Құқықтық жүйесі құрылымының қағидалары



1. Құқықтық жүйенің ұғымы
2. Құқықтық жүйесі құрылымының қағидалары
3. Құқықтық жүйе заңнама жүйесі
4. Қолданылған әдебиеттер
Қоғамда құқық жасаушылық барысында қабылданып, қалыптасқан құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде бір-бірімен тығыз байланыста болады. Оларды жеке бөліп алып қарауға болмайды және қабылданған құқық нормалардан қалыптасқан нормативтік құқықтық келісімдер хаос пен ретсіздікке болмайды. Олардың барлығы жеме-жемге келгенде мемлекетте бір жүйелі құқықты кұрайды. Осыған орай әр мемлекеттің құқықтық жүйелері бірнеше жағдайларға байланысты қалыптасады. Атап айтқанда халықтың этникалық ерекшеліктері, мемлекеттің экономикасының өсу дәрежесі, қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайлар, әдет-ғұрып, дін және басқа да қоғамдық қатынастардан туындайтын факторлар тікелей әсерін тигізеді. Бірақ, қандай экономикалық саяси жағдайлар болмасын мемлекеттің құқықтық жүйесі бір бағытта дамып отыруы қажет, олардың арасында қарама-қайшылықтар болмауы тиіс.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
5. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
7. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Құқықтық жүйе

Жоспар:

1. Құқықтық жүйенің ұғымы
2. Құқықтық жүйесі құрылымының қағидалары
3. Құқықтық жүйе заңнама жүйесі

1. Құқықтық жүйенің ұғымы

Қоғамда құқық жасаушылық барысында қабылданып, қалыптасқан құқықтық
нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде бір-бірімен тығыз байланыста
болады. Оларды жеке бөліп алып қарауға болмайды және қабылданған құқық
нормалардан қалыптасқан нормативтік құқықтық келісімдер хаос пен
ретсіздікке болмайды. Олардың барлығы жеме-жемге келгенде мемлекетте бір
жүйелі құқықты кұрайды. Осыған орай әр мемлекеттің құқықтық жүйелері
бірнеше жағдайларға байланысты қалыптасады. Атап айтқанда халықтың
этникалық ерекшеліктері, мемлекеттің экономикасының өсу дәрежесі, қоғамдағы
саяси, әлеуметтік жағдайлар, әдет-ғұрып, дін және басқа да қоғамдық
қатынастардан туындайтын факторлар тікелей әсерін тигізеді. Бірақ, қандай
экономикалық саяси жағдайлар болмасын мемлекеттің құқықтық жүйесі бір
бағытта дамып отыруы қажет, олардың арасында қарама-қайшылықтар болмауы
тиіс. Міне, осыған байланысты құқық жасаушылықпен шұғылданатын мемлекет
органдардың негізгі міндеттері құқықтық жүйеге ғылыми тұрғыдан талдау
жасап, зерттеп отырып, олардың арасындағы кемшіліктер мен қарама-
қайшылыктарды тез арада жойып отыру болып табылады.
Құқықтық жүйе дегеніміз бір-бірімен тығыз байланыстағы құқық
нормаларының, институттарының және құқық салаларының қоғамдық қатынастарды
реттеу, қорғауға бағытталған ішкі құрылымы. Құқықтық жүйе белгілі бір
тәртіппен топтастырылған құқықтық нормалардың жиынтығы, оның қалыптасуы
қоғамның даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады.

