Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары



Кіріспе.

2. Халықаралық теңіз құқығы.

3. Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары.

4. Теңіз кеңістіктерінің түрлері.

5. Қолданылған әдебиеттер.
Халықаралық теңіз құқығы - бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.
Конференция ғылыми-техникалық революцияның басталған кезінде өтіп жатты, ол мемлекеттердің теңіздегі қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді, бостандық алған елдерге конференция жүмысына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік берген отарсыздандыру процесінің жеделдетілуіне жол ашты. Конференцияда ашық теңіз туралы Конвенция, аумақтық теңіз және іргелес аймақ, континенттік қайраң, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы конвенция қабылданды.
1. Бекяшев К. А., Волков А. А., Каргополов С. Г. Морское и рыболовное право,- М., 1990.
2. Колодкин А. Л. Мировой океан: международно-правовой режнм. Основные ггроблемы.- М., 1973.
3. Лазарев М. И. Теоретические вопросы современного морского права.-М., 1983.
4. Молодцов С. В. Международное морское право.- М., 1987.
5. ЯковлевЙ. И. Международныйорганпоморскомудну.-М., 1986.
6. Словарь международного морского права.- М., 1985.
7. Жанат Құлжабаева., Халықаралық жария құқық, Алматы қаласы – 2003 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Халықаралық теңіз құқығы.

3. Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары.

4. Теңіз кеңістіктерінің түрлері.

5. Қолданылған әдебиеттер.

Халықаралық теңіз құқығы.

Халықаралық теңіз құқығы - бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз
жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру
қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық
нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық
құқықтың бір саласы.

