Европалық одақтың институттары. Сыртқы экономикалық саясаты



Европалық қауымдастықтың негізі 1950 жылдары қалыптаса бастады.1951ж. 18 сәуірде Бельгия, ГФР, Франция, Италия, Люксембург және Нидерланды Европалық көмір және болат бірлестігі туралы келісімге қол қойды. Мессин конференциясында 6 мемлекет біртұтас Европа құру үшін жаңа интеграциялық идеяны ұсынды. 1957ж. Рим келісімдеріне қол қойылды. Бұл келісімдердің негізінде Атомдық энергия бойынша Европалық қауымдастық және Европалық экономикалық қауымдастық құрылды. Олар 1958ж. 1 қаңтарда күшіне енді. Европалық экономикалық қауымдастықтың негізгі мақсаты кедендік одақ құру болды, яғни еркін товар, капитал, адам және қызмет айналымын қамтамасыз ету. 1987ж. Біріңғай Европалық Акт қабылданды. Бұл Европалық интеграцияның жаңа кезеңінің басталғандығын көрсетті. 1992ж. Маастрихт кездесуінде «Европалық Одақ туралы келісім шартқа» қол қойылды. 1997ж. Амстердам келісімі бойынша ЕО-тың негізгі мақсаттары бекітілді, ортақ саясат пен қауіпсіздік саясатын жүзеге асырудың ортақ механизмдері қарастырылды. 2000ж. Ницца келісімі алдыңғы келісімдердің жалғасы болып табылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық
қатынастар
факультеті

Халықаралық
қатынастар және
ҚР сыртқы саясаты
кафедрасы

Баяндама
Тақырыбы: Европалық Одақтың институттары. Сыртқы экономикалық саясаты.

Тексерген: Акатаева А.А.

Орындаған: Уәли З.

5 курс

Алматы, 2006

ЕО-тың құрылуы
Европалық қауымдастықтың негізі 1950 жылдары қалыптаса
бастады.1951ж. 18 сәуірде Бельгия, ГФР, Франция, Италия, Люксембург және
Нидерланды Европалық көмір және болат бірлестігі туралы келісімге қол
қойды. Мессин конференциясында 6 мемлекет біртұтас Европа құру үшін жаңа
интеграциялық идеяны ұсынды. 1957ж. Рим келісімдеріне қол қойылды. Бұл
келісімдердің негізінде Атомдық энергия бойынша Европалық қауымдастық және
Европалық экономикалық қауымдастық құрылды. Олар 1958ж. 1 қаңтарда күшіне
енді. Европалық экономикалық қауымдастықтың негізгі мақсаты кедендік одақ
құру болды, яғни еркін товар, капитал, адам және қызмет айналымын
қамтамасыз ету. 1987ж. Біріңғай Европалық Акт қабылданды. Бұл Европалық
интеграцияның жаңа кезеңінің басталғандығын көрсетті. 1992ж. Маастрихт
кездесуінде Европалық Одақ туралы келісім шартқа қол қойылды. 1997ж.
Амстердам келісімі бойынша ЕО-тың негізгі мақсаттары бекітілді, ортақ
саясат пен қауіпсіздік саясатын жүзеге асырудың ортақ механизмдері
қарастырылды. 2000ж. Ницца келісімі алдыңғы келісімдердің жалғасы болып
табылады. Онда негізгі 3 мәселеге мән берілді: ішкі реформалар; Орталық
және Шығыс Европа мемлекеттерін қабылдау; ортақ сыртқы және қауіпсіздік
саясатын құру. Ал, 2004ж. ЕО мүше мемлекеттері Европалық Конституцияға қол
қойды.

