Қола дәуірі туралы



Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап теруден оны өсіруге көшуі сан мындаған жылдарға созылды. Ғалымдар мәден дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII-V мыңжылдықтар деп шамалайды және оны ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б. з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдақ алқабына жетіп, сосын Орта Азияға тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з. дейінгі ІІІ мыңжылдық ая,ында келеді.
Егіншілік пен бірге малщаруашылығы да пайда болды. Ғалымдар әуелі пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? – деген сауал жөнінде ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені қазір айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал, құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы –нулы жерлерде малшаруашылығы егіншілікпен қанаттаса қанат жаяды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қола дәуірі

Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен
жидектерді жинап теруден оны өсіруге көшуі сан мындаған жылдарға созылды.
Ғалымдар мәден дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII-V
мыңжылдықтар деп шамалайды және оны ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы
аудандарында пайда болса керек. Б. з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі
Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдақ алқабына жетіп, сосын Орта Азияға
тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з.
дейінгі ІІІ мыңжылдық ая,ында келеді.
Егіншілік пен бірге малщаруашылығы да пайда болды. Ғалымдар әуелі
пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? – деген сауал жөнінде
ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені қазір
айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал,
құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы
–нулы жерлерде малшаруашылығы егіншілікпен қанаттаса қанат жаяды.
Б. з. дейінгі ІІ мыңжыдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия
даласында қоланы ойлап шығарды. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы
метал бұйымдардың беріктігін күшейтеді.
Қоладан ұңғылы балталар мен суңгілер жасауды уйренеді. Қазақстан жерін
мекендеген тайпалар қола ғасырыңда андроновтық археологиялық мәдениетке
жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер)
қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан – Оңтүстук
Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде
осылай аталып кеткен). Сол жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов
жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс
Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері – шығыста
Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі – орасан зор территорияға
тарағаннын анықтады. Кейінрек андронов ескерткіштері Қазақстанның
тускейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Орталық Қазақстанның тайпалары.

Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі
аймақтардың бірі Орталық Қазақстан болған. Бұл өнірден көптеген мекендер,
қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орынндары мен тастағы суреттер –
петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабыр табылып
зерттелген. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты – оның
монументалдығы, мазарларының күрделілігі,тас өндеумен байланысты құрылыс
техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі – жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым
болған. Мәйітті табытқа салып кою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Көлемі
шағын, үстіне топырағы үйілген қабырлар айналасына тақта тастардан дөңгелек
немесе тікбұрышты қоршаулар салынған. Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты
шұңқыр етіліп қазылған, жиек – жиегі тақта таспен (циста) көмкерілген
моланың өзі, не тас жәшік болады. Жерлеу біткесін мола үсті тақта таспен
жабылып тасталып отырған.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен меадрлар, басылымды қосар
сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнетелген құмыралар көз тартады.
Ыдыстардын тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөнгелек қола айналар, қола
моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларынның
сүйектері де табылған.
Келесі – Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да
игеру кеңінен жүргізіледі. Тау – кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны
көптеген тау кендерін өңдеу орындарынан байқау қиын емес. Бұл кезеңнін
Былқылдақ, Қарасай, Темір астау, Қарабие, Елшібек, Беласар сияқты қорымдары
тиянақты зерттеліп белгілі болған. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тоды
Атасу өзенінің бойында. Қорым қоршаулары ішінен шұңқырлар, жәшіктер, тақта
тас – цисталар кездеседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып
жерлеу жиірек ұшырасады.
Қоңыстардың өзіндік жоба – жоспары бар: тұрғын үйлер – ал олар 10-нан
80-ге дейін болады – алға – қотан орналасады, олардың ортасы – мал қорасы.
Атасудың әбден мұқият зерттелген қоңыстарының біреуінің көлемі 15 мың шаршы
метр екен, онда 35 жертөле мен шаруашылық пана жайлары бар еді. Қоңыстармен
көне қорымдарды қазған кезде қыруар қола құралдары, қару – жарақтары,
сәндік заттар шықты.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет – Беғазы –
Дәндібай мәдениетімең құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет,
ол, бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда жаңа
элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік ерекшеліктері бар жерлеу
салты, қыш ыдыс-аяқтарының жаңа түрлері пайда болады. Мәйіттерді бүктеле
жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қоюмен бірге,оларды
шақасынан жатқызып кою да кездеседі. Бұл мәдениеттің кезіне қарағандының
оңтүстік бетндегі Ақсу – аюлы –ІІ қабыры жатады. Мұндағы ең үлкен обаның
биіктігі 2 м., диаметрі – 30 м. Төбешік астында дөңгелектелініп рналасқан
үш қатар радиальды тас қоршау бар екен.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет
ескерткіштері ашылып зерттелген, олрдың ішінен Алксеев қонысы мен Тасты –
бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды.
Орманды дала зонасындағы топырағы төбешік болып үйілген, дөгелег және
тікбұрышты қоршаулары бар қорымдары бірден тануға болады. Батыс аудандарда
сақина секілді дөңгеленте салынған қоршаулар етек алған. Бұл ауданда небәрі
80-нен аса қоныс пен 90-ға арта қорым ашылды.