Конференция ғылыми-техникалық революцияның басталған кезінде өтіп жатты, ол
мемлекеттердің теңіздегі қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді,
бостандық алған елдерге конференция жүмысына белсенді түрде қатысуға
мүмкіндік берген отарсыздандыру процесінің жеделдетілуіне жол ашты.
Конференцияда ашық теңіз туралы Конвенция, аумақтық теңіз және іргелес
аймақ, континенттік қайраң, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын
қорғау туралы конвенция қабылданды. Бұдан басқа, осы конвенцияларды қолдану
және түсіндіруге байланысты пайда болатын дауларды міндетгі реттеуге
қатысты факультативтік хаттама, сондай-ақ
9 қарар қабылданды.
Қабылданған конвенциялар теңіз қызметінің негізгі жақтарын қамтып,
мемлекеттердің Дүниежүзілік мүхиттағы бейбіт достастығын дамытуға
бағытталды, Жоғарыда аталған конвенциялар қолданыстағы халықаралык теңіз
құқығының негізгі қайнар көздері болды. БҰҰ-ның I конференциясы халықаралық
қүқықтың үдемелі дамуына және жүйеленуіне тарихи үлес қосты. Конференция
нәтижелерінің жақсы бағалануы, онын қабылдаған конвенцияларымен халықаралық
теніз қүқығының барлық мәселелері шешіледі немесе олардың барлық ережелері
мәңгілік және өзгермес дегенді білдірмейді.
Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары
Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа
да көпшілік мойындаған қағидаларымен өзара байланысты. Мұндай байланыс
халықаралық құқықтық тәртіптің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік
мұхитта құқықтық тәртіптің үлкен маңызға ие болуына байланысты.
Ашық теңіз еркіндігі қагидасы Бұл қағидаға сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы
шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады, Ол іс жүзіндегі
халықаралык. құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің
еркін және тең пайдалануына ашық. Ешқандай
мемлекеттің ашық теқіздің бір бөлігін өзінің нелігіне алуға, бағындыруға
құқығы жоқ. Бұл ереже 1958 ж. ашық теңіз туралы Женева Конвенция-сында
бекітілген.
Ашық теңіз еркіндігі қағидасы Дүниежүзілік мұхиттың түрлі су
кеңістіктерінің құқықтық мәртебесі мен тәртібін анықтады жөне белгіледі.
Бұл қағида теңіздің, оның түбінің табиғи қорларын игеруге, құқықтык
реттеуге маңызды әсерін тигізді. Ашық теңіз еркіндігі кеме қатынасының,
балық шаруашылығьның, кабель және құбырлар жүргізудің, теңізде ғылыми
зерттеулер жүргізудің, жасанды аралдарды және басқа құрылыстарды салу
еркіндігінің пайда болуына, әрі қарай орнығуына негіз болды. Осы қағида
ашық теңіз және халықаралык бұғаздардың үстінен ұшып өту еркіндігінің пайда
болуын және іске асуын анықтады.
Адамзаттың ортақ мұралары қағидасы. Онын мазмұнының ажырамас элементі
ретінде терең су қорларының құқықтық мәртебесін анықтайтын және халықаралық
аудандағы теңіз түбіндегі мемлекеттің нақты қызметін реттейтін жеке
ережелерді айтуға болад.
Теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы мемлекеттердің
екі жақты немесе көп жақты кен, халықаралық ынтымақтастығын қарастырады.
Сонымен қатар, мұндай ынтымақтастық осы қағиданы тәжірибеде жүзеге асыру
үшін халықаралық ұйымдардың шеңберінде мүмкін болады. Экономикалық аймақта
және ашық теңіздің басқа да аудандарында кәсіптің шарттарын келісу жолымен,
ғылыми ақпараттармен, аулау деңгейінің, кәсіптік күштер туралы
статистикалық мәліметтермен алмасу жолымен жетуге болады. Сонымен осы
қағиданы жүзеге асыра отырып, мемлекеттер Дүниежүзілік мұхиттың тірі
қорларын сақтау, қалпына келтіру үшін өз күштерін үйлестіреді.
Ғылыми зерттеулердің еркіндігі қағидасы. Теңіз құқығы бойынша өткізілген
БҰҰ-ның III конференциясы және 1982 ж. ол әзірлеген Конвенция осы қағиданың
негізі болды. Алғаш рет ғылыми зерттеулер еркіндігі ашық теңіз еркіндігінің
бірі болып табылатыны белгіленді. Ол - әрбір мемлекеттің өзінің
географиялық жағдайына карамастан, құзыретті халықаралық ұйымдардың ғылыми
зерттеулер мен іздестірулер жүргізе алатынын білдіреді. Бұл ретте,
мемлекеттер теңіз кеңістігінде ғылыми зерттеулерге көмектесу үшін рұқсат
етілген, ақылға қонымды ережелер мен орындау тәртібін қабылдауы керек,
теңіздегі ғылыми зерттеулер үшін жол ашуы керек, ғылыми зертгеулер мен
іздестірулер жүргізудің негізгі шарттары: біріншіден, оларды тек бейбіт
мақсатта жүргізу; екіншіден тиісті ғылыми әдістер мен құралдарды пайдалану;
