Жер салығының экономикалық мәні



1. Жер салығының экономикалық мәні
1.1. Жер салығының экономикалық мәні
1.2. Жер салығын салу принциптері
1.3 Жер салығы бойынша жеңілдіктер

2. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі
2.1 Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерге салынатын салық
2.2 Су қорының жеріне салынатын салық

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөнінде заңдарын, Жер Кодексінде бейнеледі.
Қазақстанньң Жер Кодексінде жер республиканьң айрықша меншігі деп танылды.Жерді иелену және пайдалану үшін ақы төленуі керек. Бұл ақы жер салығы ретінде қарастырылады.
Жер салығының мақсаты-экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді -сақтау, құнарлылығын арттыру, территориялардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау.
1. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы. Алматы: Қазақ Университеті, 2003 ж.;
2. Караваева И.В. Налоговое регулирование рыночной экономики. Учебное пособие для вузов. Москва: Юнити-Дана, 2000 г.;
3. Налоги. Учебное пособие/ Под редакцией Д.Г. Черника. Москва: Финансы и Статистика, 2000 г.;
4. Юткина Т.Ф. Налоги и налогообложение. Москва: Инфра-М, 2000;
5. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. Общая часть: Учебник- Алматы: « Норма-К»- 2003 г.;
6. Байдуйсенов А.Д. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер// Финансы Казахстана, № 4, 2001г.
7. Назарбаев Н.Ә. Басты мұрат- халықтың әл-ауқатын арттыру// Орталық Қазақстан, 8 сәуір, 2003 ж;
8. Кусаинов К.К. Механизмы налогового администрирования// Финансы Казахстана, № 3, 2001 ж;
9. Тишин Е. Актуальные проблемы социального развития и пути их решения// Экономист, №4, 1997;
10. Уровень жизни населения в Казахстане. Статистический сборник/ Под редакцией А.А. Смаилова. Алматы: 2002 г.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Жер салығының экономикалық мәні
1.1. Жер салығының экономикалық мәні
1.2. Жер салығын салу принциптері
1.3 Жер салығы бойынша жеңілдіктер

2. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі
2.1 Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығы
мақсатына арналмаған жерге салынатын салық
2.2 Су қорының жеріне салынатын салық

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

1. Жер салығының экономикалық мәні
1.1. Жер салығының экономикалық мәні

Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан
Республикасының жер реформасы жөнінде заңдарын, Жер Кодексінде бейнеледі.
Қазақстанньң Жер Кодексінде жер республиканьң айрықша меншігі деп
танылды.Жерді иелену және пайдалану үшін ақы төленуі керек. Бұл ақы жер
салығы ретінде қарастырылады.
Жер салығының мақсаты-экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды
қамтамасыз ету және жерді -сақтау, құнарлылығын арттыру, территориялардың
әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке
түсетін табыстарды құрау.
Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті
тиімді пайдалануға ынталандыру. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне
қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына
кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп
артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмас еді. Меншік
салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған
нақты салықтарға жатады.

1. 2. Жер салығын салу принциптері

Жер салығыньң мөлшері жер учаскесінің құнарлығына, орналасу өніріне
және сумен қамтамасыз етілу мүмкіндігіне қарай анықталады. Ол жер иесі мен
жерді пайдаланушының , шаруашылық және өзге қызметінің нәтижесіне
байланысты болмайды. Жер салығы жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы
тіркелген төлем түрінде белгіленеді.
Басқа мемлекеттерге берілген жер учаскесін пайдаланғаны үшін салық
тәртібі мен шарттары - Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасаған
шарттарымен анықталады.
Жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады. Олар мынадай:
1) ауыл шаруашылығы мақсаты үшін пайдаланатын жерлер;
2) елді мекендердің жерлері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге мақсаттағы жерлер;
4) сауықтыру және қалпына келтіру мақсатындағы жерлер;
5) орман қорыньң жерлері;
6) су қорының жерлері.
Иелігінде немесе пайдалануында жер учаскесі бар заңды және жеке
тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерге салынатын салық. Ауыл
шаруашылығы мақсатына арналған жерге салынатын жер салығының базалык,
ставкалары азаматтардың жеке қосалқы шаруашылық жүргізуіне, бау-бақша және
саяжай құрылысына арнап берілген жерлерін қоспағанда 1 гектар есебімен
белгіленіп, топырағьның сапалылығына қарай белгіленеді.
Далалық және қуаң далалық аймақтардың, кәдімгі және оңтүстік қара
топырақты, күнгірт қызыл қоңыр және қызыл қоңыр топырақты жазықтағы
аумақтары жерлеріне, сондай-ақ тау бөктерлеріндегі күңгірт (сұрғылт қоңыр),
қызыл қоңыр (қоңыр), сұр топырақты және тау бөктерлеріндегі қара топырақты
аумақтарға бонитет балына бара-бар жер салығының төмендегідей базалық
ставкалары белгіленеді:
Бонитет балы
1-10
11-20
21-30
31-40
41-50
51-60
61-70
71-80
81-90
91-100 100-ден артық