Ертедегі қола кезеңіне мәйітті өртеп көму рәсімі жатады. Петропавл
қаласы маңындағы Вишневка қонысында қазба жұмыстарын жүргізген кезде көемі
126 шаршы метр жер беті тұрғын үйі табылды, оның ағаш шатырын ағаш бағандар
тіреп тұрған. Со кездері ежелгі қалалардың алдын алушылар (прототиптер) деп
атауға келетің қоныстар пайда болды. Слардың бірі – Арқайым Челябинск және
Қостанай облыстарының шекарасынан орын тепкен.
Орта қола кезеңінде үй салу, қоныстандыру ісі, өлікті жерлеуді
ұйымдастыру, жерлеу ғұрпы біраз өзгерген еді. Қоныстарға бұрынғыша
бекіністер салынбайды, тұрғын жайлар – жартылай жертөлелер тікбұрышты –
ұзынырақ болып келеді, оның 140-тан 200 шар. м. Дейінгі көлемі, қоржын
сияқтанып, екіге бөлінеді, еденінде – біреуден сегізге дейін – ошағы
болады. Мұндай тұрғынжайлар Чвленка, Тасты – бұтақ қоныстарында болған.
Кейінгі қола дәуірінде, оның бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның
тайпалары Арал өңірінің Қима мәдениетінің, ал Батыс Қазақстан – Еділ
бойының Қима мәдениетінің қатты ықпалына түседі. Кейінгі қола дәурі
қоныстарында түрі жағынан тікбұрышты, сопақ, сегіз тәрізді жартылай
жертөлелер көбірек кездеседі. Көлемі 300-400 шар. м., дейін баратын орасан
зор жертөлелер салу етек ала бастайды, олар қысты күні мал ұстайтын болған.
Шаруашылықта мал өсірудің, әсіресе жылқы өсірудің рөлі арта түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениеттінің дамуы да осы тектес жолмен
жүреді. Ертіс пен Бұқтарманың, Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан,
Алтайдың таулы аудандарынан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола
дәуірінің ондаған қоныстары мен қорымдары табылды, олардың дамуы мен
құрылып қалыптасуына жез бен қалайының, алтынның аса бай кенді көздері әсер
етеді.
Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан қола дәурінің бірегей
ескерткіші – Тегіскен кесенесі ашылды. Тегіскеннің тым ертеректегі
мазарлары қам кірпіштен салынған, оны жоспарлауға негіз болған нәрсе –
сыртқы қабырғалар шаршысына үйлестірілген шеңбер. Оның ішінде, шеңбер бойын
қуалай 8 немесе 12 тікбұрышты қыш ұстын тұр, олар екі метр биіктікте
сақталып қалған. Одан әрірек іште – тағыда 8 немесе 12 әлгідей ұстын бар,
бірақ олар тікбұрыш бойында тұр. Қыш ұстындарға қоса, оларды
қайталғандайын, ағаш бағандар тұр, еденде олардың шұңқыр ізі сақалып
қалған. Сөйтіп мазар ішінде айналып өтетін дәліздер жүйесі жасалған.
Мавзолей орталығына орналасқан бөлмелер мен дәліздерге керамикалық бұйымдар
қойылған, мұнда қоладан жасалған қару – жарақтар, алтын - әшекейлер жатыр.
Орталық бөлмеге қойылған өлікті мазармен бірге өртеп жіберетін болған.
Тегіскен қорымдарының мәдени тегін анықтау өте қиын. Бірінші жағынан алсақ,
бұдан Андронов мәдениетінің дәстүрін көруге болады (мазарлардың жоспарлануы
Бегазы – Дәндібайдың орталық – қазақстандық үлгісіне жақын, қыш ыдыстадың
түрі мен өрнектері Андроновтікі тәріздес), екінші жағынан, оңтүстік
мәдениетінің күшті ықпалы сезіледі (қамкірпіштің стандарты Намаз VI
дәуірінің оңтүстік түрікпен мәдениеті мен Теккем – тепе мен Яздің
кейінректегі ескерткіштеріне жақын). Тегіскен мазарлары дала мен
отырықшылар мәдениеттерінің өзара жақындасып, ықпалдасып жатқан бастапқы
кезеңдерінен хабар береді.

Андроновшылар шаруашылығы.
Андронов қоныстарының көпшілігі таулардан ағатын дала өзеншелері мен
өзектері жағаларына орналасқан. Олармен іргелес, өзендер жайылмаларында
тұрғындардың егіні мен бау-бақшалары болған.
Қоныста қазба жұмысын жүргізген кезде ішінде тары ботқасы күйген
құмыралар табылды.Солтүстік Қазақстандағы Алексеев қонысы құрбандық
қамбаларында бидайдың құдай жолына берілген масақтары мен дәндері жатқаны
анықталды.Мало – Красноярск қонысында ( Шығыс Қазақстан ) орақтар жүзінен
ап-анық боп басылып қалған дәндер таңбалары кездесті. Қоныстардың бәрінен
табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, ұнға астық түйетін тікбұрышты және
жұмырбасты келсаптар, орақтар мен тас кетпендер еді.
Андровшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен де маңызды роль атқарған.
Жануарлар ішерге – сүті мен етін, киерге – жүні мен терісін, ісмерлікке –
сүйек- мүйізін, отынға – тезегін берген. Андроновшылардың негізгі тамағы –
сүт еді. Одан сүзбе мен ірімшік жасаған, оны іркіт не сарысу сүзетін ұзақ
тесікті ыдыстардан байқауға болады. Ет өте қат болған, оны мейрамдарда ғана
жеген, құдай жолына құрбандық еткен. Олардың негізгі малы – қой, сыйыр,
жылқы екен. Тағам қажетіне негізінен тек екі-үш жастағы жас малды жұмсаған,
ал асыл текті малды тұқым үшін қалдырған. Шаруашылықтың мұндай жүйесі мал
санын кемітпей ұстауға, оның өнімділігін арттыруға жағдай жасаған.
Ерте және қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі 1 мың жылд. басында
андроновшылар отырықшы болған. Аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп,
мал өсірген. Соңғысы үй іргесінің шаруасы салынған. Мал өсірудің мұндай
түрінен жайылым тез тозған. Мал шаруашылығының өнімділігін бір деңгейде
сақтап, оның санын арттыру үшін мал ұстаудың жаңа түрлері мен тәсілдері
қажет болды. Андроновшыларда бұл мал өсірудің жайлаулық тәсілі (жартылай
көшпелі) еді, мұнда әйелдер мен балалар ауылда қалып, егіншілікпен
айналасады да, еркектер мен жасөспірімдер мал мен бірге күллі көктем, жаз
бойына алыстағы жайылымдарға кетіп, үйлеріне күз соңына таман оралып
отырған.
Қазақстанның кен орындарын зерттеу барысында геологтар сол арадан кен
б. з.–дан үш мың жыл бұрын өндіріле батағаннын анықтайды. Қола дәуірінде
кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мәселен, Жезқазған
өнірінде 100 мың т. мыс қорытылған. Ал Успен руднигінде 200 мың т. кен
өндірілген.
Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру (малахит, азурит, касетерит)
тәсілін тапқан, сонда ол жыныста жезбен қалайы қосындысы күрт көбейген.
Кенді жүлгелерді тауып іске жаратқан, борпас жынысты қайталап, тас
соқыштар мен балғалар қолданып өндірген. Ал қатты жыныстарға отпен өндіру
тәсілін қолданған, бұл тәсіл бойынша жүлгенің шығатын жеріне немесе забойда
от жағып, жыныс қызған кезде, ол шатынап жарылуы үшін оған су құйған, сосын
шойбалғамен, қайламен соғып құлатқан. Ал металы бар жыныстарды көнектерге
салып жоғары шығарған.
Сол сияқты кенді жыныс астын қуалай қазып, сосын үстен төніп тұрған
рудалы қатпарды балғамен ұрып, опырып түсірген. Ал, ұзын штольнялар
(жасанды үңгімелер) қазған кезде оған ағаш тіреулерді пайдаланған. Шахта
қасындағы су басына өндірілген руданы әкеліп, жуып, бос қоқыстардан
тазартқан. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнаулы пештерге салып
балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай
ауылының қасынан табылды.
Егер Үндістанның, Иран мен Ауғанстанның, Орта Азияның ежелгі
егіншілері ішінде қола дәуірінде ыдыс – аяқты өзге қолөнершілер арасынан
суырылып шыққан кәсіпқой құмырашылар істейтін болса, Қазақстанның далалары
мен таулы алқаптарында әрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Әйелдер
саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс – аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде
таспен қоршалған шұнқырға алаулатып от жағып сонда күйдірген. Б. з. дейінгі
XVII-XVI ғғ. аяқ – табақтар белгілі бір қалыпқа салынып істелген, қалыптың
өзі түбі тегіс бәнкі тәрізді, сырты ақ қалынан немесе жуан жүн жіптен
тоқылған матамен қапталады екен. Ыдыс аяқтар әртүрлі сызықтармен, не
тарақша етіліп түсірілген, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Кейбір
құмаралар сыртына қолдан жапсырып бедерлі нақыстар салынған. Ыдыс - аяқтын
өрнектері тек әсемдік үшін ғана емес, оның ыдыс ішіндегі нәрсені тіл мен
көзден, жадылықтан сақтайтын басқа да сиқырлы мәні болған, бұған қоса ол
ыдыстың бос тұрмай, берекелі құтты болуына меңзейтін де мағынасы болғанға
ұқсайды.
Үй кәсіптері. Андроновшының отбасындағылары үй тіршілігіне қажетті іс-
әрекеттің бәрін де жасай білген: жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киім – кешек
пен аяқкиімді түрлі – түсті жіппен әдептеп, апликациямен және жылтырақ
бисермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Қола дәуiрі ескерткіштері
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Қола дәуір мәдениеті
Қола дәуіріндегі Қазақстан туралы ақпарат
Әуелгі қола мәдениеті
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Қола дәуіріндегі андронов мәдениеті
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)
Қола дәуіріндегі Қазақстан жері
Пәндер