважиналарының бойымен
жануарлар мен бактериялар әлдеқайда көбірек, 2,5—3 километрге дейінгі
тереңдікке жетуі мүмкін. Қөбіне терең жер астында жататын мұнайдың ерекше,
өзіне тән бактериялар флорасы бар. Жарық болмағандықтан жасыл өсімдіктер
литосфераның терең қабаттарына ене алмайды. Тереңде жануарлар азық таба
алмайды.

Биосфераның құрылысы,қасиеттері де оларда тіршіліктің
таралуына бөгет болады. Акыр аяғында, Жер қойнауына тереңдеген сайын
температура жоғарылап, 3 км терендікте ол 100°С-қа жетеді. Демек, жер
бетінен 3 километрден астам тереңдікте тірі организмдер күнелте алмайды.

Тірі организмдер лигосфераның бетінен атмосфераның төменгі, бірнеше
сантиметрден бірнеше метрге дейінгі биіктіктегі қабатта-рына таралады. Ал
өсімдіктер өзінің жасыл берікбасын көкке кейде ондаған метрге көтереді.
Насекомдар, жарқанаттар нен құстар атмосфераға жүздеген метр тереңдеп
енеді. Жоғары өрлеген ауа ағындары жануарлар мен есімдіктердің дамылдаушы
сатыларын (спораларын, цисталарын, тұқымдарын) бірнеше шақырым биіктікке
көтеруі мумкін. Бірақ бүкіл тіршілігі ауада өтетін, яғни оны негізгі
тіршілік ету ортасы ретінде пайдаланатын организмдер әзірге белгісіз.
Атмосфера мен литосферадай емес, гидросфера ең беткі қаба-тынан табанына
дейін тіршілікке толы. Ғалымдардың зерттеу құралдары жете алған жерлердің
барлығында тірі организмдер табылған. Бүдан, организмдердің таралуы үшін
сұйық куйдегі су жарықтан гөрі маңызды шектеуші фактор болып табылады деген
қорытынды жасауымызға болады. Айталық, әлемнің ең ыстық шөлдері формалды
турде биосферадан тысқары жатыр. Бірақ іс жүзніде оларды парабиосфералық
(биосфераға жақын) аймақтар деп санауға болады, себебі ол жерлерде тіршілік
аз да болса бар. Мысалы, Намиб және Калахари шөлдеріндегі кұрғақ құмның
астында жел ұшырып әкелген тозаң тәріздес өсімдік қалдықтарымен күнелтетін
насекомдар (сасық қоқыздар — Tenebrionidae) кездеседі; өсімдік
калдықтарымен қоректенген насекомдар метаболизм нәти-жесінде пайда болатын
суды қанағат етеді.
Биосфераның әуеге қарай өрістеуін негізінен сұйық куйдегі судың тапшылығы
мен көміркышқыл газының парциалдық қысымының төмендігі шектейді. Таулы
жерлерде хлорофилды есімдіктер 6200 метрден жоғары биіктікте (Гималай
таулары) тіршілік ете алмайтын болуы керек. Бұдан да жоғары биіктіктерде
кейбір жануарлар, мысалы, өрмекшілер кездеседі. Өрмекшілер
аяққұирықтылармен (Insecta, Coltembola) қоректенеді, ал олар өз кезегінде
жел ұшырып әкелген өсімдік тозаңшаларының түйіршіктерімен қанағаттанады.
Биосфераның биік таулы бөлігін эол аймағы деп атайды.
Биосфераның шектеуші факторлары сүйық күйдегі су мен күн сәулесі болса,
тіршілік оптимумы орталардың жанасу беттеріне сәйкес келеді. Фотосинтез
бойынша түзілген зерттеулер көп жағдайларда органикалық заттардың шығымын
ең көп беретін, үш ортаны — қатты, сүйық және газды ортаны бірдей пайдалана
алатын өсімдіктер екенін керсетті. Мысалы ретінде кәдімгі қамысты
(Phragmites communis) алуға болады. Оның суды соруын сұиықтың су
табанындағы шөгінділерге көрсететін тұрақты кысымы жеңілдетеді. Тіршілігі
үшін қажетті көмірқышқыл газын қамыс газдардың сіңіруші беттер арқылы өту
жылдамдығы ен жоғары болатын газ күйіндегі ортадан алады; оттегін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфера туралы В. И. Вернадскийдің ілімі
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
Биосфераның пайда болуы
Биосфералық деңгей
Ноосфераның пайда болуы
Биосфера құрылысы
Биосфера ұғымы туралы түсінік
Биосфера жайлы
Биосфера құрылысы. Биосфера туралы жалпы түсінік
В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері туралы ақпарат
Пәндер