үшіншіден, барлық ғылыми зерттеулер мен іздестірулерді халықаралық теңіз
құқығының конвенциялық нұсқасында белгіленген жалпы қабылданған ережелерге
қатаң сәйкестікпен жүргізу; төртіншіден, жүргізілетін ғылыми жұмыстар басқа
құқыққа сай жұмыс түрлеріне кедергі келтірмеуі болып табылады.
Теңіз ортасын қорғау қағидасы. Халықаралық теңіз құқығында бұл қағиданың
пайда болуына алғашқы әрекет теңіздің мұнаймен ластануының алдын алу
бойынша халықаралық конвенция қабылдауға байланысты 1954 ж. жасалды.
Кейіннен осы қағида заң жүзінде көптеген конвенцияларда бекітіліп, жаңа
мазмұнға ие болды. Мысалы, бұл қағида теңіз ортасын мұнаймен, радиоактивті
және басқа зиянды заттармен ластаудың алдын алуды қамтамасыз етеді. Теңіз
ортасын қорғау қағидасы ядролық қаруды ауада, ғарыш кеңістігінде және су
астында сынауға тыйым салады. Бұл қағида теңіз құқығының дербес институтын
- теңіз ортасын қорғау қүқығын құрайтын көптеген табиғат қорғау
қағидаларының жүйесіне басшылық жасайды. Сонымен қатар, бұл қағида
халықаралық құқықтың жалпы қағидаларының бірі - қоршаған ортаны қорғау
қағидасының құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Теңіз кеңістіктерінің түрлері.
Теңіз кеңістіктері олардың халықаралық-құкықтық тәртібі мен
мәртебесіне байланысты жіктеледі. Теңіз кеңістігін жіктеудің бірінші
өлшемінің негізіне теңіздегі аумақтық тәуелсіздіктің бар-жоқтығы қаланған.
Осыдан, теңіз кеністіктерін; мемлекет аумағының құрамына кіретін және
иелену объектісі болып табылмайтын және оған егемендігін жүргізе алмайтын
ашық теңіз деп үшке бөлуге болады.
Осы екі негізгі санатын әрқайсысы өз ішінде бөлінеді. Мемлекеттік аумақтың
бір бөлігі болып табылатын теңіз кеңістігінің құрамына аумақтық теңіз және
тарихи шығанақтар мен басқа тарихи аумақтары бар ішкі сулар кіреді.
Бастапқы шектен есептелетін, жағадағы мемлекет аумағының құрамына
кіретін және халықаралық қүқықтың көпшілік мойындаған ережелерін есекере
отырып, оның толық егемендігіндегі белгілі еңдіктегі жағалық теңіз алабын
аумақтық теңіз (аумақтық сулар) деп айтады. Бұл теңіз кеңістігінің сыртқы
шекарасы туралы мәселе ұзақ уақыт бойы даулы болып келді. Теңіз құқығы
бойынша БҰҰ Конвенциясына сәйкес әрбір мемлекет өзінің аумақтық теңіз
ендігін 12 теңіз милі көлемінде белгілеуге кұқы бар. Аумақтық теңіз ендігі
осы қағиданың ережелеріне сәйкес белгіленген негізгі сызықтан өлшенеді.
Аумақтық судың құқықтық тәртібі аумақтық теңіз және жағалық аймақ
туралы Конвенциямен реттеледі. Осы Конвенцияға, сондай-ақ Теңіз кұқығы
жвніндегі БҰҰ Конвенциясына сәйкес, аумақтық теңіздегі тәуелсіздікті
жағалаудағы мемлекеттер халықаралық құқық нормаларын ең алдымен аумақтық
теңізден шетелдік кемелердің бейбіт өту құқығын сақтай отырып жүзеге
асырады.
Кейбір жағдайларда, жағалаудағы мемлекеттер аумақтық суларда аталған
конвенциялармен реттелетін қылмыстық және азаматтық юрисдикцияны жүзеге
асырады.
Тарихи сулар - бұл халықаралық-құқықтық доктринаға және мемлекеттер
тәжірибесіне сәйкес, кейбір жағдайларда тарихи қалыптасқан құқықтық негізге
байланысты ішкі сулар болып жариялануы мүмкін теңіз сулары. Тарихи
шығанақтар үшін де айрықша жағдай осы негізде болуы мүмкін. Шыганақтардан
басқа, кішігірім теңіз сулары кішкене шығанақтар, бұғаздар, кірмелер,
қойнаулардың жағалауы бір мемлекеттің иелігінде болса тарихи болып
жариялануы мүмкін. Тарихи шығанақтар институтына қарағанда, тарихи сулар
тұжырымдамасы конвенциялық бекітілген жоқ.
Қолданыстағы халықаралық құқыққа сәйкес, тарихи шығанақтар тарихи
қалыптасқан қүқықтық негіздер күшімен олардың табиғи кіру ендігіне
қарамастан, жағалық мемлекеттердің ішкі суларының құрамына кіруі мүмкін.
Қалған шығанақтар олардың кіру бөлігінің ені 24 милден аспаған уақытта ішкі
сулар деп жариялануы мүмкін. Тарихи шығанақтар деп жариялау олардың ерекше
жағдайларына негізделеді: тарихи, экономикалық, географиялық, сондай-ақ бір
мемлекеттің аумағында ұзақ уақыт болуы оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық хаттамалар
Халықаралық жеке құқық
Византия тарихының Византия тарихы, соның ішінде император
Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитеті
Салықтың экономикалық мәні және олардың жалпы сипаттамасы
Халықаралық теңіз құқығы туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Халықаралық құқықтың қағидалары
Халықаралық теңіз құқығы
Мемлекеттердің дербестеңдік қағидасы
Пәндер