М. Жұмабаевтың лирикалық өлеңдеріндегі психологиялық қырлары



Мағжан Жұмабаевтың шығармалары жан- жақты сан қырынан қамтылып , философия, тарих, этика,психология және тәрбие мәселелерінің түйінді ой- пікірлеріне негізделген. Абай тәжірибесін бойына сіңірген.Мағжан шығармалары өзі қатары ақын жазушылар С.Торайғыров, С.Сейфулин, І. Жансугіров, Б.Майлин және С.Мұқанов шығармаларына мүлде ұқсамайтын тың жол салған. Ақын шығармаларының ой- қиял ұшқырлығы, сөз кестесінің әрқилы, сан түрлі болып келуі өзгелерге ұқсамайтын негізгі ерекшелігі шығармаларының бір қырында яғни таразы басының бір жағында мұңлы толғаныс, өкініш пен қайғы, қасірет жатса таразының екінші басында романтикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, арман, мақсат, үміт жатады. Ақын шығармаларын оқи отырып оның түйсіну, қабылдау қабылетінің айрықша мол , әрқилы екенін аңғарасың,сонан да эстетикалық ләззат табасың. Әсіресе Мағжан өлеңдерін оқи отырып, өзі көп айтатын тылсым күй кешесің, ойлармен талғамдардың терең тұңғиығына сүңгіп, не жылы, әлде жарық әлде көмескі сезімнен хабар беретін алуан бояудың сырларына қанығып ақынның құдіретті шеберлігін танисың.
Ақын жырларының көпшілігінде табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге астасып жатады. Әлем құбылысын санамен, көңілмен үндестіріп сұлу да , сырлы тіпті кейде адам ақыл ойына сыймайтын фантастикалық суреттерді көз алдыңа әкеледі. Мағжан поэзиасының тағы бір ерекшелігі ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғат жаратылысының бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат, ол адамсыз күн көре береді.Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайтындығын жүрегінен тулап шыққан өлең жырлармен жеткізді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1.2. М. Жұмабаевтың лирикалық өлеңдеріндегі психологиялық қырлары.

Мағжан Жұмабаевтың шығармалары жан- жақты сан қырынан
қамтылып , философия, тарих, этика,психология және тәрбие мәселелерінің
түйінді ой- пікірлеріне негізделген. Абай тәжірибесін бойына
сіңірген.Мағжан шығармалары өзі қатары ақын жазушылар С.Торайғыров,
С.Сейфулин, І. Жансугіров, Б.Майлин және С.Мұқанов шығармаларына мүлде
ұқсамайтын тың жол салған. Ақын шығармаларының ой- қиял ұшқырлығы, сөз
кестесінің әрқилы, сан түрлі болып келуі өзгелерге ұқсамайтын негізгі
ерекшелігі шығармаларының бір қырында яғни таразы басының бір жағында мұңлы
толғаныс, өкініш пен қайғы, қасірет жатса таразының екінші басында
романтикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, арман, мақсат, үміт жатады.
Ақын шығармаларын оқи отырып оның түйсіну, қабылдау қабылетінің айрықша мол
, әрқилы екенін аңғарасың,сонан да эстетикалық ләззат табасың. Әсіресе
Мағжан өлеңдерін оқи отырып, өзі көп айтатын тылсым күй кешесің, ойлармен
талғамдардың терең тұңғиығына сүңгіп, не жылы, әлде жарық әлде көмескі
сезімнен хабар беретін алуан бояудың сырларына қанығып ақынның құдіретті
шеберлігін танисың.
Ақын жырларының көпшілігінде табиғат пен адамның жан
дүниесі бірге өріліп, бірге астасып жатады. Әлем құбылысын санамен,
көңілмен үндестіріп сұлу да , сырлы тіпті кейде адам ақыл ойына сыймайтын
фантастикалық суреттерді көз алдыңа әкеледі. Мағжан поэзиасының тағы бір
ерекшелігі ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы
табиғат жаратылысының бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз,
жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат, ол адамсыз күн көре береді.Бірақ сана
оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайтындығын жүрегінен тулап
шыққан өлең жырлармен жеткізді. Табиғатпен сырласудан туған толғанысты
жырлары жүрегіңді тербететін мұңлы пейзаж, ғажайып суретші қолынан шыққан
кареина секілді тізіліп,термелеп айтқан жер бедерін,баяндай көрсеткен
тұрмыс- салт көріністері маусым кестесі емес,қайта әр түрлі сезім түйсігі
арқылы қабылданған психологиялық астары , сырлары бар реалистік пейзаж
үлгілерімен қоса, фантастикалық суретіде араласып келеді. Мағжан табиғат
көріністері яғни жазғы, қысқы көріністерін өзінің жан дүниесімен яғни
күйзелісі мен қуаныштарын байланыстыра отырып жырлайды.Табиғат көрінісі
емес табиғаттың тылсым құбылыстарының бәріне де жан бітіріп, адамның өзімен
тілдескендей әсер қалдырады.
Яғни әрбір табиғат құбылыстары жаңбыр, жел, ашық күн , бұлтты күн тіпті
күндіз бен түннің өзі де адамның мінез-құлқына әсер етіп, түрлі
өзгерістерге ұшырағанынан едәуір көрініс береді. Мәселен, жауын-шашынды,
бұлтты күндері адам жабыраңқы көңілсіз болса, жайма шуақты ашық күндері
көңіл-күйі көтеріңкі, жан- жағындағылармен жақсы қарым-қатынаста
болатындығын және табиғат ананың төсінде әрбір жайқалған гүлде, сылдыраған
бұлақ суыда , тіпті майда ескен жел де адамға ерекше әсер етіп, әртүрлі
күйге бөлейтіндігін айта отырып, бұлардың барлығы да сол мезеттей адамның
ішкі жан дүниесінің әртүрлі күйде болуына байланысты әрқилы әсер
ететіндігін Мағжан өз өлең шумақтарында табиғат құбылыстарына қан жүгіртіп,
жан кіргізе отырып адам жан дүниесімен теңестіре өте шебер суреттеген.
