Америка Құрама Штаттары



XVIII ғасырдың соңы-ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығында АҚШ-тың экономикалық даму деңгейі Батыс Еуропадан, әсіресе Англиядан әлі де артта қалып отырған болатын. Оның өнеркәсібі енді ғана аяғынан тұра бастады, бірақ та капиталдың шоғырлануы, ішкі нарықтың қалыптасуы және ағылшынның техникалық жетістіктері өнеркәсіптегі төңкеріске түрткі болды. ХVІІІ ғасырдың 90-жылдарында АҚШ-та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда болса, ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйе енгізіле бастады.
АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон (1789-1797) кезінде елдің қаржы жүйесі нығайтылып, ұлттық банк құрылды және бірыңғай ақша жүйесі енгізілді.
Жол-көлік торабын құрудың орасан зор маңызы болды. ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде-ақ құбырлар салына бастады. 30-жылдардың басында теміржолдар пайда болды, ал 1860 жылы 30626 мильге жеткен осы теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде АҚШ бірінші орынға шықты. 1869 жылы контиентаралық жолдар жұмыс жасай бастады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Америка Құрама Штаттары

Әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері.

XVIII ғасырдың соңы-ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығында АҚШ-
тың экономикалық даму деңгейі Батыс Еуропадан, әсіресе Англиядан әлі де
артта қалып отырған болатын. Оның өнеркәсібі енді ғана аяғынан тұра
бастады, бірақ та капиталдың шоғырлануы, ішкі нарықтың қалыптасуы және
ағылшынның техникалық жетістіктері өнеркәсіптегі төңкеріске түрткі болды.
ХVІІІ ғасырдың 90-жылдарында АҚШ-та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар
пайда болса, ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйе енгізіле
бастады.
АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон (1789-1797) кезінде
елдің қаржы жүйесі нығайтылып, ұлттық банк құрылды және бірыңғай ақша
жүйесі енгізілді.
Жол-көлік торабын құрудың орасан зор маңызы болды. ХІХ ғасырдың
бірінші ширегінде-ақ құбырлар салына бастады. 30-жылдардың басында
теміржолдар пайда болды, ал 1860 жылы 30626 мильге жеткен осы
теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде АҚШ бірінші орынға шықты.
1869 жылы контиентаралық жолдар жұмыс жасай бастады.
АҚШ жалпы бастыстық бағытта дамыды. Еркін жатқан аумақтар
бірінен соң бірі қонысталып, кейін олар тең құқықты штаттар ретінде одаққа
қабылданды. 1861 жылдың өзінде-ақ АҚШ аумағында 40 штат болды.
Жаңа жерлерді игеру АҚШ экономикасының аграрлық сипатына себепші
болды. Жер алу үмітімен Батысқа америкалықтармен қатар өзге елдерден қоныс
аударушылар да бет алды. Жер сату-мемлекет үшін кірістің өте маңызды қайнар
көзі болды. Жер сатып алып, онда фермерлік шаруашылықты жолға қою өте
қымбатқа түсетін еді. Тек жалданып істеуге немесе жерді жалға алып іс
бастауға мүмкіндік болды. Скваттерлік те, яғни жерді өз бетімен басып алу
да жалғасын тауып жатты. Ал 1841 жылдан бастап қоныстанушы басып алған жер
бөлігін өзіне меншіктенуі жөнінде құжат алуына мүмкіндік туды. Көптеген
фермерлік отбасылық түрде болды. Олардың өнімдері сатуға түсіп жатты.
Бидай, жүгері, шошқа еті елдің шығысы мен оңтүстігінде сатуға шығарылса,
батыстың ауыл шаруашылықтары аудандарында арзан фабрикалық заттар әкелінді.

40-жылдарда басталған соқа, шөпшалғы, баулайтын және басқа да
техникаларды шығару ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етті.
Отбасылық еңбектің басым болуы және оны механикаландыру еркін штаттардағы
америкалық ауыл шаруашылығы дамуының ерекше сипаты болды.
АҚШ-та өнеркәсіптегі жұмысшы табы қалыптасты. Имигранттар
ғана емес, сондай-ақ көптеген америкалықтар да еңбекақысын ақша түрінде
алуды бағалай бастады.
Америкалық қоғамға тән сипат алған жағдай жастардың фабрикаларда
жұмыс істеуге ұмтылысы болды. Фермерлік шаруашылықты отбасының үлкен
балалары мұра қылса, кішілері бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіп, ақша
таба бастады.