ЕО-тың институттары
ЕО-тың институционалдық жүйесінің құрамы, әсіресе қызметтері мен
құзырының оның элементтері арасындағы бөлінуі, бір жағынан ерекше
халықаралық ұйым ретінде, ал екінші жағынан мемлекеттердің жаңа типі
ретіндегі ерекшелігін көрсетеді. ЕО органдарының құрылымы мен қызметін
түсіну қиын, себебі оның институционалдық жүйесінің маңызды ерекшелігі –
биліктің нақты бөлінбеуі. Кейбір басқару қызметтері бір емес, бірнеше
институттармен бірлесіп атқарылады, яғни бұл институттар қызметтерді өзара
бөлісіп, оларды бөлшектеп жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде институттарды
классификациялауды қиындатады.
Институттар термині Европалық Одақ құқығында негізгі мақсаттарды
жүзеге асыру міндеттері жүктелген басқарушы органдарын білдіреді.
ЕО институттары:
- Европалық парламент
- Кеңес
- Комиссия
- Сот
- Есептік палата
Аталған институттар сонымен қатар ЕКББ және Евроатомның
институттары ретінде қызмет етеді.
Европалық парламент – Одақтың өкіл етуші институты. Оның мүшелері
мүше мемлекеттерде жалпыға ортақ сайлау арқылы сайланады. Европарламент 5
жылдық мерзімге сайланады, мерзімінен бұрын тарату немесе өзін-өзі таратуға
болмайды.
Әрбір мүше мемлекетте сайланатын депутаттар саны сол мемлекеттің
халқының санына байланысты, бірақ қатаң пропорционалды емес. Мәселен,
Германиядан Европарламентке 99 адам сайланса, Люксембургтен 6 адам
сайланады. 2004ж. сайлаудан кейін Европарламентте депутаттар саны 732-ге
жетті. Европалық парламент ішінде депутаттар саяси топтарға немесе
фракцияларға бірігеді. Бұл ұлттық негізде емес, партиялық негізде
жүргізіледі.
Европарламент жұмысын 2,5 жылға сайланатын төраға, әкімшілік
мәселелермен айналысатын бюро (төрағадан, 14 төраға орынбасарларынан және
квесторлардан тұрады) және Төрағалар Конференциясы (Европарламент Төрағасы
мен депутаттық фракциялар төрағалары құрамына кіретін саяси басшылықтың
органы) басқарады. Сонымен қатар Европарламентте әр-түрлі мәселелер бойынша
тұрақты комиссиялар қызмет етеді. Европарламент уақытша комиссияларды
құруға құқылы. Алғашқыда Европарламенттің өкілеттілік аясы тар болды,
1980ж., әсіресе, 1990 жылдары ол айтарлықтай кеңейді.
Европарламенттің негізгі қызметі бұл заңнамалық үрдіске қатысу.
Европалық парламент Европалық Одақ Кеңесімен бірігіп, әдетте Комиссия
ұсынған нормативтік актлер мен басқа да шешімдерді қарастыруға қатысады. Әр
мәселеге байланысты Европарламенттің заңнамалық құзыреті әр түрлі. Бір
мәселеде ол кеңесші дауыс құқығымен қатысса, екіншісінде шешуші дауыс
құқығымен қатысады. Европарламент ЕО-тың бюджетін қабылдауға қатысады, оның
басқа органдарының және лауазымды тұлғаларының қызметін бақылайды.
Парламент сонымен қатар органдарды құруға, лауазымды тұлғаларды
тағайындауға құзырлы, яғни ол Комиссияға және оның төрағасына сенімсіздік
вотумын білдіреді, Омбудсменді тағайындайды, ЕО-тың халықаралық келісім
шарттарын санкциялайды, Одаққа жаңа мүшелердің кіруіне келісімін береді.
Европалық парламент сессиялық негізде жұмыс істейді. Ресми
резиденциясы – Страсбург. Отырыстардың жартысы Брюссельде өтеді, ал оның
