Жер сілкінісі жайлы



Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын құбылыстар (селдер,қар көшкіндері, опырылып құлау нәтижесіндегі үйінділер,бөгеттердің бұзылуы, химиялық жарылыс,өрт қаупі, күшті кәсіпорындардағы апаттар т.б.) едәуір қауіп тудырады.
Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына алдын ала дайындалса, одан келетін әлеуметтік-экономикалық зиянды елеулі азайтуға болады.Осы мақсатқа жету үшін сейсмикалық қауіпті аймақтың әрбір тұрғыны жер сілкінісі туралы белгілі бір дәрежеде хабарлар болуы, қауіпсіздік іс-қимылын дәрежелерін білуі және ол пайда болғанда дұрыс іс-қимыл жасау қажет.
Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады.
Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.

Жер сілкінісі
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары
үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын құбылыстар (селдер,қар
көшкіндері, опырылып құлау нәтижесіндегі үйінділер,бөгеттердің бұзылуы,
химиялық жарылыс,өрт қаупі, күшті кәсіпорындардағы апаттар т.б.) едәуір
қауіп тудырады.
Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына алдын ала дайындалса, одан
келетін әлеуметтік-экономикалық зиянды елеулі азайтуға болады.Осы мақсатқа
жету үшін сейсмикалық қауіпті аймақтың әрбір тұрғыны жер сілкінісі туралы
белгілі бір дәрежеде хабарлар болуы, қауіпсіздік іс-қимылын дәрежелерін
білуі және ол пайда болғанда дұрыс іс-қимыл жасау қажет.
Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді
тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері
мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады.
Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда
болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық
ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер
сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы
жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа
шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде
болады.Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі
беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады.Көлемді
толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді
және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде
алғашқы серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше
секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі.
Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің
ошағы деп аталады.
Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың
негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең
жоғарғы тереңдігі 50км аспайды.
Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі
нүктесі.
Жер сілкінісі жиі жағдайда жердің жоғарғы қабатындағы жарық-
жарылыстармен қоса қабат жүреді.Сілкіну көлемінің шамасы (жер сілкінісінің
үдемелілігі) ғимараттардың бүліну деңгейімен жер бетінің өзгеру сипатымен
анықталады және балмен есептеледі.
Сейсмикалық толқынның жалпы қуатының шамасына жер сілкінісінің
магнитудасы (кейбір шартты белгілері) жатады.
Әр түрлі елдерде жер сілкінісі үнемділігін бағалау үшін қолданатын
сейсмикалық өлшемдердің көптеген мөлшері (50 шамалы) пайдаланылады.
Рихтер шкаласы бойынша (Калифорния технологиялық институтының
профессары Чарльз.Ф.Рихтер) бұрын соңды тіркелген жер сілкінісінің ең күшті
магнитудасы 8,9 балмен өлшенген.Салыстырарлық 1988 жылғы Армиян жер
сілкінісінің магнитудасы 7,0,
Қытайдағы (Ганьсу)1920 жылғы жер сілкінісінің күші 8,6 болған.
Жапон аралдары тобы жағдайында жер сілкінісінің үдемелілігін анықтау
үшін 7 балдық шкала жасалынған. 1964 жылы Медведев С.В (СССР) Шпонхойер
(ФРГ) және Крик В.(ЧССР) МШК-64 (оның авторларының бас әріптері алынған)
деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді жасап ұсынды.Достастық және
Европаның кейбір елдерінде оны осы кезге дейін пайдаланады.
Әр түрлі балдағы жер сілкіністерінің төмендегі белгілерінің
адамдардың мінез–құлқы
мен іс қимылына, сілкістердің мүмкін болатын әсеріне, құрылыстар мен
ғимараттардың жағдайына, жер қабатындағы табиғи құбылыстарға, жер
қабатындағы және жер бетіндегі судың жағдайының өзгеру белгілеріне назар
аударыңыздар.
1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. Тербелістің үдемелілігі адамдардың
сезіну денгейінен төмен болады, жер қабатындағы сілкіністі тек
сейсмографтар байқап тіркейді.
2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі.Тербелісті ғимараттың
ішіндегі тыныштықта, әсіресе жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдап
ғана сезеді.
3 балл. Әлсіз жер сілкінісі. Үй ішінде болған адамдардың 50%
шамасында, ашық жерлердегі адамдардың кейбіреулері ғана жер сілкінісін
сезеді.
4 балл. Елеулі жер сілкінісі. Ғимараттардың ішіндегі көп адамдар
сезеді, ал ашық жерлерде аз ғана адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандардың
кейбіреуі оянып кетеді, бірақ оларды қорқыныш сезімі билемейді. Теңселу
сезіледі,ол жүріп бара жатқан айыр жүк машинасы тудырған солқылдауға ұқсас
болады.Терезе, есік,ыдыстар сылдырлайды. Еден мен қабырғалар
шықырлайды.Мебельдер дірілдейді.Ілулі заттар жеңіл түрде тербеледі.Тұрған
автомашиналар да серпіліс сезіледі.
5 балл. Ұйқыдан оянып кету. Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі барлық
адамдар, ашық далада көптеген адамдар сезеді.Ұйықтап жатқандар тегіс
оянады.Кейбіреулері ғимараттан жүгіріп шығады, жануарлар тынышсыздана
бастайды.Ілулі тұрған заттар қатты шайқалады.Кейбір қатты бекітіліп ілінген
заттардың өзі құлап түседі,орнынан жылжиды, ыдыстардағы судың бір бөлігі
шайқалып төгіледі, кей жағдайларда су көздерінің көлемінде өзгерістер
болады.
6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді.Көп адамдар қорқып
көшеге жүгіріп шығады.Үй жануарлары да қора-қопсыдан шығып кетеді.Тербеліс
жүруге кедергі келтіреді.Ғимарат қозғалысқа ұшырап, босаңсиды.Полкалар,
сөрелердегі заттар құлайды.Ыдыстар құлап, сына бастайды. Ауыр заттардың өз
орнынан қозғалуы мүмкін.Әк, сылақтар түсе бастайды, сылақтарда ұсақ-жарық
сызаттар пайда болады.Құдықтардағы су деңгейі мен су көздерінің көлемінде
өзгерістер байқалады.
7 балл. Ғимараттардың зақымдануы.Көптеген адамдардың бойын үрей
қорқыныш билеп-үй жайлардан жүгіріп шығады, кейбір адамдар үшін аяқпен тұру
қиындайды.Көптеген темір бетонды, каркасты ғимараттарда жеңіл зақымдану
болады.Ірі блокты ғимарратар мен кірпіштен салынған үйлердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Цунамидын пайда болу себептері
Ғимараттардың қабырғаларының жер сілкінісінен зардаптануын есептеу
Ғимараттарды жер сілкінісінен қорғау тәсілдері
Авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу
Қауып қатер түрлері
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері туралы
Алматы қаласындағы ірі сейсмикалық қауіптер
Апаттардың табиғи сипаттамасы
Пәндер