Діннің жастар психологиясына әсері



Қазақ халқының дін туралы танымы,сенімі ерекше.Дінді жаратылыстан тыс құдіретті құбылыс,тылсым ретінде танымайды,ойсыз бас қойып,көзсіз құлдай жығылып,табынған да емес. Діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп,оны жан мен тән тазалығын сақтайтын,парасат тағылымдарын демеуші,адамға өнеге тәлім берер,пейілге мейірім ұялатар рухани күшке бағалаған.Атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин өз заманында исламға ден қоя отырып, мұсылманшылықтың тұтқасы – сенім,иман,имандылық деп дәйектесе,ұлы ақын Мағжан Жұмабаев дін рәсімдерінің тұрмыс дағдыларымен астарластығын «Ораза деген қазаққа құлшылық емес,әдеп қой», - деп бір ауыз өлеңмен сипаттаған.Ойшыл жазушы Ғ.Мүсірепов дін жөнінде: «Адам баласы бірдемеге сенбей,арқа сүйемей тұра алмайды,сол сенімнің аты - дін.Ең арғысы саяси сенім дегеннің өзі халықтың басым көпшілігі үшін дін»,- деп оның адам өміріндегі рухани күшін жоғары бағалағаны белгілі. Дін – ең алғашқы адамдармен бірге пайда болған өшпес шындық. Мәдениет пен өркениеттің түрлі институттары түгел дерлік діни нанымнан кейін пайда болған.Демек,діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше.Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ.Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде әр түрлі болып келген.Сондықтан дін туралы білу - әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік болып табылады.
1. Ислам әлемі. №4, 2003
2. Жас Алаш. №40 2002, 4 сәуір
3. Ислам әлемі №3 , 2003
4. Бұлұтай М. Мұсылман қазақ еліміз . - Алматы: Арыс, - 2001
5. Есім Ғ. , Артемьев А., Қанаев С., Біләлова Г. Дінтану негіздері . – Алматы : Білім ,- 2003
6. Қазақ әдебиеті . - 9.08..2002
7. Қазақ әдебиеті . - 25.10..2002
8. Ақиқат . - №5 , 2004

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ДІННІҢ ЖАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ
Қазақ халқының дін туралы танымы,сенімі ерекше.Дінді жаратылыстан
тыс құдіретті құбылыс,тылсым ретінде танымайды,ойсыз бас қойып,көзсіз
құлдай жығылып,табынған да емес. Діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы,
жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп,оны жан мен тән
тазалығын сақтайтын,парасат тағылымдарын демеуші,адамға өнеге тәлім
берер,пейілге мейірім ұялатар рухани күшке бағалаған.Атақты ағартушы Ыбырай
Алтынсарин өз заманында исламға ден қоя отырып, мұсылманшылықтың тұтқасы –
сенім,иман,имандылық деп дәйектесе,ұлы ақын Мағжан Жұмабаев дін
рәсімдерінің тұрмыс дағдыларымен астарластығын Ораза деген қазаққа
құлшылық емес,әдеп қой, - деп бір ауыз өлеңмен сипаттаған.Ойшыл жазушы
Ғ.Мүсірепов дін жөнінде: Адам баласы бірдемеге сенбей,арқа сүйемей тұра
алмайды,сол сенімнің аты - дін.Ең арғысы саяси сенім дегеннің өзі халықтың
басым көпшілігі үшін дін,- деп оның адам өміріндегі рухани күшін жоғары
бағалағаны белгілі. Дін – ең алғашқы адамдармен бірге пайда
болған өшпес шындық. Мәдениет пен өркениеттің түрлі институттары түгел
дерлік діни нанымнан кейін пайда болған.Демек,діннің адамзат тарихында
алатын орны ерекше.Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ.Сонымен
бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде әр түрлі болып келген.Сондықтан
дін туралы білу -  әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік болып табылады.
Күллі адамзат
тарихында дін әрқашан да болған,бола да бермек. Атақты философ Генри
Бергсон : Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәнді немесе фәлсафаны
білмейтұғын адам қоғамын кездестіруге болады.Бірақ дінсіз ешбір қоғам
болмайды,-деген.Осы пікірге үндес пікірді батыстық философ Уильям Жеймс:
Біздің ойымызша адам баласы ең соңғы күнге дейін құлшылығын жалғастырмақ
дейді. Бұл айтылғандар діннің кез келген қоғамда алған рөлі айрықша
болғандығын білдіреді. Дін – насихат дейді Мұхаммед
пайғамбарымыз.Олай болса, діннің көркеюі шын мәнінде үгіт - насихат
жұмыстарына байланысты. Кеңес дәуірінде насихат түгілі мешітке де ойлана
баратын еді.Оның үстіне қылышынан қан тамған атеизм де дінімізді
мүмкіндігінше тақырта қаралап,бірнеше дінсіз ұрпақ тәрбиелеп те
үлгерді.Бірақ Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері өзінің нағыз демократшыл ел
екендігін және де ішкі,сыртқы саясатының тұрақтылығын көрсете білді.
Республика халқының рухани өмірінде ірі өзгерістер болып жатыр. Осы
өзгерістердің бірі - еліміздің басшысының болуы бізді қуантады.Бірақ та,
қанша дарынды болғанымен бір адамнаң қолынан қоғамды өзгерту келе
қоймас.Өйткені, қоғам жақсы жаққа өзгеруге өзі ұмтылу керек.Біз көп ұлтты
елде тұрамыз, сондықтан халықаралық достыққа ұмтылуымыз керек.Өйткені,тек
бейбітшілік заманда ғана әр халықтың рухани және үйлесімді дамуына
мүмкіндік болады. Жастар арасында болып жатқан
нашақорлық,жезөкшелік,қылмыс істер,түрлі аурулар – барлығы да
қоғамдық,экономикалық жағдайдың жайсыз және басқа қолайсыз жағдайларға
байланысты деп ойлаймыз. Шынында да оысншалықты жайсыздықтың барлығы әр
адамның өзіне байланысты.Өйткені,өзімізді қоршаған әлемді өзгерту үшін біз
алдымен өзімізді өзгертуіміз керек.Мұны біз Мұхаммед пайғамбарымыздың мына
сөзінен байқаймыз: Біріншіден,өзіңді өзгертуің керек,өйткені,өзіңнің
сырыңды түсіну – ол  Аллаһ тағаланы түсіну деген сөз,-дейді.Біз қауіпті
жан-жағымыздан іздейміз,ал ол өзіміздің ішімізде.Бұл қауіптің түбірі дұрыс
емес көзқарастан,сөзден,қимылдан және де сол қауіп адамның рухани
көзқарасының өзгеруіне алып барады. Ал діннің жалпы
адамзатқа,әсіресе жастарға,олардың психологиясына әсері қандай? деген
сұрақтарға жауап іздейтін болсақ, алдымен дін дегеніміз не дегенге
түсінік берейік: Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға
тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс
болып табылады. Демек, дін дегеніміздің өзі – адамның саяси - әлеуметтік,
дүниетанымдық, психологиялық жағдайына әсер  ететін күш – сенім болып
шығады. Жастар – қоғамның тұтқасы дейміз. Сондықтан дін жастарға әсер
етпей қоймайды. Жалпы, дін қоғам психологиясына күшті әсер етеді.Себебі дін
арқылы ғана біз мәдениетке,өркениетке,білімге, ғылымға қолымыз жетеді.
 Әлемдік ірі үш дін –
будда,христиан,ислам -  бар дейтін болсақ, соның ішінде ислам діні – жаңа,
хақ дін болып табылады.Ислам дінінің жастар психологиясына әсері қай
жағынан болмасын өте күшті.Себебі, ислам – рақымдылық,мейірімділік және
кешірімділік діні.Ислам әділдік пен бейбітшілікке үндеп,адам баласының бас
бостандығы мен ар – ожданын қорғайды. Ислам тіпті адамның діни сенімін де
өз ықтиярында қалдырады: Қалаған адам исламға келсін,қалағаны – кәпір бола
берсін (Кәһф сүресі,29 аят) деп, дінде зорлық жоқ екендігін айтады.