Салық ставкасы,теңгемен
0,25-1,25
1,50-2,50
2,75-5,00
7,50-12,50
15,00-20,00
22,50-27,50
30,00-42,50
45,00-57.50
60,00-75,00
77,50-100,00
105,00
Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аймақтардағы
бозғылт қоңыр, қоңыр, сұрғылт-қоңыр, бозғылт
және кәдімгі сұр топырақты, сондай-ақ таулы-далалық, таулы шалғындық-
далалық жөне таулы альпілік жәпе субальпілік топырақты таулы аумақтардағы
жерлерге бонитет балына бара-бар жер салығын төменгідей базалық ставкалары
белгіленеді:
Бонитет балы
1-10
11-20
21-30
31-40
41-50
51-60
61-100 100-ден артық
Салық ставкасы,теңгемен
0,25-0,50
0,75-2,50
2,75-5,00
5,25-7,50
7,75-10,00
10,25-12„50
12,75-25.00
26,00

Белгіленген базалық ставкалар 1997 жылғы "Республикалық бюджет туралы
Заңында бекітілген тәртіп бойынша, 1997 жылдағы инфляция деңгейін ескере
отырып, 1,3 коэффцентіне көбейту арқылы анықталады.
Жергілікті өкілді органдар өз құзыры шегінде жер учаскесінің
орналасқан өңіріне,оньң сумен қамтамасыз етілуіне, шаруашылық жүргізудің
өндірістік және басқа жағдайларына байланысты жер салығының базалық
ставкасын азайтуға немесе көтеруте құқылы, бірақ 20%-тен артық көтермеуге
тиіс.
Елді мекендердің, өнеркәсіп, көлік, байланыс, табиғат қорғау,
сауықтыру, демалыс және тарихи-мәдени мақсаттарға, орман және су қорлары
жерінің құрамына кіретін ауыл шаруашылығы үшін пайдаланып жүрген
учаскелеріне осы көзделген тәртіп пен шарт бойынша салық салынады.

1.3 Жер салығы бойынша жеңілдіктер

Қорға деп сақталған жерлер және әдетте, табиғат қорғау мен тарихи-
мәдени, сауықтыру және қалпына келтіру мақсатындағы жерлер, орман және су
қорының жерлері, салық, салынады деп керсетілген жерден басқасы, салық
салуға жатпайды.
Елді мекендердің жалпы пайдаланудағы жер учаскелерінен салық
алынбайды.
Бұдан басқа жер салығын төлеуден босатылатындар:
1) балаларды сауықтыру мекемелері, қорықтар, үлттық,
дендрологиялық жөне зоологиялық парктер, ботаника бақтары, зираттар;
2) мемлекеттік бюджет есебінен каржыландырылатын мем-лекеттік
табиғат және тарих пен мәдениет ескерткіштерін коргау органдары;
3) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ
загиптар коғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есі мен дене
бітімінің кемістігі бар балалар мен жас еспірімдерді әлеумепік бейімдеу
және еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы, Ауғанстандағы соғыс
ардагерлерінің Қазақ Республикалық, ұйымы (кәсіпорындарынсыз);
4) мүгедектер жалпы қызметкерлер санының кемінде 50%-ін
құрайтын өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар - есепті кезеңде
алынған табыстьң кемінде 50%-ін мүгедектерді әлеуметтік қорғауға нақтылы
пайдаланған жағдайда;
5) Қазакстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері;
6) ауыл шаруашылық мақсаты үшін иеленуге немесе пайдалануға
бүлінген немесе өнімділігі аз жерлерді алған Қазақстан
Республикасының заңды және жеке түлғалары, пайдаланудың алғашқы он
жылында;
7) Ұлы Отан соғысына қатысқан, оларға теңестірілген адамдар, I, II
және III топтағы мүгедектер, сондай-ақ жастайынан мүтедек болған
жанның ата-анасының біреуін;
8) құрылғылар алып жатқан 0,25 гектар шегіндегі жерлерді
қоса алғанда, өзіндік қосалқы шаруашылық, саяжай салу, бау-бақша үшін жер
алған жеке тұлғалар босатылады.

2. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі

Жер салығын есептеу меп төлеу үшін негізгі құжаты болып табылатындар:
1) "Салық жөне бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы;
2) жерді иелену ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге салық салудың мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары
Жер салығының жергілікті бюджетке түсуінің маңызы
Төлем көзінен салық салынатын кірістерге жеке табыс салығы
Жер салығының теориялық аспкетілері
Жер салығы және жер қатынастарын реттеудегі рөлін ашу
Салық салынатын айналымды анықтау
Заңды тұлғаларға салынатын жер салығы
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕРГЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Корпоративтік табыс салығы
Жер салығының мәні мен маңызы
Пәндер