Мысалға ақынның Жел атты өлеңінде Тәңір кем атпады ғой
таңың-деп, көңіреніп жатыр тұтқын үһілеп. Естіледі терезеден телміріп.
Тыста соғып жел үһілеп тұр гулеп-деп тұтқындағы кейіпкерге Сарыарқадағы ел
сағынышын жеткізген табиғат еркесінің зарығуы ,ызалануы, жылауы әдеттегі
бейнелі қимылды елестетсе , алғашқы жолдар психологиялық негіздеу тәсілі
арқылы адам уайымы мен заман қасіретін қатар жырлайды.
Мағжан өлеңдерінің көп сандығы махаббатқа байланысты
болыпкеледі. Адам сезімінің ерекше бір түрі махаббат. Махаббат- адам
бойындағы ең бір жұмбақ, , іңкәр сезім, адам жанының екінші біреуге
бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімдерінің интимдік аса нәзік
түрі.М.Жұмабаев махаббат сезімінің көп қырлы ғажайып көрінісін , адамды
баурау тылсым сырын сипаттайтын психологиялық терең бояуы бар шығармалар
жазған. Махаббат мазмұны өте кең. Оның Отанға , халыққа, ата-анаға,
білімге, бір кәсіпке, жынысқа байланысты түрлері бар екені көпке мәлім.
Мағжан жүрегіндегі халыққа деген махаббат оның өлеңдерінде
ерекше орын алады. Қоғам өмірі мен адам тағдырының тығыз байланысын сезіне
тұрып, жеке бастың қызығы мен қайратын өзі үшін тым үстем күш екенін
жасырмайтын ақын тіршілік жалғанның өткіншілігіне ерекшемән бере отырып, әр
мезеттің әртүрлі күй-толқынына көңіл бөліп өзгеше психологиялық
ақиқаттың нәзік астарына байыппен көз жүгіртеді. М.Жұмабаев жырларындағы
кең әлем , қоғам , мән- мағынасы мен халықтың кейбір кереғар шақтарын,
әлеуметтік қайшылықтар мен адам жанының кереғар бұлқыныс , қақтығысы жайлы
алмастай өткір , сыбызғыдай сырлы, теңіздей тұңғиық талғамдар көз жасындай
мөлдірлігі , жарық күндей шынайылығымен нанымды. Ол езу көрген ,
қорғансыздыққа ұшыраған , күйзелу үстіндегі халықты қанша аяса да, жаралы
жанның ыңыранған ауыр күйін суреттесе де , халықты беймаралдыққа
айналдырмады. Ол жырлаған халық тағдырына қол қусырған жерге ғана үңілген,
аяғының астынан орын көрмейтін, титығы жеткен мүсәпір халық емес. Мағжан
поэзиясында үнемі ой үстінде, қимыл үстінде көрінетін халық бар. Кең далада
шапқан ат , ат құлағында ойнаған, асаумен алысқан, сағыныштарын ән-күймен
түсіндіретін, жасыл даласын, жайқалған орманын, көл-дариясын суреттеген
халық бар. Яғни Мағжан өлеңдерінде ата-бабалары ақ найзаның ұшымен,ақ
білектің күшімен қорғап, тілін-дінін, мәдениетін , әдет-ғұрпын таза сақтап
өз ұрпағына еш мүлтіксіз таза қалпында мұра етіп қалдырған қазақ халқын
ерекше суреттеген. Ақынның халқына арналған әрбір өлеңінде, тарихы мен
өзіндік ерекшелігін яғни шығу тарихын , әлеуметтік құрылымының және
психологиялық ерекшелігін ,этностық шығу тегін, басқа халықтармен қарым-
қатынасын еш айна қатесіз суреттеген.
Ақын өмір сүрген кезеңдер өте күрделі еді. Сол себепті де ол
дүниенің мың құбылған тұрақсыз мінезіне көзі жете отырып,ауыр күйзеліске
толы күрделі сыр түйеді. Өмір атты өлеңінде жаралы жанына шоқ тиген ақын
шырқыраған зарына мұсылман баласы үшін күнә есепті шексіз өкпешіл , бар
қызықтан күдер үзе былай деп жеткізеді. Адамға берген Тәңірі өзі аз
өмір,бұйрығы: Жаса-дағы, жете көміл .Бірде мұз бірде жалын,бірде дауыл.
Құбылған өмір сынап,бейне көңіл .Не үшін жасау керек өлетін болған соң осы
әурешілік бәрі не керек деген қаралы сұраулар жалпылама адамның басына келе
бермейді. Не өте сезімтал, не ауыру, ажалдың алдында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан лирикасындағы өлең өрнектері
МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мағжан - сыршыл ақын
Мағжанның жаңашылдығы
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
М. Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
М. ЖҰМАБАЕВ ЛИРИКАЛАРЫНДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ КЕЙІПКЕРДІҢ ЖАН ЛҮНИЕСІ МЕН СЫРШЫЛДЫҒЫ
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
Мағжан өлеңдерінің өрнегі
Пәндер