Исламда сонымен қатар үндеудің өзі де зорлау,жәбірлеу түрінде емес, білім,
жылы кеңес, сабырлы сұхбат пен сендіру арқылы жүзеге асады. Ислам қайырымды
істер жасауға нұсқайды, әдепсіздік істерден және заңсыз әрекеттерге тыйым
салады. Шынында да, Аллаһ
тағала  дамдарды әділ болуға, жақсылық жасауға, ағайынға қарайласуға
бұйырады. Арсыздықтан, тоң мойындықтан тыяды, тағылым тыңдасын деп насихат
береді, мүмкін сіздер ес жиярсыздар деген ниетпен жамандыққа жақсылықпен
жауап беруді бұйырады: Жақсылық пен жамандық тең болмайды.Жаман қылықтарға
жақсы ниетпен қара.Сонда саған өшпенділігі бар адамның өзі бейне сырлас
досыңдай болып кетеді делінген Фуссилат сүресінің 34
аятында.Демек,жамандықты жақсылыққа жеңдіріп отыру керектігі баса
айтылады.Егер біздің жастарымыз осыны ескеріп,санасына жаттап өссе,біздің
қоғамымыз қандай болар еді?! Әрине,ислам дінінде
мұндай сияқты қайырымдылыққа, мейірбандыққа үндейтін аяттар, сүрелер  өте
көп. Мысалы, Пайғамбарымыз Меккеге кіргеннен кейін мекккеліктердің өзіне
және сахабаларына көрсеткен барлық әділетсіздіктері мен қысымдарын,
қалаулары мен зорлық-зомбылықтарын кешіріп: Сендер боссыңдар, қалаған
жақтарыңа кете беріңдер! - деп барлығына еркіндік берген. Міне,бұдан біз
адам  адамға кешірімді, мейірімді болу керектігін байқаймыз.
 Ислам және бейбітшілік сөздерінің арасында толық үйлесімдік
бар.Себебі,бұл сөз бір түбірден, яғни ассәләм түбірінен туындайды. Аллаһ
тағала да өзін бейбітшілікті сыйлаушы  ретінде сипаттаған. Мұсылмандардың
ас-сәләм деп сәлем берумен амандық тілеуі мұсылмандардың өміріндегі
негізгі мақсатын бейнелейді.Әр күнгі 5 уақыт намазында да мұсылман оң
жағындағы жарты әлемге,сонан соң сол жағына қарап жарты әлемге тыныштық
тілейді. Осы
айтылғандар исламның бейбітшілік дін екеніне дәлел бола алады деп ойлаймын.
Исламда басқыншылық пен экстремизмге, фанатизм мен терроризмге және қан
төгіске,адамды қорқыту,олардың өмірі мен дәулетіне зиян келтіруге жол
берілмейді.Себебі,ислам  шариғатының негізгі мақсаты – адам баласының
құқығын сақтау,оның өмірін,дінін,отбасы мен дүние-мүлкін қорғау болып
табылады.Демек, ислам басқыншылықтың қандай дәрежеде және қай түріне
болмасын қарсы екендігін аңғартады.Исламның басқыншылыққа қатаң көзқараспен
қарайтыны соншалық,бір ғана адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің жастар психологиясына әсері жайында
Ислам дін негіздері, иманның шарттарына жалпы түсінік және ислам психологиясы
Дін психологиясы ғылымы: қалыптасуы және дамуы
Діннің тарихы
Жастар саясатының этникалық және діни тұстары
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Діндарлық
Православ діни философы
Дін психологиясы пәнінің ерекшеліктері
Пәндер