Сословиелік ұғым жоқ америкалық қоғамда еңбекақы табуға көптеген
жағдайлар болғандықтан, баю мүмкіншілігі мол еді: балалары ата-аналарынан
асып түсуге ұмтылды. Бұған иммиграция қолайлы жағдай туғызды:елге қоныс
аударып келіп жатқан жарлы-жақыбайлар ауыр жұмыстарға жалданып, жергілікті
АҚШ азаматтарының жоғары өрлеуінемүмкіндік жасады. Ірі америкалық
алпауыттардың бәрі осындай төменнен шыққандар еді. Мысалы, ХІХ ғасырдың
екінші жартысындағы теміржол және болат құю зауытының қожасы Эндрю Карнеги
өзінің мансабын қарапайым теміржол қызметшілігінен бастаған.
Оңтүстіктің құл иеленуші штаттарында плантаторқұл иеленушілер
үстемдік етті. ХVІІІ ғасырдың соңынан мақта өсіре бастаған олар, бар
өміріне жететін байлыққа, құдіретке және ықпалға ие болды. Мақта әуелде
жедел дамыған ағылшын тоқыма өнеркәсібінің шикізат көзі болса, кейіннен АҚШ-
тың өзіне де қажет бола бастады. 1793 жылы Эли Уитнидің қарапайым да өнімді
түрде мақта тазалайтын машина ойлап табуы АҚШ-та мақта өндірісінің тез
дамуын ынталандырды. Тез арада олар дүниежүзілік рыноктың басты
жабдықтаушысына айналды. Мақта америкалық экономиканың королі ретінде,
шетке шығарылатын басты тауар болды. Мақта өсіруде және жинауда көбінесе
қол еңбегі пайдаланылды, сондықтан құлдарды ұстау өте тиімді деп саналды.
Құл иеленуші америкалық плантатор шексіз билік иесі болды,
ақсүйек-помещиктің өмірін кешіп, өздерін джентелменсанаса да, екінші
жағынан олар капиталист кәсіпкерлер еді. Жерге және құлдарға деген жеке
меншік дербес еді, оған да капитал бөлінетін. Мақтаға деген мол сұраныс,
бос жатқан жерлердің көптігі, қолайлы табиғи жағдай аз шығынмен құлдарды
пайдалану мүмкіншілігі, АҚШ-тың Оңтүстігінің плантациялық шаруашылығын
өнімді және пайдалы кәсіпке айналдырды.
Мақта плантацияларымен қатар Оңтүстікте темекі, күріш және қант
плантациялары да болды. Өнеркәсіптің дамуына құлиеленушілік кедергі жасады.
АҚШ-тағы жағдайдың ерекшелігі – ондағы құлдық
жүйе бір жағынан қалыпты капиталистік дамуды тежеді, ал екінші жағынан,
фабрикаларды шикізатпен қамтамасыз етіп, кіріске жағдай жасады.
Техникаларды жетілдіру арқылы және жалдамалы жұмысшылардың көбеюі
есебінен дамитын өнеркәсіптік өндірістен айырмашылығы, плантациялық құлдық
экстенсивті сипатта болып, жаңа жерлерді көп қажет етті. Өйткені мақта мен
темекі жер құнарын тез тоздыратын. Бұрынғы шекарасынан асып жайыла түсу құл
иеленуші штаттардың өмір сүру заңдылығы болды. Бос жатқан жерлерді
қоныстану бар қоғамның мүддесіне айналғанымен, құлиеленушілер өздерінің
Оңтүстіктегі ерекше мүдделерін қатыгездікпен қорғады.
АҚШ аумағының өсуі. Тәуелсіздік үшін соғыс аяқтала салысымен-ақ
Құрама Штаттар жер кеңейту мәселесімен айналыса бастады. Алғашқы он үш
штатқа соңғы кезде үндістерден тартып алынған Кентукки(1792), Теннеси
(1796) және Огайо (1803) қосылды.
Джефферсон әкімшілігі де ірі аумақтарды иеленді. 1803 жылы олар 60
млн. Ливрге (15 млн доллар) Франциядан Луизиананы сатып алды. Осы пайдалы
келісім арқылы АҚШ өзінің аумағын екі есеге өсірді.
1810 жылы Миссисипи мен Перл өзендері арасындағы аймақта
америкалық қоныс аударушылар төңкеріс ұйымдастырып, Батон Руж маңайындағы
аймақты басып алды. Олар Флорияның батыс бөлігін Испаниядан тәуелсіз деп
жариялап, Құрама Штаттардың үкіметінен жаңа тәуелсіз аймақты Одаққа алуы
жөнінде өтініш жасайды. АҚШ президенті Джеймс Мэдисонның жарлығымен үкімет
әскері осы аймақты басып алып, 1812 жылы құрылған Луизиана штатына қосады.
1817-1819 жылдары Құрама Штаттар Шығыс Флориданы сатып алу
жөнінде Испаниямен келіссөз бастайды. Келісімге келе алмай, генерал Джексон
бастаған америкалық әскер АҚШ-тың оңтүстік шекарасынан өтіп, Флориданы
басып алады. АҚШ-тың Оңтүстік плантаторларын Флориданың құнарлы жері
қызықтыратын, сондықтан да бұл америкалықтардың басқыншылығының басты
себебі еді.
1821 жылы Мексика өзін -өзі билейтін дербес мемлекет болды. Осы
уақыттан бастап Мексиканың солтүстік аудандарында АҚШ-тан шыққандар
қоныстана бастайды. Оңтүстік штаттардың плантаторлары Техастың құнарлы
жерлеріне мүдделі еді. 1830 жылдың сәуірінде Мексика Конгресі америкалық
азаматтардың Техасқа қоныстануларына тыйым салады.
1835 жылы Техаста көтеріліс бұрқ ете түсті. Мексикалық әскерлер
қуылды. 1836 жылы Техас тәуелсіз республика болып жарияланды. Тоғыз жыл
өткеннен соң 1845 жылдың желтоқсанында Техас өз еркімен құл иеленуші штат
ретінде АҚШ құрамына кіреді.
Техастың АҚШ-қа қосылуы 1846-1848 жылдардағы Мексика –Америка
соғысын тудырды. Соғыс Мексиканың жеңілуімен аяқталды да, ол өзінің жарты
аумағын АҚШ-қа беруге мәжбүр болды. Бұл қазіргі АҚШ-тың Калифорния, Невада,
Аризона, Нью-Мексико және Юта штаттары.
1846 жылы АҚЩ пен Англия келісімшартқа қол қойып, Канададағы
ағылшын иеліктері мен АҚШ-тың солтүстік шекарасын бекітеді. Осындай негізде
Атлантикадан Тынық мұхитқа дейінгі осы күнгі аумақ қалыптасқан болатын.
Жарты ғаыср уаықтта ол үш есе үлкейді. Кейінірек, 1867 жылы америкалықтар
Ресейден Алясканы сатып алады, ал 1893 жылы Тынық мұхиттағы Гавай аралдарын
жаулап алды.
Екі партиялы жүйенің қалыптасуы. 1787 жылы қабылданған және
бүгінгі күнге дейін күшін жоймаған АҚШ конституциясы саяси партиялар құруды
ескеріп, төрт жылға сайланатын, президент арқылы қуатты орталықтандырылған
билікті бекітті.
АҚШ-тың құрылуының басында Джордж Вашингтон, Бенджамин Франклин,
Джеймс Мэдисон, Джон Адамс, Александр Гамильтон тұрды.АҚШ-тың тұңғыш
президенті болып 1789 жылы Джордж Вашингтон (1732-1799) сайланды.
Джордж Вашингтон билік басындағы федералистер партисына
жетекшілік етті.Дж. Вашингтон әкімшілігнің қаржы министрі Александр
Гамильтон (1757-1804) жеке өнеркәсіп пен сауданың дамуын жақтады. Ол тек
осы жол ғана елді өркениетке жеткізеді деп дәлелдеді.
Гамильтонның пікірінше, федералды үкімет өнеркәсіптің дамуын жан-жақты
қолдауға тиіс. Яғни, оған жеңілдік түрінде несие беру, бақталастарынан
кедендік салық көлемі арқылы қорғау. А.Гамильтон қаржы жүйесін тәртіпке
келтіріп, АҚШ Ұлттық банкін құру қажеттігіне федералды үкіметтің көзін
жеткізеді. Құрама Штаттардың бірінші Ұлттық банкі 1791 жылы құрылып, 1811
жылға дейін жұмыс жасады.
А.Гамильтон отандық өнеркәсіпті кеңейте түсу қажеттігін ұсынып,
АҚШ өнеркәсіптік өндіріске, банк ісіне және кеме жасау саласына сүйене
отырып, экономикалық даму саясатын жүргізуге тиіс деп есептеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыған мемлекеттер ұғымы. Америка құрама штаттары және оның әлемдiк экономикалық қатынастардағы ролi мен ықпалы
Мексика
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас
Испан-американ соғыстары
Монро доктринасы
Америка Құрама Штаттары гегемон
Машина жасау өндірісінің салалары
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
Американың Үнді - Тынық мұхиты стратегиясымен байланысы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Пәндер