Құқық жасаушылық



1. Құқық жасаушылықтың жалпы сипаттамасы және ұғымы
2. Құқық жасаушылықтың негізгі қағидалары
3. Құқық жасаушылықтың негізгі сатылары
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қоғамдық қатынастарды реттеу негізінде әдет-ғұрып, дін, дәстүр сияқты көптеген әлеуметтік нормалар арқылы іс жүзіне асырылады. Сол әлеуметтік нормалардың сапында құқық нормалары ерекше пұрсатқа ие. Құқықтық реттеу басқа әлеуметтік реттеуге Қарағанда өте күрделі және қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтиды. Осыған байланысты мемлекет өзінің тарапынан функцияларын атқару, іс жүзіне асыру барысында қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылықпен тікелей айналысады, және аса маңызы бар үрдіс болып табылады. Себебі, дүниеге қандай заң, қаулылар, өкімдер, инструкциялар, шешімдер келеді және олардың сапалық мазмұнына байланысты қоғамдық қатынастар да тиімді реттеледі.
Құқықтық нормалар мемлекеттің арнайы органдарының қызметтерінің нәтижесінде қабылданады, өзгертіледі және жоққа шығарылады. Мемлекеттің және оның органдарының құқық нормаларын жасауға бағытталған әрекеттерін құқық жасаушылық деп айтады. Мемлекет және құқық теориясында құқық жасаушылықтың ұғымы құқықты қалыптастырумен, құқық нормаларын жасаумен және қабылдаумен тікелей байланысты.
1. Мухтар Кул-Мухаммед. Законотворчество: проблемы и поиски. Алматы, 2000.
2. Теория государства и права. М., 2004.
3. А.Н.Головистикова, Ю. А Дмитриев. Проблемы теории государ¬ства и права. М., 2005.
4. А.Нашиц. Правотворчество, (теория и законодательная техни¬ка) М., 1974.
5. С.С. Алексеев. Проблемы теории и права. Свердловск, 1973. Т. 2.
6. А.Қ. Котов. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. Алматы, 1997.
7. Ю.А.Тихомиров. Теория закона. М, 1982.
8. С.А.Табанов. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы, 2003.
9. Язык закона. М,, 1990.
10. Ю.А.С.Пиголкин. Законотворчество в Росссийской Федерации. М., 2000.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Құқық жасаушылық

Жоспары:

1. Құқық жасаушылықтың жалпы сипаттамасы және ұғымы
2. Құқық жасаушылықтың негізгі қағидалары
3. Құқық жасаушылықтың негізгі сатылары
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Құқық жасаушылықтың жалпы сипаттамасы және ұғымы

Қоғамдық қатынастарды реттеу негізінде әдет-ғұрып, дін, дәстүр сияқты
көптеген әлеуметтік нормалар арқылы іс жүзіне асырылады. Сол әлеуметтік
нормалардың сапында құқық нормалары ерекше пұрсатқа ие. Құқықтық реттеу
басқа әлеуметтік реттеуге Қарағанда өте күрделі және қоғамдық қатынастардың
барлық салаларын қамтиды. Осыған байланысты мемлекет өзінің тарапынан
функцияларын атқару, іс жүзіне асыру барысында қоғамдық қатынастарды реттеу
мақсатында құқық жасаушылықпен тікелей айналысады, және аса маңызы бар
үрдіс болып табылады. Себебі, дүниеге қандай заң, қаулылар, өкімдер,
инструкциялар, шешімдер келеді және олардың сапалық мазмұнына байланысты
қоғамдық қатынастар да тиімді реттеледі.
Құқықтық нормалар мемлекеттің арнайы органдарының қызметтерінің
нәтижесінде қабылданады, өзгертіледі және жоққа шығарылады. Мемлекеттің
және оның органдарының құқық нормаларын жасауға бағытталған әрекеттерін
құқық жасаушылық деп айтады. Мемлекет және құқық теориясында құқық
жасаушылықтың ұғымы құқықты қалыптастырумен, құқық нормаларын жасаумен және
қабылдаумен тікелей байланысты. Міне, сондықтан тек ғана құқық
жасаушылықтың негізінде ғана күрделі процестен өтіп, заңдар, жарлықтар,
қаулылар және басқа да нормативтік кесімдер пайда болады.
Құқық нормалары адамдармен жасалынады, қабылданады және бекітіледі,
олардын саналы қызметтерінің тікелей жемісі. Тарихтың қойнауына жүгінетін
болсақ құқық жасаушылықтың пайда болуы мемлекеттің шығуымен тікелей
байланысты. Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып
нормаларымен реттеліп отырған болса, мемлекет пайда болғаннан кейін
шиеленісті қоғамды реттеуге әдет-ғұрып номаларының күші жетпейді,
дәрменсіздік танытады. Осы кезеңде қалыптасып, пайда болған мемлекет
қоғамдық қатынастардың реттелуі тиімді болуы үшін барлық халыққа міндетті
құқық нормаларын қабылдайды, олардың бұлжытпай орындалуын талап етеді.
Осылай эволюциялық, революциялық даму барысында құқық жасаушылық мемлекет
және құқық теориясының үлкен және күрделі саласына айналды. Қазіргі кезеңде
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде құқық жасаушылықпен
белсенді түрде шұғылдануда және оның негізгі формасы Конституция
өкілеттілік берген арнайы мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық
кесімдерді шығару болып табылады.
Құқық жасаушылық дегеніміз мемлекеттің қоғам мүддесіне сай, қоғамдық
қатынастардың қажеттілігіне байланысты халықтың еркін, идеяларын,
талаптарын заңға және басқа нормативтік- құқықтық кесімерге айналдыруда
жасалатын арнайы қызметі.

2. Құқық жасаушылықтың негізгі қағидалары
Құқық жасаушылық стихиялық немесе лезде пайда болатын құбылыс емес. Ол
өте қүрделі, саналылықпен асқан көрегенділікті және табандылықты қажет
ететін мемлекеттің арнайы қызметі. Сондықтан да құқық жасаушылықтың өзіне
тән қағидалары бар.
Құқық жасаушылықтың қағидалары деп мемлекеттік органдардың нормативтік-
құқықтық кесімдерді шығаруда тұрақты мағынада пайдаланылатын негізгі
идеялардыц жиынтығын айтамыз.
Құқық жасаушылықтың негізгі қағидалары заң әдебиетінде бір мағынада
берілген және өзгеріске көп ұшырамаған. Қағидалар құқық жасаушылық
барысында қатаң сақталып, іс жүзіне асатын болса, қабылданған нормативтік
құқықтық кесімдердің тиімді болатыны даусыз. Құқық жасаушылықтың негізгі
қағидалары мынандай түрге бөлінеді:
1. Демократияшылдық. Бұл қағида құқық жасаушылықпен шұғылданатын
мемлекеттіқ органдардың нормативтік-құқықтық кесімдерді дайындау, қарау
және бекіту барысында іс жүзіне асырылатын ең негізгі қағидалардың бірі.
Бір сөзбен айтқанда нормативтіқ-құқықтық қесімдерді қабылдауда халық
тікелей қатысуы тиіс, баспасөз беттерінде қабылданатын заң, қаулы, өкім,
ережелер мен шешімдерге халық өз пікірлерін білдіреді, сын-пікірлерін
айтады. Соның нәтижесінде нормативтік-құқықтық кесімдердің жобалары
халықтың сараптауымен өтеді, ұсынған идеялары құқық жасаушылықпен
шұғылданатын мемлекеттік органдарға жолданады. Халықтың пікірін ескеріп
қабылдаған заң әрі тиімді, әрі ұзақ өмір сүреді, ал бұл жолдан тайып,
асығыста, белгілі бір лоббистік топтардың ұсыныстарын нормативтіқ-құқықтық
кесімдерге айналдыру шиеленісті зардаптарға әкеліп соқтырады.
2. Заңдылық. Құқық жасаушылық барысында құқық қабылдайтын мемлекеттік
органдардың бәрі міндетті түрде Қазақстан Республикасының Конституциясы
белгілеген, талап, құзырда және оған қарама-қайшы келетін әрекеттер жасау
арқылы нормативтік-құқықтық қесімдерді шығаруға жол берілмейді.
Конституцияның үстемдігі, заңдардың құқық жасаушылық барысында қатаң
сақталуы заңдылық қағидасын нақтылы тәжірибеде қамтамасыз етеді. Заңдылық
көп пікірлікті қамтамасыз етудің іргетасы. Заңдылық қағидасынан ауытқып
кетіп, мақсатқа сай келетін құқықтық нормативтік кесімдерді қабылдау
бассыздыққа кеңінен жол ашады, лауазымды тұлғалардын бақылаусыздығына
жағдайлар туғызады. Не заңды болса, сол мақсатқа сай болуы қажет.
Мысалы, 2005 жылы наурыздың 9-ында Семей қаласының әкімі Семей
қаласында жасөспірімдердің бос уақытты өткізетін орындарға барулары туралы
деп аталатын № 133-қаулы қабылданған. Онда жасөспірімдердің түнгі 22
сағаттан кейін ата-аналарының ертіп жүруінсіз атракцион парктеріне, түнгі
жерлерге, ресторандарға, казиноға және бильярд клубтарына кіруге тыйым
салды. Әкімнің бүл қаулысы Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары
(2002 ж. 8 тамыз, № 345) заңына қайшы болып табылады. Заңда әрбір
жасөспірім өзінің жас мөлшеріне байланысты дем алуға, бос уақыттарын қалай
өткізуіне құқықтары бар екені айтылған.
Сонымен қатар бұл қаулы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңына
да қайшы келеді. Бұл заңның нормаларында жасөспірімдердің бос уақыт
өткізетін жерлерде болмауы мүлдем көрсетілмеген. Осыған байланысты Семей
қалалық әкімшілігінің қаулысымен жоққа шығарылған Заңдылық қағидасы
салтанат құрды.
3. Ғылыми жағынан дәлелділігі. Бұл қағиданың талаптары бойынша
қабылданатын нормативтік-құқықтық кесімдердің мазмұны заң ғылымдарының
жетістіктеріне, жаңа идеяларына сүйенулері тиіс. Сонда ғана кесімдердің
мәндік мағынасы реттеу мүмкіндігі және тиімділігі арта түседі, құқық
бұзушылыққа барудын амалдарын, тетіктерін жоққа шығарады. Заң жобалары
ғылыми жағынан дәлелді болу үшін оларды сараптамалардан өткізу қажет.
Тәжірибеде білгір заңгер сарапшылар арқылы жобаларды бағалау, олардың
пікірлерін ескеру-құқық жасаушылықтың беделін арттырады, тиімді, халыққа
қажетті құқық нормаларын шығаруға тікелей ықпал етеді.
4. Парламент пен атқарушы органдар арасындағы үйлесімділік. Заң шығару
барысында атқарушы мемлекеттік органдар қабылданатын заң бойынша өзінің
ұсыныстарын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың формалары
Рим құқығының тарихы
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Әлеуметтік педагогика жайында
Құқық негіздері, нормасы және жүйесі
Девиантологияның ғылымның басқа салаларымен пәнаралық байланысы
Құқықтық жүйесі құрылымының қағидалары
Құқықбұзушылықтың түсінігі және белгілері, оның әлеуметтік және құқықтық негізі
Заңға бағынышты нормативтік актілер
Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері
Пәндер