Мезолит және Неолит дәуірлері



Мезолит (б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар дәуірі)-орта тас ғасыр, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл кезең аз зерттелген. Бұл терминді 19 ғасырдың 70 жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М.Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9-5 мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б 10-7 мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл бұл дәуіріде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғарғы палеолит пен мезолитті қосып миолит деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техниасындағы ерекшеліктер арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды.
1. К.М.Бапақов «Қазақстан тарихы» оқулық 6 сынып. Алматы «Рауан» 1998 жыл
2. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы.
3. Х.К.Ермұханова Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. «Шың» Алматы 2006 жыл.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мезолит дәуірі

Мезолит (б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар дәуірі)-орта тас ғасыр, палеолит
пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл кезең аз
зерттелген. Бұл терминді 19 ғасырдың 70 жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы
О.М.Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9-5 мыңжылдықтарды,
Таяу Шығыста ол б.з.б 10-7 мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында
мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар.
Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің
жалғасы болып табылады, бірақ бұл бұл дәуіріде өнім өндірудің алғышарттары
қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз
байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына
эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін
қолданып келді. Кейбіреулері жоғарғы палеолит пен мезолитті қосып миолит
деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техниасындағы ерекшеліктер
арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды.
Тас құралдарын дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеция,
үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1-2 см геометриялық шақпақтас құралдары шыға
бастады. Палеолиттен мезолитке көшу ауа райындағы өзгерістерге, ең алдымен,
бірнеше мыңжылдықтарға созылған мұз дәуірінің аяқталуына байланысты б.з.б.
10-мыңжылдықтар шамасында қазіргіге жақын гидрографиялық торап, фауна мен
флора пайда болды. Адамзат тарихындағы ең алғашқы экономикалық дағдарыс
палеолит дәуірінің соңында болып өтті. Бұл кезде адамдар саны арта түсті.
Мамонттық фауна құрамына кіретін жануарлар түрлері жойылды. Бұрынғы аңды
қаумалап ұстау, қуалап аулау, т.б. аңшылық әдістер маңызын жойды. Осы кезде
мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы-садақ пен жебе пайда болды. Ол ұсақ
әрі жүйрік аңдарды, тіпті құстарды ды аулауға мүмкіндік берді. Оның ойлап
табылуы өндіргіш күштер дамуындағы шын мәніндегі төңкеріс болды. Енді
жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмай, өзі-ақ аң аулауға шыға алды.
Нәтижесінде қауымдар ыдырап, кезбе аңшылықтың ролі күшейді. Голоцен
кезеңінде жылынған күн терімшіліктің маңызын арттырып, неолит заманында
қалыптасқан егіншіліктің алғышарттарын жасауға ықпалын тигізді. Мұздық
ерігеннен кейін судың мол болуы балықтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай
туғызады. Бұл балық аулау тәсілдерін жетілдіруге ықпал жасады. Адамдар
иілген қармақтарды, ауды, гарпундарды пайдаланып, балық аулаумен айналысты.
Алғашқы қайық түрлері мен ескектер жасалынды. Ит қолға үйретілді. Ежелгі
адамның өмір салты өзгерді, аң аулап, қолайлы алаптарды іздестіріп жиі
қоныс аударып отырды. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит ескерткішінің
50 шақты орны табылған. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан жерінен
(Жаңашілік, Маятас, Бөген т.б.), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, т.б.), Есіл
маңынан (Мичурин, Боголюбова, Явленко т.б.), Атбасар төңірегінен (Тельман,
тб.), Сарыарқадан (Әкімбек, Қарағанды, т.б.), Торғайдан (Тұз, Дүзбай,
Евгеньевка, т.б.), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, т.б.),
Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек, Шідерті, т.б.), Маңғыстаудан (Шақпақата,
Қызылсу, т.б.) табылды.
Табиғат және адам. Мезолит ауа райының күрт жылынуымен, мұздардың
шұғыл еруімен ерекшеленеді. Ауа райындағы бұл өзгерістер 12-14 мың жыл
бұрын басталды. Өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі өзгерістер керісінше
болды. Шөбі мол далалар мен шалғындардың көлемі азайды. Көптеген жануарларп
құрп кетті немесе саны азайып, селдіреп қалды. Шөпқоректі ірі аңдар-
мамонттар мен мүйізтұмсықтар өліп бітті. Олардың құрып кетуіне адамдар да
аз үлес қосқан жоқ. Кішігірім аң-құстарды, бұғы, бөкен, жылқыны аулау
қиынға түсті. Бір жерде отырып бүкіл қауымды асырау қиын болғандықтан,
адамадар жайылым іздеген жануарлардың артынан көшіп отыруға мәжбүр болды.
Еңбек құралдарынң, аңшылық пен терімшіліктің дамуы. Аңшылық үшін
неғұрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола бастады. Қоянды немесе
үйректі ұстау үшін жылдам және алысқа ататын қару керек болды. Сөтіп,
жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келді. Бумеранг 100 метр қашықтыққа деін
ұшатын, ағаштан жасалған орақ тәріздес қару. Садақ аса жетілген, оңтайлы
қару болғандықтан соңғы кезге дейін сақталп, көпке дейін мылтықпен қатар
қолданылып келді. Садақтың алғашқы қарапайым түрі тек ағаштан істелсе,
кейін сүйек пен мүйіз қапталған бірнеше ағаш кесіндісінен жасалды. Жебелер
ағаш пен нар қамыстан кесіліп, сүектен және мүйізден жасаған ұштары болды.
Қазба жұмыстар кезінде садақтың доғал және домалақ ұштары да табылды. Олар
терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Сондай-ақ
уланған немесе өртегіш жебелер кеңінен пайдаланылды. Садақты тұрып та,
тізерлеп те, отырып та, жатып та атуға болады. Садақ оғы 80-100 метрге, ал
ауыр, күрделі садақ оғы 450 метр қашықтыққа жететін. Шебер садақшы минутына
20 оқ ата алды.
Тас өңдеу әдісі де жетілді. Пышық тәрізді тілгіштер басқа құралдардың
бәрін ығыстырып шығарды. Тас тілгіштерге ағаштан қолға ұстайтын сап
орнатуды үйренді.
Мезолит адамы балық аулаумен қатар, бұрынғысынша аңшы мен терімші
болып қала берді. Алғашында ол көшіп-қона жүріп баспананы күн түсетін,
құрғақ, жолы оңай жерлерге салды. Содане кейін жазда аңшылқпен айналысатын
уақытша тұрақтарды мекендеп, қыстың күні жылрақ жаққа өшіп кетіп отырды.
Кейінірек көшпелі өмір отырықшылыққа ауысты.
Мезолит дәуірінде адам көптеген жерлерді игерді. Осы кезеңде ол
Еуропа мен АзияныңҚиыр солтүстігіне, Сібірден Беринг бұғазы арқылы
Солтүстік Америкаға барып, бірте-бірте бүкіл Америка материгіне қоныстанды.
Осы кезде экономикада маңызды алға басушылық байқалды. Адам дәнді
дақылдарды өсіруге қадам жасап, жануарларды қолға үйрете бастады. Бұлар
адам қоғамындағы маңызды өзгерістердің басы еді.

Неолит дәуірі

Неолит (грекше neos-жаңа және lithos-тас), жаңа тас дәуірі-ең кейінгі
тас дәуіріне жататын кезең. Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы
бейнеде болды. Осы кезеңде бұрын болмаған экономикалық және қоғамдық өрлеу
басталды: адамдар жабайы жануарларды қолға үретіп, жер өңдеудің қарапайым
түрімен айналыса бастады. Шаруашылықтың осындай жаңа түрлерінің шығуы
адамзат қоғамының дамуында аса маңызды қызмет атқарды. Адамның кәсіби
қабілетін кеңейтті және мінез-құлқының сапасын жақсартты.
Сонымен қатар адамдар саз балшықтан жасалып, отта күйдірілген мықты
қыш ыдыс-керамика жасауды үйренді, бірақ бұл ыдыстар қолмен жасалғандықтан
өте қарапайым болды. Осындай қарапайым үй заттарының өзінен-ақ олардың
сұлулыққа талпынсын байқаймыз. Ыдысты күдірмей тұрып, жұмсақ кезінде,
арнайы дайындалған сүйек және ағаш таяқшалармен немесе қарабайырлау
қалыппен онша күрделі емес геометриялық өрнектер салынған.
Өте ежелгі егіншілер өздерінен бұрынғы аңшы бабаларына қарағанда,
айналадағы табиғатқа тіптен басқаша қарады. Бұрынғыдай тек жеуге жарамды
шөптер мен даяр жемістерді жинау орнына нағыз шаруашылық еңбек қалыптасып,
өнімді өздері өсіріп ала бастады. Адам еңбегі табиғатты мол өнім алуға
пайдаланып, өздерін тамақ қорымен жеткілікті мөлшерде қамтамассыз етті.
Ғылымда бұл құбылыс неолит төңкерісі деп аталды. Мұнымен адамзаттың
үздіксіз дамуының алғышарттары жасалды. Ғасырлар бойы жинақталған
тәжірибелер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, пайдаланылып, дамытылп отырды.
Адамзат қоғамының дамсу қарқыны артты.
Тас өңдеу әдістері жоғары дәрежеге жетті. Адамдар тасты кесуді,
жонуды, жылтырата тегістеуді меңгерді және пышақ, орақ жасауда кішкене тас
қалақтардан сына дайындай білді. Ағаш немесе сүйек пышақ саптың ұңғысындағы
қуысқа ұсақ та жарықшағынан сына тығылып, қарамай немесе балық желімімен
бекітілді.
Адам осы кезден бастап әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан жері
Мәдениет ғылымының қалыптасып, дамуы
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Миф - мәдениеттің бір түрі
Алыс замандар да өткен бабаларымыздың өмір тіршілігі
Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары
Мәдениеттану ұғымы
Архаикалық мәдениет
Пәндер