ΧIV – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер



Қазақстан аумағында мемлекеттік дамуының тамырлары тереңде жатыр. Ол ертедегі кезде және орта ғасырларда, түріктерге дейінгі, түріктер мен монғолдар заманында мекендеген көптеген тайпалар мен халықтардың тарихына байланысты. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуын тарихи әдебиетте Қазақ хандығының дәірмен байланыстыру қабылданған. Алайда оның хандары көвршілес мемлекеттер мен халықтардың билеушілерімен күрделі қатынастарда қазақтардың зтникалық топтарын және олардың жерлерін әлдеқашаннан-ақ дайын Қазақстан халқының сан ғасырлық этникалық-саяси және шаруашылық-мәдени дамуының біртұтас мкмлекетіне біріктіріп жинап отырған.
Дамудың маңызды кезеңдерінің бірі монғолдардан кейінгі кезең, ХIV-XV ғ болды. Сол кезде Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы-егінші халықтың этникалық-саяси жағынан топтастыру аяқталды. Қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталып, жергілікті этникалық негізде мемлекеттілік қалпына келді. Бұл ғасырларда біртұтас халық пен оның мемлекетінің қалыптасуы жөніндегі тарихи процесс аймақтың саяси бытыраңқылығын жоюдың қиын жағдайларында өтті.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университет

Кафедра .

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ΧΙV – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы
мемлекеттер

Нурмаханбетов Данияр
Факультет: Басқару
Курс: I
Группа: 102
Оқытушы:
Ташенов Бөлебай

Алматы 2007

Жоспыры:
1.XIV-XV ғ бірінші жартысындағы Шығыс Дешті қыпшақ пен Жетісудағы саяси
жағдай және этникалық-мәдени даму
2.XIV ғ Ақ Орда

