Балалар тәрбиесін ұйымдастыру



Әр бір цивилизациялы мемлекетте балалар қамқорлығы алдыңғы шепте.
Біздің елде осы уақытқа дейін мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі мен мектептер дені сау бала тәрбиелеу бағдарламасын іске асыруда маңызды орын алады. Қазіргі кезде елімізде көптеген мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі жұмыс істейді, оларда мектеп жасына дейінгі балалардың 50%-і тәрбиеленеді. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері ата-аналарға балаларды мектепке дайындауда көмек көрсетеді, анасына еңбекпен айналысып, қоғамдық, саяси және мәдениет өмірге айналысуға мүмкіндік береді.
Ұйымдасқан балалар ұжымында алдын ала сақтандыру жұмысының түрлері мен әдістерін жетілдіру мақсатымен емханаларда мектепке дейінгі және мектеп жасындағылар бөлімі ашылған, оны мектеп жасына дейінгі бөлім меңгерушісі басқарады.
Ол бөлімнің жұмысы келесі бөлімдерден тұрады: мектеп жасына дейінгі балалар мекемесіне түсетін балалардың зерттеу-тексерісін және олардың емдеу-сауықтыру шараларын ұйымдастыру; жоспарлы диспансеризацияны ұйымдастыру; балалар емі мен бақылауын қадағалау; тазалық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру; күн және тамақтану тәртібін ұйымдастыру; дене тәрбиесі мен шынықтырудың медико-педагогикалық бақылауын ұйымдастыру; тазалық-ағарту жұмысын жүргізу; жаздық сауықтыру шараларын өткізу; мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінің балалар денсаулығын қорғау жөніндегі жұмысын талдау.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Балалар тәрбиесін ұйымдастыру

Әр бір цивилизациялы мемлекетте балалар қамқорлығы алдыңғы шепте.
Біздің елде осы уақытқа дейін мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі мен
мектептер дені сау бала тәрбиелеу бағдарламасын іске асыруда маңызды орын
алады. Қазіргі кезде елімізде көптеген мектеп жасына дейінгі балалар
мекемесі жұмыс істейді, оларда мектеп жасына дейінгі балалардың 50%-і
тәрбиеленеді. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері ата-аналарға
балаларды мектепке дайындауда көмек көрсетеді, анасына еңбекпен айналысып,
қоғамдық, саяси және мәдениет өмірге айналысуға мүмкіндік береді.
Ұйымдасқан балалар ұжымында алдын ала сақтандыру жұмысының түрлері мен
әдістерін жетілдіру мақсатымен емханаларда мектепке дейінгі және мектеп
жасындағылар бөлімі ашылған, оны мектеп жасына дейінгі бөлім меңгерушісі
басқарады.
Ол бөлімнің жұмысы келесі бөлімдерден тұрады: мектеп жасына дейінгі балалар
мекемесіне түсетін балалардың зерттеу-тексерісін және олардың емдеу-
сауықтыру шараларын ұйымдастыру; жоспарлы диспансеризацияны ұйымдастыру;
балалар емі мен бақылауын қадағалау; тазалық-гигиеналық және эпидемияға
қарсы шараларды ұйымдастыру; күн және тамақтану тәртібін ұйымдастыру; дене
тәрбиесі мен шынықтырудың медико-педагогикалық бақылауын ұйымдастыру;
тазалық-ағарту жұмысын жүргізу; жаздық сауықтыру шараларын өткізу; мектеп
жасына дейінгі балалар мекемесінің балалар денсаулығын қорғау жөніндегі
жұмысын талдау.
1959-шы жылға дейін балалар бақшасы және балалар яслиі деген бөлімдер
болатын, кейін олар қайта құрылып, біріктірілді. Яслилердің мағынасы жоқ,
өйткені аналарға сәби 3 жасқа келгенше күтуге мүмкіндік берілді.
Ведомстволық балалар комбинаты деп аталатын тікелей білім беру жүйесіне
қарайтын мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері бар. Балалар мекемесінің
қай ведомствоға жататынына қарамастан, ондағы балалар Білім беру
министрлігінің бірыңғай бағдарламасымен ұйымдастырылады, ал медициналық
қызметті территориядағы емхана көрсетеді. Оларды дәрігерлік кадрлармен
емхана қамтамасыз етеді.
Барлық балалар мекемесінде бала дәрігері мен медбике штаты бар.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі (МДМ).
Соңғы жылдары МДМ-дағы дәрігерлер мен орта мед. қызметкерлердін, жұмыс
көлемі төмендетілген. Бір дәрігер орны: 180-200 балаға яслиде, 600 балаға
бала бақшасында, бір медбике не фельдшер: бала бақшасында 100 балаға (150-
дің орнына),
мектепте 700 оқушыға,
санаториялық балалар бақшасында 50 балаға,
қосалқы мектептерде 300 оқушыға белгіленеді.
Балалар яслиінде 40 балаға, ал санаториялы балалар яслиінде 30 балаға 1
медбике қызмет орны белгіленген.