бас хатшылығы Люксембургте орналасады. Ай сайын пленарлық отырысы бір апта
бойы Страсбугте өтіп отырады. Қысқаша отырыстары Европарламенттің
Брюссельдегі штаб-пәтерінде өтеді. Отырыстар ашық деп есептеледі, олардың
хаттамалары және шешімдерінің мәтіні барлық ресми тілдерде басып
шығарылады.
Европарламент мүшелері ұзақ уақыт бойы мүше мемлекеттердің
заңнамалық органдарымен таңдалып отырды. Тек, 1976ж. ғана тікелей сайлау
туралы келісімге қол жетті. Алғашқы сайлау 1979ж. өтті.
Европарламентте комитеттер маңызды роль атқарады. Бірнеше
комитеттер пленарлық отырыстардың дайындығын қамтамасыз етеді, мысалы
Заңнамалық мәселелер мен азаматтық құқық жөніндегі комитет, Бюджеттің
орындалуын бақылау жөніндегі комитет. Парламентке талқылауға берілген
мәселелер ең алдымен оған сәйкес комитеттерде қарастырылып, одан кейін
Парламентте талқыланады.
Европарламенттің ықпалы мен маңызы басқа да аспектлерде байқалады.
Парламент Европалық комиссияны тарату құқығына ие. Сонымен бірге, ЕО-қа
жаңа мүшелерді қабылдауда, ассоциативтік мүшелік туралы келісім және үшінші
мемлекеттермен сауда келісімдерін жасауда Парламенттің келісімі қажет.
Европалық Одақ Кеңесі - министрлер деңгейінде барлық мүше
мемлекеттердің үкіметтерінің өкілдерінен тұрады. Ол Жалпы және Арнайы
кеңестерге бөлінеді. Жалпы кеңестің мүшелері бұл сыртқы істер министрлері,
ал Арнайы кеңес мүшелері – салалық министрлер. Кеңеске ЕО-тың мүше
мемлекеттері алты ай мерзімге кезекпен төрағалық етеді. Кеңес құрылымында
мүше мемлекеттердің лауазымды тұлғаларынан тұратын бірнеше әр-түрлі
комитеттер қызмет етеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы бұл – Тұрақты
өкілдер комитеті. Ол ЕО-ғы мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктерінің
басшыларынан құралған. Кеңес төрағамен шақырылады және тұрақты негізде
жұмыс істейді. Кеңестің ресми орналасқан жері – Брюссель. Жылына үш ай
(сәуір, шілде, қазан) отырыстар Люксембургте өтеді.
Алғашқыда барлық маңызды мәселелер бойынша Кеңес бірауыздан шешім
қабылдау қажет болды. Бұл әрбір мүше мемлекетке заңнамалық және басқа да
актлер жобаларына вето салу мүмкіндігін берді. 1986 жылдан бастап бұл
принцип квалификацияланған көпшілік принципімен алмастырылды. Мемлекеттің
халқының саны неғұрлым көп болса, Кеңесте оның министрінің даусының саны
соғұрлым көп болады. Ең үлкен төрт мемлекет (Ұлыбритания, Германия, Италия,
Франция ) 2004 жылы 10 дауысқа ие болды. Ең аз дауыс санына ие –
Люксембург.
ЕО-тың институттар жүйесінде Кеңес ең алдымен заңнамалық билікті
іске асырады, Европарламентпен бірігіп немесе өз бетінше регламенттер,
директивалар және басқа да құқықтық актілерді қабылдайды. Кеңес ЕО атынан
халықаралық келісім шарттар жасасады, Ортақ сыртқы және қауіпсіздік саясаты
шеңберінде басқа да іс-шаралар қабылдайды.
Кеңестің Бас хатшылығы бар. Ол тұрақты түрде қызмет ететін
қызметкерлерден құралған және бас хатшы басқаратын бас дирекцияларға
бөлінген. Кеңеске дайындық жұмыстарын жүргізу үшін мүше мемлекеттердің
тұрақты өкілдерінің комитеті құрылған. Ол әдетте француз аббивиатурасына