Қазақстан аумағында мемлекеттік дамуының тамырлары тереңде жатыр. Ол
ертедегі кезде және орта ғасырларда, түріктерге дейінгі, түріктер мен
монғолдар заманында мекендеген көптеген тайпалар мен халықтардың тарихына
байланысты. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуын тарихи әдебиетте
Қазақ хандығының дәірмен байланыстыру қабылданған. Алайда оның хандары
көвршілес мемлекеттер мен халықтардың билеушілерімен күрделі қатынастарда
қазақтардың зтникалық топтарын және олардың жерлерін әлдеқашаннан-ақ дайын
Қазақстан халқының сан ғасырлық этникалық-саяси және шаруашылық-мәдени
дамуының біртұтас мкмлекетіне біріктіріп жинап отырған.
Дамудың маңызды кезеңдерінің бірі монғолдардан кейінгі кезең, ХIV-XV ғ
болды. Сол кезде Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның көшпелі,
жартылай көшпелі және отырықшы-егінші халықтың этникалық-саяси жағынан
топтастыру аяқталды. Қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталып, жергілікті
этникалық негізде мемлекеттілік қалпына келді. Бұл ғасырларда біртұтас
халық пен оның мемлекетінің қалыптасуы жөніндегі тарихи процесс аймақтың
саяси бытыраңқылығын жоюдың қиын жағдайларында өтті.
Қазақстан тарихындағы бұл күрделі дәуірдің бастапқы кезеңі- монғол
ұлыстарының – Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы Шыңғыс ұрпақтары иеліетерінің
ыдырауымен, соңғы кезеңі нақ қазақ мемлекетінің, Қазақ хандығының
құрылуымен сипатталады. Бұл кезде аймақ халқының сыяси өмір нысындарының
эволюциясы оның аумағында бірнеше мемлекеттің – Ақ Орданың, Моғолстанның,
Ноғай Ордасының, сондай-ақ неғұрлым кейінгі кезеңде көшпелі өзбектер
мемлекетінің немесе Әбілхайыр хандығының бөлініп шығуы арқылы өтті.
Орта Азияда, Дешті Қыпшақта, соның ішінде оның шағыс-европралық
бөрлігінде, Еділ бойында, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда шаруашылық-
әлеуметтік, саяси, мәдени-тарихи даму деңгейі де, әр түрлі өңірлерді
біріктірген монғол ұлыстары да мемлекеттердің экономикалық жағдайының
тұрақтылығы, біріктійгімен ерекше болған жоқ. Әртектес этникалық қауымдар
мекендеген олар уақыт өте келе неғұрлым айқын, тарихи жағынан байланысты,
шаруашылық және жэтникалық негізі бар саяси құрылымдарға бөлшектеліп кетті.
Бұған өндіргіш күштердің біртіндеп қалпына келуі, қоғамдық қатынастар
дамуындағы белгілі бір өзгерістер, этникалық процестердегі топтасушылық
сарынының өріс алуы себеп болды. Өзінің сыяси билігін нығайтуға ұмтылған
жергілікті феодал шонжарлардың рөлі артты. Монғолдар жаулап алған аумақтың
евразиялық бөлігінде ғана емес, Азияның ежелден отарықшы-егіншілік
өркениетті елдерінде де осылай болда. Оларға қарасты аумақты феодалдық
басқару жоққа шықты.
XIV ғ орта шенінде Иранда Хулагу ұрпағынан шыққан монғол билеушілерінің
билігі бітті; ильхандардың орнына жалайырлықтар келді. 1368 жылы Қытыйда
Мин әулеті орнықты, 1369 жылы монғолдар солтүстік-провинциялардан
ығыстырылып шығарылды.
Орта Азияда XIV ғ 70 жылы ішінде 20 шақты хан алмасты. Шағатайдан
тараған хандар Кебек, Тармашырын өз билігін Мәуеренахрдың жергілікті
феодалдық шонжаоларымен жақындасу жолымен нығайтуға, ислам дініне кіруге,
салық жүйесін реттеуге ұмтылды. Бірақ бұл саясат жаулап алынған өлкелерде
шексіз билік жүргізуге ұмтылған көшпелі монғол шонжарларының көпшілік
бөлігінен қарсылық туғызды. Билеуші шонжарлар топтарындағы қайшылықтар
әуелі Шағатай ұлысының одан соң XIV ғ ортасында Чайду мемлекетінің ыдырауын
тездетті, оның шығыс бөлігінде Моғолстан хандығы құрылды.
XIV 50-60 жылдарында батыс бөлігінде, Мәуеренахрда ірі түрік-монғол
тайпаларының көсемдері арасында кескілескен күрес өріс алды. Қырқыс Шағатай
және Үгедей ұрпақтарының моғолдардан, түріктерден, тәжіктерден тұратын
полиэтниеалық мемлекетті басқара алмайтынын көрсетті. Шағатай ұрпақтары
көбінесе бұрынғы Шағатай ұлысы мен Үгедей иеліктерінің далалық аудандарында-
Моғолстанда билік жүргізе алды. Мәеренахрдың ірі шонжарлары мен жоғары
саудагер топтары елге мықты билік керек екенін түсінді. Әмір Темір өз
қолына осындай билікті шоғырландырып, күшті мемлекет құра білді.
Жошы ұлысында монғолдар өте аз болды. Алтын Ордаға жаулап алу жолымен
біртұтас жүйеге біріктірілген тайпалар мен халықтар жиналды. Бұл мемлекет,
оған күгшті және жігерлі хандар билік еткен кезде болмаса, онша ұзақ уақыт
