Жүйке жүйесінің түрлері



Кіріспе :
1. Жүйке жүйесінің түрлері.
Негізгі бөлімі :
1. Симпатиялық және парасимпатиялық жүйелердің қызметі мен құрылысы
2. Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері
3.Вегетативтік жүйке жүйесінің құрлысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Орталақ жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық деп 2 – ге
бөледі.
Денелік жүйке жүйесі қаңқа еттерімен байланысқан,ол организмнің түрлі қимылдарын,сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді.Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан денелік жүйке жүйесін кейде анимальдық деп те атайды.Ал вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалардың қызметін,заттар алмасуын,өрбу үрдістерін реттейді.Бұл жүйенің аты латынның vegetativus-өсу,өсімдік деген сөзінен алынған.Дегенмен де вегетативтік жүйке жүйесі тек өсімдіктерге тән істерге ғана емес,ол жануарлар мен өсімдіктерге ортақ үрдістерге әсер етеді.
Вегетативтік жүйке жүйесін денелік жүйке жүйесімен салыстыры отырып,олардың морфологиялық(құрылысындағы) және физиологиялық (қызметіндегі) ерекшеліктерін байқауға болады.
1.”Адам физиологиясы”
С.Сәтбаев, К.К. Алматы 2005ж.
2.”Адам физиологиясы" Исмағұлов Ф. Алматы 1985ж. “Метеп”
3.”Жалпы физиология" Мырзаханұлы Н. Алматы 2001ж.
4.”Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы” Алматы 2003ж.
5.”Физиология практикумы” Хамиева С., Ізбасаров Алматы 1995ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе :
1. Жүйке жүйесінің түрлері.
Негізгі бөлімі :
1. Симпатиялық және парасимпатиялық жүйелердің қызметі мен құрылысы
2. Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері
3.Вегетативтік жүйке жүйесінің құрлысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Вегативтік жүйке жүйесі

Орталақ жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық деп 2 – ге
бөледі.
Денелік жүйке жүйесі қаңқа еттерімен байланысқан,ол организмнің түрлі
қимылдарын,сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз
етеді.Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан денелік жүйке
жүйесін кейде анимальдық деп те атайды.Ал вегетативтік жүйке жүйесі ішкі
ағзалардың қызметін,заттар алмасуын,өрбу үрдістерін реттейді.Бұл жүйенің
аты латынның vegetativus-өсу,өсімдік деген сөзінен алынған.Дегенмен де
вегетативтік жүйке жүйесі тек өсімдіктерге тән істерге ғана емес,ол
жануарлар мен өсімдіктерге ортақ үрдістерге әсер етеді.
Вегетативтік жүйке жүйесін денелік жүйке жүйесімен салыстыры
отырып,олардың морфологиялық(құрылысындағы) және физиологиялық
(қызметіндегі) ерекшеліктерін байқауға болады.
Вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктері:
1.Парасимпатиялық және симпатикалық бөлімдерден тұратын вегетативтік
жүйке жүйесінің нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде
ғана орналасқан.Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық нейрондары
ортаңғы және сопақша мида,жұлынның сегізкөз бөлімінде,ал симпатикалық
жүйке жүйесі жұлынның кеуде-бел бөліміндегі сегменттердің бүйір ашасын да
орналасқан.
2.Вегетативтік жүйке жүйесі қос нейронды.Олдың біреуі ми мен жұлын
бөлімдерінде,екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқан.Парасимпатиялық жүйке
жүйесінің ганглийлері-ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал
симпатикалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі
жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын
ганглийі,құрсақ қуысында-шапақ тәрізді түйін,шажырқайлық ганглийлер
бар.Нейрондардың орталықта орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік
(ганглийге дейін) талшықтар деп аталады.Екінші нейрондардың жүйке
талшықтары серпі ністі ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға
апарады,олар постганглий лік (ганглийден кейінгі) деп аталады.
3.Вегетативтік жүйке денелік жүйкеден әлдеқайда жіңішке. Преганглий