2. Құқық жүйесі құрылымының қағидалары

Заң ғылымында қабылданған қағида бойынша құқықтың салаларға бөлінуінің
негізін құқықтық реттеудің пәні және құқықтық реттеудің әдістемелері
құрайды. Бұл негіздер барлық құқық салаларына тән.
Құқықтық реттеудің пәні дегеніміз құқық нормаларының біртекті қоғамдық
қатынастарды реттеуі. Құқықтық жүйе әр түрлі, әр топтағы құқықтық
нормалардың өзіне ғана тән құқықтық реттеу пәнін қалыптастырады. Яғни,
құқықтық нормалардың топтасуы, бірігуі, соның нәтижесінде бір құқықтық
саланы құрауы құқықтық реттеудін пәніне құрайды. Мысалы, әкімшілік құқық
саласы әкімшілік сияқты құқық нормаларының жиынтығы, біртекті қоғамдық
қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық біртекті мүліктік және мүліктік емес
қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын атқаратын. Экологиялық құқықтық
пәні эқологиялық құқық нормаларының табиғатты, қоршаған ортаны ластаудан
қорғауда біртекті қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды.
Құқықтық реттеудің тәсілі дегеніміз құқық нормаларының қоғамдық
қатынастарға әсер ететін тәсіл, амалдардың жиынтығы. Мұны қалай түсінеміз?
Мысалы, кейбір құқық нормалары қоғамдық қатынастарды реттеуде заңның
негізінде бір мемлекеттік органға билік жүргізуді жүктейді. Бұл тәсіл билік
жүргізу тәсілі деп аталады. (метод властвования). Негізінде бұл тәсіл
әкімшілік құқық саласында пайдаланылады, атқарушы — орындаушы органдар мен
сот, прокуратураны да қамтиды. Ал, азаматтық құқықтық реттеу әдістемесіне
диспозитивтік, яғни тең құқылық сипат тән. Азаматтық құқықтық қатынасқа
түскен субъектілерге заң шеңберінде тең құқылық және бір-біріне өз
еріктерімен қатынасқа түсуге құқы береді.
Құқықтық жүйе негізінде құқық нормаларынан, құқықтық институттардан
және құқықтық салалардан тұрады.
1) Құқықтық нормалар — құқық институттарын құрайды;
2) Құқықтық институттар дегеніміз арнайы айшықталған қоғамдық
қатынастарды реттейтін біртекті, біркелкі нормалардың жиынтығы. Мысалы,
азаматтық құқық саласындағы меншік құқық институты немесе мәміле,
міндеттемелік институттары. Қылмыстық құқықтағы жаза институты және т.б.
Басқа құқық салалары да осындай көптеген институттардан қалыптасады.
3) Құқық саласы дегеніміз біртекті құқықтық нормалардан қалыптасқан
және қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін нормалардың
жиынтығы. Құқық нормалары мен институттар негізінде құқық салаларын
қалыптастырады.

Құқық салалары материалдық және процессуалдық болып көрінеді.
Материалдық құқыққа конституциялық, әкімшілік, азаматтық, отбасы, еңбек,
қылмыстық сияқты құқық салалары жатады.
Процессуалдық құқық мемлекет бекіткен, қабылдаған материалдық құқық
нормаларын қолданудың, іс жүзіне асырудың арнайы тәртіптерін бекітеді. Оған
азаматтық іс жүргізу құқы, қылмыстық іс жүргізу құқы жатады.
Жеке құқық деген адамдар мен ұйымдардың мүдделерін қамтамасыз ету
мақсатында қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жүйесі. Оның
құрамына азаматтық, отбасы, еңбек тұрғын үй сияқты құқық салалары қіреді.
Жеке құқық негізінде тұлғалардың жеке корпоративтік мүдделерін
қанағаттандыру мақсатын көздейді, тең құқылық негізінде диспозитивтік
нормалармен реттеледі және құқықтық қатынастар жасалған шарттар негізінде
қалыптасады.
Жариялық құқық — жалпы мүдде мақсатында мемлекеттік билік пен
басқарудың қызметтерін іс жүзіне асырудағы тәртібін бекітетін нормалар
жүйесі. Бұл құқық саласына қонституциялық, әқімшілік, азаматтық және
қылмыстық іс жүргізу құқықтары жатады. Жариялық құқық қоғамдық, мемлекеттік
мүдделерді қанағаттандырады, жеке адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды
реттейді, императивтік нормалар басымдық танытады, жаза қолдану, айып салу
кең етек жайған.
Заң әдебиетінде сонымен қатар құқық салаларын негізгі және комплекстік
құқық деп бөліп қарауды ұсынып жүр. Бұл пікірді қолдайтын негізгі құқық
салаларына конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық азаматтық іс
жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқықтарын жатқызады. Ал, комплекстікке
экологиялык, теңіз, ғарыш, кәсіпкерлік, жер, қаржы сияқты құқық салаларын
кіргізеді. Комплекстік құқық саларында өздеріне тән құқықтық реттеу
тәсілдері болмайды. Сондықтан кейбір құқық салаларын қомплекстік деп қарау
қабылданған аксиомаға карсы келеді. Қазақстан Республикасында көптеген
құқық салалары қалыптасқан. Материалдық құқық салаларына мыналар жатады:
1) Конституциялық құқық - мемлекетте билікті ұйымдастыру, оның
құрылымын адам құқықтары мен бостандықтарын бекітететін және басқа ең
маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін ең негізгі, бастапқы мәртебеге ие
нормалардың жиынтығы. Конституциялық құқық барлық құқық салаларының қайнар
көзі және ядросы болып саналады.
2) Әкімшілік құқық атқарушы — орындау және басқару саласында қоғамдық
қатынастарды реттейтін әкімшілік құқықтық нормалардың жиынтығы. Әкімшіліқ
құқықтың нормалары әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін, субъектілердің
жауапкершіліктерін және министрліктердің, атқарушы органдардың құзыры мен
құрылымдарын анықтайды.
3) Азаматтық құқық — мүліктік және онымен байланысты мүліктік емес
қоғамдық қатынастарды реттейді. Оның конституциядан кейінгі қайнар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтың түсінігі
Конституциялық құқықтың пәні
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Саяси жүйе жайлы
Пәндер