қуатты болған жоқ. Бірақ олардың біреуі Өзбек хан кезінде-ақ мемлекеттің
орнықтылығын шайқалтқан оқиғалар болды: мұсылман дініне кірген ол
Шыңғысмтан тараған тектің жаңа дінге кіруден бас тартып, бабаларының
нанымын сақтап қалғысыкелген ондаған өкілднрі мен барлық нояндарды қырып
тастады.
50-жылдардың орта шенінде Жәнібек ханды оның үлкен ұлы Бердібек
өлтіргеннен кейін, орыс жылнамасының анықтауы бойынша, “ұлы апат” деген
атпен мәлім болған жиырма жылдық өзара қырқыс басталды. Алтын Орданың батыс
бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Еділ бойында, Астраханьда, Қырымда,
Сарайшықта жергілікті әміршілер, түменбасы Мамай орнықты. Жошы ұрпағынан
тараған жекелеген хандар мен ірі тайпалардың жетекшілері оларды уақытша
біріктіргенімен де, XV ғ өзінде-ақ бұл иеліктер тәуелсіз Қазан, Астрахан,
Қырым, Үлкен Орда хандықтарына айналды. Қазақстан Түркістанның далалық
аумағында жергілікті билік нығайды.
XIII ғ ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақ аумағынды Ақ Орда мемлнкеті
өмір сүрді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер, Рашид ад-
Диннің айтуынша, өздерін Батый хан ұрпақтарының вассалдары деп сөз жүзінде
ғана санаған “өз ұлысының тәуелсіз патшалары“ блды.
XV ғ Орда-Ежен тегінен шыққан әміршілердің билігі Шайбани ұлысына
таралды. Қазіргі зерртеушілердің бірқатары Қазақстан аумағында осы
мемлекеттің құрылуына “Көк Орда“ атауын теліп жүр. Олар Батый ханның Жайық
өзенінің батыс жағындағы иеліктерін, соның ішінде Шайбани ұлысын да Ақ Орда
деп атады. Шайбани ұлысы Орда иеліктері құрамына енгеннен кейін Ақ Орда
бүкіл біріктірілген мемлекетке көшкен блды ықтимал. XV ғ аяғынан бастап Ақ
Орда хандарының иеліктері деректемелерде Өзбек ұлысы деп атала бастаған.
Ақ Орданың саяси тарихи Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы Алтын Ордаға
тәуелсіз хандардың өз билігін нығайту жолындағы күренсімен, кейініректе- Ақ
Орда хандарының ыдырап бара жатқан Алтын Ордадағы қырқысқа араласуымен,
содан соң Орта Азия билеушісі әмір Темірдің агресиясына тойтарыс беруімен
сипатталады.
Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшалануы XIV ғ екінші жартысында, Ерзен мен
Мүбәрак-Қожа кезінде болған делінеді. Ол XIV ғ 60-70 жылдарында билік еткен
Ұрұс хан кезінде едәуір нығайған. Сол кезеңде Темірге қарсы Ақ орданың
тәуелсіздік жолындағы күрестің негізгі ауыртпалығы соған түскен еді.
Кейініректе Ақ Ордадағы билікті қолға алған Темірдің қолшоқпары, Жошы
ұрпағы Тоқтамыс жергілікті шонжарларға және әскери ресурстарға сүйеніп ,
Алтын Орданың батыс бөлігін басып алып, оның ыдырауын уақытша тоқтатты.
Бірақ 90-жылдара Орданы Темір талқандады.
XIV ғ аяғы XV ғ басында сыртқы саяси жағдайлар мен ішкі қырқыстар
кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Жиырмасыншы жылдарда Ұрұс ханның немересі
Барақ хан өз әулетінің билігін тез арада қалпына келтірді. 20-жылдардың
аяғында Шығыс Дешті Қыпшақтың үлкен бөлігіндегі билік Шайбани ұрпағы
Әбілқайырдың қолына көшті XV ғасырдың екінші ширегінде Ұрұс хан мен Барақ
ұрпақтары Қазақстанның оңтүстік аудандарында өз биліктерін сақтап қалды.
XIV ғасырдың ортасы –XVI ғ басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы
Моғолстан мемлекетіне кірді. Ол Орта Азияның солтүстік-шығысында, монғолдар
кезінде Шағатай ұлысына кірген Жетісу мен шығыс Туркістанда құрылған еді.
Ірі тайпа – дулаттардың көсемі әмір Поладшы бастаңан көшпелі шонжарлар ол
ыдараған кезде 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғлық-Темірді хан етіп қоцды.
Моғолстанның саяси тарихы соғыстар мен талас-тартыстарға, көршілес
мемлекеттер тарапынан басталған шабуылдарды тойтаруға толы. Моғолстанның
алғашқы хандары Тоғлық-Темір мен Ильяс-Қожа 60-жылдары Мәуеренахрда Шағатай
ұрпақтарының билігін қалпына келтіруге әрекет жасады. Бірақ 70-80 жөзінде-
ақ Моғолстан билеушілері Қызыр-Қожа ханның, әмір Қамар ад-дин дулаттың,
Енге төренің және басқалардың Жетісу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
14-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
3-12 ғасырлардағы Қытай
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттары
Қазақ мемлекетінің құрылымы
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
Ерте орта ғасырлардағы корея
XVII ғасырдың I- жартысындағы еуропадағы халықаралық жағдай және отызжылдық соғыс
Пәндер