Балалар дәрігерінің функционалды міндеттері, дәрігер қызметінің жоспары:
1. Жаңа түскен бар балаларды қарап, оларға медико-педагогикалық шаралар
жиынтығын тағайындау.
2. МДМ-дағы тазалық-гигиена жағдайын бақылау.
3. Балалардың дене тәрбиесі мен шынықтыруын ұйымдастыру.
4. Балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру.
5. Эпидемияға қарсы шаралар: жоспарлы алдын алуды жұргізу.
6. Диспансерлік бақылау.
7. Емдеу-сауықтандыру шараларын жүргізу.
8. Жиі ауыратын балалармен бейімделу кезеңінде жеке жұмыс жасау.
9. Балалардың ауру себептерін талдап және оны төмендету шараларын жүргізу.
10. Мамандықты жетілдіру жөніндегі жұмыс жасау.
Функционалды міндеттер тізімінен МДМ дәрігерінің негізгі жұмыс аурудың
алдын алу екенін көреміз. МДМ-дағы алдын алу жұмысының нәтижелігі көбіне
балалар емханасы мен балалар мекеме жұмыстарының жалғастырушылығымен
анықталады. Жалғастырушылықта 3 бөлімді айыруға болады:
1. Баланы МДМ-ға түсуге дайындау және бейімделу кезінде жетекке алу.
2. Қатты науқастан жазылған баланы МДМ-ға жіберу.
3. Балалар диспансеризациясы және созылмалы науқасты балаларды қадағалау.
Қазір аналарға бала үш жасқа толғанша жұмыс істемеуге болғандықтан,
көптеген балаларды МДМ-ға есейген соң апарады.
Балалар мекемесінде бейімделу оңай өту үшін, бала уақытанда балалар
мекемесіне апаруға дайындау керек, мүнда от басы ерекшелігін, тұрмысын,
ата-ана қызметінің сипатын ж.б. ескеру қажет. Қолайсыз жағдайда
түратындарды ертерек балалар мекемесіне өткізген дұрыс (4-9 айлығында),
дайындықты 3 ай бұрын бастау керек. Анаға үйдегі күн тәртібін балалар
мекемесінің күн тәртібіне жақындатып, сәбиді өз қатарындағы балалармен және
ересектермен араласуға үйретіп, тербетпей ұйықтатуға, емізіктен айырып, тек
шишадан тамақтануға үйрету керек.
Бөлімшелік дәрігер денсаулығында әртурлі ауытқулары бар балаларға ерекше
көңіл аударады. Бұл балалар мекемесіне толық сауыққан соң ғана жіберіледі
(ауыз, мұрын санациясы, аллергияға қарсы ем және т. б.). Алдын алу егулерін
ұйымдастыру үлкен қамқорлықты қажет етеді, өйткені егуден организмнің
реактивтілігі уақытша өзгереді. Егуді балалар мекемесіне түсуден 1 ай бұрын
жасайды. Егер небір себептермен ол жасалмаған болса, бейімделу кезеңі
аяқталған соң (1-1,5 айдан соң) жасайды.
Бөлімшелік педиатр мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі
қызметкерлерінің жұмыстарында жалғастырушылық болу маңызды. Бөлімшелік
педиатр берген көшірмеде (выписка) жүргізілген шаралар және бейімделу
кезінде баланы жетекке алу жөнінде кеңестер жазылады. Дайындық келесі
параметрлермен өтсе, бейімделу жеңіл өтеді:
1. Баланың дені сау, дене және жұйке-психика дамуы қалыпта.
2. Бала баратын МДМ-дағы топ күн тәртібіне сай дұрыс күн тәртібін
ұйымдастыру.
3. Балада тамақтану және киіну әдеттерін қалыптастыру.
4. Баланың ересектер мен балаларға жақсы қарым-қатынаста болуын тәрбиелеу.
5. Баланы зиянды әдеттерден арылту.
6. Горшок қолдануды үйрету.
7. Баланы өз бетімен ойнауға үйрету.
Бейімделуді оңайлату үшін, баспалдақты бейімделу дегенді енгізу қажет,
балада теріс эмоциялар болуына қарай, мектеп жасына дейінгі балалар
мекемесіне оны аз мезгілге әкелу: бірінші күні — 2-3 сағатқа (баланың
реакция ұзақтығына қарай), сосын мезгілді үзартып, орташа есеппен 5-7-ші
тәулікте баланы мектеп жасына дейінгі мекемеде толық күнге қалдырады.
Балалар емханасы мен балалар мекемесінің қызметкерлерінің жұмысының
жалғастырушылығы мен жиынтықтығы және ата-аналарымен жүйелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Оқушыларды коньки спортына тәрбиелеу жолдары
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Пәндер