Еңбек келісімі



Еңбек келісімі – мекеме, ұйым, кәсіпорын, фирма басшысы мен жұмысқа қабылданушының арасындағы еңбек тәртібін,құқығы мен міндеттерін көрсететін іс қағазының түрі.
Еңбек келісімі мынадай құрылымдық бөліктерден тұрады:
1.құжат аты
2.мекеме орналасқан қала аты, келісім жасалған үн, ай, жыл
3.екі жақтың толық және шартты атауы
4.келісімнің сипаты мен шарттары
5.екі жақтың құқығы мен міндеттері
6.келісім шарттарын өзгерту
7.жұмысшы еңбекақысы және оның төлену тәртібі
8.келісім мерзімі және оның мезгілінен бұрын тоқтатылуы
9.қорытынды
10.екі жақтың заңды мекен жайы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Еңбек келісімі

Еңбек келісімі – мекеме, ұйым, кәсіпорын, фирма басшысы мен жұмысқа
қабылданушының арасындағы еңбек тәртібін,құқығы мен міндеттерін көрсететін
іс қағазының түрі.
Еңбек келісімі мынадай құрылымдық бөліктерден тұрады:
1.құжат аты
2.мекеме орналасқан қала аты, келісім жасалған үн, ай, жыл
3.екі жақтың толық және шартты атауы
4.келісімнің сипаты мен шарттары
5.екі жақтың құқығы мен міндеттері
6.келісім шарттарын өзгерту
7.жұмысшы еңбекақысы және оның төлену тәртібі
8.келісім мерзімі және оның мезгілінен бұрын тоқтатылуы
9.қорытынды
10.екі жақтың заңды мекен жайы
Еңбек келісімі трафареттік іс қағаздарына жатады, мәтіннің көп бөлігі
типографиялық әдіспен дайындалады.Ал дайын бланкідегі ашық жерлерді жұмысқа
қабылданушы тлотырады.
Еңбек келісімі 2 дана етіп дайындалады.
Құжатқа басшының қолы қойылғаннан кейін 1 данасы қызметкерге
қайтарылып беріледі.

Еңбек келісімі

1999 жылғы______________________________ Алматы қаласы
(айы, күні)
Біз____________________,бір жағынан (тапсырысшы),
(кәсіпорынның атауы,кәсіпорынның басшысының аты-жөні)
Жұмыскер________________,екінші жағынан(орындаушы),
(аты-жөні)
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданып жүрген заңдарына сәйкес төменде
көрсетілген еңбек шартына қол қоямыз.
(Еңбек келісімінің мазмұны қысқаша баяндалады)
Атқарылатын жұмыс______________________________ __________
Орындалу мерзімі____________________________ ______________

Еңбек кітапшасы

Еңбек кітапшасы – қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін
растайтын іс қағазының түрі.
Еңбек кітапшасы қызметкердің я жұмысшының жалпы еңбек стажын
дәлелдейтін құжат болғандықтан, бірнеше еңбек кітапшасын иеленуге заң
рұқсат етпейді.
Алғаш рет еңбек жолын бастаған адамға бір апта көлемінде еңбек
кітапшасы толтырылады.
Еңбек кітапшасына түсірілетін жазбалар жеке куәліктің, білімі туралы
диплом немесе куәлік негізінде жазылады.
Еңбек кітапшасының бірінші бетіне (титульный лист) қызметкердің я
жұмысшының фамилиясы (тегі), аты, әкесінің аты қысқартылмай, толық (жеке
куәлік негізінде) жазылады. Еңбеккердің туған күні, айы, жылы да
көрсетіледі.
Білімі туралы мәліметке (орта, арнаулы орта және жоғары) және
ммандығы аттестат,диплом, куәлік, анықтама (білімі аяқталмаған жоғары
болса) бойынша толтырылады.
Еңбек кітапшасын беруші адамның (кадр бөлімі қызметкерінің) қолы мен
сол мекеме немесе ұйымының мөрі болуы тиіс.
Кітапшада қызметкердің жұмысқа қабылдануы, басқа жұмысқа ауысуы,
жұмыстан босатылуы т.б. жазбалар бұйрық негізінде дәл жазылуы қажет.
Еңбек кітапшасын толтыру кадр бөлімінің қызметкерлері мен басшылардан
үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Құжаттағы әр жазбамен құжат иесін таныстырып отыру керек.
Еңбек кітапшасы қызметкердің негізгі қызмет орнында сақталады, басқа
қосымша жұмыс істеген уақытта ол екінші бір жұмыс орнына берілмейді.