сәйкес КОРЕПЕР (COREPER) деп аталады. Тұрақты мүшелерге Қауымдастықтың мүше
мемлекеттерінің елшілері жатады. КОРЕПЕР отырыстары екі деңгейде өтеді:
тұрақты өкілдердің орын басарлары деңгейінде және тұрақты өкілдер
деңгейінде. КОРЕПЕР Кеңес жұмысында маңызды қызмет атқарады. Кеңесте
қарастырылуға тиісті мәселелер алдымен КОРЕПЕРде қарастырылады. Егер
КОРЕПЕР қандай да бір меселеге байланысты келісімге келсе, ол Кеңестің күн
тәртібіне енгізіледі; одан кейін осы мәселеге байланысты құжат
дискуссиясыз қабылданады. Комиссиямен келіссөздер КОРЕПЕРде өтеді; егер
КОРЕПЕР Комиссия актісін қабылдау мүмкін емес деп тапса, компромисске
келуге тырысады. Нәтижесінде КОРЕПЕР іс жүзінде , бірақ заңдық нормаларға
сәйкес емес, Кеңестің шешім қабылдау механизімінің ажырамас бөлігі блып
табылады.
Европалық комиссия – құрылымы және қызметі жағынан мемлекеттердің
үкіметіне ұқсас болып келетін ЕО институты. Ол төрағадан, 2 орын басарынан
және 17 нақты салалық басқармаларға жауап беретін мүшеден тұрады.
Комиссияның барлық мұшелері 5 жылдық мерзімге мүше мемлекеттердің
үкіметтерінің келісімімен тағайындалады, бірақ қызметіне енгеннен кейін
тұтас тәуелсіз лауазымды тұлғалар ретінде жұмыс атқарады. Комиссия
қызметіне кіріспес бұрын Европарламенттің сенімділік вотумын алуы қажет.
2001ж. Ницца келісімінің түзетулеріне сәйкес Комиссияны Европарламенттің
келісімімен ЕО Кеңесі тағайындайды.
Комиссия тұрақты негізде жұмыс істейтін институт. Ресми түрде
Брюссельде орналасқан. Комиссия қызметін үш топқа бөлуге болады.
Комиссия Европалық қауымдастықтың двигателі рөлін ойнайды.
Европалық парламентке және ЕО Кеңесіне бекітуге жіберілетін заң жобаларының
көпшілігі Комиссиядан шығады.
ЕО-тың құқығын қорғаушысы ретінде Комиссия оның тәртіптерінің
мүше мемлекеттер тарапынан, сонымен қатар, жеке тұлғалар тарапынан
сақталуын бақылайды. Егер тәртіп бұзушы мемлекет болса, Комиссия алдымен
анықтау жұмыстарын жүргізеді, одан кейін оны Сотқа бере алады. Сонымен
қатар, Комиссия ЕО тәртіптерін бұзған кәсіпорындарға штраф сала алады.
Атқарушы орган ретінде Комиссия қоғамдық өмірді басқарумен
байланысты іс-шараларды жүргізеді: инспекциялар мен тексерулер жүргізеді,
мүше мемлекеттердің және кәсіпорындардың белгілі бір әрекеттерін
санкциялайды, халықаралық келісім жасасу туралы келіссөздер жүргізеді,
бюджетті атқарады, т.б.
Комиссия мүшелері өз мемлекеттерінің өкілдері болып табылмайды және
олар тәуелсіз болуы қажет. Өз міндеттерін орындау барысында олар қандай да
болмасын үкіметтен немесе басқа органнан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропалық Одақтың кеңею проблемаларын және оған қатысты Францияның ұстанымындарын және жүргізіп отырған саясаты
Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында
Туркия республикасының құрылуы
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
1980 ж. Соңындаңы КСРО дамуындағы жаңа реформалар
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Еуропалық валюта жүйесі
Нарықтық экономика жағдайындағы халықаралық қаржы - несие институттары
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Валюталық нарықтың мәні
Пәндер