Қазақстанның тәуелсіздік алуы және оның хылықаралық маңызы



І. Негізгі бөлім

А) Қайта құру кезеңіндегі (1985—1991).
Б) 1995 жылғы ҚР Конституция
В) 1995 ж. жаңа Конституция қабылданған соң.

ІІ. Қорытынды
Қазақстан Республикасының конституциялары. Қайта құру кезеңіндегі (1985—1991) Кеңес Одағында болып өткен айтарлықтай өзгерістер әлемге әйгілі ұлы мемлекеттің ақыр аяғында құлауы мен тарауына әкеліп соқты. 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан демократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолында тұрды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның әділеттік тұрғыдан тәуелсіз мемлекет деп аталуын оның жаңа сапалық жағдайға бет бұруы деп ұғынуға болмайды. Бұл орайда Қазақстан шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық мемлекет болу мүмкіндігіне ғана ие болды. Алда саяси және экономикалық өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды. Әсіресе дамудың мына жолдарын белгілеп алу керек болды: экономикада — нарықтық қатынастарды тұрақтандыру; саясатта — азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру. Бұл бағыттың прогресшілдігі қоғамның ең жоғарғы құндылығы есебінде алдымен адамды танып-білуге негізделгендігінде еді. Нәтижеде, тәуелсіздік алған Қазақстанның алдында жаңа мемлекет құрумен бірге адамдардың жаңа өмірге бейімделуіне жағдай туғызу сияқты аса күрделі жауапкершілік тұрды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Негізгі бөлім

А) Қайта құру кезеңіндегі (1985—1991).
Б) 1995 жылғы ҚР Конституция
В) 1995 ж. жаңа Конституция қабылданған соң.

ІІ. Қорытынды

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХЫЛЫҚАРАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.

Қазақстан Республикасының конституциялары. Қайта құру кезеңіндегі
(1985—1991) Кеңес Одағында болып өткен айтарлықтай өзгерістер әлемге әйгілі
ұлы мемлекеттің ақыр аяғында құлауы мен тарауына әкеліп соқты. 1991 жылдың
желтоқсанында Қазақстан демократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген
жаңа саяси құрылыстың жолында тұрды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның әділеттік тұрғыдан тәуелсіз
мемлекет деп аталуын оның жаңа сапалық жағдайға бет бұруы деп ұғынуға
болмайды. Бұл орайда Қазақстан шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық
мемлекет болу мүмкіндігіне ғана ие болды. Алда саяси және экономикалық
өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды. Әсіресе дамудың мына
жолдарын белгілеп алу керек болды: экономикада — нарықтық қатынастарды
тұрақтандыру; саясатта — азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру. Бұл
бағыттың прогресшілдігі қоғамның ең жоғарғы құндылығы есебінде алдымен
адамды танып-білуге негізделгендігінде еді. Нәтижеде, тәуелсіздік алған
Қазақстанның алдында жаңа мемлекет құрумен бірге адамдардың жаңа өмірге
бейімделуіне жағдай туғызу сияқты аса күрделі жауапкершілік тұрды.
Нарықтық экономика құрылымына негізделген демократиялық қоғам
құрылысының нұсқасы — Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының таңдап
алған жолы болды. Бұл мақсаттың үдесінен шығу үшін Қазақстанға жаңа
сипаттағы дамудың құқықтық негіздерін көрсетіп отыратын жаңа Конституция
қабылдау керек болды. Мемлекеттің Негізгі заңына әзірлік, біріншіден —
уақытқа, екіншіден — оның құрылымы мен мазмұнына тікелей байланысты.
Себебі, бұл жаңа Конституцияда Қазақстан сияқты ұлттық, әлеуметтік жағынан
бірегей мемлекеттің өзіндік өзгешелігі, басқа да құқықтық нормалар мен
қарым-қатынастар қатаң да әділ реттелуі тиіс. Содан болса керек, ескі саяси
жүйеден әлі толық арыла қоймаған 1992 жыл түгелімен осыған кетті. Қазақстан
Республикасы өз атын өзгерткенімен, өзінің саяси құрылымының ішкі мазмұнын
әлі толық жаңарта алған жоқ еді. Халықтың көпшілік бөлігінің сана-сезімінде
кеңестік дәуір дүниетанымының сарқыншағы басым еді. Әйткенмен, уақыттың
бұлжымас өз заңы бар, мұны ескермесе болмайды.
1992 жылдың 4 маусымында Мемлекеттік елтаңба мен Қазақстан
Республикасының мемлекеттік туы айшықтанды.
1992 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
бекітілді. Музыкасын жазғандар: Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф
Хамиди, мәтінін жазғандар: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай
Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева.
Мемлекеттік рәміздердің белгіленуі мен бекітілуі жаңа мемлекеттің сыртқы
сипатын анықтай түсті. Бұдан соң көп ұзамай, яғни 1993 жылдың 28 қаңтары
күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясының ХІІ шақырылуында Қазақстан
жаңа Конституцияға ие болды. Бірінші Конституция, экономикалық және саяси
реформа құрылымының негізін қалап, жеке меншік институтының заңдылығын
жариялады, қысқасы, ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздігі құрылысының құқықтық
негіздерін белгіледі. Әйткенмен, аталмыш конституцияда қазақстандық
қоғамның біркелкі еместігі жөніндегі талас тудыратын тұжырымдар көрініс
тапты.
“Еліміздің алғашқы Конституциясы 1993 ж. қаңтар айында күшінде енген
бойда-ақ, кемшіліктерін, әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістің шын
ахуалынан аулақ жатқандығын көрсетті.
Желпіністің желі тез ыдырады. 1993 жылғы Конституция Егемен Қазақстанды
құрудың күнбе-күнгі қарапайым да ауыр қызметіне құқықтық негіз бола
алмайтындығын аңғартты.”
(Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996. 177-б.)
1993 жылдың желтоқсан айында Жоғарғы Кеңестің ХІІ шақырылуы мерзімінен
бұрын өз өкілеттігін тоқтатты. Азаматтық талап негізімен Конституциялық сот
1994 жылдың 7 наурызында сайланған Жоғарғы Кеңесті бұдан былайғы жерде
заңсыз деп тапты. Осы оқиға жаңа Конституцияны өмірге әкелуге бірден-бір
себепші болды.
Алайда конституциялық бұл уақытша тоқырау, тұтас алғанда, саяси
тоқырауға жол ашқан жоқ, керісінше, 1995 ж. Қазақстанда ішкі және сыртқы
саясат едәуір айшықтана түсті.
Атап айтқанда:
— мемлекет ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
мақсатымен 1995 жылдың наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
құрылды;
— халықаралық аренада Қазақстан көптеген елдердің мойындауы мен көмегіне
ие болды.
Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының халқы ел президенті
Н.Назарбаевтың ұстанған саяси бағытын қолдап-қуаттап, 1995 жылдың 29
сәуірінде өткен республикалық референдумда мемлекет басшысының
өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту жөнінде өз дауыстарын берді.
“Тізімге іліккен 9.110.156 азаматтың 8.309.637-сі немесе 91,21 пайызы
дауыс берді. Дауыс беруге қатысқан адамдардан 7.932.834 адам немесе 95,46
пайызы президент өкілеттігін ұзартуды жақтады.” (Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар
тоғысында. А., 1996. 188-б.)
Бұл аралықта тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясының нұсқасы отандық
және шетелдік мамандар тарапынан талқыланып жатты. 1995 жылдың 30
тамызындағы республикалық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы
қабылданды. Оған азамат және адамның азаттығы мен құқығы — ең бірінші негіз
етіп алынды. Жаңа қабылданған Негізгі заңда атқарушы, заң шығарушы және сот
өкіметінің функциялары нақты атап көрсетіліп, олардың өзара қарым-қатынасы
белгіленді.
“Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.”
(1995 ж. Конституция. 1-бап.)
Жаңа Конституцияда заң ережелері республикадағы мемлекеттік құрылыс
талаптарымен үндестірілді.
1995 жылғы ҚР Конституциясында идеологиялық көптүрлілік бекітілген,
мақсаты мен қызметі конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған
қоғамдық ұйымдардың қызметіне және құрылуына тыйым салынған. Қалыптасып
келе жатқан ұлттық идеология тәуелсіз Қазақстанның идеялары мен
құндылықтарының жүйесін бейнелеуі керек болды.
Ұлттық идеологияның негізгі мақсаты көпұлтты Қазақстан тұрғындарын бір
мемлекеттің азаматтарының жиынтығы ретінде қайта жаңғырту болып табылады.
Өйткені, оларды біртұтас тарихи-мәдени дәстүрлер, бүгінгі күннің ортақ
құндылықтары ұмтылысы байланыстырады.
Мемлекеттік басқару органдары. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан
басқарудың президенттік формасындағы унитарлық мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік өкіметтің бірден-бір қайнар көзі — халықтың өзі. Мемлекеттік
өкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну
принципіне сәйкес ҚР Конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.
Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған
саяси өмір өзгерістері байқала түсті. Бұрынғы уақытта “өкімет — қоғам”
формуласы іс жүзіне асырылса, ендігіде керісінше “қоғам — өкімет” негізге
алынды. Мемлекеттік басқару органдары халыққа қалтқысыз қызмет ету арқылы
құқықтық мемлекет пен еркін нарықтық экономикаға негізделген алдыңғы
қатарлы азаматтық қоғам қалыптастыруы керек. Мазмұндық және құрылымдық
жағынан келгенде, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылы ішінде мемлекеттік
басқару органдары бірқатар өзгерістерді басынан кешірді. Құрылымдық
өзгерістер мына төмендегіше көрініс тапты:
— 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап республика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі геосаясат жағдайындағы Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы туризм саласы
Кеден органдардың құзіреті және кеден саласындағы қылмыспен күресу жағдайлар
Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
Сервис сферасының ерекшелігі
Есірткі заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті 24 жүзеге асыру барысында ұлттық және халықаралық–құқықтық нормалардың ара-қатынасы
Халықарылық маркетинг
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі
Пәндер