Жеке іс парағы

Жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану кезінде және әр түрлі ұйымдар,
мекемелер мен ведомостар талап еткен жағдайда арнаулы бланктерге
толтырылатын іс қағазының бір түрі.
Кадрлар есебі жөніндегі іс парағы мына төменгі бөліктерден тұрады:
1. құжат толтырушының толық аты-жөні
2. жынысы
3. туған күні, айы және жылы
4. туған жері
5. ұлты
6.білімі (оқу орнының атауы, оқыған жылдары, диплом бойынша мамандығы
т.б.)
7. қандай шет елдерін және ТМД халықтарының тілін білетіндігі туралы
мәлімет
8. ғылыми дәрежесі мен атағы
9. ғылыми еңбектері мен жаңалықтары
10. еңбек жолы туралы мәлімет
11.сайланбалы органдарға қатысуы
12. мемлекеттік наградаларды туралы мәлімет
13. әскери қызметке қатысы және әскери атағы
14. жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы (отбасы
мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі)
15. мекен жайы мен телефоны
16. толтырылған мезгілі
17. құжат толтырушының қолы
Кадрлар есебі жөніндегі жеке іс парағында берілген мәліметтер
өмірбаян, резюме (түйін) ,еңбек кітапшасындағы мәліметтермен сәйкес жазылуы
керек.

Кадрлар есебі жөніндегі жеке іс парағы

1. Аты-жөні: Ыдырысова Раушан Сәлімқызы
2.Туған жылы,
айы, күні: 1945 жылы 10 тамыз
3. Туған жері: Шымкент қаласы
4. Ұлты: Қазақ
5. Әлеуметтік жағдайы: Қызметкер
6. Білімі және мамандығы: Жоғары білімді,дәрігер.1964 жылы
Алматы мемлекеттік медицина институтын
бітірген.
7.Ғылыми дәрежесі және атағы: Медицина ғылымының докторы,профессор
8.Ғылыми еңбектері: Вирусты гепатиттер
9.Шетел тілдері: Ағылшын
10.Қандай шетелдерінде болдыңыз?
1986 ж. Ұлыбританияда іс сапарда;
2004 ж. Швейцарияда іс сапарда.

Жылы, айы Лауазым және мекеме Мекеменің мекен
жайы
09.1964 Алматы мемлекеттік медицина институтыныңАлматы қаласы,
06.1976 ассистенті, доценті Масанчи
көшесі,38-үй
08.1976 Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру Алматы
қазіргі институтында кафедра меңгерушісі қаласы,Бұқар
уақытқа жырау
дейін көшесі,69-үй

Мінездеме

Мінездеме – белгілі бір қызмет орнында жұмыс істейтін немесе оқитын
адамның іскерлігін, біліктігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын іс қағазының
түрі.
Қазіргі уақытта бұл құжат мемлекеттік емес мекемелерде сирек
қолданылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Визит карточкалары. Еңбек келісімі
Шарт
Келісімшарт, жазылу үлгісі
Келісім-шарт (еңбек келісімі)
Еңбек құқығы. Жеке еңбек шарты
Жеке құрам бойынша құжаттар
Жеке еңбек шартының мерзімі
Еңбектік құқық қатынастарының ерекшеліктері
Іс қағаздардың түрлері. Еңбекке қатысты құжаттар
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
Пәндер