лік жүйке талшығы миелинді,оның диаметрі 3,5 мкм.Постганглийлік талшық
миелинсіз,диаметрі 0,5-2 мкм.Парасимпатикалық постганглийлік талшықтар өте
қысқа болады.
Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарам-
данған.
Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері:
1.Вегетативтік жүйкелер негізінен эфференттік жүйкелер.Олар қозуды
орталықтан шеткі ағзаларға жеткізеді.Вегетативтік жүйкелер ішінде 10% тей
афференттік жүйкелер болады.Сонғы аталғандар қозуды ағза қабыл-
дағыштарынан орталыққа жеткізеді.
2.Вегетативтік жүйке жүйесінің қозу қабілеті денелік жүйке жүйесіне
қарағанда әлдеқайда төмен,ал хронаксиясы,қозу табалдырығы,керісінше
жоғары.Мәселен,вегетативті жүйке жүйесінің хронаксиясы -3-8, ал СЖЖ
хронаксиясы -0,04-0,75С.ВЖЖ-нің лабилдігі -10-15гц,ал СЖЖ - де
-1000гц.Осыған орай рефрактерлік кезең ВЖЖ-де өте ұзақ.
3.Вегетативтік жүйке жүйесінде постсинапстық қоздыру потенциалды ұзаққа
созылады (50-80мс).Денелік жүйке жүйесінде бұл потенциал 15-20 мс-
тай.Вегетативтік жүйке жүйесінде әсіресе гиперполяризация фазасы өте
созылыңқы келеді (300-1000 мс).
4.Вегетативтік жүйке жүйесінің әсерленісі өте баяу,біріншіден,қозу жүйке
талшықтарынан өте баяу өтеді,екіншіден,түйіспелерде медиатор жәй бөлінеді
және холиностеразаның белсенділігі төмен болған соң қозу кеш туады.
5.Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар-ацетилхолин не
адреналин бөлінеді.Медиатордың түріне қарй вегетативтік жүйкелер
холинериялық (ацетилхолин бөлінетін) және адренергиялық (адреналин
бөлетін) жүйкелер болып 2 топқа бөлінеді.
Холинергиялық жүйкелер тобына:
1)Парасимпатикалық және симпатикалық преганглийлік жүйкелер.
2)Парасимпатикалық постганглийлік жүйкелер.
3)Симпатикалық постганглийліктер бездерінің жүйкелері жатады.
Адренергиялық жүйкелер қатарына симпатикалық постганглийлік тері бездері
жүйкелерімен қатар барлық постгалийлік симпатикалық жүйке- лер болады.
Кейбір жүйкелер ұшынан мүлде басқа медиаторлар
(серотонин,гистамин,АУФ,ГАМК,т.б.)б өлінуі мүмкін.
Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта
әсеріне бейімдеп,реттеп отырады.Парасимпатикалық және симпати- калық
жүйкелер ағзалар қызметіне қарама-қарсы әсер етеді.Симпмтика- лық жүйке
жүректің соғуын жиілетіп,күшейтсе,парасимпатикалық жүйке,керісінше,оны
сиретіп,әлсіретеді.Бірақ бұл-мызғымас заңдылық емес:вегетативтік жүйке
жүйксінің екі бөлімі әрдайым қарсылас әсер ете бермейді,кейде антогонизм-
абсолюттік емес.
Симпатикалық жүйке көздің қарашығын кеңейтеді,ал парасимпасим-
патикалық жүйке оны тарылтады.Сырттай қарағанда бұл қарама-қарсы-
лық,бірақ екеуі де көз қарашығының диаметрін өзгертетін еттерді
жиырылтады.Симпатикалық жүйке т.dilatator pupillae жиырылтып көз қарашығын
үлкейтсе,парасимпатикалық жүйке т.sphinctor pupillae жиырылтып көз
қарашығын кішірейтеді.Сонымен көз қарашығының үлкеюі және кішіреюі осы
маңайдағы еттердің жиырылуынан болатын құбылыс.Бұл,механизмде
антогонизмнің жоқтығын,керісінше,бірлік барын көрсетеді.Тағыда бір
мысал.Вегетативтік жүйке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Темпераментпен байланысты жүйке жүйесінің үшінші қасиеті - жүйке процестерінің қозғалғыштығы
Жүйке жүйесінің анатомиясы
Рефлекс және оның түрлері, олардың түзілу механизмдері
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Жүйке жүйесі қасиеттері туралы түсініктеме. Е. П. Ильиннің психофизиология ғылымына қосқан үлесі
Психика және сана
Темпераменттің шығу тегі, дамуы және қалыптасуы
Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер