«Қазақ» термині туралы



Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уакытбойы «казақ» терминінің шығу-ын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылғ-ан көзқарастар ауқымы өте кең,мейлінше иланымды ғылыми болжамдар-дан қиыннан қиыстырылыпшығарылған этимологияларға дейін бар. Алай-да, казақ сөзінтүсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алган жоқ.,
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде қазак терминіне әйтеуір бір қатысы бар жарияланымдар пайда бол-ды. Бірен-сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кез-дерде айтылған кезқарастарғанегізделген.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
. ҚАЗАҚ ТЕРМИНІ ТУРАЛЫ
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уакытбойы казақ терминінің шығу-ын
түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылғ-ан
көзқарастар ауқымы өте кең,мейлінше иланымды ғылыми болжамдар-дан қиыннан
қиыстырылыпшығарылған этимологияларға дейін бар. Алай-да, казақ
сөзінтүсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алган
жоқ.,
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ
халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою
едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде
қазак терминіне әйтеуір бір қатысы бар жарияланымдар пайда бол-ды. Бірен-
сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кез-дерде
айтылған кезқарастарғанегізделген.
Қазак атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің
едәуір белігі тайпа атауына терминологиялықсәйкестікті іздестіру жолына
түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұләдістемеліктәсіл, зерттеушілік практи-
каның көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық дәрежесі
туралы неғұрлым айқын түжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ
сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағы-нан едәуір алыс
жерлердентапқаны аз кездеспейді. Бүл орайда олардың этни-калық
байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипатгағы жүйелі
сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді.
Тарихнамада кабыдданған ұқсастыру женінде мынадай негізгіболжамдар бар.
Н. М. Карамзин мен А. Вамберидің ізімен зертгеушілер көбінесеВизан-тия
императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдың орта шені) Кав-каздын,
солтүстік-батысында жатқан Казахия елі депайткан мәліметтерін келтіреді.
Айтылуының үндестігі негізінде авторлар Казахия терминінде казақ этнонимі
көрініс тапқан депсанайды. Сөйтіп осы негізде казакхалкы X ғасырдан бастап
белгілі болган деген тұжырым жасалады. Казахия деп окудың дұрыстығына
қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада (грекше) екінші
сөзде дзета (з) емес, кдйта сигма (с) берілген. Демек елдің атауы
Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдын ха-барын түсіндіре
келіп, В. Минорский Касахия деп касогтар айтылып отыр-

ғанын әбден айқын көрсеткен . Казахия және қазақ халқы атауын ұқсас-тыру
тарихшылардың қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің
жазбаша деректемелерінен алынган материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті.
Мәселен, араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) Китаб ат-танбих
ва-ль-ишраф деген шығармасывда Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары
мен тайпаларынын, атаулары арасында ка-Шак этникалық қауымы — әл-касакия74
атап өтіледі. Көрнекті неміс шығы-станушысы И. Маркварт бұл екі терминнің
бір ғана этнос-касогтардың ата-уын беретіндігін көрсетгі75. Кім жазғаны
белгісіз парсы тілді Худуд әл-алам деген географиялық еңбектің (X ғ.)
аландар өлкесі туралы хабарлары да кара-стырылып отырған тақырып аясына
жатады, онда Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы, әдебиетте
жазылып жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер
келтіріледі. Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады. Повесть
временных лет шығармасында Ку-бань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары
Святослав (965 ж.) пен Мстис-лавтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген
соғыстары туралы акдарат бар . Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы
- IX ғасырдың басында монах Епифанийдіңшығармасында ауызға алынады. Бұл
ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта
ғасырлардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар
бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болып табылады деген түжырым
шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі грузин ескерткіштерінде кашаг
түрінде белплі) Кіші Азияның хет-то-несит дәуіріндегі каскакашка
этнониміменкөптен бері жакындастырып жүр. Осыдан касогтардың қазақтарға
қосылысы туралы көзкдрас қанша-лықты ақталған және дәлелденген деген заңды
сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия?) атауымен байланысы
туралы пікір -мейлінше декларативтік сипаттағы пікір, олардың арасында
ешқандай та-рихи сәйкестік болмаса да, ол пікір сөздердің үндестігінен
туындайтын бол-жамға негізделген. Касогтар автохтондық кавказ тілдерінің
біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының ерекше кіші тобына кірген. Тілі,
шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене тұрпатының ерекшеліктері жағынан олар-
дың қазақтардан және олардың түркі тілдес ата-бабаларынан айырмашы-лығы
күшті. Касогтардың этникалық бөліну процестері және соларға бай-ланысты
Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағына көшуі бай-қалған жоқ.
Касогтардын, көршілері Балқанға барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария
атағын берген ертедегі түркі тілдес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны
сияқты рөл оларға берілмеді. Сондықтан касогтардың қазақтар-мен байланысы
туралы пікір ешқандай сын көтермейді. \ ^ Әдебиетте қазақ сөзін араб
тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-мыс деген (3. В. Тоганға сілтеме жасайтын
көзқарас та бар. Біз денқойып отырған термин Арран мен Дағыстанда
хазарларға қарсысоғыс жүргізген араб қолбас-шысы Марванға арналған Китаб
әл- футух тарихи шығармасында (IX ғасІрдың аяғы - X ғасырдың басы)
айтылады. Еңбектің түпнұсқасында бы-лай деп жазылған: 736 жылы Марван
Касак (қазақ емес. — Ред.) деп атала-тын жерде қыстап шықты, Кура өзенінен
өтіп, Шаки қаласына беттеді78. Контекстен әл- Куфидің туындысында казақ
термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы ауданында, Азербайжанның
батысында орналасқ-ан Касак деген жердің аталатыны көрінеді. Касак және
қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық проблемаларға байланысты
ғана емес, со-
нымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан тарихи, географиялық және шаруа-шылық-
мәдени өлшемдер кешені бойынша да салғастыруға болмайды.
Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете
кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың хасаг-терген деген сөз
тіркесінен шығарады. Қасиетті жылнамада (XIII ғ.) айтылатын бұл қоссөзді
ұғым арбаны білдірген79. Иранист А. А. Семенов қодцаған бұл көзқа-растың еш
дәлелі жоқ80. Оның иланымды болмайтын себебі - синхрондық тұрғьщан алғанда
да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да хасаг-терген термині
Қазақстанды мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде
керініс таппаған81.
I Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В.
Радлов қазғақым оғлым (менің асырап алған ұлдарым)82 деген тіркесті
оқыған, Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, соныменқатар қазғақ және
қазақ терминдері мәндерінің жакындығы негізіндеВ. П. Юдин бұл сөздерді
салыстыруға болады деген. Зертгеушініңпікірінше, қазғақым ұғымындағы ғ
дыбысының VII—VIII ғасырларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданы-луы әбден
мүмкін, ал кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы
ықтимал. Ол қазғақ түріндегі қазақ терминін кейіннен этника-лық
мағынаға ие болған саяси мәні жағынан алып қараған83 Бұл көзқарас түркі
тілдерінің тарихи фонетикасының заңдылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол
бұдан кейін мамандар тобынан қолдау таппады.
Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдарынегізіңде
Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнешесалыстырулар жасалды. Олар-дың
бірі үш қарлұқ тайпасының хасактар (хаски) деп оқылуы жөнінде И.
Маркварт84 айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақ-
тармен салыстырды. Бірқатар авторлар қазіргі кезде де осы кезқарасты үста-
нғанымен, оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқтайпасының
атауларын XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші АуфидіңДжавами өл-хи-каят
ва лавами ар-риваят антологиясының көрінеу бұрмаланған мәтіні бой-ынша
Маркварт ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы тура-лы қарастырылып
отырған мәліметтер IX—X ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша
ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен
алынған материаддарға В. Минорскийдің текстоло-гиялық және салыстырмалы-
тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық қүрамы жөніндегі контекстің
оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бүл ретте, хасактардың орнына
баскиль деген негізделген коньюнктура енгізілді85.
үАраб саяхатшысы Әбу Дулафтың шығармасында қазлақ түрінде қазақ
этнонимі айтылады деген пікірді көрінеу негізсіз деп санау керек. Әбу Дулаф
X ғасырдың орта шенінде Қазақстан аумағы арқылы батысынан шығысына қарай
Қытайға жол жүріп өткен. Түркі тайпаларына арналған Рисалада баяндалған
саяхат туралыестеліктерін орыс тіліне Н. Н. Пантусов аударды. Аударма
мәтінінде хазлақ86 деген этникалық атау айтылған, ол исламдық қазлақ
үшін прототипке айналып, сонан соң бейнебір қазақ түрін алған. Сонымен
бірге Н. Н. Пантусовтың харлұк деудің орнына хазлақ сөзін дұрыс
оқымағанын керсете кету қажет, қарл үқ атауының жазылуы орта ғасыр-лардағы
араб әдебиетінде солай берілген. Сол арқылықарлұқтар мен қазақ-тар арасына
тендік белгісі қойылған, бұл біліктілік емес^;
Фирдоусидің (935—1020) Шахнамасывда қазақ халқы және қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2003 жылы тіл мен әдебиет саласы бойынша бекітілген кейбір терминдердің қалыптасуы, бірізділігі, жүйелілігі
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
Ағылшын және қазақ тіліндегі терминдер
«Казақ» термині туралы мақала
ҚАЗАҚ ТЕРМИНІ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
ҚАЗАҚ ТЕРМИНІ ЖАЙЛЫ
Заң терминдері. Олардың лексика - грамматикалық табиғаты
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
«Қазақ» атауының төркіні туралы
“Қазақ” этнонимінің қалыптасуы жайындағы мәселелер
Пәндер